Діни экзистенциализм мен антропология 5 страница

 

Ал «Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.

Аңдысып жүрген көп дұшпан,

Еліңе жау боп келеді», - деген жолдардан жыраудың

қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынына алаңдап, сезгені сиякты ой келеді. Ол жаулардан құтылудың негізгі жолы - бейбіт өмірді қамтамасыз ету.

«Еділ бол да Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп түрыспа», - деген ақыл айтады ұлы жырау. Қазақ халқына нағыз керек нәрсе - ол ел бірлігі,рулар мен тайпалардың арасындағы тартыс, қантөгіске тыйым салу. «...Есенің де тірін де, Бір болыңыз бәріңіз!» - деп ұран тастайды Асан қайғы. Асан қайғы халықты бірлікке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз ету керектігін талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, әділеттілікке шақырады.

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...

Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?

Онда халық түнерер.

Халыққа қысым күш берер,

Халықтың кегі күшке енер» - деп, ұлы жырау ұстем тапқа халық атынан қатты ескертужасайды.

Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өміріндегі моральдық қағидаларға да кеп көңіл бөледі. Оның ойынша, әділдік - өтірік-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; даналық - өткен күндегі шындықты іздеу; қорқақтық - жау мен жауыздың алдында қашқақтау; залымдық - әлсізге жәбір көрсету; ақымақтық - айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.

Асан қайғы - қазақ жерінен шыққан алғашқы утопист.Елдің ауыр тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтеді. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектігі сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпенділерге тән нәрсе емес еді. Сондықтан ұлы жыраудың назары «жерұйықты»іздеуге бағытталады. Оның суы сүт, топырағы - май, тасы - алтыға, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де жоқ, бәрі де - жеткілікті, бәрі де - бақытты. Ол мұндай «жұпар қорығын» өмір бойы іздеді. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмірді аңсаған армандарының бір көрінісі еді.

Жоғарыда көрсетілген ой-толғаулар XVI ғ. өмір сүрген жыраулардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің көрнекті өкілі өмірден жастай кеткен Доспамбетжырау болды (30 жасқа келгенде, Астрахан манындағы бір шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңіндегі көшпенділердің ерік пен теңдік, өз елін қорғаудағы ержүректік қасиеттерін, мақтаныш еткенін байқаймыз.

«...Айнала бұлақ басы тең,

Азаұлының Стамбұлдан несі кем? - деген сұрақ қойып, олай болса, «...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ,

Би ұлынан иесі кем!

Тәңірінің өзі берген күнінде,

Хан ұлынан артық еді менің несібем!» - деп, өзін ең жоғары тұрған тұлғалардан кем санамайды. Шіркін, осы белгілі бір орталыққа бағынбауды мойындамайтын еркөкіректік болашақта халықты қандай апатқа әкелетінін, әрине, ол сезіне алмады: айнала қоршаған әлеуметтік ахуал оны мүмкін кьглмады.

Ел-жұрт үшін ерлік жасағанын мақтаныш етіп, өз өмірінің әрбір күніне қанағат етеді:

«Тоғай, тоғай, тоғай су.

Тоғай қондым өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым, өкінбен.

Бүгін-соңды өкінбен,

Ер Мамайдың алдында Шахид кештім, өкінбен».

Жыраудың ойынша, әңгіме бұл өтпелі фәниде ұзақ та солғын өмір кешуде емес, оны мазмұнды өткізуде. Яғни ол қазіргі тілмен айтсақ, өмірден алу,иелену, байлыққа масаттану емес, керісінше, болудыаңсаған ержүрек батыр.

XVI ғ. көрнекті жырау Шалкиіз Тіленшіұлыболды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмірін той-думанмен өткізу, әлсізге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегі тақырыптарға арналса да, өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, халықтың белгілі бір орталық билікке бағыну керектігі. Темір биге арналған толғауында жырау:

«Сен алтынсың - мен құлмын,

Сен жібексің - мен жүнмін,

Сен сүлтансың - мен құлмын», - деп, оның лауазымын мойындайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойыл-майтынына оның көзі жетеді. Жыраудың ойынша, халықтың бірлігін арттыратын - жақсылық жолы, сондықтан ол «жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет», - дейді.

