Е) сана жэне тіл

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету - өте киын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз - дыбыс толқындары - материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жайт. Тіл дегеніміз - ойды, адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл - ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана - күміс ақшаның оңы мен астары сияқты, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Тарихи қоғамның Дүниеге келуі - тіл мен сананың да пайда болуымен тең. Тілдің Дүниеге келуінің биологиялық алғышарттары ретінде жоғарғы жануарлардың неше түрлі дене қозғалыстары мен дыбыс сигналдарын айтуға болады. Алғашқы тобырда бірігіп, аң аулау барысында ең алдымен «ымдасу тілі», дене қозғалыстары арқылы адамдар әр түрлі хабарларды бір-біріне жеткізеді, сонымен қатар неше түрлі сезім толқындары (қуаныш, я болмаса қайғы, ауыру т.с.с.) олардың аузынан неше түрлі дыбыстарды шығарады. Соңында, еңбек құралдарын жасауға көшкен кезде, ой мен тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды.

Әр халық өзінің дүниеге келуі мен даму барысында өзіне тән тілін қалыптастырады. Мыңдаған жылдар бойы жасалған өмір тәжірибелері қорытылып, тіл халықтың рухани байлығына айналады. Бүгінгі таңда жер бетінде 2000-ға жуық ұлттық тілдер бар, бірақ адамзат ой өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі - ой аркылы Дүниенің зандылыктарының бейнеленуі. Адамзатты айнала коршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да - бір.

Бүгінгі таңдағы дамыған адамзат неше түрлі тілдің жүйелерін жасады. Әрбір ғылымның өзінің категориялық аппараты бар. Ғылыми ұғымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, сол заттың жүйесін құрайды. Мысалы, биология ғылымын «тұқым қуушылық», «өзгерушілік пен тұрақтылық», «ассимиляция мен диссимиляция», «табиғи таңдау» т.с.с. категорияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Философия пәнін кұрайтын жүздеген категориялардың ішінен «материя», «сана», «кеңістік пен уақыт», «қозғалыс», «даму», « терістеу» т.с.с. атап өтуге болар еді. Жолдағы қозғалысты ретке келтіретін ережелерді алсақ, оның тілі — өзгеше т.с.с.

Бірақ, қалай дегенде де, барлық ғылым, өнер мен өндірістегі жасанды тілдер тек халыктық тілдің негізінде ғана өмір сүре алады. Егер ұлттық тілді көркемдеп, үлкен ағаштың діңі ретінде көрсетсек, онда басқа жасанды тілдер оның бұтақтарын қүрайды. Ал бұтақтарда өсіп түрған жапырақтар сол саланы қүрайтын үғымдар болып табылады.

Өз тәуелсіздігін алған Қазак елінде казіргі уақытта ана тілімізді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Соның бір кішкентай айғағы ретінде осы оқулыкты алсақ та болғаны. Ана тілі - зор рухани байлық. М.Хайдеггер айтқандай, «тіл - болмыстың үйі». Ал оның әріптесі Г.Гадамерге келер болсақ, ол: «Тіл дегеніміз алдын ала түсіндірілген Дүние», - деген терең ой тастаған екен. Олай болса, тек ана тілін терең меңгеру арқылы ғана адам өз ұлтына тән дүниесезім мен қабылдау, көзқарасты өз бойында қалыптастыра алады.

Өзіміздің ұлы бабамыз А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады». Осы мьщдаған жылдар шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылыкпен зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар оны жаңа өмір талаптарымен ұштастыру — бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерге жатады.

Бір дәуір екіншіге ауыскан жағдайда жаца мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзкарасты, құндылықтарды сынға алған жаңа саяси, моральдык, эстетикалық т.с.с. идеялар пайда болады. Бірақ, сонымен катар әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала бермек. Ол - тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі қалыптасқан мәдениет үлгілері ұрпақтан-ұрпакка өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адамдардың өзара қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар тіл де, басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты, өне бойы өзгерісте, дамуда. Тілді тазарту, тарихи ұмыт қалған сөздерді өмірге қайта енгізу, жана сөздерді тудыру - бүлардьщ бәрі де керек нәрселер. Бұл жағынан алып қарағанда, біршама жұмыстардың беті қайтарылған тәрізді.

Сонымен қатар бұл салада да асыра сілтеушілік жоқ емес сиякты. Әсіресе бүгінгі таңда, казақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз экономикалык, саяси жэне мәдени карым-қатынасқа түсіп жатқан кезде, көп ұлттардың сөздіктеріне кеңінен еңген сөздерді алып тастап, оларды «жаңарту» біздің тілімізді жаңартар ма екен, я болмаса басқа қауымдастықтардан алыстатар ма екен? Біріншіден гөрі екінші ақиқатқа жақын ба деп ойлаймыз.

