Орыс тілінде

1.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М. 2007, 2008, 2009.

2.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

3.Сейтембетов Т.С., Сейтембетова А.Ж., Даленов Е.Д., Ребрикова И.И., Блудова С.А., Попова Н.В.Биохимия сұрақтары мен жауаптарда. Алматы, 2011: «Эверо»- 312 бет.

4.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.Биологиялық химия

Алматы: «Эверо» баспаханасы 2011ж-420 бет

5. Северин Е.С., Николаев А.Н. Биохимия: Краткий курс с упражнениями и задачами: Учеб. пособие для мед. Вузов 2002, 2008

6.Зубаиров Д.М. Руководство к лабораторным занятиям по биологической химии: Учеб. пособие для вузов М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.

7.Вавилова Т.П. Биохимия тканей и жидкостей полости рта: Учеб.пос. М: ГЭОТАР- Медиа,2008.

8.Биохимия : руководство к практическим занятиям: учеб.пособие / ред. Н. Н. Чернов. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 240 с. : ил.

Оқыту және үйрету тәсілдері:

• Дәрістер: жалпы шолу

• Практикалық сабақтар: сабақ сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, пікір талас, ситуациялық тапсырмаларды шешу, кіші топтармен жұмыс.

• Зертханалық практикум: зертханалық жұмыстарды орындау, топтық-шамалап оқыту (TBL), ситуациялық есептер шығару, оқу тәжірибелік және жұмыс хаттамаларын рәсімдеу;

• СОӨЖ: пікірталас, ситуациялық есептерді шешу, оқытушымен сұрақтарды талдау.

• Студенттің өзіндік жұмысы: әдебиетпен жұмыс жасау, интернетпен жұмыс жасау, презентациялар, тестік есептер дайындау.

Оқыту үдерісі барысында оқытудың активті тәсілдері (командалық-бағытталған оқыту (ТВL), пікір-талас, презентация және дәстүрлі әдістер (ситуациялық тапсырмалар, барлық сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңестер алу, тестлеу, оқу эксперименттері мен жұмыстарының хатттамасын толтыру) қолданылады

Студенттердің білімін және дағдыларды меңгеруін бағалау:

• Пән бойынша күнделікті бақылау: әңгімелесу

· Блок бойынша баға кою

• Пән бойынша межелік бақылау: тест тапсыру

• Пән бойынша қорытынды бақылау: жазбаша емтихан

 

Әріптік баға системасы Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлік баға системасы
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

· Пән бойынша интегральды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі(ҚММУ 2014-2015 оқу жылына бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады )

 

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №1 ЖМФ

 

«Белоктардың химиялық құрамы. Белоктардың физика- химиялық қасиеттері»

 

 

1. АМҚ құрылысы және жіктелуі (биохимиялық, биологиялық, химиялық, физика-химиялық).

2. Протеиногендік аминоқышқылдардың жалпы сипаттамасы. Пептидтердің жалпы сипаттамасы

3. АМҚ және пептидтердің медицинада маңыздылығы.

4. Белоктың бірінші реттік құрылымы.. Пептидтік байланыс.

5. Белоктың екіншіі реттік құрылымы. Сутектік байланыс.

6. Белоктың үшінші реттік құрылымы: фолдинг, табиғи конформация, домен, белсенді орталық, лиганда. Үшінші реттік құрылымды түзетін байланыстар.

7. Белоктардың төртінші реттік құрылымы. Белоктардың төртінші реттік құрылымына мысалдар.

8. Белоктардың физика-химиялық қасиеттері: жоғары молекулалық масса; амфотерлігі, белоктардың гидратациясы (ерігіштігі); белоктардың ионизациясы.

9. Белоктардың гидраттық қабық – гидраттық қабықтағы судың қасиеті, оның маңыздылығы.

10. Белоктардың изоэлектрлік нүктесі. Қышқылды, негізді және бейтарапты белоктар.

11. Белок денатурациясының анықтамасы. Денатурация стадиялары. Денатурациялаушы агенттер және олардың әсер ету ерекшеліктері.

12. Медицинада және биологияда денатурациялаушы агенттердің қолданылуы.

13. Белоктар ренативациясы жайындағы түсінік. in vivo және in vitro жағдайында ренатурация. Шаперондар қатысуымен жүретін жасушадағы белоктар ренативациясының жалпы сипаттамасы.

