б) – Менингитке - Ампицилин, Амикацин, Тобрамицин, Хлорамфеникол, Цефотаксим, Цефтриаксон, Цефтазидин, Ванкомицин, Рифампицин, Дексаметазон, Моксифлоксацин.

 

Психотропты дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілерді адам психикасы (рухани сезімі) бұзылғанда, психоз, невроз және т.б. ұқсас өзгерістер кезінде қолданады.

Психотропты дәрілер нейрондардың белсенділігін арттыратын және тежейтін пептидтер мен амин қышқылдардың арақатынасына, биогенді аминдердің алмасуына, нейронаралық тасымалдау, мидың холинергиялық жүйесіне әсер етеді. Психотроптық дәрілер жеті топқа бөлінеді:

1.Антипсихоздық дәрілер (нейролептиктер).

2.Депрессияға қарсы (антидепрессантар).

3.Көкіректікке (мания) ем ретінде қолданатын дәрілер.

4.Транквилизаторлар (шошуға, қорқуға емдік дәрілер).

5.Седативті (тыныштандыратын) дәрілер.

6.Психостимуляторлар (психиканы қуаттаушылар).

7.Ноотропты (адам есіне әсер ететін) дәрілер.

1.Антипсихотикалық дәрілер - Aminazinum – аминазин; Triftazinum – триптазин, Haloperidole – галоперидол, дроперидол, фторфеназин, хлорпротиксен, сульпирид, азалептин - шизофрения және психоздарға қолданылады.

 

1. Антипсихоздық дәрілер, яғни нейролептиктердің адамның психикасына әсер ету механизмі: олар лимбикалық жүйедегі дофаминге сезімтал рецепторларды басып, синапс алдындағы мембрананың өткізгіштігін төмендетеді де биогендік аминдердің шығуын бұзады. Сандырақтауды басып, аурудың әрі қарай дамуына жол бермейді.

Химиялық құрамына қарай нейролептиктер бірнеше топқа бөлінеді:

1. Адам психикасына тікелей әсер ететін дәрілер:

а/ фенотиазин туындысы: аминазин, трифтазин, фторфеназин т.б.

б/ тиоксантин туындысы: хлорпротиксен және т.б

в/ бутирофенон туындысы: галоперидол, дроперидол және т.б

1. Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер -

а/ бензамидтер – сульпирид.

в/ бензодиазепин туындысы – азалептин.

 

Аминазин (Хлорпромазин, Ларгактил және т.б.) - 0,025 және 0,05 г драже түрі; 2,5% ерітіндісі 2 және 5 мл ампуласы. Бұл антипсихоздық, тыныштандырғыш әсер береді, бұлшық еттерді босатады. Құсу аймағының хеморецепторларына бөгеу жасап, құсуға қарсы әсер береді. Наркозға арналған, ұйықтататын дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Шеткі иннервацияға әсер етеді, әсіресе адреноблокаторлық әсері күшті, нәтижесінде күре тамырлық қысым төмендейді. Аминазин негізінен басқа дәрілердің әсерін күшейте алады. Бұл негізінде шизофрения және психозды аурулар кезінде қолданылады.

Жанама әсері: гипотензия, коллапс, аллергиялық реакциялар, бауыр, бүйрек және асқазан аурулары, дәрілік паркинсонизм. Жүрек-тамыр декомпенсациясы және жоғары жанама әсерлерінде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Aminazini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1-2 дражеден күніне 4 рет.

#

Трифтазин(Трифлуоперазин, Тразин, Эсказин және т.б.) - 0,001; 0,005 және 0,01 г қабықталған түймедақ түрінде, содан соң 0,2% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Бұл аминазинге ұқсас, сондықтан қолдану көрсеткіштері де сондай және құсу кезінде қолданады. Жанама әсерлері де ұқсайды, оған қосымша вегетативті өзгерістер, улы гепатит және агранулоцитоз байқалуы мүмкін. Жедел гепатит, бүйрек жетіспеушілігі, жүрек декомпенсациясы, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Rp.: Triftazini 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 4 рет.

