Кредит №2

1. Тақырып №4. Физикалық даму. Халықтың жеке топтарының (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, үлкен кісілер) денсаулығының медициналық-әлеуметтік аспектілері.

2. Мақсаты:физикалық даму. Халықтың жеке топтарының (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, үлкен кісілер) денсаулығының медициналық-әлеуметтік аспектілері.

3. Дәріс тезисі

Физикалық даму деп адам организмінің морфологиялық және фунциональды белгілерінің жиынтығы және олардың бір-біріне қарым-қатынасы.

Бала бойының және организмнің интенсивті өтетін процестері, оның қоршаған ортаға сезімталдтығын анықтайды. Баланың физикалық дамуына климат ерекшелігі, үй жағдайы, күн тәртібі, тамақтану ерекшелігі және басынан өткізген аурулары айқын әсер етеді. Сонымен қатар, физикалық дамуға тұқымқуалашылық факторлар, конституция типі, зат алмасу интенсивлігі, оргназмнің эндокриндік жүйесі, қанның ферменттік белсенділігі және ас қорыту бездердің секрециясы да әсер етеді.

Осыған байланысты балалардың физикалық даму дәрежесі олардың денсаулық көрсеткіші болып саналады. Балалардың физикалық дамуын бағалаған кезде келесі көрсеткіштерге назар аударады:

1. Морфологиялық көрсеткіштер: дене салмағы мен бойы, кеуде клеткасының айналымы, 3 жасқа дейінгі балалар басының айналымы;

2. Функциональды көрсеткіштер: өкпенің тіршілік сыймдылығы, қолдың бұлщықеттік күші және т.б.

3. Мускулатураның және бұлшықет тонусының дамуы, арқа жағдайы, тірек-қимыл аппараты, теріасты клечаткасының даму дәрежесі, тіндердің тургоры.

Бой көрсеткіштері физикалық дамудың басқа көрсеткіштеріне қарағанда неғұрлым нақты болып табылады.

Медициналық осмотр кезінде әдетте бой және дене салмағы өлшенеді. Бой көрсеткіші өсу процестерін, дене салмағы – тірек-қимыл аппараттың және теріасты клечатканың дамуын көрсетеді. Антропометриялық және саматоскопиялық зерттеулер күннің бірінші жартысында ауа температрасы бар, жеке топқа арналған, жарқтандырылуы бар бөлмеде жүргізілу керек. Мұндай зерттеулерге арналған инструменттер стандартты және дезинфекцияланған болу керек. Бойды өлшеген кезде бала ростометр аймағында болуы керек, табан, жамбас, және жауырынаралық аймақпен ростометрдің вертикальді планкасына жанасып жатуы керек, өлшеу нақты 0,5см-ге дейін жүргізіледі. Дене салмағы нақты 100г-ға дейін жүргізілуі керек. Бірақ та физикалық даму тек қана дененің жалпы өлшемдерін ғана бағаламау керек, сонымен қатар индивидуальды бойдың және дамудың биологиялық жасын қамтамас етуі және анықтауы керек. Оны анықтау үшін әртүрлі критерилер бар: сүйектік жас (рентгенологияда анықталады), тістік жас (сүт және тұрақты тістердің санына байланысты анықталады), жыныстық даму (екінщілік жыны ағзаларының даму дәрежесіне байланысты анықталады). Биологиялық жасты бағалаумен қатар морфофункциональді жағдайдың сәйкестігін анықтайды. Ол үшін біріншіден, дене салмағының бойға сәйкестілігін, оған арнайы кесте – дене салмағы бойы бойынша регрессия шкаласы қолданылады. Олардың көмегімен: қалыпты дене салмағын, дене салмағының жоғалуы, шамадан тыс болуы және төмен бойлы болып бөлінеді. Дене салмағының жоғалуы, шамадан тыс болуын анықтағаннан кейін, тек қана фактикалық және қалыпты дене салмағын бағалау керек (жас, жыныс, бой бойынша регрессия шкаласы қолданылады), сонымен қатар баланың конструкция типі және оның бұлщықет және теріасты клечатканың даму дәрежесі бағаланады. Ол үшін баланы қару кезінде бұлшықеттердің рельфін, серпімділігін, жауырының орналасуы және іштің формасын бағалау керек. Мускулатураның әлсіз дамуы бұлшықеттердің серпімділігінің, кеуде клеткасының жызық болуы, жауырын бұрышының қалуы (« қанаттәрізді жауырын»), іштің кеуде клеткасынан 2см-ге көп шығып тұруы, ал иық айналымының бос және қатты ұстау жағдайының арасындағы 1см-ден төмен айырмашылығы. Майдың шамадан тыс жиналуы сүйек рельфінің тегістелуі және бұлшықеттің майлы қабаттан 1,5см көп болуы. Функциональды мүмкіндіктің традиционды көрсеткіші ретінде көптеп профилактикалық осмотр кезінде қолдың жұмылу күшін (динамометрия) және өкпенің тіршілік сыймдылығы анықталады.

Морфофункциональды жағдайдың гармониясы дене салмағы және функциональды көрсеткіштері қалыпты деген балаларда анықталады, дисгармония - дене салмағының жоғалуы, шамадан тыс болуы және (немесе) функциональды көрсеткіштері төмендеген.