14. Медицинада белоктық препараттардың (инсулин, интерферондар және т.б.).

15. Белоктар жіктелуі: ерігіштігі бойынша, белок молекулаларының пішіні бойынша, химиялық құрылысы бойынша. Жай және күрделі белоктар жайындағы түсінік. (липопротеин, гликопротеин, металлопротеин, хромопротеиндер)

16. Белоктардың биологиялық қызметтері (құрылымдық, қорға жиналушы, каталиттік қызмет, тасымалдаушылық, механикалық, реттеушілік, қорғаныстық)

17. Онтогенезде және ауруларда белок құрылымының өзгеруі

 

« Белоктар-ферменттер. Ферменттер белсенділігінің реттелуі»

 

1. Ферменттердің анықтамасы және ферменттердің жалпы қасиеттері

2. Ферментативтік және ферментативтік емес катализдердің жалпы ұқсастықтары мен ерекшеліктері.Ферменттердің бейорганикалық катализаторлардан айырмашылығы.

3. Ферменттер белсенділігінің өлшем бірліктері. ЮНИТ және Катал.

4. Ферменттердің құрылымдық ұйымдасуы – белсенді орталық, аллостерлік орталық, эффекторлар жайындағы түсінік (активаторлар, ингибиторлар).

5. Жай (біркомпонентті) және күрделі (екі компонентті) ферменттер жайындағы түсінік.

6. Кофакторлардың жалпы сипаттамасы.Коферменттер және простетикалық топтар жайындағы түсінік. Витаминдердің коферменттік қызметі – НАД, НАДФ, ФАД, ФМН, ТДФ, ТГФҚ, биотин.

7. Фермент коферменті: металдар. Мысалдар.

8. Ферменттердің субстраттық талғамдылығы– абсолюттік, топтық және стереоталғамдылық. Ферменттердің каталиттік талғамдылығы.

9. Ферментативтік катализ ерекшеліктері мен әсер ету механизмінің жалпы сипаттамасы. Ферментативтік катализ сатылары

10. Фермент және субстрат әсерлесу теориясы. Негізгі постулаттар.

11. Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферментативтік реакция жылдамдығының температураға, рН, ферменттер мен субстраттар концентрациясына тәуелділігі.

12. Ферменттер әсерінің реттелуі. Ферментттер мөлшерін және белсенділігін бақылау.

13. Реттелу түрлері: ферменттер белсенділігін жартылай протеолиз жолымен арттыру,ферменттердің аллостерлік реттелуі,олигомерлік ферменттердің суббірліктерінің ассоциациясы-диссоциациясы арқылы реттелуі, ковленттік түрлену.

14. Ферменттердің жіктелуі және олардың аталуы. Ферменттер кластары: оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, изомеразалар, лиазалар, лигаза; олардың класс ішілік топтары.

15. Ферменттер ингибиторлары жайындағы түсінік. Ингибирлеудің түрлері. Ингибиторларға мысалдар.

16. Энзимодиагностика - АЛТ, АСТ, КК, панкреаттік амилаза, сілтілі фосфотаза.

17. Энзимотерапия -дәрілік препарат ретінде ферменттерді медицинада қолданылуы.

18. Изоферменттер – ЛДГ, креатинкиназа. Құрылымының ерекшеліктері, ағзадағы маңыздылығы және изоферменттердің диагностикалық маңыздылығы.

19. Тұқымқуалаушылық энзимопатия. Туындау себептері (альбинизм, фенилкетонурия, алкаптонурия, Гирке ауруы)

 

«Суда еритін дәрумендер. Майда еритін дәрумендер»

 

1. «Дәрумендер» туралы түсінік.

2. Дәрумендердің ерігіштігі бойынша жіктелуі.

3. Дәрумендердің қызметтері бойынша жіктелуі.

4. «Дәрумендердің жеткіліксіздігі»туралытүсінік-дәрумендерменсубнормальдық қамтылу, гипо- и авитаминозды жағдай. Біріншілік және екіншілік авитаминоздар (мысалдар)

5. В1 (тиамин) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В1 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

6. В2 (рибофлавин) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В2 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

7. В3 (пантотен қышқылы) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В2 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

8. В5 (никотин қышқылы, РР) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В5 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері

9. В6 (пиридоксаль) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В6 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

10. В9 (фолий қышқылы) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В9 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

11. В12 (цианкобаламин) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. В12 дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

12. Н (биотин) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Н дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

13. Липой қышқылының құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Липой қышқылының гипо- және амитаминозы, көріністері.

