Зерттеу объектісіне талдау

 

Бұл бағдарлама Зейнетақы қоры «ЖЗҚ» қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін құрдым. Бағдарламаға қор, бейне роликтер, салымшыларға ақпарат, сұрақ-жауап жайлы барлық мәліметтерді енгіздім. Сондай-ақ бағдарламада есептеу жүйесі бар және мәліметті баспаға шығаруға болады. Артықшылығы бағдарлама үш тілде жұмыс істейді.

Кез келген бағдарламаны құрастырудың бірінші кезеңі жобалаудан тұрады. Мұнда ең басты мәселе программа текстін жазу емес, деректер қорының структурасын жобалау мен олардың қатынастарын анықтау.

 

2.2 Апараттық қамтама

 

Заманауи автоматтандырылған жүйелер мынадай аппаратты құралдарға ие болуы тиіс:

- Есептегіш техника құралдары;

- ЖЕЖ қондырғылары;

- Перифериндік қондырғылар;

- Телекомуникация және байланыс құралдары.

ЭЕМ ең алдымен мәліметтерді өңдеуге және есептеу тапсырмаларын шешу үшін қолданылады. Қазіргі заман жағдайында ЭЕМ машиналары ақпараттарды өңдеуде кеңінен қолданылады.

Қолданбалы өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін жұмыс станциясының келесі мінездемелері ұсынылады:

- 128 МВ кем емес оперативті есте сақтау;

- 10Гб кем емес винчестер көлемі;

- SVGA видеодисплейінің адаптері және одан жақсы;

- 300МГц кем емес тактілік жиілік;

- Ethernet желілік адаптері.

Телекомуникация жүйелерінің дамуы әсіресе жергілікті есептеуіш желі технологияларының дамуы, ақпараттарды өңдейтін барлық техникалық құралдарды біріккен ішкі фирмалық ақпараттық желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Ең әсерлі ақпаратты жүйе болып желілік технологияларды қолдануға негізделген жүйе саналады, ол шынайы уақыт тәртібінде мәліметтерді бірнеше тұтынушылардың бірдей қолдануын қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптің локальды жүйе ұйымдастыру үшін сай келетін желілік құрал – жабдықтарды таңдап, желінің архитектурасын жобалап, жұмысшы топтарын ұйымдастырып және желіні басқару құралдарын анықтау қажет.

Берілетін ақпараттың көлемі сарапталды, желіде жұмыс істейтін тұтынушылардың саны және желіні ұйымдастырудың Ethernet 100 Mbit/s техналогиясын қолдану туралы шешім қабылдады.

АЖ локальды есептеуші желілері жұлдыз тәрізді топология негізінде құрастырылған. Бұл топологияда берілетін ақпараттың сенімділігі жоғарылайды.

Жұмысшы станциялар Hubom мен (кондиционермен) (UTP түріндегі) кабелмен жалғасады, ол RJ – 45 түріндегі разьемдері бар қосуға арналған. Екі бөлік арасындағы кабельдің ұзындығы 100м аспауы керек.

Hubom олардың саны мен салынуы шектеусіз бола алады. Желіде ақпараттарды беру құралы ретінде экрандалмаған 100Мбит/с жылдамдығы мен жұмыс істеу стандарттарын қанағаттандыратын жұпталған кабельді пайдалануға болады.

Желіде жұмысшы станцияларының сұрауларына қызмет көрсететін бір сервердің жұмыс істеуі жоспарланған. Жобаланып отырған желідегі сервер келесі қызметтерді орындау керек:

1. Резервті сервер

2. Бөлектелген рұқсат сервері

3. Файлдық сервер

4. Клиент - сервер

5. SQL – сервер

Перифериндік қондырғыларға мыналар жатады:

- А3 форматындағы матрицалық принтер, құжаттарды жеделдетіп басу мүмкіндігімен (Epson – LQ 1170);

- үзіліссіз азықтандыру блогы (UPS - 1000);

- сканер (Acer - 100).

Ақпараттарды бос офиске жіберу үшін мәліметтерді қабылдау / жіберу – модем қондырғысы қажет. Мына хаттамалардан V.32,V.42bis, V90, Flex56 тұратын Curier – 33600 болғаны жақсы.

Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

¾жүйелік блок;

¾дисплей немесе монитор;

¾пернетақта;

¾тышқан.

Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Бағдарлама мына операциялық жүйелерде жұмыс істейді: Windows XP, Windows Vista, Windows 7, Windows 8.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылғанпрограмма. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілірді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

¾ ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

¾ желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;

¾ ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;

¾ ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

¾ ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

 

 

2.3 Бағдарламалау тілінің таңдалымы

 

Бағдарламаны Delphi 7 ортасында құрыдым. Себебі delphi 7 дайын формалар, компоненттер бар. Ал мәліметтер қорын MS Access те құрдым.

Программа негізінен екі бөлімен түрады.

Borland Delphi программалау тілі.

Paradox берілгендер қоры.

Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.

Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.

Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.

Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.

Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.

Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.

Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар:

l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;

2) Form1 — Форма;

3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі;

4) Unitl.pas — Редактор терезесі.

DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:

Мәзір.

Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:

Standard — Стандарттық;

View — Көрсету;

Debug — Баптау;

Custom- Қолданушы;

Desktop — Жұмыс столы;

Internet — Интернет.

Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:

Standard — Стандартты;

Additional - Қосымша;

Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды;

System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;

Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;

DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;

dbExpress - SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;

DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;

BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;

ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;

InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру;

InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;

Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;

FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;

Decision Cube — Көп өлшемді талдау;

QReport — Есепті құрастыру;

DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру;

Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі;

SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар;

ActivX — ActivX компанентті;

COM+ - Аттас объектілерді басқару;

InterBaseAdmin — Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару;

WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру;

Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін;

IndyCIients — Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті.

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті.

Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties - қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері.

Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады:

алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:

- форманы жабу (жабу түймесін шерту);

- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.

Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

¾1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)

¾1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)

¾1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)

¾2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

¾2003 Access 2003 (MS Office 2003)

¾2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)

¾2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ре-тінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компютерді осы бағытта пайда-ланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көп-теген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады. Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызме-ті бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді. Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарас-тырып өтейік. Бастапқы терезесі:

Деректер қорын құрастырушы терезесінің түрі:

Мәліметтер базасында жобалау кезендері. Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ — ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалық деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады.

Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ). Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды. Осы модель информациялық бірліктер терминдеріне құрылады, нақты МББЖ рұқсат етілген, біздер деректер базасын жобалайтын ортада.ДЛМ құру кезеңі даталогиялық жобалау болып аталады. МББЖ тілімен деректер базасының логикалық құрылымын суреттеуді сызбанұсқа д.а. ДБ физикалық моделі . Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады(көп жағдайда физикалық моделі д.а.). Осы модель есте сақтау құралғыларды аңықтайды және деректерді сақтайтын жерде физикалық түрін ұйымдастырады. Физикалық деңгейдегі модель мүмкіндік нәтижелілігін есептеп құрылады, МББЖ суреттеуі бойынша. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеуді сақтау сызбанұсқасы д.а. Соған сәйкес ДБ жобалау деңгейі физикалық жобалау д.а.

Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлуматтар. Даталогиялық жобалаудың бастапқы деректері. Кез – келген МББЖ өзіне мүмкін болатын мәліметтердің логикалық бірліктерімен жұмыс жасайды, сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі логикалық құрылымдардың ақпараттық бірліктерді құраушы төменгі деңгейлерден аңықталған ережелер композицияларын қолдануға мүмкіндегі береді. Бұдан басқа, көптеген МББЖмәліметтер базасы құрылымына сандық және басқалай шектеулер қояды. Сондықтан даталогиялық модельді құруға кіріспестен бұрын МББЖ – нің ерекшеліктерін тыңғылықты түрде оқып — зерттеу керек, жобалық шешімді таңдауға әсер етуші факторларды анықтау қажет, сонымен қатар, жобалаудың автоматтандырылуының қолда бар жабдықтарын, оларды пайдалану мүмкіндіктері мен мақсатты бағытталдығын анализдеу керек. Даталогиялық жобалау мәліметтер базасының логикалық құрылымын жобалау болып МББЖ – мен ұсынылатын мәліметтерді физикалық мүмкіндіктері әсер етеді. Сондықтан да, мәліметтерді физикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін білү логикалық құрылымды жобалау барысында пайдалы болып табылады. Мәліметтер базасының логикалық құрылымы,және де мәліметтермен толтырылған мәліметтер базасы реалды пәндік облыстың көрінісі болып табылады. Сондықтан жобалық шешімдерді таңдауға информациялық модельде көрсетілген, пәндік облыспен көрсетілетін специфика әсер етеді.

