Есеп №57.

46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан тін алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.

1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

Анилиндік бояулар.

2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады? Канцерогендердің осы тобына сипаттама беріңіз.

Химиялық канцерогендерге жатады. Олар ағзаға енгенде белгілі бір ферменттік жүйені тежей отырып, немесе тікелей әсер етіп өспені тудыруы мүмкін. Толық емес!

3. Морфологиялық атипия деген не, жасушалық және тіндік атипияға сипаттама беріңіз.

Морфологиялық атипия – өспе тінің н/е жас-ң өзіне тән, қалыпты тіннен ерекше морфологиялық атипиялық қасиеттерге ие болуы.

Жасушалық атипия – өспе жас-ң қалыпты жас-дан құрылымы мен пішіні бойынша ерекшеленуін айтады.

Тіндік атипия – өспе жас-ы мен қалыпты жасушалар морфологиясы бойынша ұқсас, бірақ өспе тіні қалыпты тіннен морфологиясы бойынша ерекшеленген, деформацияланған қасиеті.

4. Науқаста өспе даму тетіктерін түсіндіріңіз (канцерогенез сатыларын көрсетіңіз).

Анилинді бояу, промотордың зақымдалуы, репарацияның тежелуі,антионкогендердің тежелуі, протоонкогеннің онкогенге айналуы, трансформация, промоциясы, өспе өсуінің өршуі, прогрессиясы, қатерлі өспе.