КІРІСПЕ

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде.Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Әлі күнге дейін табиғатқа ең күрделі зиян келтіріп жатқан бірден-бір өндіріс орындары бұл – ірі-ірі мұнай өндіруші компаниялар.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республиқасының 1997 жылы 15 шілде қабылданған заңына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру қағидасы бекітілген. Ал 5-бабында: «Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында туратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеуіне құқығы бар», - делінген.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, ас қорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады.

Мемлекет басшысы қауіпті өндірістік объектілердің зиянды әрекетінен тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын толтыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы бойынша, халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту болып табылады.Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген.

2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды, атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері ұлғайған.Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.

return false">ссылка скрыта

Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1 млн г., 1997 ж – 2,37; 1998ж – 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7 %, қара металдар – 15,7% береді.

Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:

Түтіннен немес өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;

Фотохимиялық смог – өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.

Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық өндірістік компаниялар, елдегі атмосфералық ауа мәселесін одан әрі өршіте түсті. Мысалы, «Қазақмыс», «Испат-Кармет» ірі компаниялары Қазақстан бойынша ластаушы ошақтарды құрайды. Ауаға тасталатын улы заттардың мөлшері апаттық жағдайға әкеліп отыр. Жезқазған қаласының әрбір тұрғынына 6 тонна, Балхаш қаласында 7-8 тонна, Қарағанды қаласында ол көрсеткіш 5 тоннаны құрайды екен. Соған қарамастан бұл компаниялар экологиялық салықтардан жиі босатылады және өте аз мөлшерде айып салынады екен. Осы факторлардын әсер етуінен өндірістік қалаларда аурулардың белгісіз түрлері тараған. Адамдардың өмір сүруінің орта жасы бірден төмендей бастаған, сонымен қатар өлім саны да кенеттен өсіп кеткен. Мамандардың дәлелдеріне сүйенсек, қазіргі кезде халық шегіп отырған зардаптар болашақта бірнеше ұрпактарға үлкен кері әсерін тигізеді.

Өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын қалдықтар ізсіз жойылмайтындығы, олар бір формадан екінші формаға ауыстырылады немесе басқа кеңістікке қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы мүмкін. Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтары 20 млрд. тоннадан асып кетті, оның ішінде 7 млрд. тоннасы улы заттарды құрайды, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда. Мамандардың зерттеу жұмыстарынын қорытындысы бойынша, Қазақстан территориясының радиоактивтік ластану дәрежесі, Чернобыль АЭС-да болған апатының салдарынан территорияның радиоактивтік ластанған дәрежесінен 1,5-2 есе артық. Бұл мәселе қолайлы қоршаган ортаны қамтамасыз ету жұмысын одан әрі шиеленісе түсуіне себепші болып отыр.

Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мұнай-газ саласы қарқынды дамуда, сондықтан қоршаған ортаны мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған ағынды сулардан қорғау – бастапқы міндеттердің бірі. Қазақстанда өндіріс орындарының ағын суларын биологиялық әдіспен тазарту негізінен бактериялдық және альгологиялық тазарту әдісімен жүргізіледі.

2010 жылдың 9 айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші компанияларда 2602,3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205,8 миллион текше метрі факельдерде жанып ауаға тарап кетті. Мысалы тек «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» АҚ өзі 805,3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС болса, 357,59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, «Қазаұойл» табиғатты ластап отырған «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» компаниясынан кейінгі ең зиянды өндіріс орны болып саналады. Қазақстанда өнеркәсібі дамуының басты бағыты кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген.

Республика бойынша Ақтөбе облысы өндірістік қалдық шығарудан екінші орында болып отыр.

