МІНЕЗДЕМЕ

Сыздықов Болат Бақытұлы 1967 жылы 15-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туған. Ұлты - қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 1984 жылы қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1994-1997 жылдар аралығында аталған университеттің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында білім алып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

1989-1991 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері болып қызмет істеген. Қазір Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы.

Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. 2000 жылы "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі, компьютерлік технологияларды толық меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы.

Мінезі ұстамды, студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, 2 баласы бар, үлгілі отбасы иесі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сыздықов Болатты университет аясында құрылған Ғылыми-техникалық орталықтың меңгерушісі қызметіне ұсынуға лайық деп есептеймін.

Мінездеме Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кадр бөліміне тапсыру үшін берілді.

 

 

Тау-кен металлургия

институтының директоры,

т.ғ.д., профессор қолы А.И.Магзонов

 

 

Айы- күні, жылы