Көшпенді замандағы ер жігіттің аяұлы да нәзік қысқа өмірін толғай келе, Шалкиіз діни бейсаналық (иррационализм)бағытын ұстайды. Жыраудың ойынша, бәрі де Тәңірдің жазғанымен болады:

«Жапырағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден дүр.

Төренің кежігуі елден дүр.

Байлардың мақтанбағы малдан дүр...

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан дүр».

Адамды аспанға көтеретін де, құзға құлататын да - Тәңір. «Тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе - Тәңірі етті», - дейді жырау. Мүндай көзқарастың жұрнақтары осы күнгі қазақтардың да бойында бары сөзсіз. Өмірі толығынан қауіп-қатерге толы, ертеңгі күні не болатынын білмейтін көшпендінің дуниесезіміне мүндай өмір философиясы оған тірек болып, оны батырлыққа итерді.

return false">ссылка скрыта

Табиғатжәне оның ажырамас бөлігі - адам- Шалкиіздің шығармашылығының өзекті тақырыбы. Қазіргі тілмен айтсақ, жырау - философиялық антропологизмбағытын ұстаған ойшыл. Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды. «Алма мойын сам үйрек,

Ана Еділден көксіген

Көлді тастап қырға ұшса,

Бір тарланға жолығар!...». Сондықтан ер-жігіттер әрбіреуі әр жаққа тартпай, біріккенде ғана, елді жаудан аман сақтап қала алады:

Атаның ұлы ерлерге,

Малыңды бер де, басың қос.

Басыңды қос та бек сыйлас,

Күндердің күні болғанда,

Басың жауда қалар ма!» - деп қорытады жырау. Шалкиіздің ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлінеді:

«Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса,

Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...».

«Құсты жисаң бүркіт жи, қыстауыңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлік етер,

Бір жаманмен дос болсаң, күндердің күні болғанда,

Жұмыла ғаламға күлкі етер», - дейді ақын.

Бұл дүние өтпелі, «...мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған», - дейді жырау. Сондықтан адам Бұл дүниедегі қызықты тегіс көріп, өмірді думандатып өткізу керек. Бірақ оның да өлшемі бар:

«...Жүйрікпін деп мақтанба,

О дағы бір құба арланға жолығар,

Еріккенде қызыл тілін тыймаған,

О дағы бір пәлеге жолығар.

Салмақтама немеңді,...

Тәңірі тесер төбеңді!» - деп, жырау адамды өлшемдікке, ұстамдыққа, әдет-ғүрыпты бүзбауға шақырады.

 

Тарих сахнасына келген XVII ғ.әлі басы бірікпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелді. Бір жағынан, кұннен-күнге күшейіп келе жатқан Ресей мемлекетінің суық лебі бұрынғыдан да гөрі айқын сезіле басталса, екінші жағынан, осы ғасырдың бірінші жартысында Шығыста жатқан Жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын біріктіріп, өз хандығын дүниеге келтіреді. Шығыста жатқан Қытай мемлекетіне бата алмаған қалмақтар өз өрісін қазақ жерлерін жаулап алу арқылы кеңейткісі келді. Осыдан қазақ халқының басына орасан зор қауіп туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жеріне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзеліске ұшыратады, халықтың үштен бірі қырылып, қыруар мал жау қолына тұседі. Халықтың санасында Бұл апат «Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама»деген атпен тарихқа кірді.

Әрбіреуі өз жағына бұратын қазақ билерінің есі енді ғана жиналып, жоңғарларға төтеп беру үшін біріге бастады.Мүндай қауіп-қатер туған жағдайда халық өз ішінен ұлы саясаткер-билерді: Төле, Қазыбек, Айтеке т.с.с.тудырды. Халық арасынан Отан үшін өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Қарасайт.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын біріктірді. Шешуші кезең де келіп қалды. 1730 ж. Балқаш көлінің төңірегіндегі шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы беріп, күйрете жеңіп, өз жерін жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа Аңырақай жеңісідеген ат қойды.

