Компьютерлік желілер. Глобальды желілер

Желі– деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.

Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында немесе одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды жəне интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:

- деректер;

- принтерлер;

- модемдер;

- басқа құрылғылар.

Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тəсілдерінің пайда болуына байланысты, келтірілген тізім үнемі толықтырылып отырады.

Ресурстар дегеніміз – деректер, қосымшалар, сыртқы құрылымдар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем жəне басқалар).

Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді жəне бір принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.

Интерактивті байланысдегеніміз – нақты уақыт аралығында хабарламалармен алмасу.

Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара

жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан компьютерлер тобы.

Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді жəне алыс байланыс жолдарын (телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағында, мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады. Желі ресурстарды ортақ пайдалана отырып, интерактивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы, электрондық пошта

қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:

- деректерді жəне сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нəтижесінде шығындарды төмендетуге;

- қосымшаларды стандарттауға;

- деректерді уақытында алуға;

- тиімді өзара əсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.

Қазіргі таңда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің (ЖЕЖ) аумағынан шығып, елдер мен континенттерді байланыстыратын ауқымды компьютерлік желілер (АКЖ) дəрежесіне жетті.

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) –берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе

ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:

1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,

- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, ақпарат көшірмелерін кезекпен алып отыру.

Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.

2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.

3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.

Желіге қойылатын талаптар

· Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;

· Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;

· Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;

· Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;

· Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

· географиялық қамтылу аймағына қарай;

· өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

· топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

· басқарылуына байланысты.

Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар

· қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет желісі, т.б.;

· жұмыс түріне байланысты: коммерциялық немесе тегін желі, корпоративті және жалпы мақсаттағы желілер;

· атқаратын қызметіне байланысты:

есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тәсіліне қарай басқару есептерін шығаруға арналған;

информациялық желі - тұтынушылардың сұранысы бойынша әр түрлі мәлімет алуға арналған;

аралас желі – есептеу және информациялық функциялар қатар орындалатын желілер, т.б.

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:

· Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).

· Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).

· Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).

· Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).

Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар

· Байланыс арналары мен интерфейстер

· Желілік карта (Сетевая карта)

· Трансивер (transceiver)

· Қайталауыш (Repeater)

· Концентратор (Hub)

· Көпір (Мост-Bridge)

· Коммутатор (Switch)

· Маршрутизатор (Router)

Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.

Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:

· а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;

· ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;

· б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.

Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері:электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.

Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:

· Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);

· әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);

· мәліметтерді тасымалдау желілері.

Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр. Алғашқыда Интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер калифорнияның телефон байланысына қосылды.

Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET –тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.

Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз – келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық хаттама (Internet Protocol — IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.

Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан, оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж. Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында орналасқан, көбі АҚШ территорияларында. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.

Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз – желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылданған белгілі принциптері қалыптасты.

Жеке компьютерді (желіде олар жұмыс станциялары д/а) ж/е оларды пайдаланушыларды идентификациялау 2 адрес бойынша іске асырылады: (идентификация – одна из функции под системы защиты, реализуемых для определения законности объекта (т.е проверка наличие права доступа) олардың бірі (домендік адрес д/а)). Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім д/а. Адамға, басқасы (IP –адрес) – компьютерге түсініктірек. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бір кеңістігі облыстарға – домендерге бөлінеді. Негізінен домендері 2 әріп қосыныдысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.

IP адрес дегеніміз – нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2). пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады.

Мысалы, Франция – fr, АҚШ-us, Ресей-ru, Қазақстан-kz,бұрынғы КСРО-su. Мысалы: www.relcom.ru адресі бойынша www дегеніміз – ресурс аты – (World Wide Web), relcom – фирма аты, ru – Ресей.

Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар — com, ал оқу орындары – edu, халықаралық ұйымдар – int.

Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерге қосады. әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғары деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептелінеді. Мысалы, home.microsoft.com атауы. Мұнда com – коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home – Microsoft-қа қосымша домен, ал ол өз кезегінде com-ның қосымша домені болып табылады.

.gov – үкіметтік ұйымдар

.org – коммерциялық емесе мекемелер, ұйымдар

.net – желілерді қолдайтын ұйымдар

 

16. CSS құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері. (7-сұрақ жауабы)

17. Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.

Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.

Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.

Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.

Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.

Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.

Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Провайдерлер және олардың желілері

Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.

Провайдерлердің желілерін біріктіру

Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.

Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.

Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..

Провайдерлер желілерінің иерархиясы

Әр түрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінетін жүздеген провайдерлер бар.

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы, АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.

18. Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз. (12-сұрақ жауабы)

19. Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз

Шартты форматтау берілген критерии немесе шартқа байланысты мәліметтерді форматтау.

Мысалы, атақты спортшылардың тізімін құрдық делік. Енді осындағы спортшылардың аты-жөні ерекше бір түспен боялсын делік. Онда осы шартты XML-құжатта көрсету үшін XSL Transformations (XSLT) көмектеседі.

XML-құжаттарды шартты түрде форматтау үшін XSLT-ның келесідей екі элементін қолданамыз:

· if элементі

· choose элементі

if элементі

Синтаксисі

<xsl:if test="condition">

[ actions to be performed if the condition is true]

</xsl:if>

Мысалға, 100$ жоғары заттардың атын шығару үшін келесідей жасасақ болады:

<xsl:if test="PRICE[ . &gt; 100] ">

<xsl:value-of select="PRODUCTNAME" />

</xsl:if>

choose элементі

Бұл элемент екі немесе одан да көп нұсқадағы шартты таңдауға мүмкіндік береді. Көптеген шарттарды тексере алады.