14. С (аскорбин қышқылы) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. С дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері (скорбут).

15. Р (биофлаванойдтар) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Р дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

16. А (ретинол) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. А дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

17. Д (кальциферол) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Д дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

18. К (филлохинон) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. К дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

19. Е (токоферол) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Е дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

20. А (ретинол) дәрумені: құрылымы, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. А дәруменнің гипо- және амитаминозы, көріністері.

21. Темірдің ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Темірдің жетіспеушілік себептері және көріністері.

22. Мырыштың ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Мырыш жетіспеушілік себептері және көріністері.

23. Мыстың ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Мыс жетіспеушілік себептері және көріністері.

24. Марганецтің ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Марганец жетіспеушілік себептері және көріністері.

25. Йодтың ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Йод жетіспеушілік себептері және көріністері.

26. Магнийдің ағзадағы мөлшері, тағамдық көздері, биологиялық қызметі. Магний жетіспеушілік себептері және көріністері.

 

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №2 ЖМФ

 

«Заттар алмасуына кіріспе. Энергетикалық алмасу. Макроэрги. Катаболизмнің жалпы жолдары. Кребс циклінің қызметі және алмасуы»

1. Энергия және зат алмасуы туралы түсінік. АТФ – құрылымы, байланысы, энергия өнімі Ккал шамасымен.

2. Метаболизм, оның негізгі кезеңдері, метаболизмнің анаболиттік және катаболиттік жолдары. Амфиболизм туралы түсінік.

3. Негізгі тағамдық заттар катаболизмінің сызбанұсқасы. Метаболизм реттелуінің жалпы принциптері.

4. Адам ағзасындағы метаболизмнің соңғы өнімдері және оның шығу жолдары.

5. Тотығудың негізгі типтері (оксидаздық, микросомалдық, пероксидтік).

6. Катаболизмнің жалпы және арнайы жолдары туралы түсінік.

7. Пирожүзім қышқылының декарбоксилденіп тотығуы. (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер)

8. Үшкарбон қышқылының циклі. (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер)

9. Кребса циклінің аралық метаболиттерінің маңыздылығы.

10. Катаболизмнің жалпы жолдарының реттелуі.

«Ұлпалық тыныс алу. ЭТТ. Тотығып фосфорилдену»

1. Макроэргиялық қосылыстар. АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ

2. Ұлпалық тыныс алу және биологиялық тотығу жайында түсінік. Жасушада субстраттардың дегидрленуі және энергия көзі ретінде сутегінің тотығу. Тотығып фосфорилдену, коэффициент Р/0 және АДФ/О.

3. Митохондрий құрылысы және протондар мен электрондар тасымалы тізбегінің құрылымдық ұйымдасуы.

4. Катаболизмнің жалпы жолдары мен протондар және электрондар тасымалы тізбегі арасындағы байланыс.

5. Дегидрогеназалар және сутегінің бірінші реттік акцепторлары- НАД және флавопротеидтер; НАДН-дегидрогеназалар.

6. Терминалдық тотығу: убихинон, цитохромдар. Цитохромоксидаза.

7. Жасушадағы энергия трансформациясының механизмі ( П. Митчелл теориясы).

8. Электрондар және протондар тасымалы тізбегінің реттелуі (тыныс алу бақылауы).

9. Ұлпалық тыныс алу мен тотығып фосфорилденудің ажыратылуы. Ұлпалық тыныс алудың жылу реттеушлік қызметі. ЭТТ ингибиторлары (мысалдар)

10. Гипоэнергетикалық жағдайлар жайында түсінік.

 

«Глюкоза катаболизмінің анаэробті жолы. Глюконеогенез. Кори циклі»

 

1. Көмірсулардың құрылысы. Көмірсулардың жіктелуі (мысалдар).

2. Глюкозаның шығу көздері және ағзаға таралу жолдарының жалпы сызба нұсқасы.

3. Асқазан ішек жолдарында көмірсулардың қорытылуы, қорытылған өнімнің сіңірілуі (ферменттер, өнімдер, ГЛЮТ)

4. Глюкозаның фосфорлану реакциясының маңыздылығы және ерекшелігі.

