XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология ) 3 страница

Қоғамнын рухани саласына келер болсақ, тек қана өзіндік болмысымен көрінетін төл шығарма ғана құ-ндылығымен танылады. Сол себепті Құрманғазы мен Абайдың, Қастеев пен Тәттімбеттің т.с.с. шығармалары халықтың санасында мэңгілік сақталады. Ал өзіндік негізі жоқ «біркүндік» туындылар бүгін дүниеге келіп, ертең-ак ұмытылып калады. Тіпті математиканың ең абстрактіліқ саласы - метаматематиканың өзін алсақ, оның өзі де ауыспалы тәуелсіздікке негізделген.

Жоғарыда айтылғанды корыта келе, тэуелсіздік категория-сының болмыстык мэртебесін мойындауға тура келеді.

Сонымен қатар Дүниедегі өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, қүбылыс өзіндік болмысына қаншалықты «үмтылса да», толығынан өзімен-өзі бола алмайды, сондықтан ол өз тэуелсіздігінің белгілі бір бөлігінен айырылуға мәжбүр болады. Мүны соғыстан кейінгі Албанияның әлеуметтік тәжірибесі айқын көрсетті. Батыспен де, Шығыс социалистік елдерімен де байланыстарын үзген сол елдің басшылары өз Отанын толық апатқа дейін әкеліп тіреді емес пе? Бүгінгі әлемде адамзатқа қажет 2,5 млн. жуық әртүрлі заттар өндірілсе, бірде-бір мемлекет, канша алып болса да, басқа елдермен карым-қатынаска, кооперацияға туспей, дербес өмір сүре алмайды. Олай болса, тэуелділік тәуелсіздікке қарама-қайшы, яғни қарсы бағытталған категория болып шықты. Егер тәуелсіздік жалқының қайталанбайтын өзіндік жақтарымен тығыз байланысты болса, тәуелділік жалпылықтың негізінде өмір сүреді. Аталған екі категорияның «басын біріктіретін» дәнекер - заттар мен құбылыс тардың өзара тәуелділігі, өйткені зат пен құбылыстың өзіне тән қайталанбас жақтарымен есептеспейтін біржакты тәуелділік ертелі-кеш бұзылады, басқа жағдайда – тәуелді заттың құруына әкеледі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағының күрт жарылуының негізгі себептерінің бірі оның халықтардың тілі мен діні, әдет-ғұрпына тигізген зәбірлігі болды емес пе? Барлық халықтарды «орыстандыруға» бағытталған саясат ішкі наразылықты тудырып, ұлт-азаттық сезімді, халықтың ар-намысын оятты. Егерде Ресей саясатшылары уақытында шешен халқына федерацияның шеңбе-рінде дербес даму мүмкіншілігін бергенде, бүгінгі қантегіс болмас еді.

Халықтар арасындағы өзара тәуелділік - олардың мүдделерін келіссөздерарқылы бір-бірімен ұштастыруға тең.Жер бетіндегі локальды (жергілікті) соғыстардың осы уақытқа шейін тоқталмауы, негізінен алғанда, ірі мемлекеттердің кішілерді өз еркіне көндіру саясатынан шығады. Тек бүгінгі таңда ғана Ресей мемлекеті бірте-бірте империялық сана шеңберінен шығып, бұрынғы одақтас мемлекеттермен өзара тэуелділіктің негізінде ғана жақсы тиімді қатынастарды орнатуға болатынын сезгендей. Халықаралық саясаттағы бұл оң өзгерістерге өзінің барша тәжірибесі мен білімі, тапқырлығын қосқан елдің президенті Н.Назарбаевтың үлесін асыра бағалау өте қиын.