Әлсіреген қазақ халқы екі жаққа бірдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерін өзіне қоса бастады.

Міне, жоғарыдағы көрсетілген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдері халықтың өзіндік сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сол уақытта өмір сүрген жыраулардың, ойшыл-билердің де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөніндегі ойлары пісіп-жетіліп, жаңа сапалық деңгейде көріне бастады.

Осы кездегі жыраулардың ішінен Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақындыерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұны бұл жыраулардың шығармаларында кеңінен орын алды. Өкінішке қарай, оқұлықтың көлемі жыраулардың бәріне де тоқтауға мүмкіншілік бермейді.

Бұл Дүниеде ұзақ өмір сүріп, XVII ғ. екінші, XVIII ғ. бірінші жартысын қамтыған - жыр алыбы Бұқар жырауболды. Жырау өмірінің жас кезінде Тәуке ханның жанында болса, өмірінің

соңында - Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі. Сол кездегі сұрапыл заманды жырау былайша суреттейді:

«Ай, заман-ай, заман-ай,

Түсті мынау тұман-ай,

Істің бәрі күмән-ай...

Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгірткен заман-ай», - деген жолдардан сол кездегі халық тағдырындағы қайғылы да күңгірт ахуалды көзге елестетуге болады.

Осы ақынның сөзімен айтсақ:

«Асан атты іспетті

Ен жайлауынан көшкен жұрт.

Зар илеп, баспай өксікті,

Ауыр күнді кешкен жұрт», - дейді.

Ол неге соншалықты қамықты, оның себебі неде болды деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап береді:

«Ақтың жолын күзетпей,

Жамандықты тұтқан жұрт.

Сабыр етпей сандалып,

Сайда көшіп, жортқан жұрт.

Өз ағасын сыйламай,

Өзгенің соңынан ерген жұрт.

Ханына тізгін бермеген,

Орысқа ырғын болған жұрт.

Ханның ойын білмеген

Жауына таланып қалған жұрт...

Бірауызды болмаған,

Тозуды тосқан біздің жұрт...».

Бұл шумақта жырау халықтың арасындағы бітпейтін алауыздықты, бір орталық билікке бағынбай, оның әлсіз болып қалғанын, сол себепті әрбіреудің сілтеген жағына ауытқып, өз-өзін жоғалтқанына тоқтала келе: «Өзіңнен-өзің безбе жұрт», - деген терең нақыл сөздер айтады.

Сол себепті де, Бұқар жырау барлық жан-тәнімен Абылай ханның бүкіл халықтың басын біріктіруге бағытталған саясатын қолдап, өзінің жыр-толғауларында оның тұлғасын мақтаныш етеді:

«Басына біткен күніңіз,

Құтты болсын ұлыңыз.

Хан Абылай атанды...

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың.

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз,

Арманым бар ма, хан ием», - деп, өзінің қанағат еткенін білдіреді. Сонымен қатар жырау елбасының кемшіліктерін әшкерелеп, саяси батылдық көрсетіп, адал ниетпен кейбір уақытта оны қатты сынай білген:

«Ай, Абылай, Абылай,

Ал тілімді! Аласың,

Егер тілімді алмасаң,

Жалғыз жәутік қаласың...».

Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға ұшырағанын терең түсініп, оны жоқтады:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай...

Үш жүздің басын қосқан, Абылай!

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! - деп зар жылады.

Таңғаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендігін төмендегі жолдар айқын дәлелдейді:

«Күнбатыстан бір дұшпан

Ақырда келер сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Діндарының аты поп...».

Егер сол кезде тіпті қазақ жерінде Ресей мемлекетінің суық желі байқалып тұрған деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай өз еркіне көндіріп, басқаратыны жөнінде айтқан жыраудың сөздері өзінің асқан көрегендігімен адамның жан-дүниесін дүр сілкіндіреді:

«Жемқорларға жем беріп,

Азды көпке теңгеріп,

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей ұрар ұртына!

Бауыздамай ішер қаныңды,

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды,

Есепке салар барыңды...». Тарих беттері соңынан толығымен бұл болжаудың даналығын көрсетті. Мына жыраудың геосаяси көзқарастарна көз жіберсек, ол бүгінгі қазаққа да үлкен ой тастайды:

«Шүршітпенен құлақтас,

Қырғызбенен жұбаптас.