Қазақстанның ең байырғы мұнай өңдеуші кәсіпорны болып саналатын Атырау мұнай өңдеу зауытының спецификалық қызметі оның стратегиялық дамуында тек өңделетін мұнай көлемін арттыру, шығарылатын өнім сапасын қадағалауды ғана емес, кәсіпорын басшылығынан жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы жұмыс жағдайын туғызу, техногенді жағдайлардың алдын алу, әрбір құрылымдық бөлімнен қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар көлемін азайтуды талап етеді. Мысал келтіре кететин болсам, ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Даму стратегиясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның тұрақты экономикалық дамуын, тұтастай алғанда елдің мұнай-газ кешенін дамытудан Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды. Осымен қатар Компания қоғамның алдында өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін жауап береді. Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру; қауіпсіз еңбек жағдайын және Компания қызметкерлері мен Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығын қорғау; өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту.

Тағы да мысал ретінде, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясын алуға болады. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау “Қазатомөнеркәсіптің” ең басты мәселелері болып табылады. Компания қызметтері зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығына зиян келтіретін жағдайларды болдырмау саласында “Қазатомөнеркәсіп” қызметі мына мақсаттарды қояды:

- өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау;

- заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;

- өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;

- еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;

- өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;

- ресурстарды тиімді пайдалану;

- техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды тұрақты жетілдіру және жаңа технологияларды ендіру;

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында Мемлекеттік және халықаралық қоғамдармен тұрақты бірлесіп әрекет қылу.

Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.

Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көп аспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай:

- жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелгенжабдығы);

- ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).

Өнеркәсіп өндірісі және глобальды индустриализацияның өсуімен бірге шекті рұқсат етілген концентрациялар мен оның туындыларының нормативтеріне негізделген ортақорғау шаралар қалыптасқан ластаулардың көлемін азайтуға жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан экологиялық мәселені шешудің жаңа жолдарын, өнеркәсіп өндірісінің оңтайлы даму мүмкіндігін таңдауға, ал ласталған жағдайларда қалпына келтіру – емдеу шараларының кезектілігін белгілеуге іздену қалыпты жағдай деп айтуға болады. Энергиямен қамсыздандыру, өнеркәсіптің экологиялық аспектіде көп мәселелері өндіріс қатарындағы жаңа технологиялық процестерге көшумен немесе оларды перспективтік ауыстырумен шешілуі мүмкін. Осы сұрақтарды бақыланып жүрген теріс тенденциялардың мемлекетаралық сипатын, қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша кешенді шаралардың керектігін, өнеркіәсіптің теріс факторларының өзара ықпалын ескеретін жаңа ұстанымдардан қарастыру керек.

Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес.

2.2 Өндірістік ортаның жағымсыз факторларының адамға тигізетін әсерлері

Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». Негізгі заңымыздың бұл нормасы, мүлдем сақталмайды деп айтуға болады. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы. және т.б.

Қазақстанның денсаулық сактау ұйымының хабарлауынша республикамызда әртүрлі улы ғаздардан зиян шеккен адамдарды емдеп, денсаулықтарын калпына келтіру үшін бірнеше миллиард тенге қаражат керек, дегенмен, бұзылған денсаулықты қайтадан бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес.

«Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылы 18 – наурызда қабылданған заңының 3-бабында, жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін жан-жақты ғылыми негізделген талдау және бағалау міндеті көрсетілген. Экологиялық қауіпсіздік - мемлекеттің стратегиялық компоненті және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.Экологиялық қауіпсіздік ең аллымен тұлғаның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуден, оның зарлаптарынан, апаттардан қорғалғандығымен анықталады. Өмір сүру ортасында адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларының бірі – атмосфералық ластану болып табылады. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, ибез және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Қазіргі заманда белгілі млн. астам химиялық заттар бар. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдаланылуына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

Өнеркәсіп уы – өндірісте қолданылатын заттар;

Улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

Дәрі-дәрмектер;

Тұрмыс химикаты;

Өсімдіктер және жануарлар уы – өсімдіктерде, саңырауқұлаұтарда, жануарларда, құрт-ұүмырсқаларла болатын заттар;

Әскери улаушы заттектер.

Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруда. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялы даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуы және игерілуі бұған өзіндік үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті. Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс. ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қазақстан халқының 70% санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдаланып отыр, ол судың көп бөлігі тіпті шаруашылық мақсаттар ішін пайдалануға келмейді. Суға тасталатын өндірістік қалдықтардың мөлшері аса үлкен масштабтарға жетті. Оған Ертіс өзені мысал бола алады, ондағы кейбір улы заттардың мөлшері нормадан 100-150 есе артық. Қазіргі кезде Қазақстан халқының біраз бөлгі тіпті жануарлар ішпейтін суды ауыз-су ретінде пайдаланып отыр. Қанша десек те сол суларды ластап отырған өндіріс орыңдарының саны азаюдың орнына, керісінше, одан әрі өсіп келе жатыр. Оның себебін жауапкершіліктің жоқ болуымен сипаттауға болады, олардың көбісі аз мөлшердегі айыпты төлеу арқылы және басқа да жолдармен кұтылып жатады. Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден корғалуының жай-күйі. Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта. Қоршаған орта саласында адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық актілер ретінде шарттар, конвенциялар, халықаралық ұйымдардың келісімдері, декларациялар және т.б. болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстан олардың жиырма шақтысына қол қойды, бірақ олардың әрекет етіп жатқанын көре алмай отырмыз.

Санитарлық қызметтің өнеркәсіп қызметін қадағалауда негізгі алдына қойған мақсаты - кәсіби аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту. Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында 642 өнеркәсіп нысаны тұр. Оларда зиянды өндірістік факторлар әсерінде жұмыс жасайтындар саны - 30941. Облыс бойынша кәсіби жарамдылықты анықтайтын емдеу-профилактикалық мекемелерінің саны-27. 2011 жылдың 1-жартыжылдығында 6 кәсіби ауру тіркелді («Казхром» ТҰК АҚ филиалы ДКБК, «Ақтөбе мұнай қондырғылары зауыты» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС).

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек кәсіптік ауру ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.

Кәсіптік ауру жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіптік ауру түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни кәсіптік ауру тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.

Кәсіптік ауру этиологиялық себебіне сәйкес топтары:

Физикалық себептер туындаған кәсіптік аурулар; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)

Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған кәсіптік аурулар (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)

Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған кәсіптік аурулар (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)

Биологиялық әсерлерден болған кәсіптік аурулар (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар) Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары).

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:

- экологиялық тәуекелді бағалау және оның азайту жөнінде бағдарламалар жасау;

- елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету;

- өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;

- су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;

- тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;

- экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;

- қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі

Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б. құрылыстар кешенінің көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады.

Химиялық қауіп

І. Химиялық заттардың жіктелуі:

1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)

2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)

3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)

4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)

Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми.

Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста.

Ағзаға түскен улы заттың концентрациясын білгеннен соң улану дәрежесі анықталады, дезинтоксикациялық шаралар ұйымдастырылады.

Уланудың клиникалық кезеңдері:

1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді.

2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде.

Уланумен күрес:

1. Асқазанды шаю- ағзадан шығару

2. Уға қарсы дәрілік зат беру (противоядие)

3. Ішті айдатқыш препарат беру

4. Активтелген көміртегі беру, карболен беру.

5. Спецификалық терапия (улы заттың түрлерін тоқтату, улы әсерін азайту)

6. Симптоматикалық терапия (ағзаның зақымдалу функциясын қорғау, сақтау.

Оқиға болған жерде жүргізілетін шаралар:

1. Улану себебін анықтау:

2. Улы заттың түрін, ағзаға түскен мөлшерін және қалай түскенін анықтау.

3. Улану уақытын анықтау.

4. Ерігіш улы заттың концентрациясын немесе дәрілік заттың дозасын анықтау.

Химиялық заттар:

1. Зиянды- қатты әсер ететін уланғыш заттар (ҚӘУЗ- СДЯВ)

2. Улағыш заттар

7 млн белгілі- жылына 500-1000 жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар түзіледі.

7 млн : 5500- тағам қоспасы, 4000- дәрілік заттар, 1500- тұрмыста қолданылады (жуғыш, тазартқыш).

Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.

Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті.

Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.

Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:

- Өнеркәсіп улары

- Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.

- Дәрілік заттар

- Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)

- Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)

- Әскери улағыш заттар.

Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі:

1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру)

2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын)

3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін)

4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін)

5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын)

6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші

7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар.

Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы

Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы.

Тыныс алу жолы- қан айналымы.

1. кәсіби аурулар- қан айналымы

2. улану –жалпы және жергілікті.

Ағзада зиянды заттардың жиналатын орындары:

1. Кілеткадан тыс сұйықтықта (14 л /70 лг салмаққа шаққанда)

2. Кілетка ішілік сұйықтық (28 л)

3. Май ұлпасы

Ағзаға түскен зиянды заттардың биотрансформацияға және метоболизмге ұшырау. Зиянды әсер күшейеді немесе әлсірейді (жойылады)

Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:

1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі.

2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)

3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы)

Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады;

Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады;

Май және тер бездердің ролі аз шығаруда.

Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін.

Зиянды заттарды қауіптілігі бойынша кластарға бөлу:

І. Аса қауіпті

ІІ. Қауіпті жағдай

ІІІ. Қауіпті шамалы.

ІҮ. Қауіпті аз.

Орташа өлім дозасы LD50 –1 рет ағзаға енгенде 50 пайыз жануарды өлтіретін доза

Өндірістегі авария- ҚӘУЗ атмосфераға бөлінеді- адамды жаппай зақымдайды .-улану, өлім.

ҚӘУЗ- хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртек, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, сынап, т.б.

ҚӘУЗ көзі және тұтынушысы: химия саласы, мұнай өңдеу өнеркәсібі. Целлюлозды- қағаз өнеркәсібі, тағам кәсіп орны, су құбыры және тазарту ғимаратты.

Әдетте ҚӘУЗ жабық ыдыста өз буының қысымда сақталады. Ал егер ыдыс қираса ішіндегі заттың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді және қайнай бастайды, газ немесе бу түрінде айналаға тарайды. (бөлініп шыққан концентрацияға және желдің жылдамдығына қарай)

1. Қатты жел соқса зақымдау бұлты тез тарайды

2. Ауа t0 жоғарласа

3. жаңбыр жауса- ҚӘУЗ топыраққа сіңіп, ыдырайды.

ҚӘУЗ әсерінен қорғау шаралары: халықты көшіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, антидот беру, газқағар кигізу, авариялық құтқарғыш жұмысын жүргізу, өртті сөндіру, аймақты санитарлық өңдеу ( дегазация);

ҚӘУЗ сақталатын ыдыстың беріктігін күшейту; ыдыстың астында суға толы резервуарлар дайындау.

Жұмыс бөлмесін заман талабына сай техникамен ( авариялық дабылмен) жабдықтау.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысандардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Бұл Заң қауіпті өндірістік нысандардың зиянды әсерінен халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ келтірілген зиянның толық өтелуіне бағытталған. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Соғыстардың бүкіл тарихы бойында соғысушы тараптар әртүрлі улы заттарды қолданған немесе қолдануға әрекеттенген. Ежелгі Қытайда қарсыласты зақымдауға кәдімгі әк пайдаланылған. Әк шаңы көзді зақымдаған, ал сумен қосылғанда улы газ шығарған. Ежелгі соғыстарда денсаулыққа зиянды басқа да заттар қолданылған. Снарядтарға әртүрлі шайырлар, өсімдік улары, күкіртті мышьяк қосқан. Бұлар көз бен теріні зақымдаған, кей жағдайда тыныстау не жүрек қан тамыры жүйесі органдарын кеселге ұшыратқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында 1915 ж 22 сәуірде Ипр өзені ауданында (Бельгия) неміс әскерлері қарсыластарына қарсы улы газ – хлорды қолданды. Жел айдаған сұр-жасыл тұман Француз шептеріне тарады. Сарбаздар мен офицерлер тұншыға бастады: Газ тыныс алу жолдарын күйдіріп, қатты жөтелтіп, тұншықтырды. Осының салдарынан 15 мыңнан астам Француз солдаты қатты уланып, олардың 5 мыңға жуығы қайтыс болды. Неміс әскерлері майданды бұзып өтті. Бір айдан кейін немістер орыс әскерлеріне қарсы газ шабуылын қолданды. 9 мың адам уланып, олардан 1,2 мың адам қаза тапты.