Даталогиялық жобалау нәтижесі. Даталогиялық жобалаудың түпкілікті нәтижесі болып ЯОД – да мәліметтер базасының логыкалық құрылымын суреттеу табылады. Бірақ егер жобалау “қолмен” жүргізілсе, онда ең алдымен мәліметтер базасы құрылымың схемалық графикалық көрінісі құрылады. Бұл жағдайда мәліметтерді суреттеу тілінің конструкциясы мен ақпараттық бірліктер мен олардың арасындағы байланыстарды графикалық белгілеудің арасындағы бірмағыналық сәйкестілік қамтамасыз етілуі тиіс. Графикалық көрнісіс мәліметтер базасының құрылымын автоматты жобалау барысында жобалаушымен қарым – қатынастың интерфейстік жабдығы ретінде және де жобаны құжаттау кезінде де қолданылады. Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жобалау барлық ақпараттық бірліктер мен олардың арасындағы байланысты анықтауды, оларға ат беруді білдіреді. Егер де ақпараттық бірліктер үшін әртүрлі типтерді қолдану мүмкін болса, онда олардың типін аңықтау қажет. Сонымен қтар кейбір сандық характеристикаларды, мысалы, өріс ұзындығын берген жөн. 1.3 Даталогиялық жобалауға қатынасы. Деректер моделінің әрбір типі және модельдің әрбір түрі нақты МББЖ қолданылғанда өзінің ерекше қасиеттері болады. Сонымен қатар барлық құрылымды деректер модельдерінде және өзінің ортасында ДБ ұстаным жобалауларында көптеген ұқсастықтары болады. Осының барлығы деректер базасының құрлымын жобалауда бірыңғай методологиялық қатынасты қолдануға мүмкіндік береді. ДБ жобалау процесі алдын – ала пәндік облыстағы объектілер классификациясын жасауға, жүйеге келтіргенде объектілер және олардың арасындағы бойынша туралы ақпараты береді. Жобалаудың бастапқы кезеңдерде ДБ – ң тізімі аңықталуы керек. ДБ логикалық құрылымын жобалауда инфологиялық модельдің деректер моделіне ауысып кетуіне жағдай жасайды және нақты МББЖ қолданылады да тексеру болғаннан кейін даталогиялық модель пәндік облыста суреттеледі. Кез – келген пәндік облыстың даталогиялық модельде суреттеудің көптеген жобалаудың шешімдері бар. Жобалау әдісі ең кішкентай логикалық бірлігі (олардың әртүрлі аталуына қарамастан ) барлық МББЖ семантикалық тең болады және объектің идентификаторына сәйкес келуі керек немесе объектің қасиетіне немесе процеске. Пәндік облыстағы зат арасындағы байланыстар, инфологиялық модельде сипаталады , даталогиялық модельде инфологиялық элементердің бірге орналасуына байланысты суретелуі немесе олардың арасындағы байланыстың жариялауында. Байланыс іштей жазу сырттай жазу деңгейде де берілуі мүмкін. Байланыстың барлық түрі емес пәндік облыстағы болғандары даталогиялық модельде нақты түрде сипатталуы мүмкін. Көптеген МББЖ элементер арасындағы М: М байланысты қолданбайды.Осы жағдай да даталогиялық модельге көмекші элемент енгізіледі, осы қатынасты сипттайтын болады. Осы жағдайға назар аудару керек, себебі пәндік облыста және ИЛМ сипаттайтын қатынастар тек қана деректер базасының құрылымы арқылы берілуі мүмкін, сонымен қатар програмалық жолмен де берілуі мүмкін.Мыс: Қорытылған объектілер деректер базасын логикалық құрылымы деңгейде класс тобының сипатталуы керегі болмайды. Осы жағайда класстар тобы програмалық жолмен сақталатын деректердің өңдеумен аңықталады. Сипаттаудың қандай тәсілмен шешімі нақты жағдайда қолдану керегінің көптеген факторлардан тәуельді болады:тұрақсыздық заттың сипаттауы номенклатураның көлемі, МББЖ ерекшеліктері деректер өңдеуі мінезіне т.с.с. Егерде пәндік облыста қызметкерлердің жынысы бойынша классификация қолданса, деректер базасында жыныстық классификаторды құрудың қажеті жоқ, себебі ол тек қана екі позицияны ұстайды және ешқашан өзгертілмейді. Соған сәйкес пәндік облыстың обьектілеріне класс топтарды бөлудің керегі жоқ, олар көп жағдайда бірлескен түрде өңделеді және негізінде оларды сипаттайтын біртүрлі қасиеттер тізімін құрайды. Егерде сипаттайтын зат тұрақсыз болса, онда оны деректер арқылы беру керек, әйтпесе ол программаның әрдайым түзулуін қажет, осы жағдайда деректерді өзгертудің жағына қарағанда қиынға соғады. Бірлескен обьектілердің бір файлда сипатталуына қарағанда, тағы бір тәсілі бар, әрбір төменгі деңгейдегі класс тобы обьектілеріне бөлек өзіндік файлдарды атап көрсетуге болады.Осы екі вариант кез – келген МББЖ қолдану мүмкін. Сипаттаудың басқа тәсілдері нақты және нақты емес ДБ логикалық құрылымда класс топтарының суреттеуімен байланысты класс тобының нақты суреттейді — жазуында қасиеттердің мағыналары үшін жолдар белгіленуі әртүрлі класс топтарының жалпы обьектілерге және класс топтарының қасиеттің шешіміне жолдардың орнына класс топтарына тәуельді болған тәуельді тізімімен бір жол қолданады, оның құрамынан қандай класс тобы, қандай суреттейтін обьектіге жататыны белгілі болады. ДБ класс топтарының нақты бөліктен құрылымын принциптің орындалуы МББЖ – ң спецификасынан тәуельді болады. ДБ логикалық құрылымын жобалауында негізгі мағынасын пәндік облысының қасиеті иемденеді. Бірақта информацияның өңдеу мінезі де жобалауда шешімін қабылдауға әсерін тигізеді. Мысалы: Жиі қолданылатын информацияны бірге сақтау ұсынылады, көп жағдайда бірге өңделетін және керісінше бірге көп қолданылмайтын информацияны әртүрлі файлдарға бөліктеу. Көп қолданылатын информацияны және информацияға жолдамалар жиілігі аз болатын әртүрлі файлдарда сақтау керек, соңғысын архивтік файлдарға кіргізгені жақсы бөлер еді, ДБ тізімінде қолдағаннан гөрі.

