Ибн Сина (Авиценна).

Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Ибн Синаның филосфияға қосқан үлесі орта ғасырлық философияның негізгі мәселесі номинализм мен реализм арасындағы пікір- таласты үйлесімді шешуі. Одан Батыс философтары үлгі алған. Оның айтуынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:

1. Заттарға дейін құдіреттің ақыл- ойында

2. Заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні.

3. Заттан кейін адамдардың санасында

Оның «Медицина каноны» деген еңбегі сол кездегі медицина энциклопедиясы ретінде болған. Ол Луй Пастерге дейін, бірнеше ғасыр бұрын жұқпалы аурулардаң көзге көрінбейтін таратушылары ауа мен суда бар екендігін болжаған.

Ол өзінің «Дониш-Наме» (білім кітабында) философияны үш бөлімге бөледі:

  1. физика (табиғат жйлы ілімі)
  2. логика (ғылым тану жолдары туралы ілім)
  3. метафизика (жалпы болмысты тану ілімі)

Ибн Рушд. Аристотель, Птолемей, Евклид, ілімдерін араб тіліде шығарып, шығыс ғалымдарының еңбектерін уағыздауы. Авеэроэс Испания жеріндегі Кордова халифатында өмір сүрген. Ол Аристотель ілімін жалғастырды. Дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынада үш түрлі қорытынды жасады: а) материалдық дүние мәңгі ә) барлық құбылыстар себепті байланыста б) әрбір жеке зат өледі, адам өлмейді деген пікірді ол жоққа шығарды.

Ибн Рушд сондай- ақ шығыс ғалымдарының еңбектерін латын тіліне аударып батысқа таратқан. Ол әрі теолог, әрі юрист, дәрігер, философ.

Ибн Рушдтың «Ақиқаттың екі жақтылығы» немесе «Қарама қарсылығы» ілімі дін мен философияны екеуінің арасындағы алшақтықты, айырмашылықты көрсетеді. Ол: «Дін ақиқаты қараңғы, оқымаған, сауатсыз, білімсіз адамдар үшін, олардың интелектісіне пайдалы, ал білімді, көкірегі ояу, сауаттылар үшін пайдасыз, өйткені олар философиялық ақиқатты діни ақиқаттан жоғары қояды. Білімсіз, қарапайым адамдар үшін философиялық ақиқат мүлдем белгісіз дейді. Қорыта айтқанда Ибн Рушдтың «ақиқаттың екі жақтылығы» ілімінің мақсаты, мәні ғылым мен философияны діннен бөлу, яғни діннен тыс өз бетінше ету. Әрине, Ибн Рушдтың бұл ілімі ислам теологтары үшін соққы болып тиді. Олар Ибн Рушдтың трактаттарын жоюға тырысты. Испан еврейлерінің арқсында трактаттар сақталып қалды.

 

Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі.

Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жін шекпен» деген сөзіне орайланып алынған. Сопылар киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуы адамдар.

Суфизмдегі негізгі доктрина құдайды мистикалық сүйю болып табылады. Сопылар мистикалық сүйю арқылы эстетикалық ұмтылыстары мен жан жүйесінің азап шегуімен және кездесуге құлшынуымен, құдаймен табысуға тырысады. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол құдай сәулесі түсірілген айна, бірақ ондағы қүдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Сопы үшін білім жүректе орнығады. Сондықтан сенім ақиқат таным үшін қажет.

Шығыс перипатиктері ақыл- ойды жоғары қойып, трактаттар жзса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға Әл- Ғазали мен Ибн- Араби жатады. Олардың ілімі бойынша мәдениеттілік дегеніміз жан- жақты жетілген, толыққанды адамды үлгі- өнеге етіп қабылдау, сопылық бағыттағы тағы бір гуманисттік идея- ғарыш пен адамның тұтастығы, Кемеңгер жетілген адамдар ғарыш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені адам ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүие мен макродүние арасындағы үйлесімділік идеясы араб- парсы- түрік Ренессансында да осындай өз көрінісін табады. Осыдан кейін сопылық бағытты мистикалық деу идеологиялық жала екендігінде күмән жоқ.