Мысалы, «цивилизация» деген бүкіл жер шарына кең тараған ұғымның орнына «өркениет» деген сөз енгіздік. Ал олардың мазмұндары бір-біріне сәйкес келмейді. «Цивилизация» ұғымы, негізінен алғанда, коғамның заттық, материалдық деңгейін көрсететін ұғым болса, «өркениет» (түбірі - ниет) адамның, қоғамның рухани өмірін бейнелейтін, «мәдениет» деген ұғымға жақын сөз. Соңғы жылдары «тексті» «мәтінге» (түркі емес, араб сөзіне ауыстырғанда не пайда таптық?), «класты» «сыныпқа», «архивті» «мұрағатқа» т.с.с. ауыстырдық. Біз мұндай «тазартулардың» пайдасынан гөрі зияны көп болмас па екен деген күдіктеміз.

Дегенмен де қазақ тілінің арнасы бүгінгі таңда кеңеюде. Әрине, оны толыққанды мемлекеттік тіл дэрежесіне жеткізу үшін біршама уақыт керек. Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенділік көрсетіп, өз тілін терең меңгеріп, кең түрде қолдануы қажет. Сонда ғана басқа халықтардың өкілдері де қазақ тіліне деген шынайы бетбұрыс жасайтыны сөзсіз.

ж) сана және кибернетикалық құралдар

Электрондық-есептеу құралдары пайда болысымен-ақ, оларды адамның миымен салыстыру, олардың бір-бірінен айырмашылығын зерттеу үрдістері басталып кетті. Бұл сала өте тез қарқынмен дами бастаған сайын, бұл мәселе де философиядағы өзекті салаға айналды. Бүгінгі таңда неше түрлі роботехника пайда болып, тіпті толығынан автоматизацияланған адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін цехтар, тіпті зауыттар дүниеге келді. Бүгінгі таңдағы адам электрондық әуенді тыңдай алады, жобалау институттарын компьютерлік жабдықтарсыз көзге елестету өте қиын. «Genius» деген өте күрделі компьютер Әлем чемпионы Г.Каспаровтың өзін жеңіп кеткені бүкіл адамзат қауымын таңғалдырған болатын. Аса күрделі компьютерлік бағдарламаларда шығармашылық тұрғыдан ізденіс жасай алатын жасанды интеллектіні де байқауға болады. Американдық фантаст-жазушы А.Азимов болашақта адамның өзіне парапар роботтар дүниеге келіп, адамға қарсы көтеріліс жасап, өз еркіне көндіру эрекетін жасауы мүмкін деген қиял айтады.

Олай болса, мэселе тікелей қойылып, жасанды интеллект алдағы уақытта адамның өзін ауыстыруы мүмкін бе деген ашық сұрақ пайда болады.

Әрине, адамның миы — бүгінгі таңдағы ашылған ең күрделі биік дэрежеде ұйымдасқан материя. Ол кванттық деңгейде жұмыс істейтін өте нэзік ойлау қүралы. Сонымен қатар электрондық-есептеу құралдары да - жартылай өткізгіштердің негізінде жүмыс істейтін сандық құ_рылымдармен байланысты материалдык үрдіс.

Міне, осы жақтарынан ми мен компьютерді салыстыруға болады. Информациялық қабылдаулар мен байланыстар, басқару мен бақылау жүйелерінің заңдылықтары тірі организмдер мен автоматикалық қүралдарда сандык жағынан алып карағанда ортақ болуы мүмкін. Мысалы, компьютердегі мэліметті кабылдау, өңдеу жэне жауап қайтару мидың түйсіктер арқылы деректер алып, оларды өңдеп жауап беруіне өте үқсас. Әрине, тірі организмде болып жатқан нэзік физика-химиялық үрдістерді өлі табиғат-тағымен толығынан тепе-тең салыстыру мүмкін емес. Бірақ, соған қарамастан, олардың үқсас жақтары да болғандықтан, математика ғылымының негізінде оларды модельдеуге болады.

Бүгінгі таңда компьютерлік техниканың (жасанды интел-лектінің) мүмкіндіктері жыл сайын өсуде. Мүмкін, болашақта адамның миын толығынан модельдеуге де жетерміз. Дегенмен де жасанды интеллект адамның көмекшісі ретінде кеңінен пайда-ланылса да, оны толығынан ешқашанда ауыстыра алмайды деген үзілді-кесілді пікір айтуға болатын сияқты. Енді осы пікірімізді дәлелдеп көрелік.