#

Хлорпротиксен (Труксал және т.б.) - 0,015 және 0,05 г драже түрінде; 2,5% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Аминазинмен салыстырған седативтік және тыныштандырғыш әсері басым болады. Сондықтан психоз, невроз кезінде, ұйқының бұзылуы, құсу, тері қышымасына қолданылады. Жанама әсері: маужырау, тахикардия, гипотония, ауыз құрғауы. Спирттік ішімдік қолдандан кезде, коллапс, паркинсонизмде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Chlorprothixeni 0,005

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

#

Галоперидол (Сенорм, Галофен, Галопер, Транкодол және т.б.) - 0,001 және 0,005 г таблетка түрінде; 0,2% ерітіндісі 10 мл флаконда тамшы ретінде; 0,5% ерітіндісі 1 мл ампуласы бұлшық етке егуге арналған. Бұның әсер етуі тез және ұзаққа созылады. Ол құсу орталығын тежейді, басқа дәрілердің әсерін күшейтеді, күре тамыр қысымын түсірмейді, ортостатикалық коллапс болмайды.

Галоперидолды шизофрения, психоз, тоқтаусыз құсу, жүрек айну кезінде қолданады. Жүрек аритмиясы кезінде, орталық жүйке жүйесі және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.: Haloperidoli 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Дроперидол (Дролептан, Инапсин, Синтодрил және т.б.) - 0,25% ерітіндісі - 2 мл ампула түрінде анестезиологияда (нейролептанальгизия ретінде) фентанилмен қосып, жедел көмек ретінде кордиогенді шокта қолданады. Құрама түрінде шығарылатын дәрі таламонал (Thalamonal) деп аталады. 2 мл ампула және 10 мл флакон түрінде пайданылады. Өз алдына гипертониялық криз, өкпе ісінуі (өкпе шемені), стенокардия, жүрек айнуы, құсу кезінде қолданады.

 

Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер сульпирид және азалептин т.б. Бұл дәрілерді қолданғанда, басқа нейролептиктермен салыстырғанда, экстрапирамидалық бұзылулар сирек дамиды, мидың М-холинорецепторларын тежеу белсенділігі жоғары тұрады.

Rp.: Sulpiridi 0,05; 0,1.

D.t.d. № 30 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 3 рет.

#

Rp.: Azaleptini 0,025; 0,1.

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 таб.

#

 

 

2. Антидепрессанттар.

1. Антидепрессантар – Imizinum – имизин -

Amitriptyline - амитриптилин, Fluoxetine – флуоксидин, Maprotiline – мапротилин, Nialamidum – ниаламид, трансамин, моклобемид – қайғы, мұңайу кезіндегі жедел депрессияға қарсы қолданылады.

 

Антидепрессанттар (депрессия – мұңаю, адамның басына қайғы түскенде өте күрделі ауруға шалдыққан жағдай) екі топқа бөлінеді:

1. Үш циклді антидепрессантар немесе моноаминдерді кері алуына кедергі келтіретін дәрілер: (әсері серотонин мен норадреналинге ұқсас)–имипрамин, амитриптилин және т.б.

2. Моноаминоксидазаны (МАО) тежеуші дәрілер: ниаламид және т.б.

 

2.1. Үш циклді антидепрессанттар.

Антидепрессанттар депрессия және субдепрессия кезінде қолданылады. Қатерлі әсерлері: тахикардия, бас айналу, тершеңдік, ауыздың құрғауы, ұйқының қашуы, бейімделудің бұзылуы және аллергиялық реакциялар. Бұларды глаукома, атеросклероз, бауыр, бүйрек, қан түзу жүйелерінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.

Имипрамин (Имизин, Мелипрамин, Депсонил, Прилейган және т.б.) - 0,025 г түймедағы және 1,25% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұл трициклдік антидепрессант моноаминдерді (нейромедиаторларды) қайтадан бұрынғы фолликулдағы орнына жібермейді, сонымен бірге норадреналинді, дофаминді, серотонинді тағы да басқа нейромедиоторларды бөгеп тастайды, сондықтан синапстік тесікте жиналып мембрананы қоздырады.

