XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология ) 2 страница

Әрине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқа шығуға өне бойы талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынаска түсіп барып өмір сүре алады: Д.Дефоньщ «Робинзоны» тек киялдан шыққан көркемдік бейне ғана емес пе?

Олай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік(іntеrлатын сөзі, екіаралық, көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келеді.Ол жеке өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол қоғамның, яғни бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге бағытталған ой келді, ол - тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ сіз оны ақпарат кұралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті болып, оны көп адамдар колдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан шығып, коғамның рухани құндылығына айналды, өйткені ол басқа адамдардың санасына да ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін тигізді. Сонымен интерсубъективтік,яғни объективтік рухқоғамның үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дербес өмір сүріп жатқан идея емес, ол - көп адамдардың санасында өмір сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған құбылыс.Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғылым, өнер, дін, мораль, құкықтық нормаларт.с.с. айтылады.

Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы қандай? деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға болып қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың маңыздылығын асыра түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін, әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе бала бақшасы, мектеп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, тұлғағаайналады. Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туындылар пайда болып, оларды жарыққа шығарып қоғамдық сананы әрі қарай дамытады. Тек бұл арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы уақытқа шейін адамзаттың көпшілігі қоғамдық сананы пайдаланадыда, тек элитарлық(еlitе - франц. сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі азшыл тобы деген мағына береді) аз топ қана оны әрі қарай дамытады.Осыған өкінген XX ғ. ұлы испан философы Х.Ортега-и-Гассет халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани дағдарыстың себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға қол жеткізеді.

Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте «абсолюттік рух»деген ұғым да кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында Құайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша, абсолюттікрухка «өнер», «дін», «философия»жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық еріктіктің негізінде адлайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды; тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұрымдар арқылы жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша, философиядан биік рух жоқ,ол - рухтың ең биік сатысы.

Қорыта келе, біз болмыс ұғымынын өз бойына бүкіл Әлемді (материя мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын қамтитынын байқадық. Бұл - шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауымыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі болмыс жөніндегі ілімді толыкқанды суреттейді.

§ 2. Жалқылық пен жалпылық

Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «Абсолюттік идея» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ойшылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактілік «материяны» көрген жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты талдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» бастап, эрі қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты.

Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қайсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен шартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысынсезінеді, сонымен қатар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінінбайқайды. Осы ерекшелікті сезінудің нәтижесінде адамдардың санасында Даралық, жалқылық, ерекшелік, зат, құбылыст.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретіңде тамак ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қажет Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар мен құбұлыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мумкін.

return false">ссылка скрыта

Алғашқы уакытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын,бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды.Сонымен қатар адам өзінің өмір суру барысында сол қажеттіклітерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір қажеттілікті өтейді. Олардың бәрін салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін,айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыс жемісдеген ұғым пайда болады, ол - аталған және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір халықтың ойлау жуйесін әрі қарай дамытады...

Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен жалпылық болмыс категорияларын талдаудың бастамасыболып есептелуі керек. Тарихи-қисындықтұрғыдан алғанда, солардың адам практикасының, тәжірибесі дамуының негізінде пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс категориялары дүниеге келіп, өрби бастайды.

Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз - кеңістік пен уакыттың шеңберінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстар - дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайтыы, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығынан пішін-түрі жағынан ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардын әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқан

Қорыта келе, даралық, жалқылықдегеніміз шындық болмысының өмір сүру тәсіліболып шықты.

Сонымен қатар бұл Дүниеде екі бір-бірімен толық ұксастығы жоқ екі затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болатын болса, Дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыстаекенін байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, жалпықасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен кұбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста,өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдейқасиеттері арқылы ғана іске асады. Сонымен жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен үрдістердің өмір сүру заңдылығыболып шықты.

Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап калған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс тек өзіне тән, Дүниеде қайталанбайтын жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан, толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс ерекше- өз бойында қайталанбайтын, тек өзіне тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін көп мәселелердің шешімі осы аралық пен жалпылықтың диалектикасын жете түсінбеуденпайда болады.

Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болатын-ды. Оның «эйдос әлемі» - «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің Дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», - деп, оның өзінше өмір сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы -Құдай», - дейді.