Бүгінгі таңда кибернетикалык күралдар өте күрделі өндіріс жүйелерін басқаруға көмектеседі. Бірақ сол басқару бағдарламасын компьютердің «жасанды санасына» енгізетін сол адамның өзі емес пе? Компьютер миллиондаған ақпараттан ең тиімдісін бірнеше секундта таңдап алып, адамға ұсынады. Ол адамның миын түрпайы есептеу үрдістерінен босатып, оның шығармашылық мүмкіндікте-рін іске асыруға жағдай тудырады. Әрине, кейбір аса күрделі

компьютерлік бағдарламаларда шығармашылык ізденістердің элементтері енгізілген. Дегенмен де жасанды интеллект шынайы шығармашылық ізденіс жасай алмайды. Бүл мэселеге толығырақ тоқталайық.

Шығармашылық ізденіс шабыттың, сезімдік толғаудың негізінде пайда болатыны сөзсіз. Адам тек қана ойлай алатын пенде емес, сонымен қатар ол сүйінеді, күйінеді, шабыттанады, ізгілікке, эсемдікке ұмтылады т.с.с. Осы факторлардың бэрі келіп адамның шығармашылық ізденісін тудырады. Жалғыз ғана салқын ой шығармашылықты, нақтылы кол астындағы болмысты аттап өтіп, жаңа көкжиекті тудыруы екіталай. Олай болса, кибернетикалық кұралдарды адами шығармашылық деңгейге көтеру үшін, олардың бағдарламасына сезім толқындарын енгізу қажет: олар адам сияқты сүюі, ренжуі, шаттануы, ізгілік пен эсемдікке үмтылуы керек. Ол үшін оның санасына бүкіладамзат өткен жолын енгізу қажеттігі туындайды, ал ол мүмкін емес.

Еркіндік негізіндегі шығармашылык - адамның тектік өзіне ға-на тэн қасиеті. Егерде ол компьютерге берілсе, онда адам не істемек? Ол іске асқан жағдайда, расында да, адам өз-өзін терістеп, тарихтың соңғы беттері жазылып бітер еді. Әрине, ол ешкімге керек емес.

Соңғы кездерде компьютерлік техника мен жаңа білім беру технологиялары мектептер мен жоғары оқу орындарына кеңінен енгізілуде. Қанша қиындықтар болса да, жас мемлекет қомақты қаржы шығарып, жастардың компьютерлік бағдарламаларды меңгеруіне жағдай туғызуда. Оның, эрине, маңызы өте зор. Сонымен қатар бүл істе асырасілтеушілік те жоқ емес. Ауылдық жерлерде мектептерге экелінген компьютерлік техника энергия қуаты болмағаннан кейін істемей, шығарылған қаржы ақталмай жатыр. Екінші жағынан, дэріс беретін мамандар да аз. Көп жағдайларда компьютерлер «қымбат ойыншық» ретінде пайдаланы-лып, оның мүмкіндіктері толығынан іске аспай жатыр. Кейбір жоғары оку орындарында студенттердің білімін тексеру толығынан компьютерлік тестерге жүктелуде, жүздеген жылдар бойы сынаудан өткен бүрынғы дэріс эдістемелері жалаң терістелу жолында.

Бұл арада біз бір нэрсені ойдан шығармауымыз керек. Ол -білім беру мен тэрбие жүйесіндегі оқытушының түлғасынын рөлі, оны ешқандай компьютер ауыстыра алмайды. Ол эрқашанда негізгі үлгі болып кала беруі керек. Адамға білім беру дегеніміз - оньщ тұлғасының қалыптасуына жан-жақты эсер ету деген сөз. Жалаң ақпарат, ол канша көп болса да, адамның моральдьщ қасиеттерін

калыптастыра алмайды, ол тек технократизмге ғана экеліп тіреуі мүмкін. Ал ол болса - адамзатты бүгінгі рухани дағдарысқа экелген жол.

Батыстың білім беру жүйесіндегі көп жетістіктерімен қатар, үлкен кемшілігі - біржақты бейімделген, тек өз мамандығын ғана меңгерген «бірөлшемді» адамды (Г.Маркузе) дайындауы. Оның салдары ретінде «дүниеқуушылық», «сезімдік лэззатқа үмтылушылық», адамдардың бір-бірінен жаттануы, материалдық байлық қанша өссе де өмірдің рухани жағының азғындауы, соның нәтижесінде «әлеуметтік аномалияның» (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстық т.с.с.) өсуін айтсақ та жеткілікті. Бұл айтылған ойлардан компьютерлік білім беру жүйесінің керек еместігі туындамайды. Ол, әрине, қажет. Бірақ оның мүмкіндіктері асыра бағаланбауы керек. Ол бұрынғы дәстүрлі білім беру жүйесін толықтыру, оның тиімділігін арттыру және өмірде кеңінен қолдану үшін қажет.

