PIСO (ПКСА)

P -Миокард инфарктіні өткізген науқастар, бірақ сол қарынша қызметі сақталған

I -АПФ ингибиторларын инфарктан кейінгі кезеңде тағайындау

С -салыстырмалы топ – кәдімгі АПФ ингибиторлары қолданылмайтын ем тағайындалған науқастар

O -өлім қаупы жәнеМИ қайталау жиілігі көрсеткіштері

2 құрастырылған сұрақтың жетістігі

· Сұрақ анық және науқастар тобы айқындалған

· Көмек түрі таңдалған

· Бағалау нысаналары мен салыстырмалы тобы анық

· Осы іс-әрекетті қолдану арқылы алынатын нақты мақсат қойылған

 

Мәліметтер іздестіру үшін алдын-ала қандай жағдайларды білу қажет?

· Пациент.Популяция, Жағдай

· Іс-әрекет (көмек, шара), Болжама жағдай

· Салыстыру (бақылау)

· Өлшенетін ақыры(нәтиже)

· Клиникалық сұрақтың түрі

· Біз пайданалатын клиникалық сынақтың (зерттеулердің) түрі

 

Клиникалық сұрақтар түрі

1.Ем - емдік іс-әрекеттердің тиімділігін бағалау. Клиникалық ақыры-науқастың жағдайының жақсаруы немесе асқынулар даму қаупының төмендеуі.

2.Қауыптілігін бағалау – науқастың хәліне әсер ететін қолайсыз жағ- дайлардын болуын бағалау, сырқаттанушылық және өлім.

3.Диагностика - әр түрлі диагностикалық әдістердің мәліметтілігін бағалау.

4.Болжау - дерттің келешек ағымын бағалау

Сапалықтың көрсеткіштері – клиникалық сынақтар

сапалығының түпнұсқасы (стандарттары)

 

Клиникалық сұрақтар түріне сәйкес зерттеу түрлері таңдалады

Ем тиімділігі - Екі жақты жасырынды рандомизациялық бақылаулы

клиникалық сынақтар

Дерттің болжамы - Ұзақ уақыт қорытындысы бақыланатын проспективті когорттық зерттеу

Диагностикалық

әдістің тиімділігі - Жеке жасырынды түрде басқа әдіспен салыстыру, кейіннен басқа науқастар тобында қайта тексеру немесе сынау

Этиологиясы / қатерлі әсері - Нәтижесі нақты бағаланған «когорттық» немесе «дамыған жағдай – бақылау тобы» сынақтар түрі

 

Бұл клиникалық зерттеулер сапалығы анықтаушыларының «алтын түпнұсқасы (стандарттары)»!!!

Дәйектемелерді іздеп табу

· Алдымен басылым шығармаларын қарау

· Қорытындылар (Evidence Reports, Cochrane ревю, ACP Journal Club- дәйектемелер есептері)

· Электрондық қор

- электрондық журналдар

- СD-ROM и интернет

- Medline

- Health Star

- Регистр контролируемых исследований Cochrane

 

Арнайы зерттеулер қоры

· Журналдар, конференциялар мәліметтері (басылымдар), кітаптар

· Мәліметтердің электрондық қоры

· Библиографиялық мәліметтер

· Зерттеулердің тіркелген тізімдері

· Күнделікті басылымдар

· Басылымға шыққа мәліметтер

-фарм.компаниялардың және өідіріс фирмалардың

-медициналық әдебиеттің

· Қызметтестер және зерттеушілермен жеке қарым-қатынас

 

Анықталған дәйектемелерді баға беру (сараптау)

· Бақылау (салыстырмалы) тобы бар ма?

· Рандомизация сапасы

· Пациенттер саны

· Пациенттер мен клиницистер жасырын түрде анықталды

· Алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу (өлшеу, санау) нақты және толық жүргізілді

ДМ дірігерге мына сұрақтардан бас тартуын талап етеді: Бұл не?Бұл қалай түсіндіріледі? Бұл неге бұлай болады? – бұл «бастапқы» сұрақтар – этиология, патогенез. Бұл сұрақтарға жауап қызық болуы мүмкін, бірақ бұл сұрақтар белгілі бір науқасқа көмек көрсету үрдісіне қатыстығы аз.

ДМ дұрыс сұраққа бағыт береді – не жасау қажет? Туралап айтқанда: Аатты көмекВатты жағдайға Сатты нәтижеге жету үшін тиімді ме?–яғни, тәжірибеде қалай жасалу керек? деген сұраққа жауап береді – аста-рында нақты бір дерті бар науқасқа көмек көрсетудегі арнайы білімділікті талап етеді және оның 4 құрастырушысы бар - PIСO (ПКСА).

 

 

5. ДМ елеуін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу

 

Дәйектемелі медицина (ДМ) (evidence-based medicine) – бұл дәледенген мәліметтерге негізделген медицина бөлігі және осы анықталған дәйектемелерді іздеу, салыстыру, қорытындылау мен кеңінен пайдалану арқылы науқасқа көмек көрсетуде тиімді пайдалану (Еvidence Based Medicine Working Group, 1993).

Дәйектемелі медицина (ДМ) – ғылыми мағлұматтарды жинаудың, талдаудың, қорытындылау мен дұрыс түсініп қолданудың жаңа әдісі, бағыты немесе технологиясы. Дәйектелі медицина (ДМ) – бұл дәлелденген (түсіндіруге келетін), маңыздылығы бар, ең жоғарғы жетістіктерді таза пейілмен белгілі бір науқасқа сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолдану (Sackett D.L.1996). Басқа сөзбен айтқанда, ДМ кәзіргі уақыттың бейнесі ретінде осы күннің маңызды жетістіктерін пайлануға негізделеді, өйткені «дәлелі бар дәрігерде» мәліметтердің сенімді қорлары бар.

 

Іздеу әдісі.Медициналық мәліметті Интернет жүйесінде іздеу..

1. Іздеудегі нысана. Қандай нысана іздеуде - не ізделеді?

-сұрақты дұрыс құрастыру – нақты, тақырыпқа сәйкес

- өзекті сөздерді тура анықтау – ізделіп отырған тақырыпқа жауап беретін, яғни маңыздылығын сипаттайтын және жиі қолданылатын

- бақылау нысаналары (адамдар және/немесе жануарлар, ер адамдар және/немесе әйелдер, жасы).

2.Қандай қорлар бар – қайдан іздеу керек?

· Ұйымдар мен жобалардың Веб-сайттары

· Тақырыптық веб-сайттар

· Іздеу құралдары

· Оқыту қорлары

· Мәліметтер қоры

· Журналдар

· Электрондық кітаптар

· Клиникалық тәжірибе бойынша деректемелер

· Сарапталған дәлелдемелер

· Науқастарға арналған қорлар

· Тарату парақтары, жаңалықтар

Ағылшын тілді сайттар

· Altavista –http://www.altavista.com.

· Google- http://www.google.com/

· Yahoo!- http://www.yahoo.com

· Lycos - http://www.lycos.com/

· HotBot - http://www.hotbot.com

· EuroSeek - http://www.euroseek.net/page?ifl=uk