Физикалық дамудың ауытқуы денсаулық жағдайының бұзылысын көрсетеді. Баяу және тездетілген даму, төмен бойлы немесе дене салмағының жетіспеуі бар балалар эндокринологқа баруы керек. Дене салмағының жетіспеуі бар балалар педиатрға қаралуы керек. Бұл балаларда педиатр қимылдау белсенділігін, тамақтану және қоршаған ортаның антропогенді кірленуі деген факторларды бағалау керек.

Физикалық даму өсіп келе жатқан организмге өте маңызды. Дәрігер бала туылғаннан бастап баланың физикалық дамуыны (құрсақішілік кезеңнен бастап) бой тоқтатылғанға дейін (20-25 жас) қарауы керек. Физикалық жағдай бұл – адамның денсаулық жағдайымен, оның функцональды мүмкіншілігімен, физикалық дайындығымен ерекшелінетін бұлшықеттік жұмысты орындауы.

Физикалық жағдай- бұл физикалық дамудың және организмнің функциональды жағдайын комплексті түрде бағалау. Физикалық жағдай- бұл әрбір жүйеге байланысы бар арнайы көрсеткішпен сипатталатын организм мүшелерінің және жүйелерінің өмірлік жағдайының деңгейі. Мысалы, жүрек-қан тамырлық жүйеге: Пульс жиілігі, АҚ ( систолалық, диастолалық, пульстық), қанның минуттық көлемі, қанның соғу көлемі, оттегігінің максималды пайдалану, және т.б. Тыныс алу жүйесіне: тыныс алу жиілігі, өкпенің тіршілік сйымдылығы, өкпенің максимальды вентиляциясы, тыныс алудың минуттық көлемі және т.б. Бұлшықет жүйесіне, біріншіден әртүрлі бұлшықет тобындағы бұлщықеттердің бұлшықеттік күші. Спорттық медицинада көптеген функциональды көрсеткіштер, функциональды пробалар қолданады.

Организмнің физикалық жағдайын бағалауы бойынша жасалған методика 18-20 көрсеткішті камтамассыз етеді. Дәрігердің практикасында 10 көрсеткіш қолданылады:

1. Бой-салмақ

2. өмірлік көрсеткіш

3. тыныштықтағы пульс

4. 20 преседаниямен жүргізілетін функционалды проба

5. массивті тест

6. омыртқаның серпімділігі

7. қолдық және становая динамометрия

1. Бой-салмақ көрсеткіштерін анықтау кезінде дене салмағын грамда бойды см түрінде бөлу керек.

2. Өмірлік көрсеткіш өкпенің тіршілік сыймдылығының дене салмағына кг арақатнасы. Көрсеткіштің төменудеуі ӨТС төмендегенін немесе шамадан тыс дене салмағының болуын көрсетеді.

3. Тыныштағы пульс таңертең төсекте жатқан күйде өлшенеді. Пульс 10сек саналып 6-ға көбейтіледі. Одан нақты секундомер арқылы 60сек санауға болады.

4. Пульстің жоғарлауын 20 пресиданиямен жүргізілетін физикалық жүктеме түсіру арқылы жасауғы болады. Пресиданидан бұрын пульс 10сек саналады, одан кейін 20рет пресидание 30сек ішінде жасалынады, лезде пульс 10сек саналады. Пульстің жоғарлаған процентін санайды.

5. Пульсті қалпына келтіру уақыты. Пульс 1, 2, 3 деп демалыс кезінде саналады. Нәтижесі: 1мин кейін өте жақсы; 2мин кейін-жақсы; 3мин кейін қанағаттанарлық; 4 мин кейін-қанағаттанарлықсыз.

6. Массивті тест: физикалық жүктеме – 3 – (35)см ұзындықта орындыққы 3мин көтеріледі(1,2,3 дегенде). Жүктеме жасағаннан кейін демалыстың 1-ші 2-ші минуттары пульс 30сек саналады да, 2 алынған нәтиже қосылады.

7. Серпімділік - бұл әртүрлі буындарда үлкен аплитудалы қозғалыс жасауға қабілетті. Серпімділік бұлшықеттердің және буындардың эластикасына, қан тамырлардың жағдайына бпайланысты.

Серпімділікті анықтау үшін табуреткаға немесе гимнастикалық скамейға тұрып, тізе бүкпей алдыға күш жеткенше бүгілеміз. Бұл нәтижеге сонымен қатар аяқтың ұзындығы да әсер етеді. Сондықтан методика бойынша салыстырмалы және абсолютті серпімділік анықталады. Алдымен 10-дан бастап, үшінші қол саусақтарына дейін өлшенеді. Одан кейін серпімділік нөлдік өлшемде өлшенеді – бұл салыстырмалы серпімділік. Екі нәтиженің суммасын абсолютті серпімділік береді.

