Максималды балл – 20.
Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, көп мөлшерде, жиі кіші дәретке бару, арықтау.
Сұрақтың мәні | Актер үшін сұрақ құрастыру | Актердің жауабы |
Белгілерді нақтылау | Осы шағымдар сізді қанша уақыттан бері мазалайды? | 2 ай бойы |
Әсер ету факторын анықтау | Осы жағдайға не әсер етті деп ойлайсыз? | Сессия тапсыруыммен байланыстырамын: жиі су ішкім келеді, қанша су ішсем де шөлдеу сезімі басылмайды, сонымен қатар кіші дәретке жиі баратын болдым. |
Алғашқы белгілерді нақтылау | Қандай белгі бірінші пайда болды? | Күшті эмоционалды стресс: сессия тапсыру. |
Әлсіздіктің сипаты мен орналасуы | Әлсіздік тұрақты ма, әлде басылады ма? Қандай да бір мүшеңізде ме, әлде бүкіл денеңізде ме? | Әлсіздік тұрақты және бүкіл денемде |
Шөлдеу мен ауыздың құрғау сипатын нақтылау | Шөлдеу мен ауыз құрғауы тұрақты ма? | Иә |
Сусындармен басылады ма? | Жоқ, қанша ішсем де, тағы да ішкім келіп тұрады | |
Сұйықтық мөлшері | Бір күнде қанша литр сұйық ішесіз? | 3 литр және одан да көп |
Арықтаудың себебі | Арықтауыңызды немен байланыстырасыз? | Сессия тапсыруыммен, қатты толқыдым |
Арықтау сипаты | Қанша килограмм салмақ жоғалттыңыз? | Шамамен 10 кг |
Қандай уақыт ішінде? | 2 ай ішінде | |
Симптомдар немен басылады? | Осы белгілерді жою үшін бірдеңе жасыдыңыз ба? | Ештеңе |
Анамнезінде:Нағашы апасында – қант диабеті. Тәтті және ұн тағамдарын жақсы көреді. Ұйқысы нашар.
Обьективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, белсенді қалыпта, дене бітімі дұрыс. Астеник. Бойы 179си, салмағы 61кг. Тамақтануы төмен. Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза, температурасы қалыпты, құрғақ, тургоры төмендеген. Көрінетін шырышты қабаттары таза, ылғалды, алқызыл түсті. Тілі таза, құрғақ. Аңқасы тыныш. Шаштары мен тырнақтарында патологиялық өзгерістер жоқ. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ТЖ минутына 17 рет. Жүрек шекаралары қалыпты деңгейде. Жүрек тондары анық, ырғақты. Екі қолында пульс бірдей, минутына 85 рет, толуы қанағаттанарлық, кернелген, пульс толқынынан тыс тамыр қабырғасы пальпациялабайды. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ. Тірек-қимыл жүйесінде көрінетін патология жоқ. Сүйек-бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған. Буындары деформациясыз, қозғалыстары толық сақталған, ауыру сезімінсіз. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы жиілеген. Нәжісі тұрақты түрде, қалыптанған.
Болжама диагноз: 1 типті Қант диабеті, орташа ауырлықта, декомпенсация, бірінші рет анықталған.
Зерттеу нәтижелері:
- Жалпы қан аналізі
Көрсеткіштер | Нәтижелер |
Гемоглобин, г/л | |
Эритроцит х1012/л | 3,7 |
эритроцит құрамындағы орташа гемоглобин (MCH), пг | 27,9 |
Тромбоцит, х109/л | |
Лейкоцит, х109/л | 8,6 |
Нейтрофил % | |
с\я % | |
т\я % | |
Эозинофил | |
Базофил | |
Моноцит% | |
Лимфоцит % | |
ЭТЖ, мм/сағ |
- ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ
Көрсеткіштер | Нәтижелер |
Түсі | ақшыл сары, бұлыңғыр |
Ақуыз | 0,033 ‰ |
Ацетонды денелері | ++ |
3. Қанның биохимиялық талдауы:
Көрсеткіштер | Нәтижелер |
Билирубин жалпы, ммоль/л | 20,9 |
Жалпы холестерин, ммоль/л | 3,0 |
креатинин, ммоль/л |
- Қанның гликемиялық профилі:
Уақыт, сағат | Нәтижелер |
қант аш қарынға | 13,3 ммоль/л |
9:00 | 23,1 ммоль/л |
12.00 | 14,22 ммоль/л |
14.00 | 10,09 ммоль/л |
21.00 | 8,09 ммоль/л |
07.00 | 9,64ммоль/л |
Келесі күнгі қандағы қант: | |
12.00 | 5,40 ммоль/л |
14.00 | 4,44 ммоль/л |
21.00 | 7,70 ммоль/л |
07.00 | 9,66 ммоль/л |
- Капилляр қанының глюкозотолерантты сынағы:
Уақыт, сағат | Нәтижелер |
аш қарынға | 9,8 ммоль/л |
2 сағаттан соң | 16,8 ммоль/л |
6. Өлшеу: Бойы 179 см, салмағы 61 кг, ИМТ – 0,19, ОТ- 89см, ОБ – 95см, ОТ/ОБ – 0,94.