Тәуелсіздік - қай халықтың болмасын, аса бағалайтын құндылығы, өйткені тек осы жағдайда ғана алға кеткен халықтарды тиімді түрде қуып жетуге, халықтың шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа шығарып гүлдетуге, негізінен алғанда, тәуелсіздіктің терең түп-тамыры, өз болмысының қайнар көзіне, жаңа деңгейде қайта оралуына жағдай туады. Қоғам өміріндегі көп нәрселерді реформа барысында өзгертуге, басқа елдердің озық тәжірибесін қабылдауға, әрине, болады. Бірақ халық болмысының қайнар көзінде жатқан, тәуелсіздіктің өзіндік негізін құрайтын нәрселерді өзгертуге болмайды. Ондай жағдайда біз «жаңа мәңгүрттікке» тап болып, өз-өзімізден (идентификация) айырылып қалуымыз мүмкін. Айтылған ойды терендете, қоғам өміріндегі кейбір өзекті мәселелерге тоқтала кетейік.

Тәуелсіздіктің сонғы 10 жылында елімізді бүкіл әлемге таныту мен мойындату жолында көп жұмыстар жасалды. Бұрынғы Кеңес қоғамының ядролық қаруларынан бас тартудың арқасында, ең ірі мемлекеттерден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай елдері де бар, тәуелсіз өмір сүруіміздің кепілін алдық. Бұл біздің жас дипломатиямыздың ең ірі жетістіктеріне жатады. Соның арқасьщда Қазақ елі бүкіләлемдік қауымдастыққа бейбіт өмір аңсайтын қоғам болып танылып, мәртебесі көтерілді. Біздің несібемізге тиген мол табиғи байлықтың арқасында көп дамыған елдердің мүдделерің елімізде қалыптастырдық, миллиардтаған доллар инвестицияларды тартып, халық шаруашылығын жаңа жолға қойдық. Бұл да тәуелсіздіктің негізгі факторларын құрайды. Ел астанасын жаңа жерге көшіру - жаңа мемлекетті кұрудың символы, тәуелсіздік жолындағы қажымас саяси ырықтың көрінісі болды. Отандык мәдениет дамуының жаңа сапалы сатысы ашылып, ұлттық руханияттың қайнар көздері ой елегінен өткізіле бастады.

Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес. Ол ең алдымен елдін экономикалық қауіпсіздігінде жатқан сияқты. Энергетикалық ресурстарды көптеп сыртқа шығарсақ та, осы уақытқа шейін Ресей, Өзбекстан сияқты елдердің газы мен мұнайына тәуелдіміз. Ұлттық іскер топтар тек сауда-саттықпен айналысып, өз өндірісімізді дамытуға аса ынта көрсетпей отыр. Біржақты мұнайға басымдық жасау елді трансұлттық компанияларға тәуелді етуі мүмкін. Екінші жағынан, біз табиғи байлықтардың шексіз емес екенін ұмыт қалдырған сияқтымыз, олар болашақ ұрпақтарға да керек емес пе?!

return false">ссылка скрыта

Реформалар барысында өткен қоғамды тотальды (бірегей, мүлде) терістеу орын алды. Ал оның өзі тәуелсіздік ұғымына түбегейлі қайшы, өйткені философиялық тұрғыдан келгенде, ол өз болмысымыздың терең қайнар көздерінен бас тартуменбірдей. Ондай жағдайда болашақта тәуелсіз дамудың өзі де мүмкін болмай қалар еді.

Алғашқы кезде жекеменшікке негізделген экономикада «Адам Смиттің «көрінбейтін қолы» бәрін де стихиялық түрде өз қалпына келтіреді», - деген романтикалық қиялдың болғаны да рас. «Ең алдымен экономиканы дұрыстап алайык, қалғанының бәрі содан кейін өз ретіне келеді», - деген сорақы пікірлер де болды. Бүгінгі таңда олардың бәрі қайта ой елегінен еткізіліп, жіберілген қателіктер түзетілуде.

Келесі бір естен шығармайтын жайт реформалардыи бүкіләлемдік рухани дағдарыстың астарында өтуінде. Сондықтан, басқа елдердің құндылықтарын таңдамалы түрде кабылдап қана өз-өзімізді сақтай аламыз, яғни тәуелсіздігімізді уыстан шығармаймыз. Түбегейлі өзгерістер барысында қазақ халқының мыңдаған жылдардағы тарихында тудырған рухани құндылықтарын сақтап қалуымыз керек. Олар: табиғатты аялау, жетім мен әлсіздерге ұшын беру, әділеттілік, ар-намысты жоғары ұстау, дүниеде алудан гөрі болуға тырысу, үлкендерді сыйлау, әке-шеше алдындағы борышты өтеу, тәубеге келут.с.с. Сонда ғана біз тәуелсіз гүлденген ел боламыз.