8. Бұлшықеттік күш сыртқы күшке төзе алатын немесе оған қарсы тұратын қабілеттілікпен ерекшелінеді. Бұлшықеттік күшті бағалау динамометрия көмегімен жүргізілдеді. Қолдық динамомтрмен қол бұлшықеттерінің күшін өлшейді. Бұлшықет күшінің дене салмағының мөлшері проценті бойынша белгілейді. Мысалы, қолдың күші 52кг, дене слмағы – 76кг, Қолдық динамометрия = 52/76*100=68,4%

9. динамометрмен арқа бұлшықеттерінің күші анықталады, арқа бұлшықеттернің күшінің дене салмағына қатынасын бағалайды.

10. Физикалық жағдайдың дәрежелері:

1. Ұзын (5 балл);

2. Орташадан ұзын (4 балл);

3. Орташа (3 балл);

4. Орташадан төмен (2 балл);

5. Төмен (1 балл).

Шыныққандықты анықтау үшін қарапайым әдістерді қолдануға болады.

Пульс бойынша отырып ЖСЖ анықтауға болады, егер де ЖСЖ:

1. мин. 55 соғуы - өте жақсы баға;

2. мин 70 соғуы – жақсы;

3. мин 80 соғуы – қанағаттанарлық;

мин 80 соғудан жоғары – қанағаттанарлықсыз.

Әйелдерде мин. 5 соғудан жоғары болу керек.

 

Тынысты шығарған кезде тынысты тоқтату пробасы:

90 сек жоғары - өте жақсы;

60-90 – жақсы;

30-60 – қанағаттанарлық;

30 сек төмен – қанағаттанарлықсыз.

 

Секірумен жасалатын проба:

Тыныштықтағы пульсті өлшеп, орнына тұрып қолды белге қоямыз. 30 сек ішінде 60 рет секіреміз.

Егерде ЖСЖ-нің жоғарлауы тыныштық жағдайға қарағанда:

25% және төмен - өте жақсы;

25% - 50 % дейін – жақсы;

50% -75% дейін – қанағаттанарлық;

75 % жоғары - қанағаттанарлықсыз.

100-ге дейін жоғарлаған – шынықандықтың әлсіз екенін көрсетеді.

Жеке топ тұрғындар ауруларының профилактикасын және денсаулығының сақталуы тек қана денсаулық сақтау органдардың міндеті болып қана қоймайды. Бұл жүйе адамдар денсаулығына әсер ететін жағымсыз әдеттерді жоюға бағытталған, аурулардың пайда болуына және дамуына жол бермейтін: үймен қамтамассыз ету, тамақтану гигиенасы, еңбек жағдайын жеңілдету, балаларға арналған балабақшаларды қамтамассыз ету, спорттың дамуына ықпал ететін мемлекеттік және жалпылай мерекелер.

Мемлекет ең алдымен әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтауға тырысады, әйел денсаулығы және оның ең негізгі қызметі – дені сау баланың туу және оны тәрбиелеу үшін барлық жағдайларды қамтамассыз етеді.

Әйел адамның организмі күрделі морфологиялық және функциональды ерекшеліктермен сипатталады.

Балалардың және жас өспірімдердің физикалық дамуының экспресс - әдісі.

Физикалық жұмысқа қабілеттілікті тестілеу нәтижесі энерготүзілістің ең қарапайым және тиімді критериі болып табылады. Мұнда тек қана жалпы төзімділік - индивидтің максималды аэробты қабілеттілігін көрсетіп тұрғанын ескеру керек. Педиатр баланың физикалық дамуы туралы мәліметті физикалық дамудың маманы арқылы алуына болады, бірақ та оғанға дейін өте қиын барьерлерден өту керек.

Жалпылама әдістерден алынған баланың физикалық даму дәрежесінің мәлеметтеріне қарағанда бағалау жүйелері нақты мәліметті бере алады. Сонымен қатар мұндай әдіс дамып келе жатқан организмнің қазіргі жағдайларға адаптациялық қабілетін және даму программасын құрай алады.

Баланың дамуы үнемі толқын тәрізді өтеді. Бойдың тез өсуі кезінде, оның баяу өсуіне ауысады, дене салмағының қосылуы және дифференцировка процестерін өтуімен жүреді.

Қазіргі заманда баланың дамуы және өсуі тез жүреді, сондықтан да белгілі бір деңгейге жетіп, дамуы ерте жаста өтеді.

Қазіргі кезде балаларда, әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер арасында ауру мезгілі жеткілікті жоғарлаған (Қазақстандағы оқушыларда 26,6%). Балалардың оқытылуымен және ауру пайда болуы (дамуы) арасында қатынас бар, психологиялық және де соматикалық ерекшелікте.

Медицина адамның өмірге қабілетілігін үзетін көптеген ауыр ауруларлдың болуы – бұл физикалық белсенділіктің, әсіресе ой жұмыспен айналысатын адамдарда физикалық белсенділіктің жетіспеушілігіне байланысты деп санайды.

Эволлюцилық дамуда, адам организмі және басқа жүйелердің қалыптасуы оның қозғалыс белсенділігіне сүйенді. Физикалық жұмыс организмнің табиғи мұқтаждығы болып табылады. Жүрек-қантамыр, тыныс алу, нейроэндокринді жүйелердің, организм тіндерінің қалыпты жағдайда болуы тек қана әртүрлі бұлшықеттік жүктеме арқасында болады.