Имипраминді әр түрлі депрессияға қарсы қолданады, сол әсерге байланысты науқастың көңілі көтеріліп, ажары кіреді, психикалық және қимыл-қозғалыс пайда болады. Осындай айқын емдеу қасиетімен бірге жанама әсерлері де байқалуы мүмкін: бастың айналуы мен ауыруы, терлеу, жүрек соғуы, ауыз қуысының құрғауы, көз аккомодациясының бүзылуы, зәр айдалмауы, теріде аллергиялық өзгерістердің байқалуы, қан түзілуінің және жүрек соғысының бұзылуы. Қосымша жедел аурулар болса (бауыр, бүйрек, қан түзу мүшелері, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, диабет, атеросклероз және т.б.) қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Imipramini 1,25% - 2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S.1 мл - ден тері астына.

#

Амитриптилин (Амизол, Триптизол, Аминеурин, Эливел және т.б.) - 0,025 және 0,075 г драже мен түймедақ; 1% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұлардың тиісті әсері депрессияға қарсы қасиеті жоғары және аздап тыныштандырғыш қасиеті бар. Орталық жүйке жүйесі нейронындағы норадреналинді кері алуына кедергі келтіреді, сондықтан рецепторлар аймағындағы медиаторлар көп мөлшерде жиналады. Бұның қолданылуы, қатерлік және жанама әсерлері имипраминге ұқсас келеді.

Rp.: Dr. Amitriptilini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2 рет.

#

 

5.2.2. Моноаминоксидазаны тежейтін антидепрессантар

Екінші топқа жататын дәрілер орталық жүйкедегі рецепторлардың моноаминоксидазды ферменті тежейді, сондықтан бұл жердегі моноаминдер көбейеді. Ниаламид 0,025 драже ретінде жедел, яғни асқынған депрессияға карсы қолданылады. Қатерлі әсерлері: ауыз құрғау, диспепсия, қан қысымының төмендеуі. Жүрек декомпенсациясында, бауыр, бүйрек қызметі мен мидың қан айналымы бұзылғанда қолдануға болмайды.

Rp.: Dr. Nialamidi 0,025

D.t.d. № 20

S. 1 дражеден күніне 2 рет.

#

 

3. Көкіректікті, яғни манияны емдейтін дәрілер.

Манияға (көкректікке) қарсы - Lithii carbonas – лития карбонат –қолданылады.

 

Мания дегеніміз ақылсыздық немесе көкірегі көтеріңкі қозулы жағдаймен көрінетін дерт. Манияны емдеуге нейролептиктермен бірге литий тұздарын (Lithii carbonas, Lithii oxybutiratum) қолданады.

Литий карбонаты (Квилониум, Контемнол, Литосан және т.б.) - 0,3 г қаптама және литий оксибутираты (Литий гамма-оксибутираты) 0,5 г түймедағы және 20% ерітіндісі 2 мл ампуласы түрінде шығарылады. Литий тұздары тек манияға тікелей әсер етеді. Психикалық жағдайды қалыпқа келтіреді. Бұлардың әсер ету механизмі жүйкенің ұшынан норадреналиннің шығуын азайтады және норадреналиннің азаюы нейрондардың кері қармап алуының белсендігіне байланысты болады.

Литий тұздары әртүрлі маниякальді жағдайларда қолданылады. Бүйрек, қалқанша безінің аурулары, асқазан жарасы, холецистит, жүрек-тамыр декомпенсациясыда қолданбайды. Бұларды пайдаланған кезде құсу, диарея, атаксия, қалтырау, диспепсия, полиурия, дизартрия, кома байқалуы, ал кейде өлім себебі болуы да мүмкін.

Rp.: Lithii carbonates 0,3

D.t.d. № 10, 50 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 2-3 рет.

#

 

4.Транквилизаторлар

Транквилизаторлар – Diazepam – диазепам

Phenazepamum – феназепам, нозепам, мезапам, лоразепам, буспирон – қорыққанда, шошынғанда т.б. ұқсас жағдайларда қолданылады.

 

Транквилизаторларды қорқыныш, үрей, тынышсыздану, невроздық жағдайларда қолданады. Медицина тәжірибесінде бензодиазепин туындысына жататын көптеген транквилизаторлар пайданылады: диазепам (Diazepam), феназепам, нозепам, мезапам, лоразепам және т.б. Бұлардың бәрі бір-біріне ұқсас келеді.

Бұлар бензодиазепиндік рецепторлармен әрекеттеседі және гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) рецепторларымен тығыз байланысты болады. Сондықтан ГАМҚ рецепторларының белсенділігі арта түседі. Транквилизаторлар тыныштандырып, ұйқышылыдық шақырады, тырысуды басады, қан қысымды өзгертпейді.

