КІРІСПЕ

Әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын тудыратын әдістер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болуы және одан әрі дамуы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлтаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бар және басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар органдардың валюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық — экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық -заңдық тұрғысынан қарағанда белгілі бір қоғамдық — экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік — құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болыпвалюталық операцияларды қамтиды.
Валюталық операциялар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
ҚазақстанРеспубликасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Валюта нарығы ел экономикасының қан жүйесі секілді. Валюталық операцияларды реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғышарты.

Жобалық жұмыстың өзектілігі–валюталық операцияларды реттеу және оның түрлерін жүзеге асыруға байланысты зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау.

Жобалық жұмыстың мақсаты – мемлекетте жүргізілетін валюталық операцияларға талдау жүргізу, валюталық операциялар түрлерін анықтау және валюталық операциялардың түрлерінің экономикамен байланысын талдау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:

– мемлекеттің валютамен жүргізетін операциялары мен оның түрлерініңерекшеліктері;

– мерзімді валюталық операциялардың экономикамен байланысын талдау;

– валютаны реттеу мен бақылаудың ерекшеліктері;

– Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шараларын жетілдіру жолдарын ұсыну.

Жобалықжұмыстың міндеті – валюталық операциялардың жүргізілуін және мерзімді валюталық опеациялардың ерекшеліктерін толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.

Жобалық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, жобалық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

І ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ, ОНЫҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Валюталық операцияларды реттеудің теориялық негіздері

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

1. Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.

return false">ссылка скрыта

2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.

3.Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.

4. Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.

Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.

Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.

Валюталық бағам дегеніміз – бірақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.

Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды – номиналды бағам деп атайды.

Валюталық бағамның үш түрі бар:

– белгіленген;

– өзгермелі;

– аралас;

Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.

Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы [1].

Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операцияларағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымдагы операцияларға жататындар:

– тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

– 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;

– салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;

– гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;

– капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:

– инвестицияларды жүзеге асыру;

– интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;

– жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;

– тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

– 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу [2].

Мен, келесі бөлімде валюталық операцияларды реттеудің нормативтік құқықтық актілерін қарастырамын.

1.2 Валюталық операцияларды реттеудің нормативтік құқықтық актілері

Қазақстаннң Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілер үшін жағымды бәсекелестік ортасын сақтауға бағытталғансаясатынжүргізуде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы отырысында теңгенің айырбастау бағамы ауытқуларының дəлізін жою жəне 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өту туралы шешім қабылданды.
«Басқарылатын өзгерудің пайдасына валюталық дəлізден бас тарту теңгенің, қажет болған жағдайда, теңбе-тең, экономика үшін «қолайлы» деңгейде нығаюына, алтынвалюта активтерін ұлғайтуға жəне валюта нарығындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деп өз шешімдерін өткен отырыстың мүшелері басым бөлігі негіздеді.
Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға жəне халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде
енгізілген валюталық дəліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған əлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы жəне төлем балансының жай-күйі себепші болды [3].

Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасының 2003-жылғы 3-шілдеде қабылданған “Бағалы қағаздар нарығы” туралы заңының 4 және 5-баптарында қарастырылады.

4-бап. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

2. Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

5-бап. Валюталық реттеу органдары

1.Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.

3.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.

Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:

1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;

2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:

лицензиялауды;

тiркеудi;

хабардар етудi;

3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртібін;

4)уәкілеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi [4].

Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24-желтоқсанында қабылданған “Валюталық реттеу туралы” заңының 6, 7 және 8-баптарында қарастырылады.

Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.

6-бап. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

1) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызметтер көрсетуді;

2) уәкiлеттi ұйымдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруын лицензиялауға тиіс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға лицензия өз қызметін бажсыз сауда дүкенінің кеден режимiнде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын теңiз, iшкi cу, әуе, темір жол және автомобиль көлiгiнде жүзеге асыратын тұлғаларға берiледі.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті ұйымдарды құру тәртібін, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау пунктiн тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтайшылардың құрамына, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшері мен тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу бойынша шектеулер қосымша белгіленедi.

3. Резиденттер лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі 8), 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.

4. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiледi.

Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.

5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;

2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.

6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.

7-бап. Валюталық операцияларды лицензиялау

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында көзделген валюталық операцияларға лицензиялар бередi.