Ортасында үйлығып,

Кетпейін десе, жері тар,

Кетейін десе, алды-артын

Қоршап бір алған кәуір бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Буйірінен шаншу қадалып,

Сорлы бір қазақ қалды, ойла!». Әрине, бүгінгі таңдағы егемен Қазақ елі Дүниедегі ең беделді ірі мемлекеттерден өзінің дербестігі жөнінде кепіл алды. Сонымен қатар біз екі бүйірде жатқан екі алып мемлекет бар екенін ұмытпай, соған сәйкес ақылды да икемді саясат жүргізуіміз керек, сонда ғана біз жыраудың өсиетін орындаймыз.

Енді Бұқар жыраудың әлеуметтік-саяси көзқарастарынан өтіп, оның болмыс, адамжөніндегі ойларына келер болсақ, ол бұл Дүниені өтпелі жалған ретінде қарайды. Еш нәрсе бұл дүниеде мәңгі емес, сонымен қатар өмірге келген кұбылыс өзінің белгілі бір заңды сатыларынан өтіп барып, дүниеден кешеді:

«Он екі айда жаз келер,

Құс алдында қаз келер.

Айтын-айтпай немене,

Дәуреніңіз аз келер...».

Жыраудың ойынша, адам да басқа кұбылыстар сияқты, өз өмірінің саты-сатыларынан өтеді. Оны ол ғажап шеберлікпен, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалды түрде қарайды:

«Балалық он жасыңыз

Балғын өскен кұрақтай.

Жиырма деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай.

Отыз деген жасыңыз

Таудан аққан Бұлақтай.

Қырық деген жасыңыз

Ерттеулі түрған кұр аттай.

Алпыс деген жасыңыз

Күзгі сокқан жел екен.

Жетпіс деген жасыңыз

Жетім қалған күң екен...».

Жырау дүниенің қайшылықты екенін, олардың бір-біріне өтіп жататынын басып айтады:

«...Айнала ішсе таусылмас

Көл суалмас демеңіз.

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңіз...».

Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келіп, уақыты келгенде бәрі де кетіп жатыр. Сонымен қатар өлместік дәрежеге жететін бір-ақ нәрсе бар. Ол - адам:

«...Ай мен күннің өлгені -

Еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені -

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені -

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді»,- деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам ғана өзінің шығармашылығымен, жақсы істерімен, өмірде өзінің ізін қалдыра алады. Сонымен қатар адам өзінің өмірінің соңы болатынын білетін пенде болғандықтан, ол өмірге ешқашанда тоймайды, оның арман-қиялдары, үміті таусылмайды, ол шексіздікке ұмтылған жан:

«Аруды таңдап сүйсе де,

Алтынды үйге кірсе де,

Аспанда жүлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Арманын қоймас адамзат!

...Қапалы күні қабарып.

Қайғының күні төнсе де,

Үмітін жоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,

Жаныңа қылыш ұрса да,

...Өмірге тоймас адамзат!- деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау өзінің нақыл сөздерімен, терең де әсем жырларымен «халық атасы» дәрежесіне көтерілген ғұламалардың қатарында қала бермек.

XVIII ғ. қазақ халқының ой-өрісіне жыраулармен қатар өзінің үлесін қосқан дана«қара қылды қақ жарған» билерболды. Атақты Қазыбек, Айтеке мен Төлебилерді қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттігіне қосқан үлесін ешқашан есінен шығармаған. Сол заманда өмір сүрген Жаңыл ақын:

«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау - Қазықұрттай білімді еді, Бірі күн, бірі туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді», - деген екен.

Қазіргі тілмен айтсақ, Бұл билердің шешімдері адамдардың «табиғи құқтарына», олардың бір-біріне деген теңдігі мен еріктігіненегізделген болатын. Сонынен қатар олардың өмір, адамдардың қарым-қатынастары жөнінде айтқан талай-талай нақыл сөздері осы күнге шейін бізді таңғалдырады, олардың әрбіреуі үлкен кітапқа парапар. Мысалы, әйгілі батыр Шақшақ Жәнібек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны:

«...Өгізді өрге салма, қанатың талар,

Наданға көзіңді салма, сағың сынар,

Досыңа өтірік айтпа, сенімін кетер,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер.