§ 4. Құбылыс және мән

Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі түрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.

Заттың көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы - материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).

Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.

Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен (феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы - феномен, заттың мәні - танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі — сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы бізге өз әсерін тигізетін кұбылыстарды ретке келтіру ғана. Ал оның ар жағындағы жатқан мәнді, «заттың өзіндік» сырын ашу мүмкін емес.

Мұндай кұбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы коюды Гегель қателік деп санап, «қайсыбір құбылыс мәнді,ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін көрсетеді» деген пікірге келеді.

Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды) мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек «шекаралық ахуалда» — өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мүмкін, -деген пікірге келеді.

Әрине, құбылыс пен мән — болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі - Дүниенің өзінде.Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырысқанмен», сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиетгерін дс көрсетпей коймайды. Сондықтан қүбылыстарды зерттеп, салыс-тырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын ерекше жактарынан бас тартудың арқасында жеке әртурлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге кұйыла біткен оның ерекше мазмүны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.

Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтанабстрактіліқ ұғымдарғаөрлеуді байқауға болады. Алайда бұл абстрактілік мән ғана. Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып, заттың ойлық-нақтылыкөрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның құбылыстарының байлығын бірегей карауға мүмкіндік аламыз.

Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір кұбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған маскүнемдік, нашакорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномалияларды (ауытқу) алсак, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал, шындығында, оның терен себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, бұл әлеуметтік аномалиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді жойғанмен, сұраныс болганнан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес...

Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: дамыған, әлеуметтік мэселелері шешілген елдерде неге осындай әлеуметтік аномалиялар кен етек алған? Ал оның терең себебі - адамнын өз болмысына қанағаттанбауы,шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып гүл-дете алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамньщ рухани азғындауы,соның нәтижесінде жалғыздык, жаттанусияқты қүбылыстардың кең етек алуы т.с.с. Сонымен қарап отырсак, мәселе адам болмысы, оның терең мән-мағынасына келіп тіреледі.

«Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап шығарып салады», «Адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге бір пүт тұз ішу керек» деген т.с.с. тэжірибеден шыққан нақыл сөздер де құбылыс пен мәннің өзара байланысын көрсетпей ме?! Расында да, бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен оның сыртқы құбылысына (киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сезі т.с.с.) назар аударады. Тек жүре келе, онымен терең қарым-қатынасқа түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан өткізе келе ғана, адамньвд терең мән-мағынасын ашуға болады.

«Бір көргенде ғашық» болып, бір жетіден кейін үйленіп құрған отбастарының көбінесе аянышты аяқталуы - бір-бірін жете білмегеннен, өмірді үстірт қарағаннан, құбылысты мәнге теңеуден шыға ма? - деген ойдамыз.

Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп, мыңдаған жаңа құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған өмір құндылықтары басқаларға ауысып жатқан кезде, біршама тартымды кұбылыстармен қатар терісағарлар да баршылық. Осындай ахуалда өз терең болмысыңды сақтап қалу, өмірге керек құндылықтарды игеру, сонымен қатар көп келеңсіз жайттармен күресу - әрбір саналы азаматтың міндеті болмақ.

§ 5, Сапа мен сан ұғымдары

Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік - болмыстағы заттардың өмір сүру тэсілі. Әрбір зат, күбылыс - ерекше, шектел-ген, басқаға үқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар заттардың осы жақтарына өз назарын аударады. Оның әрбір қажеттілігін өтейтін зат — дара, өзгеше больш көрінеді. Міне, осы сәттен бастап, сапа ұғымы дүниеге келе бастайды. Сапа дегеніміз — заттың болмыстағы анықтығы, соның арқасында оны басқадан айыруға мүмкіндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау, меңзеу аркылы беріледі.

Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз заттың тектік айырмашылығы, сонымен қатар, ол өне бойы өзгерісте болады.

Орта ғасырдағы діни философияда сапа өзгермейтіы, маңгілік, заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді.

Жаңа дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты заттың сапасынан гөрі, сандық жағына мейлінше көңіл бөлінді. Бірақ сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші жэне екінші сапаға бөлген Дж.Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, түрі, қозғалысын ол біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дэмді -екіншіге теңеді.

Гегельдің түсінігі бойынша, сапа - қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдаудың нэтижесінде Гегель дүниедегі пайда болып, өмір сұріп, жоққа кетіп жатқан заттар мен құбылыстардың шексіз кептүрлілігін мойындап. олардың бір-бірімен теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандай әртүрлі болса да, бәрінің де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде, Гегель сезімдік аңлау арқылы берілетін нақтылы сападан жалпы абстрактілік сапа ұғымына өрлеп, дүниенің шексіз көптүрлілігін, соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға тең, сонымен қатар тең еместігін, біреулердің көптігін мойындайды. Көптің әрбіреуі өзгемен тең, әрбіреу - бір, сонымен қатар көптің бірі. Ал мүның өзі Гегельді сан категориясына алып келеді.

Сапа жөніндегі қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Қасиет деп заттың өзгемен қатынасқа түскен кездегі сапасының кейбір жақтарының керінісін айтамыз. Екінші затпен байланысқа түскен кезде онын басқа қасиеттері көрініс табуы мүмкін. Олай болса, заттың сапасын оның кейбір қасиеттерімеы теңеуге болмайды, сапа заттың ішкі жэне сыртқы анықтығын керсететін біртұтас мәнді қасиеггерінің жиынтығы болмақ.

Заттың сапасымен қатар, сандық жақтары бар. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде созылған, салмағы, формасы, т.с.с. жақтарымен танылады. Тарихи белгілі бір қажеттіліктерді етейтін эртүрлі заттар бір-бірімен салыстырылып, олардың теңдік жақтарымен қа-тар айырмашылықтары анықталған кезде, сан үғымы пайда болады. Сондықтан заттың сандық жақтарын байқау қарапайым аңлаудан өтіп, ақыл-ойды пайдалануды талап етеді. Шындықтағы сандық өзгерістерді сараптаудың негізінде математика ілімі дүниеге келеді.

Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі болуы ,(үмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын жоймайды. Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп айтуымызға болады.

Заттың сандық жақтарына алғашқы көңіл бөлген пифагорлықтар болды. Олар оны заттың терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал оның қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол - кұпия, - деп түсінді.

Демокритке келер болсақ, ол санның негізінде әрі қарай бөлінбейтін атомдар жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз -атомдардан тұратын қайсыбір заттың мөлшері.

Платонның түсінігінше, материалдық зат - идея әлемінің көлеңкесі ғана. Заттың сандық жағын анықтайтын, идея, ал оны зерттейтін - математика (геометрия) ілімі.

Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т.с.с. заттардан тыс өзіндік болмысы жоқ, ол - заттардың қасиеттері. Сол сияқты, дүниеде бос кеңістік те жоқ. Уақытқа келер болсақ, ол -қозғалыстың өлшемі.

Жаңа дәуірдегі философтар да бұл ойды қолдап, математика ілімінің пәні шынайы кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан заттардың мөлшері деген пікірге келеді.

Канттың ойынша, қайсыбір көлем қиялдың күшінен шығатын құбылыс, ал сыртқы сезімдегі барлық көлемдердің көрінісі - кеңістік, ішкі сезімдегісі - уақыт.

Гегель алғашқы рет сапа мен санның бірлігі мен айырмашылығын көрсете білді. Егер заттың сапасы өзгерсе, онда ол басқа затқа айналады, ал сандық өзгерістер сол заттың шеңберінде оның табиғатын бүзбай, біршама деңгейге дейін бола беруі мүмкін.