5. Глюкоза ыдырауының ГБФ-жолы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер) ГБФ – жолында түзілетін АТФ мөлшері.

6. Гликолититтік оксидоредукция, пируват- сутегі акцепторы ретінде, субстратық фосфорлану.

7. Глюкозаның анаэробты ыдырауының биологиялық маңызы және таралуы.

8. Глюкоза биосинтезі (глюконеогенез). Ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер.

9. Глюконеогенездің биологиялық маңызы және таралуы.

10. Кори циклі, оның биологиялық маңыздылығы.

11. Гликолиз және глюконеогенездің өзара байланысы (глюкоза-лактатық және глюкоза-аланиндік циклдар). Биологиялық маңызы.

12. Цитозолдан митохондрийге сутегі тасымалының ілмектік әдісі. (малат-аспартат ілмектік механизмі)

13. Глюкозаның аэробты ыдырауының биологиялық маңызы және таралуы.

14. Глюкоза ыдырауының пентозофосфаттық жолы жайында түсінік.Тотығып және тотықпай жүретін кезеңдері (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер)

15. Пентозофосфаттық жолдың негізгі нәтижесі: НАДФН2 түзілуі, пентоза, АТФ.

16. Әртүрлі мүшелер жасушаларындағы пентозофосфаттық жолдың биологиялық маңызы және таралуы.

 

«Гликогеннің алмасуы. Қанда глюкоза деңгейінің реттелуі. Көмірсулар алмасуының бұзылуы»

 

1. Гликогеннің қасиеттері және таралуы. Гликоген қордағы полисахарид.

2. Гликогеннің биосинтезі (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер)

3. Гликогеннің мобилизациясы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер)

4. Гликоген мобилизациясы және қорға жиналуының физиологиялық маңызы.

5. Көмірсулар алмасуы реттелуіндегі гормондардың маңызы. (инсулин, адреналин, глюкагон)

6. Көмірсулар алмасуы бұзылуының жалпы сипаттамасы, Гирке ауруы, Андерсен ауруы, Кори ауруы.

7. Қанта диабеті – инсулинге тәуелді және инсулинге тәуелсіз. Себептері, көріністері, қанта диабетінің клиникалық белгілер. Қанта диабетінің асқынуы, бұзылыстары.

8. Жануарлар және адам ұлпасындағы моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтердің құрылымы және биологиялық қызметі

9. Гликопротеиндер және протеогликандардың көмірсулық бөлігінің құрылысы және қызметі. Гликопротеиндер және протеогликандардың ағзадағы маңыздылығы (мысалдар).

10. Сиал қышқылы. Сиал қышқылының биологиялық және диагностикалық маңыздылығы.

11. Гликозамингликандар. Гиалурон қышқылы, хондротинкүкірт қышқылы.

12. Гепарин, құрылымы, таралуы және қызметі. Медицинада қолданылуы.

13. Фруктоза алмасуы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер). Фруктозурия – себептері, көріністері.

14. Галактоза алмасуы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).Галактозурия – себептері, көріністері.

 

«Липидтер алмасуы. Жоғары май қышқылдарының алмасуы»

1. Липидтер құрылысы және биологиялық қызметтерінің жалпы сипаттамасы.

2. Липидтердің жіктелуі- гликолипидтер (цереброзидтер және ганглиозидтер), фософолипидтер (глицерофосфолипидтер, сфингофосолипидтер), холестерол, май қышқылдары

3. Құрылымдық және резервтік липидтер жайында түсінік.

4. Майлар қорытылуының жалпы сипаттамасы – ферменттер, коферменттер.

5. Гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, өт қышқылдарының маңыздылығы, мицелланың құрылымы және маңызы.

6. Ағзада липидтердің тасымалдану формасы. Липопротеиндердің жіктелуі.

7. Ішек қабырғасындағы триацилглицериндердің ресинтезі.

15. Май қышқылдарының алмасуы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

8. Бета-тотығу- май қышқылдары катаболизмінің арнайы жолы және оның физиологиялық маңызы.

9. Митохондрийдегі май қышқылдары тасымалының карнитиндік ілмектік механизмі.

10. Май қышқылдарының биосинтезі. (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

11. Кетондық денелердің синтезі,қолданылуы және физиологиялық маңызы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

«Триацилглицериндер мен фосфолипидтердің жасуша ішілік алмасуы. Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының реттелуі және бұзылуы»

1. Бауырда және май ұлпаларындағы майлар биосинтезінің ерекшеліктері.