Choose элементі бір немесе одан да көп when элементін қамтуы керек. Ол барлық when элементтерінен кейін пайда болатын бір ғана otherwise элементін қамтуы мүмкін.

Синтаксисі

<xsl:choose>

<xsl:when test="condition">

[ action to be taken]

</xsl:when>

:

:

<xsl:otherwise>

[ action to be taken]

</xsl:otherwise>

</xsl:choose>

Мысал.

choose.xsl:

<?xml version="1.0"?>

<xsl:stylesheet xmlns:XSL="http://www.w3.org/1999/XSL/Transform" version="1.0">

<xsl:template match="/">

<xsl:for-each select="PRODUCTDATA/PRODUCT">

<xsl:choose>

<xsl:when test="PRICE[ . &gt; 50] ">

<font color="red">

PRODUCT NAME:<xsl:value-of select="PRODUCTNAME"/> <BR/>

DESCRIPTION: <xsl:value-of select="DESCRIPTION"/> <BR/>

PRICE: <xsl:value-of select="PRICE"/> <BR/>

QUANTITY: <xsl:value-of select= "QUANTITY"/XBR/> <BR/>

<HR/> <!--Displays a horizontal rule -->

</font>

</xsl:when>

<xsl:otherwise>

<font color="green">

PRODUCT NAME:<xsl:value-of select="PRODUCTNAME"/> <BR/>

DESCRIPTION: <xsl:value-of select="DESCRIPTION"/> <BR/>

PRICE: <XSL:value-of select="PRICE"/> <BR/>

QUANTITY: <xsl:value-of select="QUANTITY"/><BR/> <BR/>

<HR/>

</font>

</xsl:otherwise>

</xsl:choose>

</xsl:for-each>

</xsl:template>

</xsl:stylesheet>

product.xml:

<?xml version="1.0"?>

<?xml:stylesheet type="text/xsl" href="choose.xsl"?>

<PRODUCTDATA>

<PRODUCT PRODID="P001" CATEGORY="Toy">

<PRODUCTNAME>Mini Bus</PRODUCTNAME>

<DESCRIPTION>This is a toy for children aged 4 and above

</DESCRIPTION>

<PRICE>75</PRICE>

<QUANTITY>100</QUANTITY>

</PRODUCT>

<PRODUCT PRODID="P002" CATEGORY="Book">

<PRODUCTNAME>The English Patient</PRODUCTNAME>

<DESCRIPTION>This is a book set dURIng the second world war< /DESCRIPTION>

<PRICE>19</PRICE>

<QUANTITY>75</QUANTITY>

</PRODUCT>

<PRODUCT PRODID="P003" CATEGORY="Toy">

<PRODUCTNAME>Race Car</PRODUCTNAME>

<DESCRIPTION>This is a toy for children aged 12 and above< /DESCRIPTION>

<PRICE> 60</PRICE>

< QUANTITY> 54< / QUANTITY>

</PRODUCT>

</PRODUCTDATA>

20. XML құжаттарын жасау және құжатты жүзеге асыру. (3-сұрақ жауабы)

21. Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.

22. Браузер объектілері мен оқиғалары.

23. Құжаттың объектілік моделі?

24. XSL стильдік таблицалар. Құжатпен жұмыс қалай жасалады? (13-сұрақ жауабы)

25. XML схема деген не? Схемалардың маңызы (3-сұрақ жауабы)

26. DTD мен XML файлының дұрыстығын тексеру (4-сұрақ жауабы)

27. Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады? (5-сұрақ жауабы)

28. XSL-дің CSS-тен айырмашылығы және артықшылығы. (1-сұрақ).

29. XML схемадағы деректер типін атаңыз.

Name Description Example
string Символдар жолы John Lennon
boolean Екілік, логикалық. false
decimal Ондық сан. 3145.56
float 32 битті сан. 4.6E4
double 64 битті сан. 4.6E4
hexBinary Екілік кодтағы 16-лық деректер 0FFF
base64Binary base64 код түріндегі деректер GpM7
anyURI   http://cnet.com
QName   xs:element
NOTATION    

30.

Name Description Format/Example
duration Значение периода времени в годах, месяцах, днях, часах, минутах, секундах, как определено в § 5.5.3.2ISO 8601. PnYnMnDTnHnMnS P1M3DT4H (один месяц, 3 дня и 4 часа)
dateTime Время в виде комбинации календарной даты и времени, как определено в § 5.4 ISO 8601. CCYY-MM-DD THH:MM:SS 1950-03-26T15:30:01
time Значение текущего времени как определено в § 5.3 ISO 8601. HH:MM:SS 15:30:01
date Календарная дата, как определено в § 5.2.1 ISO8601. CCYY-MM-YY 1950-03-26
gYearMonth Месяц в году, как определено в § 5.2.1 ISO8601. CCYY-MM 1950-03
gYear Год, как определено в § 5.2.1 ISO 8601. CCYY
gMonthDay День в месяце в виде календарной даты, как определено в § 3 ISO 8601. -MM-DD -03-26
gDay День в виде календарного дня, как определено в § 3ISO 8601. -DD -26
gMonth Месяц в виде календарного месяца, как определено в § 3 ISO8601. -MM -03

30. CSS құру. CSS пен жұмыс қалай жасалады? (7-сұрақ жауабы).