Б.Спиноза философиясы

Барух Спиноза (1632-1677 жж.)Амстердам каласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оку орнын бітіре алмай калады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жаска келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.

Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат», «Этика», «Саяси трактат» т.с.с.

Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат

Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. «Құдай... барлық заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оны бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсінуге болады.

Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен катар субстанция ретінде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондыктан оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы — ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат,өйткені оның бәрі - бірегей.

Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда «Жаратушы» жэне «Жаратылған» деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша, «өзіне-өзі себепті» (causa sui - латын сөзі, себеп өзінде). Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерімен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнің де негізгі қағидаларын теріске шығарады, өйткені ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін мойындайды.

Табиғаттан жоғары Дүниені жаратқан Құдай болмағаннан кейін, Құдайдың өзі Табиғатпен тең болған соң, ол екі ұғымды пайдаланады. Ол «тудыратын табиғат» (natura naturans) жэне «туды-рылған табиғат» (natura naturata). Бірінші ұғым - ол интуитивтік ой елегі арқылы түсінілетін табиғат. Екінші ұғым - ол сезімдік білім тудыратын бізді қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.

Б.Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол -шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық. Болмыстың екінші жағы - бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бірінші екіншіні тудырады. Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды.

Б. Спиноза нақтылы заттардысубстанцияның тудырған «модустары»ретінде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі - ол терістеу (determinatio est negatio). Нақтылы заттың шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды.

Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары (қасиеттері)бар. Олар - созылу (extensio) жэне ойлау (cogitatio). Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылықка жете алады. Сонымен Р.Декарттың екі субстанциясы Б.Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады.

Енді субстанцияның осы екі негізгі қасиеттеріне сипаттама берелік. Сонымен Б.Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынандай сұрақ ойымызға келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негізгі себебін ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір-біріне деген қатынасы мен нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбір заттың көлемі бар, ол бір жағынан, тұракты, екінші жағынан, үнемі козғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиеті мен нақтылы шынайы өмірдегі заттардың арасындағы дәнекер ретінде каралады.

Субстанцияның келесі атрибуты оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол - бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo - грек сөзі, зат, zоо - тірі) дейді. Тек адам ғана емес, сонымен катар барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әртурлі деңгейдегі тіршілікте, - дейді ұлы ойшыл.

Гносеология (дүниетаным) мәселелері

Таным мәселелеріне келгенде біз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әркашанда сезімдік танымды ой елегінен өткізген білімнен айыру керек екендігін басым айтқан. Сезімдік таным әрқашанда бұлдыр, көмескі. Тек ақыл-ой ғана айқын білім береді. Ғылымдардың ішіндегі ең айқыны - математика.

Сезімдік танымның бұлдырлығы ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетіп коймай, сонымен қатар оны өзінің денесіндегі өзгерістермен, әсіресе сезім мүшелерімен байланыстырады.

Санадағы сезімдік бейнелердің бір-бірімен байланыстары кездейсоқ. Мысалы, аттың ізін көрген әскери адам жақындап қалған жауды есіне елестетсе, қарапайым шаруа соқа мен жыртылған жерді елестетеді, - дейді Б.Спиноза.

Бірақ сезімдік танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың кайсыбірінде аз да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның «күн - кішкентай зат және жерге өте жақын орналасқан», - деген жалған пікірінің өзінде күннің өмір сүріп, бізге ықпалын тигізіп жатқаны жөнінде ақиқаттық пікір бар, - дейді ұлы ойшыл.

— Күнбе-күнгі өмірден алатын сезімдік таным — қалың бұқараның негізгі тәжірибесі, соның арқасында олар бір-бірімен карым-қатынасқа түсіп, өмір сүріп жатады. Ақыл-ой аркылы алынатын білімнің шындығының өзін біз оқтын-октын тәжірибе арқылы тексеріп отыруымыз кажет, - деп қорытады Б.Спиноза.

Абстрактілік білім де тәжірибеден шығады, өйткені адамдар дүниеден алған тәжірибесін сөз аркылы корытады. Бірақ сөзге адамдар өзінің тәжірибесіне сәйкес әртүрлі мағына береді. Сондықтан біреулерге адам - тік жүретін жануар, екіншіге - күлетін пенде, ал үшіншіге, ол ойлай алатын тіршілік т.с.с. Сондықтан сөз заттың кейбір ғана қасиеттерін белгілеуі мүмкін, яғни оның мағынасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебі универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейді. Философия саласындағы көп дау-дамайлар көбіне «ойды дұрыс көрсететін сөздерді қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерін дұрыс түсінбегеннен туады», - дейді ұлы ойшыл.

Б.Спиноза нағыз шынайы білімге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пікірде болды. Ақыл-ой арқылы сөздерді жалпы ұғымдық дәрежеге көтеріп, оның мән-мағынасын айқьшдауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бір-бірімен байланысты, жүйелі, сондықтан сезімдік танымға қарағанда анағұрлым биік дәрежеде. Егер Б.Спинозаның ойынша, сезім заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен біз заттың ішкі сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзінің «Этика» деген еңбегінде «геометрикалық әдісті» пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-білудің үшінші түрі - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегеніміз - тікелей, сезім мен ақыл-ой елегінен еткізбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкіл Дүниенің біртұтастығын тануға мүмкіндік береді. Адам рухының шығармашылық касиетінің негізінде біз шынайы аяқталған шексіздік идеясын ашамыз. Ол бізге интуиция аркылы ғана беріледі.