Зерттеу көрсеткіштері бойынша, оқу кезіндегі студенттердің қимылдау белсенділігі 56-65%, экзамен кезінде одан төмен 39-46%, ал каникул кезінде одан да төмен болады. Яғни студенттердің қимылдау дефициті оқу кезеңінің 80%-тін құрайды. Соған қарамастан студенттерде физикалық жүктеме жоғары дәрежеде тұр, олар күніне 38 мың қозғалыс жасайды.

Қимылдау белсенділігінің оптималды деңгейін анықтау маңызды болып табылады. Минималды қимылдау деңгейінің шекарасы организмнің функционалды жағдайын сақтауға бағытталған болу керек.

Максималды шекаралар қажуға, жұмысқа қабілеттіліктің лезде төмендеуіне алып келетін шамадан тыс физикалық жүктемелерден сақтану керек.

Шамадан тыс физикалық жүктемелер ой қабілетінің толық қалаптасуына алып келмейді.

Көршілес елдердегі және шетелдегі авторлар қазіргі адамның қимылдау белсенділігінің нормасын ғылыми түрде дәлелдеп берді, күніне 10-14 мың адым (7-10км) жүру керек. Бұл нормаға көптеген тұрғындар жете алмайды.

Адамның қимылдау белсенділігін анықтау үшін методикалық өлшеулер бар. Төменде келтірілген кесте бойынша қимылдау белсенділіктің бағасын балл бойынша белгілейді, штрафтық баллдар қосылады және шығарылады. Егер де қорытынды баға 70 және одан көп балл құраса, қимылдау белсенділік «өте жақсы», 69-50 – «жақсы», 49-30 – «қанағаттанарлық», 30-дан төмен – «қанағаттанарлықсыз».

Физикалық белсенділікті бағалау.

Жүктеме түрлері   Ұпайдың саны
Үнемі Үнемсіз Жасалмаған
1. Таңертеңгілік гимнастика ( немесе басқа қозғалыс)
2. Баспалдақтан лифтсіз көтерілу
3. Жұмысқа жаяу бару
4. Жұмыстан жаяу қайту
5. Бос кезде физкультуралық Жаттығулар (үйірме, күнделікті Гимнастика, фитнес-клуб)
6.Демалыс күндері физкульту-ық ралық жаттығулар
7. Шынықтыратын процедурлер
8. Спортқа (кросс) қатысу
9. Ұлттық және президенттік нормативтерді тапсыруға дайындық дайындық
10. Үйде физикалық жұмысты орындау

Штрафты ұпай:

1. Темекі шегу 10

2. Алкоголь қолдану 10

3. Күн тәртібінің бұзылуы 5

4. Тамақтану тәртібін ұстамау 5

Физикалық белсенділік деңгейлерін көрсететін көптеген методикаларда жетіспеушіліктер бар. Ең негізгісі бұл барлық жаттығулар орташа статикалық адамдарға арналған. Бірақта өмірде барлық адамдар – функциональды жағдайы, аурулары, психологиялық төзімділігі бойынша бірдей болады. Сондықтан дәрігер әрбір адамның өзіндік ерекшелігін ескеру керек.

Қазіргі заманның мәліметі бойынша қартаю – баяу табиғи өлімге әкелетін қалыпты физиологиялық процесс. Қартаю кезде организмнің ішкі органдардың тұрақтылығын ұстап тұруға қабілеті төмендейді.

Физиологиялық қартаю деп, ешқандай аурулармен асқынбаған жағдайды айтады.

Орта жастағы және аз қозғалыс жасайтын адамдарда бұлшықеттік салмақ төмендеген, май қабаттары жақсы дамыған, сүйектерде структуралық өзгерістер, буынның буындық беткейлері жойылған. Ересек адамдарда тыныс алу беткей, оларда кәрілік эмфизема дамиды. Ас қорыту жолдарының функциональды бұзылыстары байқалады. Ойлау қабілеті төмендейді, бұлшықеттік қабілеттілік төмендейді.

Ересек адамдарда остеохондроз, созылмалы іш қатулар, зат алмасудың аурулары, бүйрек пен өт шығару жолдарында өткір ауырсынулар және т.б. дамиды.

Қартаю кезеңде организмнің қимылдауға деген қабілеті төмендемейді, керісінше жоғарлайды.

Ересек адамдарға қимылдау белсенділіктің көлемін және түрін тандау кезінде олардың денсаулық жағдайын, физикалық дайындығы қандай екенін білу керек.

4. Көрнкі материал: дәріс презентациясы

5. Әдебиет

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону,«Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Физикалық дамудың зерттеу әдістері мен бағалауын атап өту.

2. Денсаулықтың медико-социальды аспектілерін атау.

3. Физикалық дамудың анықтамасы

4. Физикалық денсаудықтың негізгі көрсеткіштері

5. Физикалық әдістемені бағалау нышаны

 

1. Тақырып №5. Өмір салты және жиі кездесетін аурулардың медициналық-әлеуметтік аспектілері.

2. Мақсаты: студенттерді өмір салтының түсінігі мен аспектілері , жиі

кездесетін аурулардың медициналық-әлеуметтік аспектілеріне үйрету.