2. Майлар мобилизациясы мен резервінің реттелуінің физиологиялық маңызы. Семіздік кезіндегі майлар мобилизациясы мен резервінің бұзылуы.

3. Фосфолипидтер алмасуының ерекшеліктері.

4. Стероидтар алмасуы. Холестерин биосинтезі және оның реттелуі жайында түсінік (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

5. ТӨТЛП құрамына холестериннің енгізілуі.

6. Өт қышқылдары синтезі .Холестерин мен өт қышқылдарының ағзадан шығарылуы.

7. Гиперхолестеринемия,оның пайда болу себептері. Тамыр ішілік липолиз

8. Атеросклероз биохимиясы.

9. Өттас ауруларының даму механизмі..

10. Липидтер алмасуының гормональдық реттелуі (лептин, адреналин, инсулин, соматотропин ,кортизол)

11. Адам ағзасындағы маңызды липидтер. Құрылысы, қасиеттері және глицерофосфолипидтер, сфингофосфолипидтер, гликолипидтер, гликосфинголипидтердің таралуы

12. Эйкозаноидтар синтезі және олардың физиологиялық функция мен метаболизмнің реттелуіндегі ролі

13. Липидтердің асқын тотығуы (ферментті және ферментті емес), мембраналық патология туындауындағы қызметі. Антиоксиданттар.

14. Қандағы тасымалдаушы липопротеиндердің құрамы, құрылысы және физологиялық қызметі

15. Хиломикрондардың түзілуі және майларды тасымалдауы

16. ТӨТЛП, ТТ ЛП және ТЖЛП түзілуі және қызметі

17. Адам ағзасындағы негізгі фосфолипидтер және гликолипидтер. Осы қосылыстардың биосинтезі және катаболизмі туралы түсінік.

18. Фосфолиидтер және гликолипидтер қызметі. Сфинголипидаза.

19. Гиперхолестеринемия пайда болу себептері

20. Өттас ауруларының даму механизмі. Хенодезоксихоль қышқылымен емдеу. Атеросклероз биохимиясы. Атеросклеротық тұнбалар түзілу механизмі (инфильтрация теориясы).

21. Гиперхолестеринемия және атеросклерозды емдеудің биохимиялық негіздері

22. Семіздік кезіндегі майлар мобилизациясы мен резервінің реттелуінің физиологиялық маңызының бұзылуы.

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №3 ЖМФ

«Аминоқышқылдар және нуклеотидтердің алмасуы»

1. Аминоқышқылдардың биологиялық және медициналық маңызы

2. Азоттық баланс туралы түсінік (теріс, оң және нольдік АБ)

3. Белоктардың қорытылуы және аминоқышқылдардың сіңірілуі. Белоктардың қорытылуында тұз қышқылының маңызы. Эндо және экзопептидазалар.

4. Белоктардың (аминоқышқылдар) ішектегі шіруі. Аминоқышқылдардың шіру өнімдерін залалсыздандыру.

5. Белоктық ашығудың себеп салдары: Ересектерде және балаларда. Квашиоркор.

6. Трансаминдену, трансаминазалардың талғамдылығы. В6.витаминінің кофементтік маңызы. Қан сарысуында трансаминазаларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

7. Аминоқышқылдарының дезаминдену жолдары. Тотығып дезаминдену аминоқышқылдардың. Аминоқышқылдардың тікелей емес дезамиденуі.

8. Аминоқышқылдар дезаминуінің биологиялық маңызы.

9. Аминоқышқылдардың декарбоксилденуі. Биогендік аминдер: гистамин, серотонин, гамма-аминомай қышқылы, катехоламиндер түзілуі және биологиялық қызметтері. Қабыну және аллергиялық реакциялар дамуындағы гистаминнің маңызы.

10. Биогендік аминдердің тотығуы (моноаминооксидазалар), МАО ингибиторлары.

11. Ұлпалардағы аминоқышқылдарының негізгі шығу көздері

12. Азот алмасуының соңғы өнімдері: аммоний тұздары және мочевина.

13. Мочевина биосинтезі (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер). Мочевина синтезі мен шығарылуның бұзылыстары

14. Аминоқышқылдары алмасуының жалпы жолдары: бір көміртекті фрагменттердің алмасуы.