Тағы да бір ерекше атап кететін нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс ілімімен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебі - субстанция-табиғаттың ойлау қасиеті бар.

Адам, ерік және сезім қысымы ( аффект ) мәселелері

Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, олай болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер Дүниеде механикалық заңдылыктар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қасиеті өзінің көрінісін табады. Бірақ адамның дене кұрылысы толығынан табиғатқа бағынады. Сезімдік идеяларда да адамның денелік, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан дүниесінің өзінен шығатын идеялар, егер олар сезімдік танымнан анағұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза, ақикатты. Оның ойынша, «дене жан-дүниені ойлауға итере алмайды, ал жан да денені қозғалтып, иә болмаса тұрақтата алмайды». Яғни субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.

Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан кейін, онда сүю, керек қылу, еріктікті аңсау сияқты күрделі кұбылыстар болуы мүмкін емес дейді Б.Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде адам бүкіл дүниелік шытырман қарым-қатынастарға кіреді. Соның ішінде ол ең алдымен өзін сақтап қалуғатырысады. Ал мұның өзі оның неше түрлі сезімдері мен іңкәрларын тудырады. Оны философ аффектілер (сезім қысымы) дейді. Олардың ішіндегі ең негіздігісі - құштарлық (appetitus), ол денені сақтап қалу жолында пайда болады. Жан-дүние саласына кіріп, құштарлық іңкәрлікке (cupiditas) айналады. Тағы екі күшті сезім - ол қуаныш пен қайғы (laetitia & tristitia).

Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес іс-әрекеттер танымдағы қателіктермен байланысты деп есептеген. Адам өзін қоршаған жағдайларды дұрыс түсінсе, онда ол өзінің іс-әрекетінде қателеспейді, өзін бақытты сезінеді, бірақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрінуі де мүмкін. Ойшыл Дүниедегі ең жоғарғы игілік - ол Құдайды танып-біліп, оған деген зерделік (интеллектуалдық) махаббат деңгейіне көтерілу дейді. Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенін есімізде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрінісі) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсіп дүниетануы оның жүрегінде бақыт сезімін тудырып, оны лэззатқа жетелейді.

Әлеуметтік, мораль мәселелері

Ізгілік пен залымдық, жақсылық пен жамандык, Б.Спинозаның ойынша, нақтылы қалыптаскан әлеуметтік ахуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жок. Ізгілік, жақсылык дегеніміз - ол адамға пайда әкелетін, ләззатқа жетелейтін нәрселер, ал залымдық, жамандық дегеніміз - ол адамға, оның өміріне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтіретін, зардаптык сезім тудыратынның бәрі.

Моральдық саланың ең терең себептері адамның «өзін-өзі сактау» заңында жатыр. Әрбір адамның өз мүдделері бар, сол үшін олар бір-бірімен күреседі.

Б.Спинозаның ойынша, адамның өмірі тек коғамның шеңберінде ғана болмақ. Әр адамның өз өмірін сактап қалуға деген талпынысы олардың бәрін қоғамға біріктіреді. «Ал мемлекеттік дәрежеге өту, негізінен, Т.Гоббстың «шарт жасау» мәселесінде емес, еңбектің бөлінуімен, адамдардың сан алуан кажеттіктерін өтеу керектігінен туады», - дейді ұлы ойшыл.

Қоғамның рухани өміріне тоқтала келіп, Б.Спиноза бұл саладағы Библияның құндылығын өте төмен бағалайды. Діни құжаттардың қайсысы болмасын өте көп қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана қарапайым халықтың моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге деген маңызы бар. Ал дүниетанымға келер болсақ, оған тек ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады. Діни соқыр сенімді алатын болсақ, оның дүниеге келуінің негізгі себебі - қарапайым надан халықтың табиғаттың қаһарлы, түсініксіз күштерінен қорқуында жатыр. Мысалы, өлім мәселесін алайық. Адам қандай амал қолданса да, одан құтыла алмайды, сондықтан өлімнен үрейленіп қайғыру - босқа уакыт өткізгенмен тең. Өлімнен қорқу -құлдықтың бір түрі. Оны ойлағаннан гөрі, адам өзінің күш-қуатын өмірлік мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен зардапқа, қайғыға толы өмірі - ол тек бүкіл Дүниенің шексіз кішкентай өмірінің бөлігі ғана. «Мұндай ой адамға жұбаныш әкеледі», - деп қорытады ұлы ойшыл.

§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.)XVII ғасырдағы неміс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. Екінші жағынан, ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтанушы. Лейпциг университетін бітірген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерімен айналысқан. Университетті бітіргеннен кейін, екі ғылым саласынан докторлык диссертация қорғайды (логика мен құктанудан). Аз уақыт дипломатикалык кызметте Париж каласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейін, өмірінің аяғына дейін ғылыми жұмыстармен айналысқан.

Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер», «Теодицея», «Монадология» т.с.с.

Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөніндегі ілімдері канағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екі бір-біріне тәуелсіз субстанциялары дуниені қақ бөліп, олардың бірегейлігін дәлелдеу үшін ол Құдай идеясын енгізуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бір ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екі атрибуты — созылу мен ойлау бұрынғысынша бір-бірінен тәуелсіз болып қала берді. Бұл екі ұлы философ дүниенің шексіз әртүрлілігін өздерінің онтологиясында дұрыс түсіндіре алмады.

Олай болса, Лейбництің қойған негізгі максаты түбі бір, сонымен қатар шексіз әртурлі субстанцияларды табу қажеттігінде болды.

Лейбництің ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталан-байтын шексіз әртүрлі заттар пайда болуы мүмкін емес, сондықтан сапалы көптүрлі субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзі көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегі субстанциялардың саны шексіз және сапа жағынан әртүрлі. Бірақ олар бытыраған (хаос) емес, белгілі бір тәртіпке келіп жүйеленген.

Мұндай ой-өрісі Лейбницті дүниенің негізінде жатқан өте ұсақ, өз-өзіне жеткілікті, іштей неше түрлі күштерге толы монадаларды(monos - грек сөзі, бір) мойындауға әкелді.

Монадалар, негізінен алғанда, физикалык ұсак бөлшектер емес, онда ол Демокриттің атомына ұксас болар еді. Олар кеңістікте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемі жоқ. Монадалар -рухани-жандық, органикалық сапалы нүктелер, әрбіреуі тек өзіне тән даму сатысында. Өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, бір-бірін қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әртүрлі. Олардың бір-біріне ұқсастығы тек кана олардың бөлінбейтіндігі мен мәңгілігінде.

Сөзсіз, мұндай ойларға Лейбницті Левенгуктың микроскоп жасап, адам ұрықтарын үлкейтіп көрсетуі себеп болса керек.

Лейбництің монадалары іс-әрекетке толы, олардың әрбіреуі мәңгілік езгеру, жетілу толкынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейін әртүрлі ішкі күштерге толы, олар өздерін шындыкка айналдыру жолында материалдық өмірді, физикалық процестерді тудырады.

Монадаларды жете түсіну үшін ойшыл адамдардың өмірімен оларды салыстырады, өйткені адамның жан дүниесінің өзі әртүрлі монадалардан тұрады. Мысалы, әрбір тұлға өзінің өмірінің шеңберінде өне бойы өзгергенмен, бірақ сол тұлға болып калады, монадалар да сол сияқты.

Адамдар бір-біріне ұксамағанмен, қоғамда әртүрлі топтарға бөлініп өмір сүреді, монадалар да сол сияқты..

Әрбір монада - өзінше жабық ғарыш. Лейбниц: «Монадалардын әйнегі жок, сондықтан еш нәрсе оған кіріп, еш нәрсе одан шыға алмайды», — дейді. Монада басқа монадаларға өзінің әсерін тигізе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбіреуі - өз-өзіне жеткілікті және өзін-өзі шектеген.

Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бір-біріне өз әсерін тигізе алмаса, онда Дүние бытырап, тәртібі жоқ тұңғиык болып кетпей ме? Лейбництің ойынша, бізді коршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкін дүниелердің ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтірілген, үйлесімді түрде өмір сүреді, өйткені олар алдын ала орнатылған сәйкестіктіңнегізінде өмір сүреді.

Дүниеде алдын ала сәйкестік орнату мәселесі Лейбництің Теодицеядеген ұғымымен беріледі (teos - грек сөзі, құдай, dike -әділеттілік, бүкіл сөз Құдайды актау идеясын береді).

Монаданың ішкі өзгеру даму сатысын көрсету үшін Лейбниц тағы да оны адамның жан дүниесімен салыстырады. Түйсіктер, аңдау, қабылдау, өзіндік сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтеді.

Ең төменгі дәрежедегі монадалар, негізінен, тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар «түс көрмей ұйықтайды».

Екінші сатыдағы монадалардың түйсіктері, аңдаулық қасиеттері бар. Олардың сана-сезімі әлі көмескі, іс-әрекеттері әлі енжар болып келеді. Оларға, негізінен, жануарларды жаткызуға болады.

Үшінші бізге белгілі монадалар — адамдардың жан дүниесі. Бұл монадалардың есі, ойлау қасиеті, өзіндік сана-сезімі бар.

Төменгі дәрежедегі монадалар жоғарылауға, келесі сатыға өтуге тырысады. Адамның жан дүниесін кұрайтын монадалардын өзі енжарлык сезімдіктен, ғылыми ұғымдар мен фантастикалық қиялдарға дейін өрбиді. Жоғарғы сатыдағы монадада төменгі сатылар сақталады.

Олай болса, монадалар дамуының ең «соңғы» сатысы қандай болмак және олар қаншалықты адамның рухынан кашықтықта?

Лейбниц бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес деген пікір айтады, өйткені жоғары дәрежедегі монадаларды төмендегілер танып-біле алмайды. Бірақ күмәнсіз бір нәрсе бар - Ғарышта жердегі адамдардан да жоғары дамыған тіршілік болуы мүмкін.

Жалпы алғанда, монадалардың даму мүмкіндіктері шексіз. Ал шексіздіктін шеңбері жоқ, бірақ шексіздіктің өзін шеңбер ретінде қарасақ, онда біз Құдай идеясына келіп тірелеміз. Ол - шегіне жетіп, жетілген монада.