Жалпылық пен жалқылық Орта ғасырдағы негізгі философиялық мәселеге айналып, реализм(rеаlіs - латын сөзі, шынайы) мен номинализм(nominis - латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. Негізгі мәселе - жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ - универсалиялардың) онтологиялық (болмыстық) статусың (мәртебесін) анықтауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардаң бөлек өмір сүреді деген пікірге келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі өмір сүреді деген пікірге келеді. Бірінішіден, ол Құдайдың ойынан шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық дегеніміз — заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді.

Жаңа дәуірдегіойшылдар көбіне номинализмбағытына жақынырақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, оларды ойлап шығарған адамньщ зердесі деген пікірге келеді, олар неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді.

И.Кант бүл ойды тереңдетіп, жалпылыктың екі түрін мойындайды. Олар - тәжірибеден шығатынжәне априорлық(тәжірибеге дейін берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жасалатын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар трансцендентальды(transcendents - латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар жағындағы деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда тани алмаймыз.

Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым абстрактілік жалпылық емес, ол - шынайы нақтылы жалпылық.Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарына теңеп, ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің де өзіне тэн байлығын бойына сіңіреді, -деген терең ой айтады. Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір накыл сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар оған эртұрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің бай өмірден алған тэжірибесі мен білімі аркылы оны жете түсінеді.

Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылқ» идеясы жоғары бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін «абсолюттік идеяға» теңеуін сынға алады. Жалпы ұғымдарда объективті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал оның өзі заттар мен құбылыстардьщ ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің негізі, оның көрінісі - заң.

Сонымен оқырманның байқағанындай, философия тарихында даралық, жалқылық пен жалпылықтың өзара диапектикасы ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал соңғы жалкылықтың бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы дәнекер - ол ерекшелік. Сондықтан Дүниедегі әр зат, құбылыс, үрдіс өзінің ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны тек өзіне ғана тән жолмен біріктіреді. Сонын арқасында Дүниедегі көптіктің бірлігі камтамасыз етіледі.

Жалкылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну аркылы өткен кеңес қоғамы мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үрдістерді талдауға мүмкіншілік аламыз. Кенесзаманында жалпылық басынқы категорияғаайналып, жеке адамдардың құқтары, олардың шығармашылық ерекшеліктері дұрыс ескерілмеді,сондықтан қоғам тоқырауға ұшырады.Бүгінгі таңда біз, керісінше, ағымды байқаймыз. Жекелік, адамдардың құқтарын сақтау, оларды шығармашылық жолға, ізденіске бағыттау — қазіргі саясаттың негізгі арқауы болып отыр. Ол, бір жағынан, экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ұжымдық мүдделердің іске асуына нұқсан келтіруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян.

Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген сайын, жалқы мен жалпылық диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты түрде ескермейінше, біз саясатта үлкен қателіктер жіберуіміз мүмкін. Шынында да, Қазақ елі алыстағы Франция, я болмаса Бразилияға ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердің өзі де (Өзбек-стан, я болмаса Ресей) басқаша. Осы тұрғыдан карағанда, біздің ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналаскан. Сондықтан да ауыл шаруашылығыҚазақ елінің экономикасының жетекші салаларынынбірі болып, болашақта да қала бермек. Осындай кең-байтақ, сонымен қатар, суы тапшы елде бір жылы жақсы егін орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда кіші-гірім фермерлік шаруашылықтардың өмір сүруі екіталай. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көп ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін жасанды банкрот етіп құрту - саясатта жасалған үлкен қателіктердің бірі болды Өмір олардың орнына үлкен алпауыт лендлордтарды ауылға әкелді. Ал олар болса ауылдың әлеуметтік жағдайына көңід белмейді. Олардың негізгі мақсаты - егінді егіп, уақытында жинап алып, нарыққа мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған қаражаттың пілдей бөлігі, негізінен, қалада корлануда... Бүгінгі таңдағы жеке кішігірім фермерлік шаруашылықтардың қайта кооперацияға өтуге тырысуы - осы елдің ерекшеліктерінен шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға мүмкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін.

Ал енді жер байлығына келер болсақ, елдің мршттан алыс болуына байланысты, оларды басқа елдерге экспорттаудың жол қаражаты өте қымбат. Сондықтан шикізат етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңдеп, мұнайдан бензин, керосин т.с.с., мыстан неше түрлі кабельдерді, ал жүре келе электр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі таңда оған қаражат жеткіліксіз болып жатыр... Сонымен қатар алғашқы капитал тез қорланбай, іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан жақтары да жоқ емес.

Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп, жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен қатар алға кеткен елдердің жетістіктерін өз айнала ортамызға, соған тарихи икемделген сана-сезімімізге бейімдеп қолдануымыз керек. Сонда ғана біз өз ерекшеліктерімізді сақтап, соның арқасында басқа елдердің де шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз. Дүниедегі көптүрлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды табамыз.

§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік

Жалқы мен жалпы категорияларымен тығыз байланысты, болмыста терең тамырланған ұғымдар - тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.

Бұрынғы философия оқулықтарында бұл ұғымдар жоқ болатын-ды. Бірақ бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, олардың мән-мағынасы кұрт өсуде, өйткені тәуелсіздік - кейбір әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы ұлттық элитаның билікке деген

ұмтылысынан пайда болған құбылыс емес, оның түп-тамыры тереңде - болмыстың өзінде жатыр.Тәуелсіздіктің баянды болуы, онын қазақ халқына ауадай қажеттігінің негізінде осындай философиялық пайымдау жатыр.

Енді осы айтылған тұжырым жалаң болып көрінбес үшін, оны дәлелдеп көрелік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дүниеде - Жер болсын, аспан болсын, біз екі бір-біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты таба алмаймыз. Микроәлемдегі элементарлық бөлшектерден бастап Мегаәлемдегі жүлдыздарға дейін әрбір зат, я болмаса құбылыс тек өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және қайталанбастық, басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпикур болжамдаған болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте кұлдырап бара жатқан кезде алғашқы бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі ядролық физиканьщ деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 300-ге жуық элементарлық бөлшектердің эрқайсысының өз табиғаты, сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең ұсақ бөлшектер адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-бірінен салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама еріктіктің деңгейінде өмір сүреді» (қараңыз: Материалистическая диалектика., М., Мысль, 1983, 61-6.). Әсіресе көрнекі түрде тэуелсіздіктің сипатын тірі жэне өлі табиғаттағы, қоғам өміріндегі статистикалық үрдістерден байқауға болады. Мысалы, газ табиғаты жөніндегі қазіргі теориялар әрбір молекуланың бір-бірінен тәуелсіздігін көрсетеді. Тек қана сырттай шектеу қойылған кезде ғана (белгілі бір құйманың ішінде) олар бір-бірімен болуы мүмкін байланыстарға түседі. Сол себепті, статистикалық заңдылықтардың негізінде әрбір бөлшектің бағытын білу мүмкін емес, ол оныц дербестігін, тәуелсіздігін көрсетеді, тек олардың жиынтығының заңдылықтарын ғана анықтауға болады. (қараңыз: П.В.Алексеев., А.В.Панин. Философия., М., Проспект, 1998, 424-6.). Термодинамиканың екінші бастамасы Дүниеде дезинтеграция(ыдырау), энтропия(күш-қуаттың төмендеуі), хаос(бытырау) үрдістері жұріп жатқанын мойындайды. Ал мүның өзі де заттар мен кұбылыстардың болмыстағы «өз еріктігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі қағидаларының бірі -эрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал оның өзі бастапқыдан бір-бірінен тәуелсізберілген.

Тірі табиғатта да біз осындай жайттарды байқаймыз. Мысалы, ағаштың бұтақтарында өсіп тұрған 50 мың жапырақтың бір-біріне толығынан ұқсас екеуін тауып алу мүмкін емес. Әр жапырақ дүниеге өз болмысымен келіп, соңында -- кетеді. Бір ананың бойында өсіп, дүниеге келген егіз - екі түрлі болып келеді, олар қанша бір-бірімен ұқсас болғанымен, тәуелсіз, қайталанбайтын ұқсас емес жақтарымен танылады.

Ал егерде адам болмысына келер болсақ, «Дүниеде болу _ ерекшеленуге» теңеледі, яғни эр тұлға өз бойындағы табиғи дарындарын ерістетіп, дамыту арқылы өмір сүреді. «Адам құқтары» аталатын бүгінгі таңдағы кең таралған қағида өзінің тереңге кететін түп-тамырында тәуелсіздік ұғымына, тұлғаның басым-дылығына негізделген. Бугінгі қоғамдарды шарпыған әлеуметтік аномияның (ауытқудың) терең себептерінде адамдардың өз болмыстық негіздерінің дамуына қанағаттанбаушылық жатыр. Сондай-ақ әр халық өз тәуелсіздігіне жетуге, соның негізінде мәдени құндылықтарын, дүниесезімі мен дүниеқабылдауын сақтауға тырысады.