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

Болмыс ұғымына қарсы тұрған ұғымды атаңыз; Интраверттік және экстраверттік мәдениет деп нелерді айтамыз?

Болмыстың негізгі екі түрін есіңізге түсіріңіз;

«Екінші табиғат» болмысына нелер жатады?

Субъективті рух болмысы дегеніміз не?

Объективті рухани болмыс қалайша өмір сүреді?

Рухтың заттануы мен қайта жандануы қалайша жүреді?

Жалқы дегеніміз не?

Ерекше деп нені айтамыз?

Номинализм мен реализм жалпылық мәселесін қалай шешеді?

Тәуелсіздіктің болмыстық сипаты қандай?

Сапа мен сан ұғымдарының айырмашылығы неде?

Мөлшер үғымының адами қатынастардағы сипаты;

Секіріс деп нені айтамыз?

Қозғалыс дегеніміз не?

Негізгі қозғалыс формаларын еске алыңыз;

Жоғарғы қозғалыс формасын төменгі арқылы түсінуге бола ма?

Қозғалыстың тетігі неде?

Қарама-карсылық деп нені айтамыз?

Кеңістік пен уақытты релятивистік тұрғыдан караған ойшыл;

Биологиялық кеңістік пен уақыттың ерекшеліктері;

Әлеуметтік кеңістік пен уақыт тарихи өзгере ме?

Даму дегеніміз не?

Даму мен қозғалыстың айырмашылығын көрсетіңіз; Синергетика дегеніміз не? Бифуркация дегеніміз не?

Физикалық терісте мен диалектикалық терістеудің айырма-шылықтары;

Гегельдің триадасының (үштік) мағынасы неде?

Прогресс деп қандай дамуды айтамыз?

Дүниенің толық кемеліне келгенше жетілуі мүмкін бе?

Жүйе дегеніміз не?

Жүйе өз әлементтерінің қарапайым қосындысына тең бе?

Жүйе ретіндегі қоғамның құрылымы қандай?

Холизм дегеніміз не?

Аристотель форма мен мазмұнның қайсысын басым санады?

Формализм деп нені айтамыз?

Детерминизм дегеніміз не?

Телеономдык себепке нелерді жатқызамыз?

Абстрактіліқ мүмкіндік дегеніміз не?

Шынайы өмірдегі консервативтік мүмкіндіктерді көрсетіңіз;

Дүниеде «таза қажеттілік» бар ма?

Синергетикадағы кездейсоктықтың рөлін есіңізге түсіріңіз;

Волюнтаризм адам еркіндігін қалай түсінеді?

Фатализм дегеніміз не?

Материя дегеніміз не?

Материяның негізгі екі түрін атаңыз;

Ғарыштагы «кара нүктелер» қалай пайда болды?

Сананың кұрылымы қандай?

Рух дегеніміз не?

Рухтың өзегін не кұрайды?

Сана мен мидың айырмашылығы неде?

Ойлау формалары бір болса да, неге көптілдік бар?

Кибернетикалық қүралдар адамды ауыстыра ала ма?

Рефераттар тақырыптары:

Философиядағы болмыс үғымы;

Көне Шығыстағы болмыс мэселесі;

Парменидтің болмыс ілімі;

Жалкылық пен жалпылық;

Тәуелсіздіктің болмыстық мән-мағынасы;

Сан мен сапалық өзгерістер;

Өтпелі қоғамдағы секіріс көріністері;

«Аса еш нәрсе», - деген нақыл сөздің мән-мағынасы;

Қозғалыстың қайнар көзі;

Биологиялық қозғалыс формасының ерекшеліктері;

Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялык көзқарас;

Әлеуметтік кеңістік пен уақыт мәселесі;

Даму ұғымы;

Даму мен қозғалыс;

Синергетика ілімі;

Жүйе және элемент;

Мүмкіндік пен шындық;

Детерминизм ілімі;

Қажеттілік пен еркіндік мәселесі;

Материя жөніндегі қазіргі жаратылыстанудағы деректер;

Сана мен тіл;

Сана мен ми;

Сана және компьютер;

Философиядағы «рух» үғымы.

XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері