VIII тарау. Маркстік философия
Маркстік философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының XX ғасырдағы өмірі мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік батыл да кайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік эксперименттің құрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар сол заманға әртүрлі баға беруде. Біреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнің дүниеге келуімен теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдігі» орнаған қауым деп есептесе, екіншілер өткен тарихқа өкіне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, білім беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспірім балалар мен әлсіз қалған кәрілерге деген мемлекеттің көмегіне жылы шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға беріліп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмірге енгізуіміз керек деген пікірлер бүгінгі таңда аз емес.
Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстік философия — дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биік шыңы»деген пікірде болғанбыз. Содан кейін, өтпелі коғамның шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де көптеп пайда болды.
Әңгіменін шынына келсек, маркстік философия - адамзаттың рухани ізденісінің көп шыңдарының біреуі,оны асыра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сіз бұл ілімнің негізгі қағидаларын зерттеп, оны басқа ілімдермен салыстырып және бүгінгі адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен байланыстыра отырып, өз бағаңызды берерсіз деген ойдамыз.
Маркстік философияның негізін қалаған екі неміс ойшылы Карл Маркс (1818-1883 жж.)пен Фридрих Энгельс (1820-1895ж.ж.) болды. Егер К.Маркстің әкесі - сол кездегі ірі заңгерлердің бірі болса, Ф.Энгельс өзінің жекеменшіктегі фабрикасы бар іскердің
отбасында дүниеге келеді. Сондықтан олардың екеуі де өз заманындағы үлкен жоғары оқу орындарда оқып, білім алады. Студенттік жас кездерінде олар «жас гегельшілердің» қатарында болғанымен, сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуал оларды буржуазиялык либерализмнен гөрі, революциялық демократизм жолына қарай итермелейді. Олардың шынайы революциялық көзқарастарының қалыптасуына, әсіресе 1848 ж. Батыс Европа елдерінде өте шиеленген кайшылықтардың негізінде пайда болған революциялар өзінің зор әсерін тигізді. Дәл осы кезде олардың философиялық көзкарастары өзінің кемеліне келіп, айрықша жүйе ретінде қалыптасты. Оның негізгі езегі - дүниені түсініп қана қоймай, оны қайта кұру, өзгерту қажеттігі,ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негіздеуі қажет. Әрине, мұндай мақсат билік басындағылардың үрейін туғызды. Осы айтылған себептердің негізінде К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткізуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмірінің аяғына дейін қолдағанмен, К.Маркс кедейліктің, аурудың, кейбір балаларының өлімін т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткізіп, соған қарамастан, өмірінің аяғына дейін өзінің ғылыми еңбектерін жазып, жұмысшылар қозғалысына белсенді катысып, өз ілімінің жарқын болашағына сенді.
Енді, әңгімені нақтылай келіп, маркстік философиядағы жаңалықтарға келер болсак, онда қоғамды материалистік тұрғыдан түсінуқағидасына ең бірінші тоқтауға тура келеді. Мұның өзі материализм бағытындағы негізгі кемшілікті - табиғатты материалистік тұрғыдан түсінгенмен, қоғам өміріне келгенде идеалистік жолдан шыға алмауын - жойып, дүниеге деген толыққанды материалистік көзқарасты тудырды. Әнгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам - ойының оның жасайтын іс-әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейін ғана ол іске асады. Сондыктан ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы колбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердің т.с.с. ойлары мен еркінде деген пікірден шыға алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргізіп отырған саясатына кім шешуші ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың мәселелері көбінесе мемлекет басшыларының көңіл-күйіне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негізінде француздардың «cherchez la femme » - әйелді іздеңдер деген нақыл сөздері пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (әкесі мен баласы) «20 жылдан кейін», «10 жылдан кейін», «Виконт де Бражелон» т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың негізінде көрсетілген. Сол заманда өмір сүрген философ Монтескьенің өзі де осындай көзқараста болған, оның ойынша, тарихтың дамуы көбінесе жақсы заңдардың шығарылуымен байланысты. Ал заңдарды жасайтын адамдардың өзі-ақ емес пе, олар заңгерлердің рухани шығармашылығының туындысы ғана.
Күні бүгінге дейін қарапайым сананың шеңберінде біз осындай көзқарастың әлде де болса өмір сүріп жатқанын байқаймыз. «Кеңес Одағы неге құрдымға кетті?» - деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтің, ия болмаса Ельциннің, Кравчуктың т.с.с. сол кездегі өкімет басындағы адамдардың іс-әрекеттерімен байланыстырады. Тіпті кейбіреулер оның себебін Раиса Максимовнаның (Горбачевтың әйелі) мемлекеттік саясатқа ықпал еткенінен көреді. Ақырында, біз «әйелді іздеңдерге» тағы да келеміз. Ал әңгіменің шынына келсек, Кеңес Одағының өмірден кетуі - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндіргіш күштердің даму қарқыны төмендеп кетіп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда болуында т.с.с.
Әрине, маркстік философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлін шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлері». Бірақ олар мәселені тереңдете карайды - сол белгілі бір уақытта өмір сүріп жатқан қоғамдағы өзекті идеялардың түп-тамыры кайда кетеді? Неге уақыт әткен сайын бір идеялардың орнына екінші идеялар келеді? Осы сұрақтарға жауап бере келіп, К.Маркс адамдардың сана-сезімінің өзі олардың өмір сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелді екенін ашады. «Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды», - деген тұжырымға келеді. Әрине, коғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді, олардың әрбіреуі өзінің алдына өмірлік мақсаттар қойып, соларды іске асыруға тырысады. Көбінесе сол максат-мұраттар мен ұмтылыстар бір-біріне қайшы келіп, бір-бірін тежеп теңестіріп жатады. Сол күштердің параллелограмы тарихи процесті тудырады. Жалпы алғанда, Қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзінің белгілі бір қажетті сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес Одағының құруының тағы да бір себебі Лениннің әлі капиталистік сатыға толык жетпеген, соның шеңберінде дамып кемеліне келмеген қоғамға, сол сатыдан аттап өтіп, социалистік коғамды озбырлык жолмен таңуында болса керек. Нәтижесінде, нешетүрлі трагедиялардан өтіп, біз социализмнің дүниеге ерте уақытсыз келген әлсіз бұрмаланған түрін орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмірін кұрбан еттік. Енді, міне, «ұлы мәртебелі Тарих» біздін жағамыздан ұстап, сендер қайда кеттіңдер деп, бізді аттап өткен сатымызға кайта оралтып жатыр.
Бүгінгі таңдағы қиындыктардың түп-тамыры, міне, тарихтағы солшыл саясатқа барып тіреледі, оған Маркс кінәлі емес. Қоғам өміріндегі саяси, құқтық, моральдық, діни т.с.с. көзкарастардың рөлі каншалыкты үлкен болғанымен, олардың өзі белгілі бір сатыдағы ендіріс тәсілінің нәтижесі ретінде қаралуы керек.
Маркстік философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат беріледі. Бұрынғы материализмге келер болсақ. олар танымды түйсіктер аркылы бейнеленетін аңдау ретінде түсінді: сырткы дүние біздің сезімдік мүшелерімізге өзінің ықпалын тигізіп, адамның дүниені қабылдауын туғызады, яғни адам - енжар келетін қабылдаушы ғана, ал белсенділік сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстің ойлауына қарағанда, қайсыбір дүниетаным субъект (адам) пен объектінің (сыртқы дүниедегі танылатын зат) өзара байланысы мен іс-әрекетінен тұрады. Адамнын назарына, іс-әрекетіне түспеген таза объект - ол табиғаттың шикізаты ғана. Ф.Энгельстің айтуына қарағанда, «жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейін адамның ойлауына тигізетін іс-әрекеттің ықпалын зерттеуді есепке алмады. Олар, бір жағынан, табиғатты ғана, екінші жағынан, ойлауды ғана білді. Бірақ адамның ойлауының ең жакын да мәнді негізі тек сол жалғыз табиғаттың өзінде ғана емес, сол табиғатты адамның езгертуінде, тек сол өзгерістерге сәйкес адамның ақыл-ойы әрі карай дамиды». Тек адамның белсенділігі аркылы зат танылып, оның іс-әрекеті арқылы қайта құрылып, оның кажеттіктерін өтейді. Сонымен танымды ескіше аңдау ретінде түсіну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция ғана. Шынайы өмірдегі таным - ол затты белсенді түрде субъектінің игеруімен тең.
Маркс танымның негізгі мәселелерінің бірі - ақиқат жөнінде де тың ойларды ұсынады. Өмірден, практикадан сырт калған акиқат женіндегі дау-дамайлар - бітпейтін схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күші шынайы өмірде өзін көрсетуі керек. «...философтар тек кана әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге тырысты, ал шынайы мақсат- оны өзгертудің керектігінде», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Маркстік философияның келесі ерекшелігі - осындай толыкқанды материалистік көзқарасты диалектикаменұштастыруында. Егер, Гегельдің ойынша, «ай астындағы дүниеде» тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух саласында болса, ал оның өзі абсолюттік идеянын өзін-өзі тану жолындағы адамзатты кұрал ретінде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзін сол материалдық дүниенің ішкі қайшылығынанкөреді: заттың ішкі қайшылығы оны бүгінгі болмыс шеңберінен шығарып, басқа затқа айналуына әкеліп соғады. Олай болса, қоғам өмірінің де негізгі қайшылығы материалдық өндірістегі өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының арасында жатыр.
Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өміріндегі капиталистік қатынастардың аса қатыгездігін көрді. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген зерттеуінде қарапайым жұмысшылардың өмірінің асқан киыншылықтарын ашық та айқын көрсетіп, сол кездегі қоғамдық пікірге зор әсерін тигізді. Олардың ойынша, мұндай жағдай ішкі терең қайшылықтардың негізінде өзгеруге тиіс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерістің бәрін ұлттық іс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптанкөреді. XIX ғасырдағы көп ойшылдар сиякты, олар қоғамның прогрессивтік ерлеуіне кәміл сенеді, ал ол - жарқын болашаққа жеткізетін негізгі күш - пролетариат, жұмысшы табы. Өйткені олар қоғамға керек негізгі материалдық қажеттіктерді өндіреді, сандық жағынан алып қарағанда, әлеуметтік топтардың ең көлемдісі, сонымен қатар олар жекеменшіктің шырмауына байланбаған әлеуметтік әділеттілікті жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшін ойшылдар шығармашылық аз топ - ой еңбегімен айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстің жоғарыда келтірілген пікірі өзінің кенеттігімен сол кездегі қоғамды дүр сілкіндірді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бірак осы кезде өмір сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстің идеяларына қарсы шығып, олар өмірге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнің келетінін болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдеді.
Бұл оқулық құралда біз марксизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына, социализм және коммунизм мәселелеріне толығынан тоқталып, талдамаймыз. Алайда айтып кететін бір нәрсе – ол қазіргі дамыған елдердін көбіндегі әлеуметтіліктінжыл өткен сайын алатын орнының өсуінде. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы мағынасы - әлеуметтілік. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз білім беруге, денсаулықты сактауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаулы әлеуметтік бағдарламалар жасалып, іске қосылуда. Ал бұлардың өзі Маркстің жасаған болжамын дәлелдегендей. Бірақ олар таптық күрес, революцияның, озбырлықтың, қантөгістің негізінде емес, сол коғамның іштей зволюциялық жолмен бірте-бірте өзгеруі арқылы іске асып отыр.
Ал коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура келеді, өйткені ол жер бетінде жұмак орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, бұл идеяны Батыс Еуропалык 2 мың жылға созылған ой толғауының логикалық түрдегі соңғы нүктесі деп айтуға әбден болады. Сонау көне Грек дәуірінен бастап, Протагордың айтқан «адам — барлык нәрсенің елшемі» деген идеясы ғасырлар бойы дамып, акырында коммунизм идеясын тудырған болатын. Маркс утопистердің көзқарастарын сынағанмен, өзінің ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла алмады. «әрбір адамнан - қабілетіне қарай, әрбір адамға - кажеттігіне қарай» деген принциптің өзінде утопиялык қиял жатқан жоқ па?! Егер барлык адамдардың қажеттіктері толығынан өтелсе, онда қоғам сол сәтте іріп-шіри бастар еді, өйткені тек толығынан өтелмеген қажеттіктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған шығармашылық іс-әрекеттерін тудырады, ап өтелген қажеттіктер сол сәтте жаңа бұрынғыдан да биік қажеттіктерді тудырады...
Маркс Фейербахтың «адам - толығынан биологиялық-табиғи туынды» деген пікірін қатты сынға алғанмен, оған карама-қарсы біржақты «әлеуметтілік» тұжырымға өтіп кеткенін аңғара алмай қалған болатын. Сол себепті, Маркстің ойынша, болашак коммунистік коғамда жаңарған әлеуметтік ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келіп, қылмыстык, озбырлық, дүниеге кызығушылык т.с.с. адамдардың кемшіліктері толығынан жойылып, құктық мекемелер, тіпті мемлексттің өзі керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жаткызуымызға әбден болады. Жаңада ғана дүниеден өткен Кеңес коғамында каншалықты «жаңа адамды» тудыруға бағытталған сан алуан тәрбие жұмыстары жүргізілсе де, біз бүгінгі таңда онын бәрінің сәтсіздікке ұшырағанын көріп отырмыз. Адам - биологиялык, я болмаса - әлеуметтік пенде емес, ол - биоәлеуметтік, тек осы жолда ғана оны терең түсінуге болады.
Әрине, Маркс пен Энгельс өз заманының тұлғалары. Маркстің өзі уақытында: «Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», - деп айтқан болатын. Міне, осы тұрғыдан бағалап, біз олардың ғылыми жетістіктері мен адасуларын таразыға сала келе, оларды оз заманының ғажап ұлы тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстік философиямен Батыс Еуропа топырағында пайда болған акыл-ойға негізделген (рационалдык) философияға қанағаттанбаушылык, оның орнына неше түрлі бейклассикалық ой-пікірлерді дүниеге әкеледі. Енді соларды талдауға көшейік.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай?
2. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну дегеніміз не?
3. Марксизмдегі «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдык сана» ұғымдарын салыстырыңыз.
4. Маркстік философия таным мәселесіне қандай жаңалыктар енгізді?
5. К.Маркс дамудың кайнар көзін неден іздейді?
6. Әлеуметтік мәселелерді таптық тұрғыдан қарау қандай салдарларға әкелуі мүмкін?
7. К.Маркстің қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па?
8. Марксизмдегі адам мәселесінің ерекшеліктері.
9. Маркстің коммунизм теориясын сынай аласыз ба?
10. Марксизмнің гуманистік-адамгершілік жақтарын көрсетіңіз.
Рефераттар тақырыптары:
1. Маркстік философиядағы материалистік көзқарастың ерекшеліктері.
2. Диалектика және коммунизм идеясы.
3. Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы».
4. К.Маркстің қоғамдык-экономикалық формация теориясы.
5XX ғ. марксизмнің тағдыры
IX тарау. XIX ғ. мәдениетіндегі бейклассикалық философия
Сонымен жоғарыдағы тарауларда көрсеткеніміздей, XVIII ғ. бастап, Батыс философиясында рационализм бағыты өзінің кемеліне келіп, философияның негізгі іргетасына айналады. Бір қарағандағы материализм мен идеализм бағыттарының арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, осы екі негізгі ағымының негіздерінде адамның ақыл-ойына деген сенүшілік, адамзаттың болашақ өрлеуіне күмән келтірмеушілік, ал маркстік философияны алар болсак, онда тіпті ақыл-ойдың негізінде болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзат тек жағалай ортаны күрт өзгертіп қана қоймай, сол іс-әрекеттің негізінде адамның өзінің табиғаты өзгеретіндігіне сену байқалды.
Бірақ сол кездегі өмірдегі қоғамдык катынастар мұндай оптимистік өміршеңдік көзқарастарға бірте-бірте күмәндануды туғызды. Біріншіден, күннің жарык сәулесінің шығуын асыға күткендей сияқты шаттықпен қарсы алынған ұлы француз революциясы үлкен төңкерістерге ғана әкеліп қоймай, сонымен бірге зор қантөгіс, зорлық-зомбылыққа ұласып, одан күткен үміттерді жоққа шығарды. 1848-49 жж. біршама Европа елдерін дүр сілкіндірген буржуазиялық-демократиялық революциялар да олардан күткен үмітті ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының тәжірибесі марксизмнің «жұмысшы табы диктатурасының кажеттігі» жөніндегі идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы ағарту, адамзаттың өрлеуіне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдіретті күшіне сенуден бас тартып, олардан түңілуіне әкеліп соқты.
Осы көрсетілген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық философияға, дискурсивтік (discursus -латын сөзі, ақыл-ойға, қисынға негізделген тұжырымдар) ойлау әдісіне деген теріс пікірлерді оятып, оларға қарсы бағытталған философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көшті бастаған неміс философы А.Шопенгауер мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуі де Гегельдің панлогистік көзқарасын сынаудан бастады.
Кьеркогердің ойына қарағанда, Гегельдің философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенің шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдің болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі жөніндегі негіздемесіне қарсы шығады, өйткені ол болмыстың не екенін бізге түсіндірмейді, сондықтан ол - «абстракциялык құбыжық» қана. Философияның негізгі пәніне, сондықтан тек кана жеке адамның өмір сүруі, онын кайғысы мен куанышы, үрейі мен зардабы, өз-өзінің рухына үңілуі т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзкарастардың негізінде XX ғ. экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде, біз Кьеркогердің идеяларына кайтып ораламыз.
Рационализм бағытына қарсы шықкан екінші философ А.Шопенгауер болды. Оның ойынша, дүниенің негізінде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - жалған пікірлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған іс-әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс - оны үлкен дағдарысқа әкеліп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердің бір түрі. Өйткені дүниенің негізінде жатқан нәрсе — ол ессіз, бейсаналық әлемдік ерік. Енді, міне, Шопенгауердін философиясына толығынан токталуға мүмкіндік келді, екінші жағынан, ойшылдың көп идеялары бүгінгі дағдарыстағы қоғамдағы адамдардың сана-сезімінде біршама қызығушылық тудырып отырғаны кұпия емес.
§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
Артур Шопенгауер (1788-1860 жж.) Данциг қаласында бай саудагердің отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялык білім алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде»деген атпен 1844 ж. жарық көреді. Берлин университетінде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. Сондыктан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдык пайыздарын жұмсап, өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Өмірінің соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына да ие болады. Бірақ нағыз атақтылық оған XX ғ. келеді.
Шопенгауердін ойынша, Дүниенің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтар жатқызған Дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады.
Бұл ұғымның тарихына кез жүгіртсек, көне заманда «сана» мен «ерік» категориялары әлі бір-бірінен бөлініп алынған жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жайттар оларды білмегендерінде деген пікір айткан болатын. Егер адам жамандықты білетін болса, онда ол оған бармайды. Алайда Орта ғасырда өмір сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай көзқарасты толығынан теріске шығарады. «Жамандықтың не екенін білсем де, соған карай мені тартады, мен соны іске асыруға ынтықпын», - дейді ұлы ойшыл. Өйткені ақыл-ой - біледі, ал ерік - таңдайды. Міне, осы сәтте Августин сана мен еріктің екі түрлілігін айқын көрсетеді. Діни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлігінің негізгі себебін еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан ауыткуынан табады.
Жаңа дәуірде неміс философиясының шеңберінде Кант практикалық зерденің үстемдігін көрсете келіп, оның негізін еріктің бостандығынан көреді. Канттың бұл идеясын Фихте әрі қарай дамытып, «Меннің» ерікті іс-әрекетінен Дүниенің пайда болуының рухани қайнар көзін көреді. Қалай айтканда да, Шопенгауерге дейін ерік категориясы ерекше түрде алынып, Дүниенің негізіне жатқызылған жоқ-ты.
Сонымен, Шопенгауердің ойынша, Дүниенің негізінде жатқан Ерік - ол біреу және одан басқа еш нәрсе жоқ, бірақ ол өзінің өмірдегі құбылуында шексіз сан алуан болып көрінеді. Ол - өзінің толык еркімен теңелетін бейтұлғалық орасан зор құдіретті күш. Ол бейсаналы болғаннан кейін, өзінің мәңгілік қалыптасу, мақсат-мұратсыз өмірге ынтық болу барысында неше түрлі залымдықты тудыруы мүмкін. Әлемдік еріктің ешқандай себебі, белгілі бір негізі болмағаннан кейін, ол ешқандай зандылықтарға бағынбайды. Өзінің өмірде болуға деген іңкәрінің негізінде ол бүкіл дүниені тудырса да, оған ешқандай тәртіп, жоспар сияқты нәрселерді әкеле алмайды, керісінше, ол заттарды бір-бірінен бөліп, қиратып, карсы қойып, оған тағы да канағаттанбай, өзінің шексіз ізденісін, күресін жалғастыра береді. Ол ызаға толы, не істеу керектігін білмегеннен кейін, өзін-өзі тырнап, жыртып жаткан жануарға ұқсайды.
Енді әлемдік еріктің тудырған дүниесіндегі оның көріністеріне назар аударсақ, олар - өлі табиғаттағы дүниежүзілік тарту, магнетизм, химиялык қосындылар т.с.с. табиғат күштері. Тірі табиғатта - тіршіліктер формаларының өмірге деген еркі, сол үшін өзара бір-бірімен күресі, өмірді жалғастыруға бағытталған жыныс инстинктері, адам өміріндегі ешкашанда ойдағы нәтижелерге әкелмейтін саналы талпьшыстар, бейсаналық түрде пайда болатын әртүрлі сезім толқындары т.с.с.
Бірақ қандай да болмасын өмірдегі кұбылыстарды тудырса да, олар күрделеніп, саналы түрде сезінілген сайын, әлемдік ерік оларға канағаттанбай, өзін зардап шегіп, азапқа толы, бақытсыз ретінде сезінеді. Мысалы, адам өмірінің деңгейіндегі еріктің көрінісіне келер болсақ, онда мынаны байқауға болады: егер адам ой өрісі мен адамгершілік тұрғысынан катты дамыса, соғұрлым оның өмірде неше түрлі қайшылықтарға келуі көбейіп, зардап шегуі де өседі, әлеуметтік өмірде көре алмаушылык, надандық пен екіжүзділік жиі кездеседі. Адамдардың өмірі жетіспеушілік пен үрейге, кайғы мен қасіреттерге толы. Өмірге келген жана ұрпактар өткендердін қателіктерін тағы да қайталайды, адамгершілігі жоқ адамдар қоғамды билейді, ғылыми жетістіктер залымдық жолында жұмсалады. Ал моральдық салаға келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық болған жоқ - езілу, зардап шегу, қантөгіс, қатыгездік осы уақытқа шейін азаюдың орнына көбейіп келеді. Мәңгілік алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бір-біріне деген сенбеушілігі өмірді шырмап алған.
Әрине, Шопенгауердің жоғарыдағы көрсетілген коғам өміріндегі келеңсіз жайттар жөніндегі ойларын біз сырттата алмаймыз. Керісінше, оның санын бүгінгі өмірге қарап өсіртуге де болар еді. Өмір алдына үлкен мақсат-мұраттар қойып, соған жету жолында неше түрлі «тар жол, тайғак кешуден» өтпеген адам кемде-кем болса керек. Бұл өмірдің трагикалық диалектикасын өмірден әсіресе көп зардап шеккен қазак халқы «орындалмайтын арман», «жалған», «дүниенің төрт құбыласы ешқашанда бір-біріне тең емес т.с.с. ойлармен беріп, нағыз бакытты өмірді о дүниедегі жұмақтан іздеген болатын.
Сонымен, Шопенгауердің ойынша, зардапка толы дүниенің негізгі күнәкары - әлемдік Еріктің өзі. Бірақ оның санасы болмағаннан кейін, ол өз істеріне жауап бере алмайды, тек қана мәңгілік бір трагедиядан өтіп, екіншіге т.с.с. ауыса береді. Бұл арадағы бір үміт — әлемдік Ерік сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелді. Міне, дүниенің ажырамас бір бөлігі ретіндегі адамдардың өзі ғана сол әлемдік Ерікке карсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана Дүниенің зардабы токтатылады. Ол үшін адам өзінің өмірлік күш-қуатын, өз бойындағы еркін сол дүниені тудырған әлемдік Ерікке қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзі ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдік Еріктің терең мәнін зерттеп-білуімен тығыз байланысты. Содан кейін адам екі сатыдан етуі керек. Алғашқысы - эстетикалык аңдау, соңғысы - моральдык жолмен жетілу.
Эстетикалықаңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып кеткен пікірін қолдап, оның риясыздығына аса көп көңіл бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, я болмаса пайдақорлық ойлар, мүдделер болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі мақсаты-адамның жан-дуниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштықка бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопенгауер мүсін мен сурет - кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады дейді. Бұлардың бәрі де өз мүмкіндігінше әлемдік Ерікті сипаттайды, бірақ әуеннен терең өнердің түрі жок. Өйткені әуенде оны шығарушы, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы айырмашылық мүлдем азаяды. Өзінің ең биік жетістіктерінде әуен әлемдік Ерікті ақылмен тусіндірілмейтін құпия жолмен біздің жан-тәнімізге сезіндіреді. Әрине, Шопенгауердің бұл ойлары Шеллингтің көзқарасына жақын екенін байқауға болады. Тек Шеллинг әуенді, әсіресе оның симфониялықтүрін, Абсолютке жетудің жолы деп есептеген болатын. Ал Шопенгауердің дүниесезіміне трагикалық музыка(реквием сияқты) жақынырақ болды - тек қана осы әуендер адам болмысының қайғылылығын, трагедиясын жете сезіндіре алады.
Әлемдік Ерікпен күрестің екінші жолы - этикалық.Егер дүниедегі барлық зардаптың түп-тамыры Ерікке барып тірелсе, оны жою моральдық жағынан алып карағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пенде ретінде өз ішіндегі ерікті жою арқылы әлеуметтік Ерікті тарата алады. Ол үшін Шопенгауер адамдарға «категорикалық императив» (үзілді-кесілді талап) ұсынады: «өзіңе қалайтынның бәріненде бас тартып, қаламайтыныңды жаса».Бір қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Бірақ оның негізінде жатқан мағына мынада: ол - адамның өмірге деген қызығушылығын,соған бағытталған еркін сөндіру.Ол үшін адам аскетикалық өмір салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлісіп, өзінің жан-дүниесінде ешқандай да өзімшілдіктін жұрнағын қалдырмай құртуы керек. Сонда ғана адам өмірге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзі сияқты жердегі бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бірігіп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңілдетуге тырысады. Бұл көзқарас үнді халқының тудырған «нирвана», көне Грек философтарының «атараксия» деген ұғымдарына өте жақын.
Әрине, Шопенгауердің дүниеге деген көзкарасында өз заманының көп теріс жактары әшкереленген. Бугінгі таңда адамзат ол кайшылықтардың бәрін шешті деп айта алмаймыз. Керісінше. Шопенгауердін көрсеткен теріс кұбылыстары етек жайып, әрі қарай бара жатқанға ұксайды. XX ғ. адамзаттың қолы жеткен ғажап жетістіктерінің негізінде пайда болған болашақ жөніндегі романтикалық көзқарастар бүгінгі XXI ғ. басында тек қана ауыр күрсіну пен өкініштен басқа еш сезім тудырмайды. Жақында ғана Үндістан мен Пәкістан елінің арасындағы кайшылықтар ядролық қарудын қолданылуына әкелуі мүмкін деген үрейді тудырып, қоғамдық ахуалды дүр сілкіндірді. Жер бетіндегі экологиялық жағдай бірте-бірте өршіп, жыл сайын ғаламдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. Уақытында неміс халқының заңды түрде берген дауысын алып, билікке келген Гитлер адамзатты қандай қантөгіске әкелгенін оқырман жақсы біледі. Бірақ бул трагедиядан адамзат сабак алды ма? Өкінішке қарай, «Жоқ», деп жауап беруге тура келеді, өйткені бүгінгі таңда байлығымен масаттанған біршама Батыс елдерінде ұлтшылдық қозғалыстар тағы да бой көтеріп, басқа елдерден келген адамдарға қысымшылық жасалуда. Расында да, Шопенгауер айтқандай, тарихтағы трагикалық қателіктер тағысынтағы қайталана береді!!! Адамзаттың моральдык-адамгершілік тоқырауына қарап, оның аспанға, тазалыққа тартатын рухынангөрі, дене қажеттіктері, күңгірт инстинктері, ләззат алуға деген еркі басымба деген ой келеді. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердің қозғаған көп мәселелерінің бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетеді.
Сонымен қатар Шопенгауердің «ғарыштық пессимизміне» толығынан қосылуға болмайды. Әсіресе оның философиясының негізінде жатқан кағидасына. Расында да, егер бұл Дүниені тудырған бейсаналық ессіз Ерік болатын болса, онда бүл дүниенің неге заңдылықтары, қисыны, тәртібі бар? Егер адамдар осы орасан зор шексіз ғарыштың туындысы болса, олар өз көлемі мұхиттың ішіндегі бір тамшыдай бола тұрып, оны қалайша тарата алады? Мұндай сұрактардың санын әлде де көбейте беруге болар еді. Ал олардың бәрі де Шопенгауердің философиясының негізінде жатқан кағидалардың әлсіздігін, жалғандығын көрсетеді.
Ал енді адам тағдыры мен өміріне келер болсақ, әрине, Homo Sapiens - ғарыштың ғажап туындысы, «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» тудырған ең әсем гүлі, ол адам арқылы өз-өзін сезініп, түсіну дәрежесіне көтеріледі. Бұкіл Дүниені шырмап жаткан қайшылықтар адам жүрегінен де өтеді. Бұл Дүниеге келген адам өз өмірінің шеңберінде жақсылық пен жамандықтың да дәмін татады, көпшілік жағдайда, өкінішке қарай, зардаптың салмағы бақытты өмірден гөрі басымырақ болады, әсіресе бүгінгі жағдайдағы сияқты өтпелі дәуірлерде өмір салты, рухани құндылықтар кайта қаралып жатқан кезде көп қиындыктарды бастан өткізуге тура келеді. Ал бұлардың өзі, Шопенгауердің айтканындай, өмірден бас тартуға әкелуі керек пе?! Әрине, жок. Есі дұрыс адам өмірді бағалап, оның кызығына тоймайды, ол - бізге берілген ең кұнды, бағасы жоқ сый. Өмірдегі зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмірге бірдеңенің жетіспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, бұл дүние - өзінің үғымына толығынан сәйкес келмейтін бірдеңе. Бірак соның арқасында өмір, талпыныс, жетілуге деген кұмар бар. Бақыт дегеннің өзі адамның алдына қойған мақсаттарын іске асырып, өзінің арнасынан шығып тасуымен байланысты болса керек. Бірақ өзеннің көктемдегі тасып, содан кейін өз арнасына кайтып оралғаны сияқты, орындалған арман келесі сатыда адамның алдына жаңа мақсат-мұраттарды әкеліп, тағы да оның талпынысың тудырады, осы жолда ол тағы да каншама ізденіс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткізеді десеңізші?! Бүгінгі өтпелі қоғамда орасан зор қиындықтарға қарамастан, қаншама адамдар өзінің белсенді іс-қимылдары аркылы жаңа өмірден өз орнын тауып жатыр! Бүгінгі қиындықтармен қатар, өмір біздің алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған мүмкіндіктердітудырып отыр. Оларды іске асыру үшін талпыныс,жақсы оқып білімалу, өмірді шығармашылықтұрғысынан игеру,қиындықтарды жеңе білуқажет. Өмір деген - өнер. Олай болса, күнбе-күнгі қарапайым қиын өмірдің өзінен куанышты, танғаларлық нәрселерді, ізгілік пен әсемдікті, махаббат пен нәзіктіктііздеп тауып, содан нәр алып, өзіңді бакыттымын деп сезінуге болады. Тек оған ұмтылу, оны қалау қажет.
Қорыта келе, Шопенгауердің философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға екенін айтып өтуіміз керек. Ол болашақ XX ғ. пайда болатын көп қайшылықтарды, әсіресе адам өмірі мен тағдырына байланысты көп ойларды көтеріп, болашақ ғасырда ықпалды «өмір философиясы» аталған ағымның негізін қалап кетті. Олардың бәрін біз келесі тарауда талдаймыз. Онын алдында тағы да XX ғ. философияға өзінің зор әсерін тигізген тұлға - дат философы С.Кьеркогердің шығармашылық еңбегіне тоқталсақ дейміз.