7. Офтальмолог. кеңесі. Шағымы: көз көруінің аздап төмендеуі. ОД: 1,0 +2,0=1,0, ОS: 1,0 +2,0=1,0. Көз түбі патологиялық өзгеріссіз. Миопия әлсіз дәрежеде.
8. Ұйқы безін УДЗ – Ұйқы безінде біркелкі емес акустикалық картина.
9. ЭКГ – ырғағы синусты, ЖСЖ минутына 76 рет, жүректің элекрт осі қалыпты.
«1 тип қант диабетін диагностикалау» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Жауап эталоны |
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? | Аурудың сипатын, шағымдарын, белгілердің пайда болу уақытын, тұқым қуалаушылығын нақтылау. Анамнез morbid et vitea. Аллергоанамнез және жанұялық анамнез. Тұқым қуалаушылық. | |
1 типті ҚД ауырлығының критериилері анықталды ма? | Ауыз құрғауының жиілігі және айқындылығы, тері құрғақтығы, АҚҚ деңгейі, гликемия деңгейі. | |
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру | Тері құрғақтығы, «жібітілген алма иісі», аз уақыт ішінде арықтау | |
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – эндокринді жүйе | Ішті, ұйқы безін қарау, пальпациялау. | |
Болжама диагноз | Негізгі ауруы: Қант диабеті I тип, орташа ауырлықта, декомпенсация, алғаш анықталған. | |
Зерттеу жоспарын тағайындау | 1. Қанның жалпы клиникалық анализі; 2. Зәрдің жалпы клиникалық анализі; 3. Қанның биохимиялық анализы (холестерин ,триглицеридтер, жылпы билирубин, креатинин, гликолизденген гемоглобин ); 4. гликемиялық профиль: қандағы қант: 12.00, 14.00, 21.00, 7.00. 5. Окулист консультациясы. | |
Ажырату диагностикасын жүргізу | 2 типті қант диабетімен, дәрілік қант диабетімен салыстыру | |
Жүктемемен сынама жасады | Ережелерді сақтай отырып | |
Қанның гликемиялық профилін бағалады | Ашқарынға гликемия, таңғы астан 2 сағат соң, түскі ас алдында, түскі астан 2 сағат соң, кешкі ас алдында, кешкі астан 2 сағат соң, ұйықтар алдында – 22.00 және түнгі 3.00 | |
ҚБА көрсеткіштерін талдады | Гликолизирленбеген гемоглобиннің жоғарлауы. | |
ЭКГ талдады | Патологиясыз | |
Ұйқы безін УДЗ көрсеткіштерін талдады | Ұйқы безін УДЗ - Ұйқы безінде біркелкі емес акустикалық картина. | |
Емдеу тактикасын анықт | ||
Емдеу тактикасын анықтаңыз | Қанттың деңгейін төмендететін адекватты дозадағы препараттарды таңдау, науқасты үйрету, науқастың клиникалық жағдайын жақсарту, көмірсулық алмасу көрсеткіштерін жақсарту, өмір салтын оптимизациялау, қант диабетімен науқас мектебі. | |
Базисті терапияны тағайындады | - Қантты төмендететін препараттар - Хумулин-рапид: 8.30 – 16 Ед, 13.30 – 14 Ед, 17.30 – 10Ед, ері астына - Хумулин-НПХ 22.00 – 14Ед, тері астына ( доза есебі - 0,1 ЕД/кг) | |
Ем тиімділігін бақылау | 1. дәрігер тағайындамасының орындалуын қадағалау 2. ҚД қауіп-қатер факторларын жою (тамақтануын жөндеу) 3. дене массасының динамикасы (ИМТ, ОТ/ОБ) 4. глюкоза, АҚҚ деңгейін бақылау 5. салауатты өмір салты (қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі, өмір сүру салтын оңтайлау) 6. Гипергликемия профилактикасы және өздігінен бақылауы (диета) | |
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі. |
Симуляцияның жабдықталуы:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.
2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі (глюкоза, холестерин, триглицеридтер, креатинин), ЭКГ, Ұйқы безін УДЗ нәтижелері, Қанның гликемиялық профилі, Капилляр қанының глюкозотолерантты сынағы
3. Офтальмолог кеңесі, қорытынды
4. Тонометр
5. Фонендоскоп.
6. Секундомері бар сағат
7. Термометр
8. Глюкотест
9. Медициналық таразы
10. Сантиметрлік лента
Жағдай:
Оқу бөлмесі– жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті.
1. Кушетка – 1
2. Үстел мен 2 орындық