Бензодиазепиндік транквилизаторлар психикалық, невротикалық жағдайларда, ұйқы бұзылуы, қояншық, невроздар (үрей, қорқу, мұңаю) және т.б. вегетатикалық дисфункция кезінде қолданылады. Қолдану барысында жанама әсерлері байқалуы мүмкін: маужырау, бас айналу, жүрек айну, іш қату, тері қышымасы, бұлшық еттің босаңсуы, шайқалу, ауыз құрғау. Шапшаң қимылдауды қажет ететін жұмыстарда, миастенияның ауыр түрінде, жүктілік, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Диазепам (Сибазон, Седуксен, Реланиум, Диазеплекс және т.б.) - 0,005 г түймедағы; 0,001 және 0,002 қапталған түймедағы балаларға арналған; 0,5% ерітіндісі 2 мл ампуласы егуге арналған. Бұл ең бір күшті өте көп таралған тәжірибелі медицинада қолданылатын дәрі болып табылады. Қорқу, шошу сияқты көптеген жағдайларда жақсы әсерін тигізеді, содан соң ем ретінде жүйке ауруларына да (неврозға, психопатиялық шизофренияға ұқсас ауруларға), эмоциялық рухани бұзылыстарында қолданылады.

Rp.: Diazepami 0,001 (0,002)

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

 

5. Седативті, яғни тыныштандыратын дәрілер.

Седативтік (тыныштандыратын) дәрілер- Natrii

bromidum натрия бромид, Tinctura Valerianae – настайка валерианы, Tinctura Leonuri – настойка пустырника - невроз және невростенияға қарсы қолданылады.

 

Тыныштандыратын дәрілерге бром тұзы (натрий бромиді – Natrii bromidum), шүгін шөп (валериана - Valerianae), сасық шөп (пустырник - Leonurae) жатады. Валериана тұнбасы қосымша корвалол, валокордин және т.б. тамшы түрде қолданылады. (Inf. rad. Valerianae 20,0 – 200 ml және T-rae Leonure 20 ml. M.D.S.).

Натрий бромиді - бром тұздарының ішіндегі жиі қолданылатын түрі. Бұлар ми қыртысындағы тежеу үрдісін күшейтеді. Олардың әсері жүйке жүйесінің, яғни адам кейіпкеріне (типіне) байланысты. Бром тұздарын қолданғанда денеден баяу шығатындықтан, уланудың созылмалы түрі пайда болуы мүмкін. Оны бромизм деп атайды. Бұл кезде меңіреулік, есі қашып, тері үсті қышуы пайда болады. Бромизмді емдеу үшін көп мөлшерде натрий хлорын, сонымен қатар зәр айдайтын дәрілерді береді.

Натрий бромидін қатты қозу, ұйқы қашу, қан қысымы көтерілуі кезінде қолданады. Жанама әсерлері: жөтел, мұрын бітуі, тері бөртпелері және әлсіздік.

Rp.: Sol. Natrii bromidi 3%-200ml

D.S. Жатарда 1 ас қасықтан.

#

Тыныштандыру үшін валериана және сасық шөп шөбінің дәрілерін көп қолданады. Олардың құрамында эфир майы, қажетті алколоидтар – сапониндер бар. Бұлар жүрек-тамыр неврозы, жүйкенің қозуы, ұйқы қашу, гипертонияның алғашқы кезеңінде қолданылады.

Rp.: Inf. Rad. Valerianae 20,0 - 200ml

T-rae Leonuri 20 ml

M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

#

 

6. Психиканы қуаттаушылар – психостимуляторлар.

Психостимуляторы - Sydnocarbyum – сиднокарб -

Coffeinum-natrii bеnzoas – кофеин-бензоат натрия - меридил – психиалық и физикалық күші кеткенде.

 

Психиканы қуаттаушылар көңіл көтереді, шаршауды басып, ойлау қабілетін көтереді. Тыныс, қан тамырының қимылын басқаратын орталықты қоздырады. Қаңқа бұлшық етінің жұмысын жоғарылатады. Жүрек соғуының күшін көтереді. Терінің, жүректің, мидың қан тамырларын кеңейтіп, зәрдің бөлінуін күшейтеді.