Бұл идеялардың негізінде Лейбниц қоғам өмірін жақсартуға да бірте-бірте реформалар арқылы жетуге болады деген пікір айтады. Ал қайсыбір революция, негізделмеген терең төңкеріс қоғамды көп зардапқа әкелуі мүмкін. Әрине, Лейбництің бұл идеясында терең сыр жатыр, оны біз өзіміздің қоғамды жаңарту барысында есте сақтауымыз қажет.

Гносеология (таным) мәселелері

Лейбниц танымның терең негізін сезімнен тыс өмір сүретін зердеден көреді. Яғни ол Декарттың танымға деген көзқарасын қолдайды. Бірақ Декарттың зерделік «айқын және анық ақиқатына» Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның «тепе-теңдік заңына» сәйкес келуі қажет. Содан кейін «қайшылық заңы» арқылы зерделік білімді тереңдетуге болады. Бұл - қажетті ақиқаттар, - оларды, негізінен, математика саласынан табуға болады, - дейді ұлы ойшыл.

Әрине, бұған қарамастан, біз өмірден алған адамдардың тәжірибелерін де бағалап, пайдалануымыз керек. Бірақ қайсыбір тәжірибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкін. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткіліксіз, кездейсоқтық.

Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшін біз «жеткілікті негіздеу заңына»сүйенуіміз керек, өйткені қайсыбір деректің, кұбылыстың себебі, негізі бар. Сол негізді аныктау бізді белгілі бір табиғат заңдылықтарына әкелуіге тиіс. Дегенмен тәжірибелік білім бізді тек қана әртүрлі деңгейдегі ықтималдық, болуы мүмкіннәрселерге ғана жеткізеді.

Егер жан-дүние арқылы біз түйсіктерге (перцепция) сәйкес қабылдау дәрежесіне көтерілсек, рух аркылы біз өзіміздің танымдық мүмкіндіктерімізді талдай аламыз. Ақырында, өзімізді-өзіміз тану дәрежесіне көтерілеміз. Осындай адамның өзінің ішкі рухани өміріне тереңдеуін Лейбниц апперцепция дейді. Апперцепция - адамның дүниетануының шыңы, сананың белсенді қызметін көрсетеді. Егер танымдағы сенсуализм бағыты адамның білімі айнала қоршаған ортадан әрқашанда кем деп есептесе, Лейбниц, керісінше, адамның ішкі рухани білімі басым деген пікір айтады. Олай болса, Лейбниц сезімдік танымды толығынан ақыл-ойдан бөліп алып, анағұрлым төмен дәрежеде бағалады. «Өзімізді ойлау аркылы біз болмысты, субстанцияны, тұрпайылық пен күрделілікті, бейзаттық пен Құдайды ойлай аламыз», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, шамасы, болашақ И.Канттың танымдық теориясына зор әсер етсе керек.

§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704 жж.)- XVII ғ. философия ғылымына зор әсерін тигізген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде философияға көп көңіл бөлген тұлға.

Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар» т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Өзінің Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжірибе арқылы зерттелетін заттарды эмпирикалық субстанция дейді. Сонымен қатар ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады, оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя - орасан зор өлі кесек, ол өзінің күшімен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлі материя оның сыртында тіршіліктен де соншалықты алыс.

Онда дүниедегі қозғалысты, тіршілік әлемін кім тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж.Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. «Осы жоғарыдағы көрсетілген қозғалыс пен тіршілік Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды. Бірінші, мәңгілікті ойлайтын пенде жаратылған өлі материяның кейбіреулеріне белгілі бір дәрежедегі сезім, қабылдау және ойлау қасиеттерін беру мүмкіндігінен ешқандай қайшылықты көріп тұрған жоқпын», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен Құдай жараткан Дүние әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде дамиды.

Ал Құдай мәселесінің өзіне келсек, ол жөнінде бір нәрсе айту өте қиын, әсіресе, оның денесі бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.

Бірақ оның өмір сүруінде күмән жоқ. «Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдіретті күш соншалықты көрініп тұр, сондықтан кім ол жөнінде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды», - дейді ұлы ойшыл.

- Сонымен Құдай идеясына адам ойлау тәжірибесі арқылы жетеді, әрі қарай ойлау арқылы біз Құдайдың шексіздігі мен мәңгілін аша аламыз, - дейді Дж.Локк.

 

Гносеологиялық мәселелер

Өзінің таным теориясында Дж.Локк сезімдік танымды (сенсуализм) білімнің кайнар көзіне жатқызады. Сондықтан ол «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандай да болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», - дейді Дж.Локк. «Туа біткен білімді» сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып койған қоғамдардағы адамдардын психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады.

Мысалы, «бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден туады. Ал «тепе-теңдік» заңымен «кайшылық заңын» алсақ, балалар бүл заңның не екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан-дүниемізге туа бітсе, онда оны сәби де, жас жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж.Локк.

Дж.Локктың ойынша, қайсыбір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін. Сондықтан біздің жан-дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бізбен бірге туа келмейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады.