15. Күкіртқұрамды аминоқышқылдарының алмасу ерекшеліктері.Креатиннің синтезі және оның биологиялық маңызы

16. Ароматты аминоқышқылдардың алмасу ерекшеліктері.

17. Жекелеген аминоқышқылдары алмасуы бұзылыстары

18. Нуклеопротеидтер қорытылуы өнімдерінің қорытылуы және сіңірілуі.

19. Пуриндік нуклеотидтердің биосинтезі, пуриндік ядро бөліктерінің шығу көздері,биосинтездің бастапқы кезеңдері ( 5-фосфорибозиламин). Инозин қышқылы АМФ және ГМФ алғы заты ретінде.

20. Пуриндік нуклеотидтердің ыдырауы.Зәр қышқылының түзілуі.

21. Пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі және ыдырауы жайында түсінік (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

22. Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер биосинтезінің координациясы (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

23. Нуклеотидтер алмасуының бұзылыстары жайында түсінік. Подагра. Ксантинурия. Оротацидурия

24. Психикалық аурулар кезінде биогенді аминдердің алмасуының бұзылыстары.

25. Катехоламиндердің алғызаты және депрессиялық жағдайды емдеудегі МАО ингибиторлары.

«Заттар алмасуы және гомеостаздың гормональдық реттелуі»

 

1. Гормондардың жалпы қасиеттері,жасуша нысана,гормондар рецепторлары жайында түсінік.

2. Гормондардың синтезделетін орны бойынша жіктелуі. Гормондардың жасушаларға жеткізілу әдістері.

3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.

4. Гормондардың әсер ету механизмі бойынша жіктелуі. Екінші реттік делдалдар (мессенджерлар): цАМФ, цГМФ, инозитолфосфат, диацилглицерол, Са2+жайында түсінік

5. цАМФ арқылы гормондар әсерінің берілу кезеңдері.

6. Инозитолфосфат, диацилглицерол, Са2+ арқылы гормондар әсерінің берілу кезеңдері

7. Каталиттік және липофилдік рецепторлар арқылы гормондар әсерінің берілу ерекшеліктері.

8. Бас миының рилизинг-факторлары. (либериндер және статиндер).

9. Гипофиз гормондарының жалпы сипаттамасы: құрылысы және биологиялық әсерлері, гипер-және гипофункцияның көріністері.

10. Эпифиз гормондарының жалпы сипаттамасы: құрылысы және биологиялық әсерлері, гипер- и гипофункцияның көріністері.

11. Қалқанша безінің иодтирониндері (тироксин и трииодтиронин), құрылысы, синтезі,әсер ету механизмі,жасушадағы заттар алмасуы мен биоэнергетикаға әсері. Гипер –және гипотиреоз кезіндегі заттар алмасуы өзгерістері.

12. Глюкагонның синтезі ,секрециясы, биологиялық әсерлері және заттар алмасуын реттеу механизмі

13. Инсулиннің синтезі,секрециясы, биологиялық әсерлері және заттар алмасуын реттеу механизмі.

14. Қант диабеті және оның асқынуының биохимиялық механизмі

15. Катехоламиндер –бүйрекүсті милы затының гормондары, химиялық табиғаты, биосинтезі, заттар алмасуы мен биоэнергетикалық процестерге әсері. Гипер- және гипофункцияның көріністері.

16. Бүйрекүстінің минералокортикоидтары мен глюкокортикоидтары, химиялық табиғаты, өкілдері, заттар алмасуына әсер ету механизмі. Гипер- және гипофункцияның көріністері.

17. Жыныс гормондарының жалпы сипаттамасы: химиялық табиғаты, өкілдері, заттар алмасуына әсері. Гипер- және гипофункцияның көріністері.

18. Ағза сұйықтығының электролиттік құрамы. Ағзадағы натрий, калий және басқа электролиттер.

19. Ағзадағы натрий, калий – тағамдық шығу көздері, биологиялық қызметі.

20. Натрий және калий иондарының трансмембраналық градиенті, натрий-калий насосы және оның қызметі.

21. Су-тұз алмасуындағы бүйректің ролі. Осморегуляцияның механизмі.

22. Антидиуретикалық гормон: құрылысы және биологиялық әсерлері.

