Фторопласттар

Полярлы және полярлы емес бола алатын фторкөміртекті полимерлердің бірнеше түрі бар.

Тетрафторэтилен газының полимеризация реакциясының өнімінің қасиетін қарастырамыз

(F2С = СF2).

Фторопласт4 (политетрафторэтилен) – ол ақ түсті борпылдақ ұнтақ. Молекуласының құрылысы келесі түрде болады:

Фторопласттың молекулалары симметриялық құрылған. Сондықтан фторопласт полярлы емес диэлектрик болып табылады.

Жоғары тазалық және молекулалар симметриясы жоғарғы деңгейлі электрлік сипаттамаларының болуына әкеледі. С және Ғ арасындағы байланыс энергиясы үлкен болғандықтан суыққа және ыстыққа төзімділігі жоғары болады. Фторопластыдан жасалған радиодетальдар -195 ÷ +250°С температуралар интервалында жұмыс істей алады. Лапылдап жанбайды, химиялық тұрақты, гигроскопті емес, гидрофобтылық қасиеті бар, көгермейді. Салыстырмалы электрлік кедергісі 1015 ¸ 1018 Ом·м, диэлектрлік өтімділігі 1,9-2,2, электрлік беріктігі 20-30 МВ/м.

Радиодетальдарды фторопласт ұнтағын суық пресстеу арқылы жасайды. Пресстелген бұымдарды пештерде 360 - 380°С күйдіреді. Өте жылдам салқындатса бұйымдар жоғары механикалық мықты шымыр болып шығады. Баяу салқындатса жақсы шымырланбайды. Оларды оңай өңдеуге болады, қаттылығы төмен, электрлік сипаттамалар деңгейі жоғары болады. Егер бұйымдарды 370° дейін қыздырса кристаллдық күйден аморфтық күйге өтіп, мөлдір затқа айналады. Материалдардың термиялық ыдырауы > 400°С басталады. Осының нәтижесінде улы фтор түзіледі.

Фторопласт кемшіліктері – механикалық жүктеме нәтижесінде аққыштығы, радиацияға шыдамдылығы төмен, бұйымдарды қайта өңдеу көп ресурс қажет етеді. Осыған қарамастан ЖЖ және ӨЖЖ техникалары үшін ең керемет диэлектриктер болып келеді. Электро- және радиотехникалық бұйымдарды пластиналар, дискілер, сақиналар және цилиндрлер ретінде дайындайды. ЖЖ кабельдерге нығыздап отырғызып жұқа қабыршақпен изоляциялайды.

Фторопластқа әйнекталшық, бор нитриді, күйе және т.б. қосып модифицирлеуге болады, яғни осы қоспалардан жаңа мықты қасиеттері бар материалдар алуға болады.


Глоссарий сілтемелері

[1] Электролитикалық диссоциация – заттардың молекулаларының оң иондар-катиондарға және теріс иондар-аниондарға ыдырауы.

[2] Электролиз – екі электрод және электролит электрохимиялық жүйеден тұрақты электр тоғының әсерінен болатын химиялық процесс.

[3] Эмульсия – өзін ерітпейтін бір сұйықтың екінші сұыйқта ұсақталған дисперстің жүйе.

[4] Суспензия – сұйықтықтағы қатты бөлшектердің төменгі дисперсті жүйесі, ал аса жоғарғы дисперсті жүйелер коллоидты ерітінділер деп аталады.

[5] Ароматтық қоспалар – бензолдық ароматтық ядросы бар айрықша ароматтық деп аталатын химиялық қасиеттері бар көміртектің алты атомды циклдік топтарымен сипатталатын көміртегі атомының тұйық тізбегінен құралған байланыстар.

[6] Алифаттық қоспалар – көміртегі және сутегі атомдарының ажыратылған тізбектерінен құралған алкан деп аталатын циклді емес көмірсутектер.

[7] Бензолдық сақина –көміртегінің алты атомынан құралған циклдік топтар.

[8] Полидиметилсилоксандар – кремнийдің және оттегінің атомдарынан құралған қайталанатын силоксанды топтан тұратын сызықтық құралған сұйық кремнийорганикалық полимер.

[9] Фенильдік топ (фенил) – сутегі атомын кез келген бензолды ядроның көміртегі атомынан жұлып алынғанда түзілетін C6H5бензолдың бірвалентті радикалы.

[10] Гидролиз – заттың сумен әрекеттескендегі біреуі гидрид ал екіншісі гидрооксильтүзетін реакция PCl3 + 3H2O = P(OH)3 + 3HCl. Гидролиз реакциясында терісірек элемент сутегімен, ал терістігі кемірек элемент гидрооксильді топпен әрекеттеседі.