ЭПИКРИЗ.

11.03.15.

Науқас Шернияздан Алмас Батырұлы №1 қалалық ауруханада 03.03.15-11.03.15 аралығында ем қабылдап емделді.

Диагноз: Гипертониялық ауру, III стадиясы. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі, I стадиясы, ФК I. Өте жоғары қауіп тобы (қауіп тобы 4).

Науқас басының және самай бөлігіің қатты ауру сезіміне, бас айналуына шағымданады,көбінесе танертенгі уақытта пайда болады және физикалық жүктеме кезінде.Физакалық күш түскенде,яғни тез жүргенде негізенен баспалдақпен көтерілгенде (3-4 қабат) ентігу және жұрек соғысының жиілеуіне айқын бас айналу, қатты бас ауруы, естентану алдындағы жағдайлар ( жүрек айну, бас айналу,тершендік,әлсіздік,көзінің қарауытуы,құлағында шумның пайда болуы) болуына шағымданады. Бұл көріністер АҚ 190/100 мм сын бағ көтерілуіне байланысты болған.

Науқас анамнезінде белгілі болғандай,1999жылдан бері (20 жылжай) артериальды гипертензиямен аурады. Соңғы 4жылда АҚ 140-160/90-100 мм сын бағ, гипотензивті препарттарды қабылдамағанда,қан қысымының жоғарлауы самай бөлігінің ауруына, бас айналуына және құлақта шумның пайда болуымен көрініс береді.2003 жылы науқас қан қысымының 160/95 мм сын бағ тұрақталғанын және бас айналу мен бас ауруына ентігу,жүрек соғысының жиілеуі жәнеде бұл жағдай физикалық жүктеме кезінде және тез жургенде,баспалдақпен көтерілгенде (4 қаабатқа дейін) пайда болатынын байқаған.2005 жылдан бастап гипотезивті препараттар қабылдай бастаған (клофелин, атенолол). 2009 жылы АҚ С 160-175/100-105 мм сын бағ дейін жоғарлауы болған. 2010-2012 жыл аралығында жағдайы нашарламаған.АҚ 160/100 мм сын бағ тұрақты.

2012 жылы АҚ до 200/120 мм сын бағ дейін жоғарлауы байқалған,себебі гипотензивті препаратты уақытылы қабылдамағандықтан.

2003, 2008, 20012 жылдары стационарда бақылау болған.2012 жылы артериальды гипертензия, II дәрежесі, қауіп тобы 3 ( ЭКГ 20.10.12.: ритм синусты , ЧСС 60 мин; сол жақ қарыншаның гипертрофиясы) деп диагноз қойылған; диета (№10 стол),темекі шегу мен алкогол қабылдауға шектеу қойған,психикалық стресстерден сақтануға,физикалық жүктемені тиісті дәрежеде жүргізуге және уақытылы дәрі-дәрмектерді қабылдауға кеңес берген (эналаприл 10мг*2 рет/күніне, гипотиазид 25 мг 1/2т. таңертен, курантил 75мг*3 рет күніне).2013-2014 жылдары гипотензивті препараттарды уақытылы қабылдағандықтан асқынулар болмаған. (АҚ 150-160/90-100 мм сын бағ).

Жағдайының нашарлауы 25.02.15жыл болған: айқн бас ауруы, бас айналу, естентану алдындағы жағдайлар ( жүрек айну, бас айналу,тершендік,әлсіздік,көзінің қарауытуы,құлағында шумның пайда болуы) болған себебі АҚ 190/100 мм сын бағ. Қан қысымының жоғарлауы жұмысқа байланысты психоэмоциональды күштің салдарынан болған.

Ауруханада жатқанда зерттеулер жүргізілді:

-объективті: жүректің салыстырмалы тұйықтықта сол жақ шекеарасының үлкеюі байқалған, жүрек ұшында І тонның әлсіреуі бар, аортада ІІ тонның акценті бар.

-лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы және биохимиялық және зәрдің жалпы анализі нормада.

-инструментальды зерттеу:

ЭКГ: жүректің электрлік өсінің солға ығысуы бар, QRS амплитудасы ұлғайған V5,6, I, AVL аралықтарында; Соколов- Лайон көрінісі 39 мм).

ЭХО-КГ: ЛФ 50%; Сол қарынша және қарыншааралықтарының шамалы гипертрофиясы; Қарыншааралықтарының фиброзы және гипокинезі; аортаның жоғарлаған бөлігінің кеңеюі және аорта қабырғасынығ қалыңдауы. Сол қарынша қуысының дилатациясы. Миокардтың жиырылу қасиетінің бұзылуы.

 

Жүргізілген ем:

- гипотиазид 25 мг 1/2т. танертен

- метопролол 50мг 1т. кешке

- престариум 4мг 2т. танертен

 

Жүргізілген емнің нәтижесінде науқас жағдайы жақсарды: шағымдары жоғалды және АҚ тұрақталды 140/90 мм сын бағ.

Науқасқа ұсынылды: тұзды тағамды қолдануды шектеу, диета (№10 стол), зиянды әдетті доғару, мүмкіндік болса денсаулыққа жақсы әсер берретін істермен шұғылдану: демалыс, жұмыс тәртібін реттеу, психоэмоциональды жүктемеден аулақ болу, ұйқына реттеу. Физикалық жүктеме күшін реттеу (4 р/аптасына 30-40 мин тза ауада серуендеу). Дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдап отыру (гипотиазид 25 мг 1/2т. танертен; лизиноприл 10мг 1т. танертен; метопролол 50 мг 1т. кешке

 

Болжамы: медикаментозды емес ем қабылдағанда (диета, зиянды әдеттен бас тарту, физикалық жүктемені молшерлеу және т.б.) және медикаментозды емді (гипотензивті коррекцияны тұрақты қабылдау) дұрыс орындаған жағдайда жағымды нәтиже болуы мүмкін.

 

« Астана Медицина Университетті » АҚ

Ішкі аурулар кафедрасы.