XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология ) 4 страница

Заттың өлшемі сандық өзгерістер арқылы бұзылған сэтте секіріс пайда болып, ол дереу екінші затқа айналады. Сонымен секіріс деп ескі сапаның елшемінің бүзылуы арқасында жаңа сапаньщ дүниеге келуін айтамыз. Дүниедегі заттар мен құбылыстар әртүрлі шексіз болғандықтан, олардың өзгеруі тек өзіне тән жолдармен өтеді. Бірақ, қалай айтқанда да, секірістің аты секіріс, ол көбіне жарылыс, күрт, интенсивті қарқынмен жүреді. Мысалы, микроәлемдегі бір элементарлық бөлшектің екіншіге айналуы секундтың миллиардтаған бір бөлігінде өтсе, мегаәлемдегі сапалы үрдістер миллиондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Философиялық эдебиетте баска пікірлер де кездеседі. Мысалы, секіріс «жарылыс», «бірте-бірте» өтеді деген пікірді келтірсек те болғаны (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Фило-софия, М., Проспект, 1997, 481-6.). Мүндай көзкарас секірістің мән-мағынасын жоққа шығарып, «бұлдырлатып» жібереді. Күрделі объектілердің сапасының сандық өзгерістер арқылы жетілу сатыларын секіріске теңейді. Ал ол секіріс емес, өйткені мұндай жағдайда өзгерістер сол сапаның шеңберінде өтеді. Сандық мөлшер арнасынан шығып, сапа бұзылған кезде жағдай күрт өзгеріп, секіріс басталады, ол заттың тез арада түбегейлі өзгеруіне, баска затқа айналуына әкеледі.

Біздің елімізде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер,осы тұрғыдан алып қарағанда, нағыз секірісболып саналуы қажет. Өйткені күрделі өзгерістер тек қоғамның кейбір салаларын ғана қамтып жатқан жоқ, ол қоғамның барлық құрылымдарында жұріп жатыр. Экономика саласына келер болсақ, тоталитарлық жоспарлы жүйе нарықтық жекеменшікке негізделген шаруашылыққа ауысты; халықты элеуметтік жағынан тұрпайы теңеу саясаты жаңа топталу саясатына ауысты, әлеуметтік қүрылым күрделене бастады; қоғамның саяси саласында бірпартиялық жойылып, эртүрлі таптар мен топтардың мүдделерін қорғайтын көппартиялық жүйе дүниеге келді; бәрін өз астына көмкерген тоталитарлық мемлекет Левиафан жойылып, жаңа «азаматтың қоғаммен», «адамдардың Құқтарымен» санасып жұмыс істейтін мемлекет қалыптасуда; Қаншалықты киындықтың астарында жүріп жатса да, рухани-адамгершілік салада да үлкен өзгерістер байқалады.

Қоғамтану салаларындағы деректерге жүгінсек, өтпелі дэуір шамамен 15-20 жылға созылады екен. Бірак дүние жүзіндегі бірде-бір ел ТМД елдері сияқты, бүкіл елдің байлығын мемлекеттің қолына өткізген жоқ-ты. Сондықтан біздің «секірісіміз» ерекше, аса қиын жағдайда өтуде. Дегенмен аталған жылдардың шеңберінде нарықтық экономикаға негізделген демократиялық құқтық мемлекеттің мықты іргетастары қаланады деген үміттеміз. Әңгіме -осындай тағдырлы өзгерістерде өз руханиятымызды сақтап, әрі қарай дамыта алсақ болғаны.

Енді аталған ойды нақтылай келсек, 1985-1991 жж. өткен тарихты сараптау, ойлану-толғану, біз неге дүниежүзілік қауымнан қалып қойдық, оған кім кінәлі, не істеу керек деген ойлармен болдық. Практикалық түрде, бүл уакытта элі нақтылы реформалар басталған жоқ-ты. Тек Кеңес қоғамы қүрдымға кетіп, жаңа тэуелсіз мемлекеттер пайда болған кезден бастап, нақтылы реформалар басталды (1991 ж.). Сонда, теоретикалық болжамдарға жүгінсек, күрделі реформалар 2005-2010 жж. аяқталуы қажет. Мүмкін, Түрікменстан, Беларус, Тәжікстан сияқты елдерде ол бүдан да ұзаққа созылуы, ал аса тез қарқынмен келе жатқан Қазак елі оны ертерек бітіруі ғажап емес, өйткені реформалардың кейбір салалары Ресейден тез өтуде (жекешелендіру, муниципалдық, пенсия жүйесі, аграрлық реформалар т.с.с.). Тағы да айту керек, тек өз болмысымызды осы үрдістерде жоғалтпауымыз қажет.