Ұғымдар сиякты, моральдық нормалар да шынайы өмірде бірте-бірте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмірдің өзгерістеріне сэйкес өзінің мән-мағынасын жетілдіріп отырады. Әртүрлі халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас емес, бүл деректердін өзі бүкіл адамзатқа тән туа біткен моральдык құндылықтардың жок екенін көрсетеді. Адамдардың ізгілікті, жаксылықты жақтауы оның туа біткенінен емес, негізінен, онын пайдалығында жатыр, - дейді Дж.Локк.

Сонымен егер адамның жан дүниесінде ешкандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны «таза тақта» (tabula rasa) ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж.Локк сезімдік тәжірибе (sensation) дейді.

Ал адамның ішкі рухани өміріндегі тебіреністерді, неше түрлі қиял, идеяларды қайда жібереміз? Әрине, Дж.Локк оларды теріске шығармайды. Ол оның бәрін терең ішкі тәжірибе, сезім, ой-өрісі ретінде қарайды да, оған рефлексия (reflection - бейнелеу) деген ат береді. Егер сыртқы тәжірибеден алған идеяларға біз көзбен көру, құлақпен есту, иісті сезіну т.с.с. арқылы келсек, ішкі тәжірибе адамның өзінің ішкі ой-өрісін талдау арқылы келеді.

Ал енді осы екі тәжірибенің қарым-катынасы қандай? Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сырткы тәжірибе алғашқы, әсіресе адамның сәбилік және жастык уақытында, негізінен, сыртқы тәжірибе басым болып, оның психологиясының қалыптасуына шешуші рөл атқарады, әрі карай жүре келе, адамның әлеуметтік құрылымындағы орнына байланысты оның ішкі тәжірибесі: оның Дүние жөніндегі ойлары, үміті, күмәні, сенімі, куанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбір адамдардың ішкі рухани өмірі ерте, кейбіреулерде өте кеш оянады. Ал уақытында дамымай қалып, надандықтың шеңберінен шыға алмағандардың тіпті ішкі өмірі оянбауы да мүмкін деген ойға келеді Дж.Локк. Мұндай терең пікірмен, жалпы алғанда, толығымен келісуге болады.

Сонымен қатар Дж.Локк терең ойшыл ретінде бұл мәселеге біржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, ішкі тәжірибенің дербес өмір сүре алатынына да біздің назарымызды аударады. Өйткені ішкі тәжірибе тұрақтылығы мен өзінің мәнділігі жағынан дербес өмір суре алатын дәрежеге көтеріле алады.

Екінші жағынан алғанда, адамның ішкі өмірінің қалыптасуына оның туа біткен табиғи дарындары да зор әсерін тигізеді. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжірибеге тәуелді емес Және адамның іс-әрекетін , мамандығын таңдауда шешуші рөл атқарады. «Біркелкі тәрбие алған адамдардың әртүрлі қабілеттерінің бар екенін байкаймыз», - деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында біз сырткы тәжірибемен катар ішкі тәжірибені де дамытуымыз керек. Бұл пікірмен тағы да келісуге болады.

Сонымен Дж.Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде біз Дж.Локктың «идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж.Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді.

Сыртқы және ішкі тәжірибені бір-бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж.Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды. Енді соларға мінездеме берейік.

Бірінші сапалар- олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттер - созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандықжақтары т.с.с.

Екінші сапалар- әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі-түстінәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстардықұлақпен естиміз, неше түрлі иістердімұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы-тұщынытіліміз арқылы сезінеміз т.с.с. «Бірінші сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екіншілер олай емес. Тәттілік, жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзіндегі белгілі бір бітім, көлем, көрінбейтін бөлшектердің қозғалысы ғана», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір-бірімен қосылуы деген пікірге келеді.

Ал енді тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж.Локк субстанция ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір-бірімен қосылуынан болады.

Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжірибеден туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол — материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрін біз тәжірибе аркылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды біріктіретін оның ар жағындағы негіз (support -ағылшын сөзі, негіз) неде деген сұрақка біздің сыртқы және ішкі тәжірибеміз ештеңе айтпайды, - дейді Дж.Локк.

Гносеология саласындағы келесі күрделі мәселе - ол жалпылық. Дүниедегі өмір сүретіннің бәрі - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл – ойдың әрекетінен пайда болады, заттардың бір-біріне ұқсас касиеттері олардан ой арқылы бөлініп жалпыланады. Қайсыбір тілдегі сөздер арқылы біз жалпылықты көрсетеміз.

Тілдің жалпы азаматтық жэне философиялық жақтары бар. Оның бірінші жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметті өмірде қолданылады, адамдар бір-біріне тіл аркылы неше түрлі ақпараттар, өздерінің сезімдерін т.с.с. жеткізеді.

Ал тілдің философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбір ұғымның нақтылы көлемі, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше түрлі ғылым саласындағы дау-дамайлар, түсінбеушілік, тілдегі ұғымдардың әртүрлі мағынада қолданылуымен байланысты. Әсіресе ғылымға зор әсерін тигізетін нәрсеге неше түрлі мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздерді ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу жатады.

Әлеуметтік-философиялық, саяси идеялар

Адам - бақытты өмірге ұмтылатын пенде. Ізгілік, жақсылық дегеніміздің бәрі - адамды рақатқа, қуанышты сезімге әкелетін нәрселер. Жамандық пен залымдық дегеніміз - ол адамға зардап, қайғы, өкініш әкелетіннің бәрі. Адам бақытты болуы үшін, ең алдымен оның материалдық мүдделері іске асуы қажет.