2. Валюталық операцияларға қатысушы резидент шоты ашылғанға дейін немесе тараптардың бірi шарт бойынша мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн не осы Заңның 20-бабы 5-тармағының екiншi бөлігінде, 7-тармағында және 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде лицензия алуға өтініш жасауға міндеттi.

3. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құжаттардан басқа осы Заңның 10-бабы бірiншi бөлiгiнiң 1)-8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісiнде белгіленген шарттармен және тәртiппен ұсынады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актiде:

1) осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операциялардың көлемдеріне қатысты талаптарды;

2) осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиялануға тиiс операцияларды резидент-клиенттің тапсырмасы бойынша оның мүддесiне және оның есебінен резидент еместің жүргiзуi көзделетiн, ол тiркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар резидент пен резидент емес арасындағы мәміле шарттарына қатысты талаптарды;

3) осы Заңның 25-бабына сәйкес лицензиялануға тиiс операциялар бойынша уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығына негіздеме ұсынудың талаптарын белгілейдi.

5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуі;

3) жүргiзiлетiн валюталық операцияның және (немесе) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай келмеуi;

4) осы Заңның 22 және 25-баптарына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектiң, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.

Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.

8-бап. Тіркеу режимі

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.

2. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды.

3. Валюталық операцияға қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін:

1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі басынан бастап қолданылған жағдайда - тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы басталғанға дейін;

2) егер тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеп соққан жағдайда - осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін;

3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде және валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы қажет болған кезде қолданылған жағдайда - осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін;

4) өзге жағдайларда - валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруге міндетті.

3-1. Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде тіркеу режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тіркелу үшін өтініш жасауға міндетті.

4. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бірiншi бөлiгiнiң 1)-4), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сiлтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

5. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады.

Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.

6. Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді [5].

ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық Банкі теңгенің айтарлықтай нығаюын болдырмау мақсатында соңғы айлар ішінде сол арқылы оның
ұсынысын қысқарта отырып жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайта отырып, ішкі нарықта айтарлықтай көлемде шетел валютасын сатып алуда.

 

ІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ РӨЛІ

2.1Ұлттық Банктің валюталық операцияларды реттеудегі қызметі

Валюталық операцияларды реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма басқа мемлекеттік органдармен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт «Валюталық реттеу туралы» заңы толықтырулар мен өзгертулер есебінен1998 жылы 24 желтоқсанда шықты. Бұл еліміз территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер. Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді:

· Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:

· Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:

· Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.

Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық міндеттеменің атқарылу мақсатында және болжанбаған жағдай кезінде шектеу бойынша шешім қабылдауға немесе кез келген валюталық операцияларды тоқтатуға құқылы [6].
Қазақстан Республикасы Президентті «Ұлттық банк туралы» заңда күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы.ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.
Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері (өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.

Халықаралық валюта, несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:

· Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);

· Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;

· Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі);

· Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;

· Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі;

· Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының негізінде жасалады [7].

Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс факторына айналды.

Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.

1976 жылғы Ямай келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты.

1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.

Қазіргі кезеңдегі әлем шаруашылығы байланыстарының қалыптасуы мен әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде [8].

Халықаралық есеп айырысу, халықаралық есептесу — әр түрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасындағы есеп айырысу. Ол экономика, саяси және мәдени байланыстар негізінде туындайды. Халықаралық есеп айырысу да тәжірибеде қалыптасқан, ұлттық заңдармен, халықаралық құжаттармен, ережелермен және ғұрыптармен тиянақталған, төлем шарттары мен тәртібі, сондай ақ оларды жүзеге асыру жөніндегі күнделікті банк операциялары қамтылады. Халықаралық есеп айырысуды несие беретін, кепілдік жасайтын банкілер қолма қолсыз нысанда жүргізеді. Банкілер өздерінің шетелдік бөлімшелерін және шетелдік банкілермен корреспонденттік қатынастарын пайдаланады. Халықаралық есеп айырысу валюталық және несиелік операциялармен, сыртқы саудамен, несиемен, инвестициямен, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен, техникалық көмекпен, сақтандырумен, байланыс қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен, туризммен, тағы басқа өзара байланысты валюта жүйесі ғасырдың төрттен бір.