Қорыта келе, біз «сапа», «сан», «өлшем», «секіріс» категорияларының бір-бірімен тығыз байланысты болып, белгілі бір жүйені құрайтынын байқадық. Оны әдебиетте «Сапа мен санның өзара бір-біріне өту заңы» деп атайды. Ал оның мәнін біз жоғарыда көрсетуге тырыстық. Ғылымдағы негізгі мақсаттың бірі - зерттеліп жаткан объектінің өлшемін анықтау. Адамдардьщ өмірі мен жүріс-түрысында эрқашанда өлшемнен тыс шығып кетпеуге әдеттену қажет. Сонау көне заманда Солонның айтқан «өте еш нәрсе» деген нақыл сөзін үмытпағанымыз жөн.

§ 7. Қозғалыс

Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді. ал оның өзі кеністік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенін өмір суру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уакыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс.

Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша аныктама беруге болады. ол Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді.

Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында қарама-карсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Соны-мен катар, Пармснид пен Зенон оған қарсы шыгып, қозғалыстың ішкі сырын ашуға мүмкін еместігін дэлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ.

Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. «Қателік - уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді үлы ойшыл. Әрине, мұндай пікірмен келісуге болады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес қосқан болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар шындық пен мүмкіндік (грекше - еnеrgеіа, шындық, dinamis - мүмкіндік, латынша - асtus - шындық, роtеntіа -мүмкіндік). Қозғалыс - заттың ішіндегі мүмкіндіктің шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың белсенді әрекетінде жатыр. Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тіршіліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы жатыр, ол оны өмірдің шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу мүмкіндігі бар, сонымен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. Ұлы ойшыл қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: үлкею, кішірею, пайда болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын алмастыру.

Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).

Жаңа дэуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон козғалысты ма-терияның ішкі табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді.

Гегельдің түсінігінше, козғалыс «өміршеңдік», «әрекеттік», «ешқашанда бітпейтін үрдіс», ол ішкі қажеттіктен туып, «өзіндік қозғалыс» ретінде қаралуы керек.

Маркстік философияда козғалыс категориясы егжей-тегжейлі талданады. Қозғалысты материяның ішкі кайшылығынан шығатьщ өмір сүру тэсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның 5 түрін ашады. Олар: механикалық, физикалык, химиялық, биологиялық жэне элеуметгік қозғалыс формалары.

Әрине, қазіргі ғылым бүл түсініктерді әрі қарай дамытып, байытты. Қозғалыстың ең қарапайым түрі ретінде механикалық, яғни кеңістікте орын ауыстыру үрдістері жатады.

Бүгінгі ядролык физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір-біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялык, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады.

Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялық қозғалыс формасын құрайды.

Заттар мен қүбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық козғалыс формасына жатқызуға болады.

Мегагалактикадағы ғарыштық үрдістерді, жұлдыздардың пайда болуы, сөнуін астрофизика зерттейді.

Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі - ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады. Оған тірі организмдегі үрдістер, айнала қоршаған ортамен зат пен энергия аумасуына түсуі, өзгеру мен түқым куу, ассимиляция мен диссимиляция, өз-өзін ретке келтіру т.с.с. жатады.

Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бергі (3,5 млрд.ж.) өзгерістерді ерекше геологиялык қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады. Өйткені осы уақыттың шеңберінде жер бетінде био-физика-химия-механикалық байланыс-тардың нәтижесінде әртүрлі бірінің үстінде бірі орналасқан страталар (қабықтар) пайда болды. Бұл пікірмен келісуге болады.

Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы - ол элеуметтік, Оның ерекшелігі - адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір-бірімен бірігіп, айнала коршағы ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.

Тарихи, қозғалыстың жоғары формалары төмендегілердің негізінде пайда болады. Химиялық жер бетіндегі үрдістер физика-лык қозғалыстың негізінде пайда болды. Ол дами келе тіршіліктің дүниеге келуіне себеп болды. Әлеуметтік қозғалыс формасының дүниеге келуі жер бетіндегі басқа тіршіліксіз мүмкін емес еді.

Сонымен қатар жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсіну мүмкін емес: ол өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірак төменгі формалар оның ішінде бағынышты түрде сақталып қала береді. Оны көрсететін ең айқын мысалдардын бірі - адам өмірі- Көркемдеп айтсақ, адам - коғамның атомы. Ол саналы түрде өмір сүреді, оның жан дүниесі, руханияты бар. Ол өзінің алдына неше түрлі мақсаттар қойып, оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртка шығарып, талантқа айналдырады.