 

Түрік тілдес философияның қалыптасуы.

Араб халифатының көптеген сопылары Түркістан жеріне ағылады. Олар халыққа түсінікті ету үшін өз идеяларын жергілікті түрік тілінде уағыздайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің бірне айналған- Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен байланыстыруында жатыр.

Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма- «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»). Иассауи туралы Ы. Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп халыққа түсіндіріп берді».

Иассауидың басты көздеген мақсаты- Қдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде- кім Құдайды есіне алса, ол ойымен өзінің табысқанын көре алады» Иассауи суфизмнің биік шыны – оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізеді. Ол: «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты»

Иассауи адам мен қоғам мәселеріне назар аударып оларға дәстүрлі мұсылманшылықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды. Оның дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлықты, күншілікдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлардың дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде- кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде- кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады» - дейді.

Ахмет Иассауидың пайымдауынша, ол өзін өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті істерге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес.

Ахмет Иүгінекейдің негізгі шығармасы «Ақиқат сыйы».А. Иүгінеки «Ақиқат сыйында». «Мінездің жақсысы- әдептің мінсізі, ал жомарттық- ол сараңның айнасы» - деп керемет ойлар, өсиеттер айтылады.

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрыңғы тәнірлік нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды- әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» жазуларынан басталып, Әл Фараби, ҚожаАхмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл парасаттылықтың иесі, елге бақ дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Ұғділміш осы мәдениетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әділет пен тәртіп, байсалдылық Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттеледі.

Төртінші бейне- дәруіш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. Ұғыну (Ұғділміш) пен жүрек- оттың (Оғдүрміш) сұхбаттасуы бүкіл араб- парсы- түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдық ізденіс еді.

Ақыл мен сезімталдықтың, парасат пен түсінушіліктің, ақиқат пен махаббаттың арасындағы үйлесімділік пен Еуропа ғалымдарын ғана емес, сонымен бірге Шығыс ғұламаларын да көп толғандырған. Дәруіш Одғұрміш өзін жерұйыққа – хан сарайына қаншама шақырғанымен өзінің қасиетті әлемі- бас бостандығынан айырылғысы келмейді. Күнтуды үшінші рет шақырғанда ғана Дәруіш сұхаттасу мақсатымен келеді. Бұл жерде үлкен мәдени сыр жатыр және осыны түсіне білген Баласағұн адамзаттың өркениеті болашағына терең блджам айтқан. Хан сұрақтарына дұрыс жауап бере білген Одғұрміш пендешілік ләззаттың желегіне ерімей, скі дорбасын қайтадан асынып, тау- тасты аралап кетеді. Баласағұн бақытқа жетулің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады.

 

Махмұд Қашқари (XI ғ).«Диуани лұғат ат- түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты туындының авторы. Бұл сөздікті тек тіл танулық құрал демей, сонымен бірге орта ғасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. М.Қашқаридың негіззгі зерттеген мәселесі- түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеністікті аралап шыққан.

Лұғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф- аңыздар, тұрмыс- салт ерекшеліктері, түріктердің Көк Тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстары тамаша суреттелген. М. Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады.

 

  • Иллюстрациялы материалдар: афорзмдер, қанатты сөздер
  • Әдебиеттер:

Негізгі:

    1. Ахмет Иассауи Диуани хикмет Қазан 1964.
    2. Баласағұн Ж. Құтты білік Алматы 1986
    3. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі Алматы 1993

Қосымша:

1. Әбішев Қ. Ерғалиев У. Әлеуметтік философи. Хрестоматия Алматы, 1998

2. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы 2000

3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамедәли Қ., Философия тарихы Алматы 1999

4. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991

5. Келімбетов М. Ежелгі әуір әдебиеті Алматы, 1991

6. Кішібеков Д., Сыдықов Философия Алматы 1991

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Перипатизм деген не

2. Не себепті Әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды

3. Ибн Рушдтың «Екі ұдайы» ақиқатының м