3. Дәріс тезисі

Денсаулық ұғымы әрқашан даму үстіндегі дефиниций қатарына жатады. Бұл динамика ең алдымен ғылым дамуымен , ол өз кезегінде нормалардың дәл анықталуымен жүреді, қоғам дамуымен, адамның өмір салтын өзгертетін шарттар және оның денсаулығына қойылатын талаптар , мәдениеттің дамуы және де денсаулыққа әсер ететін басқада бағалы қатынастардың құрылуы . Оған қоса, бұл сұраққа күрделілікті туғызатын жайт ол адамның денсаулығы емес, өмір сүру салты мен әлеуметтік қызметтері әртүрлі, ер адам мен әйел адам денсаулығы, бала мен қарт адам денсаулығы. Сонымен қатар,әртүрлі географиялық және климактериялық аймақтарда тұратын халықтың адаптациялық мүмкіндктері мен қызметтік талаптарын ескепген жөн,себебі олардың арасында айырмашылық бар. Денсаулықтың әртүрлі түрлері бар,мысалы, ата-анасынан берілген немесе салауатты өмір салтымен өмір сүретін адамда жүре пайда болған түрі бар.

Денсаулықтың үш түрі туралы айтуға болады-физикалық, психологиялық және әлеуметтік.

Физикалық денсаулық-ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруына негізделген ағзаның қалыпты жағдайы. Егер ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері дұрыс қызмет атқарса, онда бүкіл ағза дұрыс қызмет атқарады және дамиды (өз-өзін реттейтін жүйе).

Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты. Ол ойлау сапасының мөлшерімен , назар мен есте сақтау қабілетіне, эмоциональді төзімділік дәрежесімен сипатталады.

Әлеуметтік денсаулық адамның әлеуметтік жағдайының негіздерімен, яғни, белгілі қоғамдағы жағдайымен анықталады. Әлеуметтік денсаулықтың ерекшелейтін жайты ол еңбекке қатынас, мәдениеттің бай қазынасын игеру, салауатты өмір салтына қарсы келетін жағдайларды белсенді түрде қабылдамау. Әлеуметтік денсаулық адам енсаулығының жоғары өлшемі болып табылады. Денсаулығы мықты және рухани бай адам бақытты, ол өзін жақсы сезінеді, барлық жұмыстан рахат алады, өз-өзін жетілдіруге,ішкі әдемілікке ұмтылады.

1948жылы қабылданған ДДСҰ жарғы формуласы, сол жылдардың әлеуметтік және медициналық ғылым қорытындыларына негізделіп қабылданған, денсаулықты толық физикалық, рухани және әлеуметтік байлық жағдайы деп жіктеді.

Өмір салты.Медициналық-әлеуметтік аспектілер.

Қазіргі кездегі аурушаңдық себептері мен өлім дәрежесі құрылымы халықтың өмір салты мен обьективті және субьективті қатынастарымен анықталады(Жүрек-қантамыр,онкологиялық,нервті-психикалық аурулар және олардың ішінде жиі кездесетіні жарақаттар.)Денсаулыққа өмір салтын құюмен айналысқандар Д.А.Изуткин,Ю.П.Лисицын,И.В.Журавлева.

Өмір салты –жеке және коллективтендірілген өмір сүру формасы, шарты және әдісі(еңбек,үй,әлеуметтік-политикалық және мәдени), олар айқын тарихи әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тән.

Жеке және коллективтендірілген өмір салтын ажыратады. Біріншісі әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген үлкен әлеуметтік топтарға жатады-халықтарға, ұлтқа, мәдениетке, қоғамға(көшпелі, тұрақты, христиан, мұсылман, буддалық ), әртүрлі халықтардың беткеұстарлары, ауыл немесе қала тұрғындары болуы мүмкін.

Жеке өмір салты жеке әрбір әлеуметтік топтағы адам өмірін ерекшелейтін қасиеттер түсінігі кіреді. Өмір салтының құрылымына құраушы элементтер, бір халықтың өмір салтын немесе индивидтің басқалардан ерекшелейтін сипаттамалар кіреді.

Өмір салты тек қана адамның жеке қасиеттерімен ғана анықталмайды-мінезімен, темпераментімен , мәдениетімен ,сонымен қатар қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайымен ,жанұяның әлеуметтік жағдайымен, қоғамның экономикалық дамуы дәрежесімен және мемлекеттің политикалық кестесімен, тұрғылықты жердің климаттық жағдайларымен анықталады.

Өмір салты комплекстік түсінік ретінде өмірдің сапасы мен деңгейімен:мәдениет ерекшеліктерімен, қауіп-қатер факторлар селбестігімен жүреді.

Өмір деңгейі-әлеуметтік-экономикалық , мемлекеттің халқының, әлеуметтік класстар мен топтардың, жанұяның материалды және рухани талаптарын қанағаттандыру дәрежесін айқындайтын категория.

"Өмір деңгейі" түсінігіне "өмір сапасы" дефинициясы жақын.

Өмір сапасы- бұл материалдық, әлеуметтік, демографиялық өмір шарттарының селбесуі немесе олардың дамуының деңгейі.