2.2 Ұлттық Банктің валюталық операцияларды реттеуін талдау

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

• айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

— кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

— Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
— банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

• ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

• банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

— Қазақстан Республикасында ресми өлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

— Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістері мен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;

— Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын аныктайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;

— Қазақстан Республикасыңда валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;

• банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
— бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айңалысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

— егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатындабекітеалады;

— Ұлтгық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуғақұқылы;

— қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялауережелерінбекітеді,банкноттарменмонеталардытасуды,сақтанды-руды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттармен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларынқұрады;

• Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;

• ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

— ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;

• Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады [9].

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

ІІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Валюталық операцияларды реттеудің экономикалық проблемалары

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.
Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.[10]
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін қарастыру өте қызық екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін білу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, өзектілігін толық растайды.

3.2 Валюталық операцияларды реттеудегі проблемаларды шешу жолдары


Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:

- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оныңтұрақтануынаықпалететінфакторларәсерінанықтау;

- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқада экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттамаберу;

- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;

- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын бағалауға сараптама жасау;

- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;

- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.

Валюта операцияларының ақпараттық негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштерінде көрсетілген.

Проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы шешімін тапқан.

Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар:

- валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеуді үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне сүйенген теориялық негіздер;

- заңнама-құқықтық факторлардың әсерін ескеретін Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қалыптасуының және дамуының кезеңдері;

- макроэкономикалық көрсеткіштерге және валюталық бағамның тұрақтылығына әсер ететін факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық шараларға сараптама;

- отандық экономикаға валюта нарығының тигізетін кері әсерлерін азайтуға бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктер;

- ұлттық қаржы нарығының дамуын ескере отырып валюталық тәртіптемені ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның валюта саясатын жетілдіру жолдары.

Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады.

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздіктіқамтамасызету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.[11]

Валюталық саясат ұғымы, оның мақсаты және ерекшеліктері. Мемлекеттің валюталық саясатын заңнамалық қамамасыз ету. Мемлекеттік валюталық реттеу және валюталық саясаттың негізгі нысандары. Дисконттық валюталық саясат, оның ерекшеліктері және салдары. Валюталық интервенциялар, «стерилденген», «стерилденбеген», негізгі валюталық интервенция мақсаттары, валюталық шектеулер түріндегі протекционисттік шаралар. Валюталық шектеулер түрлері: валюталық блокада; шетел валютасын еркін сатып алуға-сатуға тиым салу; пайда, ақша қозғалысы және бағалы қағаздар репатриациясы; мемлекет қолында шетел валютасын жинақтау. Валюталық шектеулер салдары. Валюта курстарының девальвациясы және ревальвациясын қолдану мүмкіндіктері. Девальвацияның және ревальвацияның негізгі мақсаттары. Италия, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франциядағы валюталық және экспорттық бақылау.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталық операциялар да жасалады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

Валюталық жүйенің басты элементі – валюталық бағам.

Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

Валюталық қатынастар – бүл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізінде халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады.

Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсынысы негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді.

Валюталықоперацяилардыңкөлемінебайланыстывалюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі: пассивті – валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті – баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктік және неиелік айналыс құралдары – телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде калыптасатын оъективті кұндык катынастарына негізделеді.

Валюталық бағам — басқа елдің ақша бірлігіне қатыс-ты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталык паритет шеңберінде ауытқып отырады.

Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік жасайды.

Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, олекі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

Валюта нарығы қаржы нарығындағы ең үлкен нарық.

Валта нарығы кез келген елдің экономикасында қан айналымының ролін атқарады.

Валюта нарығын реттеу – ел экономикасын реттеудің алғы шарты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қаржы нарығы және оның делдалдары. У.М.Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А.Рузиева.А., 2005.

2. Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымов. А, 2012.

3. Ақша айналысы және несие.Мақыш С.Б.А., 2012.

4. ҚР “Бағалы қағаздар нарығы”туралы Заңы. Егемен қазақстан 3 шілде 2003ж.

5. ҚР “Валюталық реттеу туралы” Заңы. 24 желтоқсан 1996ж.

6. Казахстанский валютный рынок.К. Ж. Бертаева. А., 2012.

7. Валютный дилинг.Г.С. Маргацский. А., 2008.

8. Клчевые рыночные концепции.Стайнер Б. М., 2010.

9. FOREX: фундаментальный анализ валютных рынков.Таран В.А. М., 2012.

10. Валютный рынок и валютные операции. К.Ж.Бертаева. А., 2008.

11. Бюллеттень нормативных правовых актов. №26. А., 2010