Сонымен қатар ол — биологиялық пенде, оның басқа тірші-ліктер сияқты дене қажеттіктері бар. Оның бауырында өте күрделі химиялық үрдістер өне бойы жүріп жатады, адам басқа заттар мен құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның денесінен неше түрлі физикалык өрістер өтуде т.с.с. Бірақ бұл үрдістердің бәрі де әлеуметтік қозғалыс формасына тәуелді болып өмір сүреді. Егерде біз адамды оның биологиялық табиғатына теңесек, онда нәсілшілдік, әлеуметтік дарвинизм, ломброзиандык т.с.с. сияқты кертартпа көзқарастарға тап болар едік.

§ 8. Кеңістікпен уақыт

Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен қүбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол -- дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.

Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды жэне релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жаткан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты.

Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол езінің атомистік ілімінде дүниенің алғашкы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін эрі қарай бөлінбейтін үсақ бөлшектер -атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте кұлдырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік - субстанциялык алғашқы негіздердің бірі. Егер Дүниедегі атомдар бір сэтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -Кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып кала береді.

Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.

Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік - дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері.

Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – мәңгілік, олардан тыс жатыр.

Жаңа дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт - сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды.

Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт - ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.

Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ. дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) және уақыт (таза, біркелкі ұзақтық) категорияларын енгізіп, олар материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты өзгерісте болуы мүмкін.

Ньютон гравитация (тарту) заңдарын ашу негізінде алыстан әрекет ету теориясын жасайды. Дүниежүзілік тарту күші ғарышта сол сәтте тікелей шексіз тарап, объектілерге өз әсерін тигізеді. Сондықтан уақыт ғарышта барлық жерде біркелкі. Мысалы, жер бетіндегі бір университетте лекция окылып жатса, басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда сол сәтте басқа зерделі пенделерге де дәріс жүріп жатуы мүмкін. Бұл классикалық механикада жасалған тұжырымдар болатын.

Алайда XIX ғ. бастап жоғарыда айтылған көзқарастарға күмәндану басталады. Электромагниттік үрдістерді зерттей бастаған М.Фарадей мен Дж.Максвелл тарту күші қашықтық, пен қатар жылдамдыққа байланысты және тікелей тарамайды деген пікірге келеді. Ал күштің тарауы сол сәтте емес, белгілі бір шектелген жылдамдықпен жүреді. Соңында, олар сәуле, магнетизм, электр қуатын біріктіріп, электромагниттік өрістің әртүрлі көріністері ретінде қарай бастады.

Сонымен ғарыштағы күштердің жылдамдығының шектелгені Ньютонның алыстан әрекет ету теориясына үлкен соққы жасап, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтарын ашуға белгілі алғышарттар жасады. 1905 ж. ол өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. Мысалы, жерде жас әйелі мен бір жасар баласын қалдырып, 25 жасар космонавт сәулеге жақын жылдамдыкпен ғарышқа ұшып, бір жылдан кейін қайтып келсе, оны 51 -дегі баласы қарсы алады екен! Әкесі 26-да, баласы 51-де! Өйткені ғарыш кемесінің ішіндегі уақыт баяулайды да, жердегі уақыт есебі бұрынғыдай бірқалыпты жүре береді. Әрине, бұл теоретикалық қиял, оның іске асуы мүмкін емес. Ол іске асқан жағдайда ғарыш кемесінің көлемі жоғалып бара жатқан нүктеге айналар еді! Екіншіден, ондай жылдамдыққа жету үшін, бүкіл Дүниенің күш-қуатын жұмсау керек болар еді, ал, ол - мүмкін емес.

А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала коршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Бұл тұрғыдан алғанда, 2000 жылдан артық ғылымда еш дау туғызбаған Евклид геометриясының негізгі қағидалары жер бетіндегі адамдардың практикалық қызметіне бейімделген тұрпайылынған кеңістік теориясы болып шықты!

Неміс ғалымы Б.Риман сфералык кеңістіктің (үлкен шардың үстіндегі кеңістік) қасиеттерін зерттеп, оның үстінде сызылған тура сызыктан тыс орналасқан нүктенің үстінен бірде-бір тура сызыққа параллельді сызықты жүргізуге болмайды: бәрі де онымен тоғысады деген пікірге келеді. Сфералық кеңістіктің үстіндегі үшбұрыштың қосындысы 180 градустан асып түседі! Псевдосфераның геометриясын зерттеген орыс ғалымы Н.И.Лобачевский мен венгр Я.Больяй керісінше нәтижеге келді: үшбұрыштың қосындысы 180 градустан аз болып шықты. Сонымен қатар оның үстінде бір тура сызыққа қосылмайтын көп сызықтар болуы мүмкін.

Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана».

Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен катар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ.

Ең алдымен ескертетін нәрсе - олар шынайы және объективті, яғни адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүріп, сонымен қатар танылады. Діни философияда кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүретін Құдай идеясы мойындалады, бірақ ол - ешқашанда дәлелденбейтін ашық сұрақ. Ал Канттың субъективті-идеалистік көзқарасына келер болсақ (кеңістік пен уақыт - априорлық сезімдік формалар ғана), ол да қазіргі ғылыми сынды көтермейді.

Келесі ескеретін мәселе - кеңістіктің үш, ал уақыттың бір өлшемдігі. Кеңістіктегі әрбір заттың орнын анықтау үшін біз бір-біріне тәуелсіз үш координатты (X, Ү, Z, яғни ұзындық, биіктік, ен) пайдаланамыз. Математика саласында көпөлшемді кеңістік ұғымы пайдаланылғанмен, оның шынайы кеңістікке қатысы жок, өйткені оның координатары заттың температура, жылдамдық, массасын т.с.с. анықтайды.

Уакытқа келер болсақ, онын өлшемі бір ғана: ол өткеннен казіргіге өтіп, болашаққа бағытталған. Теоретикалық тұрғыдан алғанда, егер жылдамдық күн сәулесінен де жоғары болса, онда уақыт кері ағуы мүмкін. Бірақ ол шынайы түрде мүмкін емес. Уақыттың кері қайтпаушылығы - оның бір өлшемдігінен шығады.

Кеністікте қайта оралушылық бола береді. Мысалы, біз күнде үйден щығып, кешке қайта ораламыз.

Кеңістіктің біркелкілік (барлық нүктелердің теңдігі) және изотроптық (барлық жаққа бірдей тарауы), ал уақыттың тек біркелкілік (барлық нүктелер бір-біріне тең болғандықтан уақытты қай сәттен болсын бастай беруге болады) қасиеттері бар.

Соңғы жылдары ғылымда биологиялық, психологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыт категориялары пайда болып, қазіргі өмірде кеңінен пайдаланылып зерттелуде.

Биологиялық кеңістік пен уақыт әртүрлі тіршілік формаларының кеңістік пен уақыттың шеңберіндегі өмір сүру ерекшеліктерін, өсімдік пен жануарлар әлеміндегі түрлердің ауысуын т.с.с. сипаттайды.

Мысалы, иттің өмірінің ұзақтығы 20 жылға жуық болса, қарғаның өмірі 300 жылға дейін созылады. Дүниедегі ең ұзақ өмір сүріп жатқан жануар колтырауындар өзгерместен, сонау динозаврлар өмір сүрген уақыттан бері келе жатыр.

Ал биологиялық кеңістікке келер болсақ, оңтүстік аймаққа бейімделген тіршілік формалары солтүстікте өмір сүре алмайды, әр тіршілік формаларының өзінің кеңістіктегі өмір сүру ареалы бар.

Адамның биологиялық өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік факторлар өзінің зор әсерін тигізеді. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдағы адам өмірінің орташа ұзақтығы 25 жылдай болса, қазіргі дамыған елдердегі көрсеткіш 75-80 жылға дейін жетеді. Ал өмір сүру кеңістігіне келер болсақ, адам өзінің саналы іс-әрекетінің арқасында жер бетіндегі барлық аймақтарды игерген. Бүгінгі таңда адамның аяғы баспаған жер қалмаған болар.

Қазіргі ғылыми деректер бойынша, әр организмнің өзіне тән уақыт өлшемі мен ритмі бар. Мысалы, жылы күз шағында солтүстіктен алғашқы суық жел келген кезден бастап, қоян қоңыр жүнін түсіріп, ағара бастайды. Егер қар уақытында жаумаса, қара жерде ақ қоянды көруге болады. Орта ғасырдағы діни философияда «құдайды дәлелдеудің» бұл негізгі аргументі болатын, әр тіршілік формасы «мақсатқа лайықтылықтың» негізінде өмір сүреді, ал оны тіршілікке енгізген - жоғарғы саналы күш. XX ғ. ортасына шейін бұл «дәлелдеуді» ғылыми жолмен ешкім терістей алмады. Тек совет ғалымдары П.Анохин мен Н.Бернштейннің арқасында ғана оның құпиялығы ашылған болатын. Оның мән-мағынасы мына факторларда жатыр.