Т.Гоббс сияқты Дж.Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ахуалы жөнінде айтады.

Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Табиғи ахуалдағы адамдардың өзін-өзі сақтау жолында еңбек етіп, белгілі бір байлықтардың қайнар көзін ашатындығын Дж.Локк басым айтады. Сонымен ол меншік мәселесін табиғи Жағдайдағы адаммен өзара біріктіріп, оны қоғамның мәңгілік мәселесі ретінде қарайды.

Құдай адамға бүкіл өлі және тірі табиғатты бергенмен, олар өзінің ең пайдалылығын жекеменшікке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншіктін өзі әуеден түспейді, оған тек кана еңбектің негізінде жетуге болады. Еңбек пен меншік коғамның, бұкіл мәдениеттің негізін құрайды. Бір акр өңделген жер сол көлемді өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе кымбат, өйткені өңделген жерге адамның еңбегі сіңген. Еңбек - қайсыбір құндылықтың, бағаның қайнар көзі.

Мемлекет мәселесіне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекетпен бірге азаматтық ахуал пайда болады. Табиғи ахуалдан азаматтыққа өткенде, адамдардың еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы қажет.

Мемлекеттің негізгі мақсаты - азаматтардың меншігін қорғау. Мемлекет түнгі қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндіз азаматтар өздерінің меншігін өз еріктерімен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың іс-әрекеттерінің заңға сәйкестігін қадағалап отыруы қажет.

Дж.Локк алғашқылардың бірі болып, өзінің саяси философиясында өкімет билігінің бөлінуінің қажеттілігін көрсетті. Заң билігі парламентте, атқару билігі сот пен армияда, федеративтік билік (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) король мен үкіметтің қолында болуы қажет.

Дж.Локк өз заманының ойшылы ретінде діннің мемлекеттен бөлінуін, бір-бірінің істеріне өзара қол сұқпау керектігін басым көрсетеді. Адамдар басқалардың да дінін сыйлауы қажет, бұл салада үлкен төзімшілдік керек, өйткені қайсыбір қоғам діни-рухани тірексіз өмір сүре алмайды.

Міне, осымен XVII ғасырда өмір сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесі сөзді XVIII ғасырға береміз.

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетін елестерді қалай деп атайды?

2. «Жемісті» тәжірибелердің «сәулелі» тәжірибелерден айырмашылығы қандай?

3. Танымдағы индуктивті әдістің маңызы қандай?

4. Р.Декарттың философиясының негізгі принциптерін есіңізге түсіріңіз.

5. Р.Декарттың «күмәндану» принципінің маңызы неде?

6. Дедуктивті әдіс қай ғылым салаларында көбірек қолданылады?

7. Т.Гоббс «субстанция» ұғымын калай түсінеді?

8. Т.Гоббс тіл мен ойдың арақатынасын калай аныктайды?

9. Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуы жөнінде кандай теория жасайды?

10.Б.Спиноза субстанциясының ерекшелігі неде?

11.Б.Спиноза неліктен математика ғылымын ең жетілген деп есептейді?

12.Б.Спинозаның «аффектілер» теориясына баға беріңіз.

13.Монада дегеніміз не?

14.В.Лейбництің «алдын ала берілген сәйкестік» идеясын қалай түсінесіз?

15.Дж.Локктың эмпириялық және философиялық субстанцияларының айырмашылығы неде?

16.Дж.Локк екінші сапаға нелерді жаткызады?

17.Дж.Локктың мемлекет, жекеменшік және азаматтық қоғам жөніндегі ойлары.

Рефераттар тақырыптары:

1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушы.

2. Р.Декарттың рационалдық философиясы.

3. Б.Спинозаның пантеистік ілімі.
4- Ф.Бэконның танымдағы елестері.

5. В.Лейбництің монадологиясы.

6. Дж.Локктың жекеменшік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары

7. Дж.Локктың танымдық ілімі.

8. В.Лейбництің теодицеясы.

9. Ф. Бэконның танымдық теориясы

10. Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі.

VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы

XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.

Екіншіден, олар халықты надандықтың кұрсауынан шығарып, оларға білім беріп, көздерін ашып, калайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде насихат жүргізеді.

Немістің ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда, Ағарту дегеніміз ол адамзат тарихындағы қажетті дәуір — оның негізгі мақсаты — әлеуметтік алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденің кеңінен пайдалануының керектігі. Ағарту дәуірін адамзаттың текті мәнінен шығатын құбылыс ретінде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын процесс және соның шеңберінде адамдар моральдык және білімдік жағынан жетіліп, қараңғылық пен надандықтан кұтылған ерікті қоғам құрады деп есептейді.

Марксизм ағымы XVIII ғ. Ағарту философиясын өте биік. бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негізін жасағандығынан көрді.

Жалпы алғанда, Ағартушылар ақьіл-ой, зерденің зор мүмкіндігіне сенді. Олар ақыл-ой, зерде арқылы діни, метафизикалык, схоластикалық, бұрыннан қалыптасып қалған ой-өрістен құтылу қажеттігін асыра көрсетті. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды залымдықтан құтқарып, мемлекетті басқарудағы зорлық- зомбылықты жоюды талап етті.

