ЕРЕЖЕСІ
Өткізілетін орны:«Concordia» театры
Өткізілетін күні:11.04.2014ж
Өткізілетін уақыты:16.30
Байқаудың тақырыбы:
«Қыз сұлуы қылығында, ақылы мен даналығында»
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуымен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдiктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
- Қыз-болашақ ана. Әр отбасының- болашақта негізгі тәрбиешісі, қамқоршысы. Аруларымызды сұлулыққа, әдемілікке ұмтылуына баулу,
- Тәрбиелік мәні бар таным, білімдерімізді арттыра, үйрете отыра, салт-дәстүрлерімізді насихаттау,
-Аруларымыздың бойындағы табиғи таланттарын, өнерлерін ашу,
-Ауыз әдебиеті мен нақыл сөздер өнер түрлерін насихаттау,
-Жастарды сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тәрбиелік мәні бар осы тектес байқаулар ұйымдастыру арқылы, рухани байлығын арттыру, жаңа ұсыныстарға серпіліс беру,
- Жастар арасында ұйымшылдықты, бәсекеге қабілеттілікті, ұжымдылықты, көрегенділікті дамыту,
- мәдени этикалық, эстетикалық талғамын арттыру.
Байқаудың шарттары:
- қатысушылар алдын-ала кастингтен, тіркеуден өтеді,
-байқауға қатысушының бойы ұзын (165- 175) келбетті, ақылды,
-интеллекті жоғары, білімді, тапқыр, өнерлі, өзіне сенімді,
-сөйлеу қабілеті жоғары, тіл дикциясы таза, анық,
- сахнада, топ алдыңда өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері жоғары,
- қатысушы партфолиосында өзі жөнінде мәлімет: бойы, салмағы, өнері, хобби, сабақ үлгерімі, өзге тіл білімі айтылуы қажет,
- байқау 6 сатыдан тұрады,
-қатысушыларға қосымша сұрақтар қойылады,
-қатысушыларға бал ұпайы әр өнер көрсету соңында реттік сан бойынща қойылады.
-ең жоғары екі бал саны бір ғана қатысушыға қойылады.
- қатысушыларға арнайы сыйлықтар, номинация және дипломдар тапсырылады,
- фонограмма /-1/ MD мини дискіде минусовкада жазылған түрінде беріледі;
- байқауда плюс қолданылмайды, ән жанды дауыспен орындалады,
- әр әннің ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы тиіс,
Байқаудың өткізілу тәртібі;
- байқау 6 /алты/ сатыдан тұрады,
-байқауға қатысушыларға дайындық жағынан көмек көрсетіледі (сахнада жүру, қозғалыс, би, сөйлеу мәнері т.б)
Қатысушылардың өнер көрсету тәртібі:
-реттік сандар алдын-ала жеребе арқылы таратылады
-реттік санмен өнер көрсетіледі
Кастинг және өтініш:
- Кастинг 28 ақпан күні сағат 16.00-де «Concordia» театрында,
- кастингке қатысушы қыздар өздерімен анкета және партфолияларын электронды және қағаз түрінде ала келеді,
-өтініште байқауға қатысушының факультеті, курсы, 5 түрлі фото-суреті, (қысқа көйлекте бойы толық көрсетілген, ұзын көйлекте, ақ халатта, Ұлттық киімде, күнделікті киімде) өнері, хобби, ұялы байланыс телефоны толықтай көрсетіледі.
Дайындық күндері:
-Дайындық кастингтен өткендерге алдын-ала келісім кестесі бойынша күнделікті сағат 15.00-ден бастап жүргізіледі.
Сұрақтар бойынша хабарласу:
1. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің көркемдік жетекшісі Салтанат Айкенқызы. Ұялы тел: 8 777 826 05 90. Бөлімнің ішкі телефоны: 7158.
2.Университет сайтында kaznmu.kz және ВКонтакте - vk.com/kaznmu- да толығырақ көрсетіледі.
Кунанбаев Куаныш- 8 747 461 68 48
Байқауға қатысушылар киімі және өнер жарысы:
1.Жалпы қатысушылар би,
2.Сахнада өздерін көрсетуі. Тізеден жоғары ақ халат, ақ қалпақ (дефиле)
3. Танысу. Үй тапсырмасы. Өзі жайлы 1 минут айтады. Ару қыздар тақырыбында мәнерлеп өлең оқылады, (4-5 шумақтан аспауы керек)
4.Өнері (әркім өз бойындағы ерекше өнерін көрсетеді)
5. Интеллектуалды сұрақтар, (Дайындалған 3 сұраққа қолма-қол қысқа да нұсқа жауап береді)
а) Биология тақырыбында
б) Салт-дәстүр тақырыбында
в) Жылдам жұмбақ шешу (2)
6. Дефиле (кешкі көйлек)
7. Марапаттау рәсімі.
Байқауға қатысушыларды бағалау жүйесі /критерийлері/ 5-10 балл
1. Қатысушының жүріс-тұрысы,
2. Дұрыс, құлаққа жағымды сөйлеу мәнері,
3. Сахна мәдениеті,
4. Орындау шеберлігі /би, ән, мәнерлеп оқу т.б/
4. Артистік шеберлігі,
5. Сахналық киімі,
6. Сахналық келбеті, стиль , макияж,
7. Ару тартымдылығы,
8. Әділқазылар алқасы 9: 10 бал сандарын ең үздік шыққан бір ғана қатысушыға қоя алады. Мысалы: Би жарысынан үздік билеген бір қатысушыға ғана 10 санын қоя алады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
-қазылар алқасы жоғарыдағы бағалау жүйесін /критерийлерді/ ескере отырып жүлде иелерін анықтайды;
1. Бас жүлде-1«Miss KazNMU – 2014»
2. IIорын- 1 Вице Мисс
3. III орын-2 Вице Мисс
4. Номинациялар бойынша
Байқауға құжаттар ұсыну тәртібі:
1 Байқауға анкета. Номинациялар бойынша
Байқауға құжаттар ұсыну тәртібі:
1 Байқауға анкета,
2.Қатысушы жұптардың аты-жөні; /толық/
3. Фото-суреттер,
4.Кафедра, бөлім, курс атаулары,
5.Қатысушының байланыс ұялы телефоны,
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефоны:
Бөлімнің ішкі телефоны: 7158, Сейфуллин және Төле би қөшелерінің қиылысы.
№7 Аудиториялық корпус 1-этаж, 119 бөлме
Университет сайтында kaznmu.kz және ВКонтакте - vk.com/kaznmu- да толығырақ көрсетіледі.
Хабарласу: Кунанбаев Куаныш- 8 747 461 68 48
Демеушілер:
1. Университет әкімшілігі
2. ҚазҰМУ қызметкерлер кәсіподақ комитеті
3. «Демеу» студенттік кәсіподақ бірлестігі
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін
дамыту департаментінің директоры Л.С.Шыңғысбаев
Көркемдік жетекші С.А.Апсаттарова
Келісілген:
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлер
кәсіподақ комитетінің төрағасы У.М.Датхаев
«Демеу» студенттік кәсіподақ
бірлестігінің төрағасы М.Б.Мамырқұл