"Өмір деңгейі" түсінігіне қарағанда "өмір сапасы" түсінігі демократизация, халықтың денсаулық жағдайы, қоршаған орта жағдайы, түзілу мүмкіндіктері, әлеуметтік қорғану дәрежесі сияқты түсініктер кіреді.

Қоғамдық денсаулықты зерттеу мен екіншілік бағыттама –қауіп-қатер факторларды зерттеу.

Қауіп-қатер факторларды біріншілік: шылым шегу, ішімдік қолдану, дұрыс емес тамақтану, гиподинамия, психоэмоциональді стресс және екіншілік : диабет, артериалық гипертензия, липидемия, холестеринемия, ревматизм, аллергия , иммунодефициттер деп жіктеу ұйғарылған.

Факторлардың көбі өмір салты мен шартына байланысты .Көбінесе танымал факторлар мен дәрежелері белгілі.

 

Қауіп-қатер факторлар топтамасы

Факторларды денсаулыққа құю сфералары Қауіп-қатер факторлар топтамасы   Қауіп-қатер факторларының үлес салмағы(%)
Өмір салты шылым шегу     49-53
ішімдік қолдану
дұрыс емес тамақтану
Стресстік жағдайлар(дистресстер)
Еңбектің қолайсыз әсерлері
гиподинамия
Нашар материалдық жағдай
Есірткі қолдану,дәрі-дәрмекті артық қолдану
Жанұяның мықты емес болуы,жалғыздық
Мәдениет және білім деңгейінің төмен болуы
Урбанизация деңгейінің жоғары болуы
Генетика, биология   Тұқымқуалаушы ауруларға бейімділік   18-22
Дегенеративті ауруларға бейімділік
Сырқты орта Канцерогендермен және ауаның басқа зиян заттармен ластау     17-20
Канцерогендермен және судың басқа зиян заттармен ластау
Топырақ ластануы
     
Атмосфералық құбылыстардың кенет өзгеруі
Гелиокосиялық,радиациялық,магниттік
Денсаулық сақтау Профилактикалық шаралар нәтижесіздігі   8-10
Медициналық көмек сапасының төмен болуы
Медициналық көмек кешігу

 

Өмір салты ауруға бейім әлеуметтік топтар қауіп топтарын құрайды.

Қазіргі кезде бес негізгі топты ажыратады:

  • демографиялық : балалар, қарттар, жалғыздар, жесірлер, мигранттар, қашқындар, араласқан адамдар;
  • профессионалды қауіп: денсаулыққа зиян заттар өндіретін жерлерде жұмыс жасайтындар(машина жасау, химиялық, металлургиялық өндіріс, транспорт);
  • функциональді,патологиялық жағдай : жүктілер, жетілмеген балалар ,аз дене салмағымен туылғандар, генетикалық қаупі бар лар, аномалиялармен туылғандар, мүгедек балалар;
  • төмен материальді өмір жағдайы,кедейлік,жоқшылық: кедейлер, қамтамасыз етілмейтіндер, жұмыссыздар, толық емес күн жұмыс жасайтындар,бомждар;
  • девиантты мінезді адамдар, психопатикалық әлеуметтік-психологиялық және басқа да коллизиялар. Спиртті ішімдік қолданатындар, наркомандар, токсикомандар, жезөкшелер, психикалық жағдайының деформациясы бар адамдар(невропатия,психопатия), религиялық, психикалық ауытқуы бар сектанттар.

Антириск факторлары аз зерттелген аймақ болып табылады,олардың табиғаты шылым шекпейтіндерде,олар неге шылым шекпейді.антириск факторлары мүмкін адамдарға жемістілеу шығар.

Үшінші бағыт -Өз-өзін сақтайтын қылық (синонимдер: витальді, денсаулық сақтайтын) жеке адамның өмірінің денсаулығы мен созылуын анықтайды. Өз-өзін сақтайтын қылық негізін зерттегенде жеке адамның бағалы-мотивациялық құрылымын ,жіне осы құрылымдағы денсаулықты үшін өз-өзін сақтайтын қылықты ынталандыру және салауатты өмір салтын жүргізу керек. Өз-өзін сақтайтын қылыққа тамақтанудың дұрыстығы,физикалық және спортпен шұғылдану, жағымсыз қылықтардан бас тарту,гигиеналық талаптарды орындау,санитарлы білімділік,медициналық жаттығуларға уақытылы қарау,сонымен қатр профилактикалық мақсаттада,медициналық талаптарды қатақ орындау,жұмыста қауіпсіздік техникасын орындау.

Адамдардың аурудың неліктен пайда болатынын білуден артық ештеңе жоқ,және осы факторларды болдырмау шараларын орындау.Аурудың алдын адуының ең күшті әдісі ол –салауатты өмір салты.Денсаулықты табиғат сыйлығы деп санауға болады,біраұқ ол сақталама,көбейеді ме немесе жоғалама ол адамға байланысты.Әсіресе өз денсаулығына немқұрай жас адамдар қарайды.Денсаулықтың өмір үшін қаншалықты қажет екенін білмеу тек қана мәдениеттің төмен дәрежелі немесе медициналық сауатсыздықты ғана білдірмейді,сонымен қатар әлеуметтік инфантилизмді білдіреді. Өз-өзін сақтайтын қылық өзіңнің денсаулығыңа қараумен анықталады,аурудың профилактикасымен ,салауатты өмір салтына бетбұрыс жасау. Салауатты өмір салтын ұйымдастыру үшін екі бағытта: құрастыру,дамыту,күш түсіру,денсаулыұ үшін позитивті шарттарды белсендіру.