XX ғ. неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно «Ағарту диалектикасы» деген еңбектерінде бүгінгі таңдағы ағарған қоғамда бұрынғыдай залымдықтың салтанат құрғанына қарамастан, Ағартушылар кең түрде ойлауды дамыту қажеттігін, адамдарды қорқыныш, надандықтан жұлып алып, өздерінің тағдырын өзгертуге болатындығына сенді.

Ағартушылардың ұраны «Sapere aude!» («Даналыкка ұмтыл!») осы ғасырдағы ойшылдардың зердеге деген терең сенімін көрсеткендей.

Ағарту философиясының тағы бір ерекшелігі - оның теоретикалық-жүйелік жағынан гөрі практикалық, идеологиялык жағының басым болуы.

Бүл идеологияның негізгі қағидалары:

А) адамның ақыл –ой зердесі арқылы адамзаттың жарқын болашағының келетініне сену

Б) артта қалған дәстүр, әдет-ғұрыптарды ақыл-ой тұрғысынан сынап, адамдарды олардың шырмауынан босату;

с) ғылым мен техникаға кеңінен жол ашу қажеттігі, олардың бақытты қоғам орнатудағы рөлін көрсету;

е) философия саласындағы дәлелдеуге келмейтін абстрактілік-метафизикалық жүйелерден бас тарту;

ж) дін саласындағы соқыр сезімнен кұтылу, материалистік, атеистік бағытқа бетбұрыс жасау.

Мәселені нақтылай келсек, онда жоғарыдағы көрсетілген идеялар сол кездегі ұлы тұлғалардың еңбектерінде қалай бейнеленді, енді соған назар аударарлық.

§ 1. XVIII ғ. ағылшын философиясы

Ағылшын философиясының XVIII ғ. көрнекті өкілі Джон Толанд (1670-1722 ж.ж.)Англия, Шотландия, Голландия елдеріндегі университеттерде оқып, білім алған.

Негізгі еңбектері: «Христиандық құпиясыз білім», «Пантеистикон».

Бұл еңбектерінде Д.Толанд христиан дінінің мистикалық, ақыл-ойға сыймайтын жақтарын қатты сынға алады. Оның ойынша, қайсыбір Дүние жөніндегі ақпарат түсінікті болуы керек, ал істейтін іс мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы келетіннің бәрі жоққа шығарылуы керек, өйткені ол мүмкін емес, я болмаса еш нәрсе емес.

Д.Толандтың ойынша, христиан діні алғашқы пайда болған кезінде өте жақсы дін болған. Бірақ, жүре келе, діни қызметкерлер неше түрлі діни рәсім, ырымдарды ойлап шығарып, оның мән-мағынасын бұрмалаған.

Өзінің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарында ол деистік қағиданы ұстаған. Құдай материалдық Дүниені жаратқанда оған ішкі күшберіп, белсенділік қасиеттерін берген. Сондықтан материя өне бойы қозғалыста (moving forse - қозғаушы күш).

Ал адамның ойлау қабілетіне келер болсақ, ол - адамның миының қызметі. Идеяны денеден бөліп алып карауға болмайды. Ойлауды табиғи нәрсе ретінде көрсету үшін, Д.Толанд: «Бүкіл табиғат тірі(гилозоизм), өйткені оны тудырған Құдай - ғарыштың ақыл-ойы мен рухы», - деген көзқарасқа келеді.

Келесі ағылшын философы - Антони Коллинз (1676-1729 жж.) Итон және Кембридж университеттерінде окып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Адамның еріктігі жөніндегі философиялык зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар» т.с.с.

Өзінің шығармаларында А.Коллинз адамның еріктілігіне қарсы шығып, адам - қажеттіліктің пендесі деген пікірге келеді. Адамның идеяларды кабылдауына, яғни оның түйсіктері мен дуниетануына келер болсақ, олардың бәрі де сыртқы дүниеге, солардың бізге тигізетін әсеріне байланысты, біз олардан ерікті емеспіз. Сондай-ақ, адамның ойлау қабілетін алар болсақ, ақиқатқа жету де сол қаралып жатқан біздің ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның ынтык болып тілейтінінің өзі де оның қажеттіліктерімен байланысты, ал оларды да ол сыртқы Дүниеден табады.

Ал біз іс-әрекет жасауға кіріссек, ол іс те сыртқы бір кедергі кездескен кезде заңды түрде тоқтап қалады т.с.с.

Сонымен А.Коллинз қажеттілікті асыра көрсетіп, адамның еріктігін жокқа шығаруға тырысады.

Ал өзінің болмысқа деген көзкарасында А.Коллинз деистік бағытта болды, Дүниенің алғашқы рухани себебі бар деген пікірге келді. Осы тұрғыдан алғанда, Дүниедегі қажеттілік - ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы.

Сонымен қажеттіліктен еріктік тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктін «екінші түрі» бар. Адам өзіне қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті түрде Дүние, коғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында, біздің іс-әрекетіміз де, ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады.

Бірақ адамның ерікті ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз акиқатқа бізді жеткізетін кұрал - ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой аркылы тек қана табиғатты зерттеп қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып келеді.

Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жок па? Ол ашуланып, я болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с.

- Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмак пен тозак, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уакытқа дейін дұрыс түсінік жок, - деп корытады А.Коллинз.

Сондыктан әр адам өзінше ерікті ойлау керек, сонда ғана діндегі неше түрлі бұрмалаулардан кұтылуға болады.

А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп, елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында койған сұрақтары бүгінгі таңдағы адамзатқа да өзекті мәселе емес пе?

Джозеф Пристли (1733-1804 жж.)- ағылшын философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді ашқан, аммиакты жасап, оттегін ашқан адам. Негізгі философиялык еңбегі «Материя мен рухты зерттеу жөнінде».

Бұл еңбегінде Д.Пристли: «Материя дегеніміз - ол созылатын қасиеті, тарту мен итеру күштері бар субстанция», - деген анықтама береді. Материя енжар (inert) емес, ол - нешетүрлі күштерге толы субстанция. Егер сіз материяның тарту және итеру күштерін алып тастасаңыз, онда материя да жоғалады. Д.Пристли ғылымда ұстаған материяның өткізбейтін қасиеті бар зат деген пікірге қарсы шығып, заттар бірін-бірі өзара өткізеді деген пікірге келеді. Ол осы тұжырым арқылы материяның сезімі мен ойлау қасиеттерінің бар екенін дәлелдегісі келді.

«Менің ойымша, - дейді Д.Пристли, - адам құрамы жағынан біртекті, ал оның қабылдау қасиеті мен баска да қабілеттері мидың құрылымымен тығыз байланысты». Яғни адамның табиғатында екі бір-біріне тәуелсіз карсы жатқан нәрсе жоқ - адам толығынан материалдық дене. «Адамнын мүшелерінсіз, жүйке мен миынсыз бізде сезім де, идеялар да пайда болмас еді», - деп корытады Д.Пристли.

Ойшының әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсақ, ол адамдардың саяси және азаматтық бостандықтарын қорғайды. Оның ойынша, «ең жетілген саяси бостандықтар болған жерде, барлық қоғам мүшелерінің саяси құқтары тең болады». Ал мемлекеттің лауазымды қызметтеріне адамның тегі мен байлығына қарай қойған қоғамда ешқандай саяси бостандық жок. Барлык азаматтык биліктің кайнар көзі халықта болуы керек.

Ал енді азаматтық құктарға келер болсак, ол әр адамның өзінің калауынша іс-әрекет жасау кұкы, оған мемлекеттің лауазымды иелері ешқандай кол сұқпауы керек. Мемлекет билігіне келер болсақ, оның негізгі мақсаты - әрбір адамның меншікке, өзінің қауіпсіздігіне, бақытты өмір сүруіне деген құқтарын қамтамасыз ету.

Саяси бостандық пен азаматтық бостандық өте тығыз байланысты. Бүл диалектикалық өзара байланыста саяси бостандық шешуші рөл атқарады. Егер саяси бостандық болмаса, онда халық өзінің азаматтық бостандығын дұрыс қорғай алмайды. Саяси бостандық көбірек болса, онда азаматтық бостандық та күштірек болады.

Адамдардың өмірге, еріктікке, меншікке деген табиғи қүқта-рын сақтау үшін олар мемлекет қүруға келіседі. Ал бірақ жасалған шарттың қағидалары бұзылса, «халық ол шарттан бас тартып, жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», - деген Д.Пристлидің ойы оның демократияшыл қайраткер екенін көрсетеді.

Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер

Антони Шефтсбери (1671-1713 жж.)философия тарихына жазушы-моралист ретінде кірді.

«Адамдардың, әдет-ғұрыптардың, пікірлер мен уақыттың мінездемелері»деген еңбегінде ол «әсемдік пен ізгілік - бір», -деген пікір айтады.

А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның ізгі табиғатынан шығарады. «әсемдік, әділеттілік, адалдық жөніндегі түсініктер мен принциптер адамның табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзі жоқ», - деп ашық айтады. Бұл мәселе бойынша ол Т.Гоббс пен Д.Локқа қарсы шығып, «Ізгілік пайда табу жолында, я болмаса марапаттау мен жазалау мүмкіндіктерінен пайда болатын қорқыныш сезімнен емес, ол өз-өзін тудырады, ізгілік жолындағы адам өзін бақытты сезінеді. Ізгі адам өзінің сана-сезімі, іс-әрекетімен өзі мүше болып отырған элеуметтік топтың, қоғамнын жетілуіне бар күшін салуы керек.

Ізгілік адамның ішкі табиғатында орын алғаннан кейін, әрине, ол Құдайға сенумен тікелей байланысты емес. Керісінше, діннін қағидаларының өзі моральдық сананың сынынан өтуі қажет. өйткені, адамзат тарихы діннің көп жағдайда моральдық санаға тигізетін теріс ықпалын көрсетеді.

Кімде-кім ізгілікке Құдайдың мейірбандығы тиюі үшін, я болмаса жамандыққа Оның жазалауынан қорқып бармаса, оны моральдык пенде деп атауға болмайды. «Ондай адамда адамгершілік, ізгілік, әулиелік шынжырға байлап қойған арыстанның момындығынан көп емес», - деп қорытады А.Шефтсбери.