Бүгінгі таңдағы түсініктер бойынша, эртүрлі сападағы заттардың ортақ, жалпы, біркелкі жақтарын салыстырып өлшеу арқылы сандық категория дүниеге келеді. Бүгінгі таңдағы ғылымда сан алуан заттың сандық жақтарын өлшейтін эталондар (үлгілер) жасалған. Математика ғылымы да өте күрделі ең абстрактіліқ ілімге айналды. Айта кететін бір жайт - зерттелетін зат неғұрлым күрделі болса, оның сандық өлшемін анықтау да соншалықты қиынға түседі. Оны әсіресе қоғамдағы үрдістерден көруге болады. Адамның рухани өмірін, ішкі тебіренісін, әсемдікке ұмтылысын ешқандай математика анықтай алмайды. Бірақ, соған қарамастан, қоғамтану саласында да статистикалық әдістемелер арқылы олардың да шамамен өлшемі анықталады.

Келесі мәселе - сапа мен санның өзара байланысы, диалектикалық бір-біріне өтуі. Оны талдау үшін жаңа ұғымдарды енгізуіміз қажет.

§ 6. Өлшем мен секіріс

Қайсыбір зат, я болмаса кұбылыстың өзіне тән сапасы, сонымен қатар сандық жақтары болады. Бір карағанда, олардың бір-бірімен байланысы жоқ, әрбіреуі өзінше өмір сүріп жатқан сияқты.Бірақ ол - үстірт көзқарас. Мұқият терең қарасақ, біз олардың бірлігін байқаймыз. Белгілі бір сапаға соған сәйкес сан келеді, біз оны заттың өлшемі дейміз. Олай болса, өлшем - сандық сапа, я болмаса сапалық сан деп айтуымызға да болады. Екіншіден, өлшем - белгілі бір сапаның шеңберіндегі әртүрлі сандық өзгерістердің бірлігі. Мысалы, судың сандық өлшемі 0-100 градусқа шейін. Бұл сандық шеңберде су өз сапасын жоймайды, бірақ 100 градусқа бір ғана градус қосылса, өлшем бүзылып, су жойылып, дереу буға айналады. Сол сияқты әрбір металдың да өзінің өлшемі (константасы) бар, егер ол 1 градусқа өссе, ол балқи бастайды.

Егер екі шақырымдық биіктікте атылған оқ секундына 7910 м. жылдамдыққа дейін жетсе, ол бәрібір жердің гравитациясының шеңберінен шыға алмай, ақырында, құлайды. Бірақ оның жылдамдығы тек 1 м. ғана өссе болды (7911 м.), жер жылдамдығы ғарыштыкқа айналып, ол жерге құламайды. Егерде жылдамдықты 11189 м.сек. жеткізсек, басқа планеталарға үшуға мүмкіншілік аламыз, ал жылдамдық 16662 м.сек. жетсе, басқа жұлдыздарға ұшуға болады.

Менделеевтің ашқан химиялық жүйесін алсақ, онда да осы заңдылықты байқаймыз. Атомның өзегінің заряды өскен сайын, ескі сапа жойылып, жаңа элементтер пайда болады (сутегінің өзегі -1 протоннан түрады, 2 - гелийге айналады, 3 - литийге, 4 -бериллийге т.с.с.)

Ақшалы азамат қашан капиталиске айналады? Ақшаның сандық мөлшері оны тікелей өндірісте жүмыс істеуден босатып, басқа адамдарды жұмысшы ретінде жалдауға мүмкіндік пайда болған кезде дер едік.

Сонымен бір сапаның екіншіге өтуі зат, энергия, я болмаса информацияның қосылуы, я кемуімен байланысты екен. Әрбір сапалык өзгеріс сандық өзгерістердің негізінде пайда болады.

Жана дүниеге келген сапа өзіндік жаңа мөлшерді талап етеді. Мысалы, судың көлемін будың көлемімен салыстырсақ, ол екі-түрлі.Бурдың шеңберіндегі молекулярлық байланыстар сумен салыстырғанда, мүлде өзгеше.