Бұл екі бағыт бір бірімен байланысты болса да,тәжірибе жүзінде тек қана қауіп қатер факторларымен күресумен ғана шектеледі,бұл өте маңызды.Егер де осыған гигиеналық талаптарды сақтауды ,еңбек,демалыс,оқу қосып қойсақ ,әлеуметтік және профессионалдық стресс деңгейін төмендетсек,физикалық белсенділікті күшейтсек.

4. Көрнекі материал:дәріс презентациясы

5. Әдебиеттер

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6.Бақылау сұрақтары:

1. Қауіп-қатер факторлары

2. Қауіп-қатердің негізгі 5 түрін ата

3. «Өмір салты» ұғымына анықтама

4. Өзін-өзі қорғау дегеніміз не?

 

 

1. Тақырып №6: Халыққа емдеу профилактикалық көмекті ұйымдастыру және ана мен баланың денсаулығын қорғау

2. Мақсаты:студенттерді профилактикалық көмек көрсетуді, ана мен бала денсаулығын қорғауды үйрету

3. Дәріс тезисі

Емдеу профилактикалық көмек өзідігімен әртүрлі медициналық көмектермен және басқа да мекемелердің көрсететін көмектердің жиынан құралған күрделі жүйе болып табылады.

Емдеу профилактикалық көмек ауруханалаық тыс, ауруханалық және санаторлы курорты болып жіктеледі. Ауруханадан тыс көмек өзі екі топқа амбулаторлы поликлиникалық және жедел медициналық көмек болып бөлінеді. Әр түрлі әлеуметтік топтарға байланысты қалалық тұрғындар, өнеркәсіп жұмысшылар, балалар, жүкті әйелдерге және т.б. емдік профилактикалық көмектің ұйымдастыру ерекшеліктері байқалады. ЕПК дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек болуы мүмкін. Негізінен, емдік профилактикалық мекемелерде тұрғылықты жергілікті жер мекенінде (территориальды принцип бойынша) немесе жұмыс орнында (өндірісті принцип бойынша) көрсетілуі мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек ЕПК нің ерекше орын алады, өйткені дұрыс көрсетілген жедел іс әрекеттер адамның өмірін сақтауға, ауыр асқынуларды алдын алуға, бақытсыз травмаларды, улануларды, кенеттен өлімді, шоктан т.б. жарақаттардан сақтап қалады. Алғашқы медициналық көмектің ерекшелігін бірі, ол апат алаңда көрсетіледі және бұл көмекті тек қана медициналық қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар өзі не қатардағы досы көмектеседі.

ЕПК тің ішінде халыққа ең қолайлысы амбулаторлы поликлт\иникалық және жедел жәрдем медициналық көмек болып табылады. Амбулаторыл поликлиникалық мекемелердің құрамына қалалық поликлиникалар, ауылда дәрігерлік амбулаториялар, диспансерлер, әйел консультация мекемелер, мед. Пунктар, фельдшерлік акулерлік пунктар жатады, барлығы біріншілік медико санитарлық көмектің ұйымдастыру жүйесінің жетекші роль алып жатыр.

ЕПК тің тиімділігін және сапасын жоғарлату үшін медицина практикасына жаңа медициналық техникаларды, инструменттердің, құрал жабдықтардың, дәрі дәрмектердің шығуы және оның бұл салаға енуі; заманға сай әдістерді және емдеуге, диагностикаға, профилактикаға арналған заттарды қолдану; емдік профлактикалық процестің ұйымдастыру әдістер мен түрлерін дамыту; арнайы мед көмектің дамуы мен оның интеграциясы; мүгедектілікті, травмаларды, ауыршандылықты төмендету және оны алдын алу үшін барлық емдік профилактикалық мекемелерде профилактикалық бағытты күшейту керек; халықтың гигиеналық тәртіп жақсартып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт алуын насиғаттау керек.

Қалалық тұрғындарға ауруханадан тыс медициналық көмекті поликлиника көрсетеді. Уақыт келе, қалалардың урбанизация салдарынан ірі қалаларда жаңа пликлиникалық түр кеңес диагностикалық көмек көрсету қалалық поликлиникалар ашылуда.

Ауыл тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің басты ерекшелігі, ол оның этаптылығын байланысты. Бірінші кезең ауыл дәрігерлік аймақ (участок), ол аумақ ауруханасының не өзіндің дәрігер амбулаториясыныңне фельдшер акушерлік пунктің қосылуына тұрады. Екінші кезеңде аудандық медициналық мекемелер болып табылады. Бұл этаптың басты мекемесі орталық аудандық аурухана саналады, осында ауыл тұоғындары арнйы медициалық көмек көрсетіледі. Үшінші кезеңде облыстық не республикалық мекеме, онда халық жоғары квалифицирленген арнайы көмек алады.