Алғашқы психиканы қоздырғыш дәрілердің бірі -фенамин (амфетамина сульфат) болатын. Ол жүйкенің алдыңғы синапс мембранасына норадреналин мен дофаминді босатады, сондықтан рецепторларды жылдам қоздырады. Көбінесе адамды құмарлыққа әкелетін болғандықтан, фенаминді қазіргі кезде қолданбайды. Фенаминге ұқсас дәрілер - пиридролменмеридил.Бұлардың құмарлық әсері аз болғанның өзінде біраздан кейін қан қысымын көтереді, ұйқы қашады, адамның мазасы кетеді. Қазіргі кезде бұл дәрілерді де сирек қолданады. Оның орнына сиднокарб (Sydnocarbum), кофеин-натрий бензоат (Coffeinum-natrii benzoas) қолданылады.

Сиднокарб (Мезокарб және т.б) - белсендігі мол тікелей шеткі норадренергиялық жүйесіне созылмалы әсер ететін дәрі. Мөлшері 0,005; 0,01 және 0,025 г-нан түймедақ түрінде қолданады. Фенаминмен салыстырғанда улылығы өте төмен, шеткі симпатомиметикалық әсері аз. Астения, депрессия, түнгі кіші дәрет тоқтамағанда (көбінесе ер балаларда – түнде төсекке сиіп қою жиі кездеседі), невротикалық бұзылыстарда қолданады. Қатты қозғанда, гипертониялық ауру және атеросклерозда қолдануға болмайды.

Rp.:Sydnocarbi 0,005

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Кофеин - натрий бензоаты - ең көп қолданатын және психиканы жақсы қоздыратын дәрі. Мөлшері: 0,1; 0,2 және 0,075 г-нан ұнтақ және түймедақ түрінде; 10% ерітіндісі 1 мл және 20% ерітіндісі 2 мл ампулада шығарылады.

Кофеинді психиканы және денені қоздыру, орталық жүйке жүйесін қуаттау үшін, жүрек жеткіліксіздігінде, коллапс, гипотония, наркотикалық және ұйқы келтіретін дәрілермен уланғанда, бас айналып, ауырғанда қолданады. Мөлшері көп асып кетсе ұйқы қашу, жүрек соғу және айну, тынышсыздану, жүрек аритмиясы, қозулық байқалады.

Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoates 10% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1-2 мл ден тері астына.

#

 

7. Ноотропты дәрілер.

Ноотроптық дәрілер – Piracetam – пирацетам,

аминалон – есінен айырылғанда және ми қан айналмасы бұзылғанда.

 

Ноотроптарға жататын дәрілер - пирацетам (Piracetam), аминалон және т.б. Бұлар адамның есін, ақыл-ой қызметін жоғарылатып, мидағы зат алмасу жүрістеріне жақсы әсер етеді. Дені сау адамдардың орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді. Бұлар гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) болғандықтан, тін тосқауылынан жақсы өтіп, гипоксияны, тырысуды басады. Бұл дәрілердің әсері баяу жүретіндіктен емдеу мерзімі бірнеше (шамамен 5 - 6) айға созылады.

ГАМҚ заттар жүйке тінінде тежеуші медиатор және зат алмасу қызметін атқарады. Ол мидың созылмалы органикалық бұзылуы кезінде пайда болғандықтан, ақыл-ой кемістігін азайтады. Мидың қан айналымын жақсартады. Қан қысымын төмендетеді, гипогликемиялық әсер етеді.

Пирацетам (Ноотропил, Пирамем, Луцетам, Нооцетам, Церебрил, Ноотобрил және т.б.) - 0,4 г-нан капсула және 20% ерітіндісі 5 мл ампула түрінде. Бұлардың –гипоксияға қарсы әсері жоғары. Ми қан айналымы бұзылуы, атеросклероз, балалардың ақыл-есі жетіспеуі, кома, депрессия, абстиненция, морфинмен, барбитураттармен және алкогольмен улану кезінде қолданады. Ұзақ пайдаланғанда қозу, тітіркену, диспепсия, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Ал бүйректің жедел жетіспеушілігі және жүктілік кезінде қолданбайды.

Rp.: Piracetami 0,4

D.t.d. № 60 in caps.

S. 1 қаптадан күніне 1-2 рет, 6 айға дейін.

#