23. Альдостерон және ренин-ангиотензин жүйесі: жұмыстың негізгі принциптері, биологиялық әсерлері

24. НУФ – жұмыс жұмыстың негізгі принциптері, биологиялық әсерлері.

25. Су-тұз алмасуы бұзылыстарының жалпы сипаттамасы.

26. Зәрдің қалыпты химиялық құрамы (органикалық емес және органикалық компоненттері)

27. Зәрдің патологиялық компоненттері

28. Зәрдің физика-химиялық көрсеткіштері (көлемі, рН, түсі, иісі, тығыздығы)

29. Дегидратация. Дегидратацияның зертханалық көрсеткіштері.

30. Эндокринді бездер қызметінің бұзылысы: гормондардың гипер- және гипо- өнімі.

31. Гипо – және гипертиреоз, биохимиялық бұзылыстары.

32. Рахит кезінде фосфор-кальций алмасуының бұзылыстары. Гиперпаратиреоидизм және гипопаратиреоидизм.

33. Қант диабеті. Қант диабеті және оның асқынуының биохимиялық механизмі

34. Қант диабеті диагностикасында қанттық жүктеме әдісі.


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №4 ЖМФ

 

«Бауыр биохимиясы»

 

1. Бауырдың биологиялық қызметі.

2. Аминоқышқыл, липидтер, көмірсулар алмасуларының бауырдағы ролі. Қан плазмасы белоктарының бауырдағы синтезі.

3. Заттардың бауырдағы залалсыздануы (детоксикация): тотығу және конъюгация. Р450 и b5 цитохромдар қызметі.

4. Гормондардың бауырдағы инактивациясы (инсулин, стероидтық гормондар, катехоламиндер).

5. «Митридат» әсері – әсер ету механизмі.

6. Бөгде және дәрілік қосылыстардың метаболизмі.

7. Химиялық канцерогенез жайында түсінік.

8. Бауыр қызметі бұзылыстарының диагностикасының биохимиялық әдістері.

«Хромопротеидтер алмасуы»

1. Гемоглобин синтезі (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер). Гемоглобин синтезінің бұзылыстарынан туындайтын патология (порфирия).

2. Гемоглобиннің ыдырауы, өт пигменттерінің, зәрдің және нәжістің түзілуі (билирубин және биливердин), (стеркобилин).

3. Бауырдағы билирубиннің метаболизмі.

4. Билирубиннің залалсыздандырылуы.

5. Билирубин алмасуының бұзылуы. Сарыаурулар.

6. Қанда және зәрде билирубинді және басқа өт пигменттерін анықтаудың

диагностикалық маңызы.

 

«Қан биохимиясы. Қан плазмасының белоктары»

 

1. Қан плазмасының химиялық құрамы және негізгі биохимиялық көрсеткіштері.

2. Қан плазмасы белоктары. Альбумин және басқа тасымалдаушы белоктар. Глобулиндер. Қан плазмасы белоктарының әрбір фракциясының негізгі өкілдері және олардың ағзадағы маңыздылығы.

3. Қан ферменттері.

4. Кининдік жүйе. Кининдік жүйенің әсер ету механизмі.

5. «Жедел фаза белоктары»: табиғаты, маңызы, диагностикалық мақсатта анықтау.

6. Қанның азоттық белок емес заттары.

7. Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық заттары.

8. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың дигностикалық маңызы.

 

 

«Қан биохимиясы. Қанның ұю жүйесі және фибринолиз»

 

 

1. Қан ұю – үш кезеңі: тамырлық-тромбоцитарлық механизм, гемолиттік, тромб ретракциясы.

2. Гемостаз механизмдері және кезеңдері, тромб түзілу кезеңдері. Қан ұю фактры.

3. Қан ұюда К витаминнің қызметі.

4. Фибринолиз жүйесі.

5. Қан ұюына қарсы жүйе. Антитромбиндер және гепарин

6. Қанның ұю жүйесінің, қан ұюына қарсы жүйенің және фибринолиздің көрсеткіштерін анықтаудың диагностикалық маңызы.

 

 

«Газдардың тасымалдануы. Темір алмасуы. Лейкоциттер мен эритроциттердегі метаболизмнің ерекшеліктері»

 

1. Ағзадағы темірдің формалары (ферро және ферри – иондары)және қызметтері.

2. Асқазан ішек жолдарында темірдің сіңірілуі процесінің ерекшеліктері

3. Темірдің тасымалдануы және деполануы.Трансферрин және ферритин құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.