Ана мен баланың қорғау ұйымының негізгі мақсаты ана мен баланың ауыршандылығын және өлім көрсеткіштерін азайту болып табылады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік саяси маңыздығы ған емес, денсаулық сақтау ұйымының дамуына, ана мен балаға көрсетілетің көмектің сапасы мен біліктігін көрсетеді.

Ең басты нәтижелердің бірі «Қауіпсіз аналық» программасынын денсаулық сақтау практикасына жаңа ұйымдастыру түрлерінің, перинатальды технологиялардың, санитарлық нормалардың және ережелердің енуің реализациясы болып табылады.

Қазіргі таңда тәжірибенің ұйымдасуына жаңашыл бағыттар отбасы жұбының бедеулікті емдің репродуктивті технологиясы еліміздің саның көбеюіне, оның дамуына тиімді әсер етеді.

Әр уақытта ең осал проблемалардың бірі әйел адамдардың және репродуктивті жүйесінің онкологиялық ауруларына назар аударыды, оның ішінде әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігінің ұлғаюы. Қатерлі ісіктің алдын алу профилактикасының бірі қабыну ауруларды, репродуктивті жүйесінің эндокринді бұзылыстырын емдеуі.

Медициналық әлеуметтік маңыздылығы және ана мен бала арасында ВИЧ инфекцияның таралуының профилактикасының өзектілігі бұл аурудың жүкті әйелдер арасында таралуының кедергісі деп санай аламыз.

Амбулаторлы поликлиникалалық көмектің көлемінің ұлғаю, профилактикалық жұмыс көлемінің кеңеюі, халыққа медициналық көмекті кезең ретінде көрсетілуі, күндізгі стационарлардың көмек көрсеті жағдайының жақсаруы, амбулаторлы поликлиникалық пен стационарлық көмектің реструктуризациясы ана мен баланы қорғау ұйымының қойған мақсаттары денсаулық сақтау құрылысының реформасынан кейінгі талаптарымен жүзеге асыру.

Ана мен бала проблемасын шешу жөнінде ана мен бала ауыршандылығы мен өлімін алдын алу, балалық мугедектілікті төмендету, ана мен баланы қорғау бағдарламасы мемлекеттік саясаты жүзеге асыруында комлексті іс шараларды жүргізу керек.

Қазақстан Республикасының нәрестелерін және әйелдердің денсаулығын нығайту үшін денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Қазақстанда бала мен ананың денсаулығын қорғау» атты Еуропалық Одақтың және Дуниежүзілік Денсаулық сақтау Еуропалық Аймақтықтық бюросымен бірге ашық жоба өткізілді.

Бұл жоба Қарағанда, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе үш облыстарында өткізіледі. Республикамызда қазіргі кезде ана мен бала қорғау сұрақтар бойынша заңда және кейбір қауылсындарда түзетулер мен өзгертулер енгізілді. 2005 жылдан бастап Президенттің бұйрығы бойынша 2005-2010жж аралында қабылдаған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың дамуы және реформасы атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда, сонымен қатар 28 желтоқсан 2007жылдың № 1325 ҚР басқармасының каулысынан, 2008 жылдан бастап ҚР 2008-2010 жж ана мен бала өлімінің төмендету бағдарламасы жүзеге асыруда.

Ақырғы жылдар ішіде демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетуде. Тұрақты бала туу: 2005 жылда 1000 адамға 18,42, 2006-19.47 құрады. Ресми деректері бойынша 2006 жылы 9.44 1000 адамға, ал 2005 8,05 тең болды. 2007 жылы бұл қөрсеткіштер қайталанатын жорамалдайды.

Мемлекеттік ең маңызды көрсеткіштердің бірі ол ана мен баланың өлімі, халықтың орташа өмір сүру деңгейі болып саналады. Ресми статистикадан Қазақстанда нәрестелер өлімі тұрақты түрде төмендеуде. Егер 1993 28,0 өлім 1000 адамға болса, 2006 жылы 13,9 құрады. Бірақ, Рессей, Белорусь, Украина мемлекеттермен салыстырғанда біздің еліміздің нәрестелер өлімі жоғары деңгейін көрсетіп түр.

Дүние жүзілік форум кезінде, мемлекеттік рейтинг бойынша Қазақстан нәрестелер өлімінің көрсеткіші 54 орында, ең көп өлім 5 жас аралығында балалар өлімі алады. 51,7% нәрестелер өліміне алады. Семей өңірі бойынша еліміздің туу бойншы, жалпы дәрігерлердің қобалжу, ол сәбилердің анемиясы, тері аурулары, туу пайда болған жүрек ақаулары болып табылады. Бірақ оның да оң динамикасы байқалады: бала өлімі азайды, инфекциялық арулары төмендеді, полиомиелит тіркеуі жоққа шығарылды.

4. Көрнекі материал:дәріс презентациясы

5. Әдебиеттер

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6.Бақылау сұрақтары:

1. Емдік-профилактикалы түрлерін ата

2. Ауылдық аймаққа медициналық көмек көрсету түрлерін ата

3. Қазақстандағы туу және өлім көрсеткіштері қандай

4. Ана мен баланы қорғау орындарының негізгі жұмыстарын ата