1916 ж. Француз армиясы неміс әскерлеріне қарсы синил қышқылын ұрыстық уоағыш зат ретінде алғаш рет қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында фашистер оны газ камераларында адамдарды қыруға пайдаланды. Бұл үшін улы заттар метилдік “А” циклоны мен этилдік “Б” циклон пайдаланды.

Соңғы жүзжылдықта әскерлер кейбір тропиктік елдердің тұрғындары қолданылатын әртүрлі психостимулдық өсімдіктерге назар аударды: бетель, үнді коноплясы (марихуана) және т.б. Оларды шамадан көп пайдаланса, ауыр психологиалық кінәраптарға шалдығады, тіпті,өліп те кетеді. Осының өзі улағыш заттардың жаппай жою құралдары бола алатын жаңа түрлерін жасап шығаруға негіз болды.

Химиялық қару.

Бұл улағыш улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:

1) жүйке жансыздандыратын;

2) теріні іріңдеткіш;

3) жалпы улы әсерлі;

4) психохимиялық;

5) тітіркендіргіш;

Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.

Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды.

Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

Улағыш заттарды топтастыру.

Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ:

VX (ви - икс), зарин, заман.

Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді.

Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль.

Заман қасиеттері жағынан зарин мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.

Олар бу тәрізді және тамшы – сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан – ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.

Зақымданғандық белгілері: түкірік тоқтамау, қарашықтың таралуы (миоз), тыныстаудың қиындауы, жүрек айну, құсу, іш өту, паралич, қорқыныш және естен тану сезімі, бірнеше сағатқа созылып сіңірлердің тартуы.

Жекелей қорқыныш құралдары ретінде противогаз, қорғаныш киім және пана. Зақымданғанда алғашқы көмек көрсету үшін противогаз кигізіп, шприц – сықпа арқылы антидат енгізеді. Асқазанға түскен жағдайда құстыру керек, мүмкіндігі болса 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю қажет, көз зақымдалса, 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.

Тері – іріңдік әрекетті УЗ: иприт, люизит.

Иприт – аздап сарғыш не қара – қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып тұратын, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста 2 – 3 апта зақымдай алады.

Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (зақымдану бірден емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да көп өткеннен кейін білінеді). Белгілері: тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып, кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына түссе, 30-60 м. кейін асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.

Люизит- қазтамақ жапырағының иісі бар қара- қоңыр майлы сұйық. Токсиндігі жөнінен иприттен үш есе асып түседі. Ағзаға түскеннен кейін, зақымдану белгілері білінеді: әуелі жөтелтеді, түшкіртеді, мұрыннан су ағады, жүрек айниды, бас ауырады, дауыс шықпай қалады, құстырады, әл құриды. Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады, тері күйеді. Люизитпен қатты уланған адам өледі. Әскерилер люизитті “өлім шығы” деп атайды.

Тұншықтырғыш әрекетті УЗ: фосген, дифосген.

Фосген – түссіз газ, ауадан 3,5 есе ауыр, қызған шөп не шіріген жеміс иісі шығып тұрады. Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды. Ұрыстық күйі – бу. Төңіректегі тұрақтылығы 30-50 миннут, орлар мен сайларда 2-3 сағатқа дейін тұрып қалуы мүмкін.

Фосген ағзаны онымен тыныс алғанда ғана зақымдайды, ондайда көз қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылалы, жүрек айнйды.

Адамға радиацияның әсері.

Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты қүрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).

Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі.

АЭС-тегі авариялар кезіндөгі жергіліктегі жердегі радиациялыққауіп аймағы

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролықөэнергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге үшырауы мүмкін).

Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС шекарасына таралады).

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

Биологиялық қару

Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.

БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.