4. Гемоглобиннің құрылысы, гемоглобиннің түрлері және молекулалық формалары.

5. Оттегі және көмір қышқыл газының байланысу және босанып шығу механизмдері.Бор эффектісі.

6. Гемоглобинопатиялар жайында түсінік.

7. Эритроциттердің органоидтық құрылымының ерекшеліктері

8. Эритроцитарлық мембрананың құрылыс ерекшеліктері, мембрана арқылы тасымал.

9. эритроциттердегі негізгі метаболиттік процестер.

10. Эритроциттердегі оттегінің улы формалары және антиоксиданттық жүйе жайында түсінік

11. фагоциттер метаболизм ерекшеліктері

12. Фагоциттеуші жасушалармен оттегінің улы формаларының туындауының негізгі кезеңдері

 

 

«Дәнекер ұлпасының биохимиясы»

 

1. Дәнекер ұлпасының химиялық құрамы,құрылысы және заттар алмасуы ерекшеліктері.

2. Коллаген: аминоқышқылдық құрамының, бірінші және екінші реттік кеңістік құрылымының ерекшеліктері.

3. Коллагеннің биосинтезі. (ферменттер, аралық метаболиттер, коферменттер).

4. Пролин мен лизиннің гидроксилденуіндегі С витаминінің маңызы.

5. С витамині тапшылығының көріністері (скорбут).

6. Дәнекер ұлпасының гликозаминогликандары және протеогликандары. Су және катиондар алмасуындағы протеогликандардың маңызы. .

7. Кәрілік, коллагеноз, жараның бітуі кезіндегі дәнекер ұлпасының өзгерісі.

8. Коллагеноз кезіндегі оксипролинурия.

 

«Сүйек және тіс ұлпаларының биохимиясы»

1. Сүйек ұлпасының химиялық құрамы және заттар алмасуы.

2. Сүйек ұлпасының белоктары және басқа компоненттері.

3. Сүйек ұлпасы метаболизміндегі кальций мен фосфаттардың маңызы

4. Фосфор-кальций алмасуының гормоналдық реттелуі. (кальцитроил, кальцитонин, паратгормон)

5. Сүйек ұлпасы минералдану мен резорбциясының биохимиялық процестері

6. Тіс ұлпасының биохимиялық құрамы (эмаль, дентин, цемент, пульпа)

7. Сүйек ұлпасы метаболизмінің биохимиялық маркерлері

8. Остеопороз және рахит даму механизмі.

 

 

«Бұлшықет ұлпасы биохимиясы»

 

1. Көлденең жолақты бұлшықеттердің химиялық құрамы

2. Миофибрилдің негізгі белоктары: миозин, актин, актомиозин, тропомиозин, тропонин. Миофибрилдің молекулалық құрылымы.

3. Миоглобин, оның құрылысы және қызметі.

4. Бұлшықеттердегі энергия алмасуы ерекшеліктері.

5.қаңқа және жазық, миокард бұлшықеттердің жиырылуы мен босаңсуының биохимиялық механизмдері

6. Бұлшықеттер жиырылуының реттелуіндегі бір валентті иондар мен кальций ионының маңызы.

7. Бұлшықеттер дистрофиясы денервациясы кезіндегі биохимиялық өзгерістер. Креатинурия.

 

«Жүйке ұлпасы биохимиясы»

 

1. Жүйке ұлпасының химиялық құрамы.

2. Жүйке ұлпасының белоктық,липидтік және көмірсулы құрамы ерекшеліктері.

3. Миелиндік мембраналар: химиялық құрамы және құрылымдық ұйымдасуы.

4. Жүйке ұлпасындағы энергия алмасуы:глюкозаның аэробты ыдырауының маңызы.

5. Жүйке ұлпасындағы белоктар,нуклеин қышқылдары, липидтер және жекелеген аминоқышқылдары алмасуы ерекшеліктері.

6. Медиаторлар: ацетилхолин, катехоламины, серотонин, гамма-аминомайқышқылы, глутамин қышқылы, глицин, гистамин.

7. Бас миының белсенді пептидтерінің физиологиялық маңызы.

8. Психикалық аурулар кезіндегі биогендік аминдер алмасуының бұзылуы. Депрессивті жағдайларды емдеуде катехоламиндер және МАО ингибиторлары.