...Тұмар түбі құрт болар,

Тұман түбі жұт болар.

Ақылдың түбі құт болар,

Елге бай емес, би - құт...», - деген екен. Қандай асыл, әрбір адамға керек сөздер! Төле бидің мына айтқан ақылы қазіргі мемлекет басында жүргендердің біршамасына әдейі жазылған сияқты:

«Лауазымың өссе зорайып,

Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.

Елді билеп өскеніңнен не пайда,

Рақатыңды көрмесе,

Ағайын мен халайық!

Көпшіл болған ер дана,

Достары болар әр сала.

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қала...».

Ақтабан шұбырындыдан кейін халық тағдырын терең ойлағаи Төле би көшпенділік өмір салтының тарихи сарқылысқа түскенін айқын сезінеді. Сондықтан ол халықты жерге тұрақтатусаясатын алғашқы бастағантүлға десек, артық айтпаған болармыз:

«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап,

Ел болсақ отырыстыболар еді-ау,

Қыстасақ Алатауды жазда жайлап.

Бір жағымыз қалалы диқан болсақ,

Көшпелі, бір жағымыз бие байлап,

Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап»,- деген даналық ойлар айтады. Алайда әлсіреген халық көшпенділіктін шеңберінен өз ішкі күшімен шыға алмады: оған «ұлы мәртебелі Тарих» та уақыт бермеді, тек Ресей империясының құрамына кіріп, сан қилы киындықтардан өтіп барып, оның бүгінгі Егемендікке қолы жетті. Сондықтан әрбір саналы жас өзін қазақ халқының бейбіт, бақытты өмірін арман еткен бабаларының өсиетін жадында сақтап, Елді қорғауға, оның бірлігі мен іргетасын нығайтуға белсенді атсалысуы қажет. Ол үшін ең алдымен терен де сапалы білімалып, оны шынайы өмірде пайдалану жолдарын игергенжөн сияқты.

§ 5. XIX ғ. ағартушылық философия

Қазақ халқының тарихындағы XIX ғ. келер болсақ, Ресей империясының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттің шеңберінде жаңаша, негізінен, жерде отырып өмір сүру жолдарына икемделу, осы күрделі де қиын жағдайда халықтың өзін-өзі сақтап қалу мәселесі өмірдің алғышарттары ретінде тарихи сахнаға шығады. Халықтың тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткір бетбұрыс философия саласында ағартушылық ағымдытудырады.

Бұл арада айтып кететін нәрсе - әрбір халық өзінің өмірінің шешуші кезеңдерінде Тарихтыңқойған жаңа Талаптарынасәйкес Жауапқайтаруы керек. Ол үшін ескі құндылықтар жүйесін өзгертіп, Дүниеге деген жаңа көзқарас енгізу қажет. Мұндай күрделі істі зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкілдері жасап, халықтың сана-сезімін өзгертуге тырысады, оны біз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең уақытында барлық елдерде болған. Отандық ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі -рұлық, одан әрі асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпенділік өмір салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтік-әқономиқалық, саяси-кұктық жағдайда, болуы мүмкін апаттан аман сақтап қалып,оның сана-сезіміне жаңа құндылықтардыенгізу арқылы оны жерге тұрақтандыруболды. Өйткені көшпенділік өмір салтының негізгі фақторы - жер көлемі - кедейленген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп отырғызу саясатының негізінде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал мұның өзі күйзелісте тұрған көшпенділік мал шаруашылығын толығынан күйретіп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген өмір салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жандүниесінен ажыратыла бастады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдағаң жылдардағы тарихында болмаған «зар заманды»тудырып, адамдар өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалдық вакуумге келіп тірелді. Халықтың өзін-өзі жоғалту қаупі туды. Мүндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмірді көкседі (қазіргі кеңес қоғамын көксеп жүрген кейбір саясаткерлер сияқты).