Деректер базасын құрамын аңықтау. Информациялық модельдерден даталогиялық модельге көшу кезінде мынаны ескеру керек, информациялық модель өзіне пәндік облыс туралы ДБ жобалауға керекті бүкіл информацияны кірістіреді. Ол ИЛМ ішіндегі заттарды бәрі даталогиялық модельде сипаттамайды. ДЛМ құрастырғананнан бұрын шешу керек қандай информация ДБ – да сақталады. Мыс: Инфологиялық модельде саналатын көрсеткіштер суреттелуі керек, бірақ та олар деректер базасында сақталмауға болады. ДБ – да сақталатын көрсеткіштер тізімін аңықтауда әртүрлі қатынастар бар. Соған сай деректер базасында тек қана нәтижелік көрсеткіштер сақталуы тиіс, ал өңделетін көрсеткіштер сұраным болған кезінде есептелуі тиіс. Осы қатынастың жақсы жақтары бар. 1. ”нені сақтау керек ” шешімін қабылдағанда қарапайымдылық және бірлік. 2. Информацияның төлқұжатының болмауы, және одан шығатын барлық салдары 3. Кез – келген саналатын көрсеткішті алудың мүмкіндігі. Саналатын көрсеткіштер сақталуға шешім қабылдауда бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Гипотетикалық пәндік облысты қарастырайық, ал оқу орнын суреттейді. Осы оқу орында оқитындарға стипендия беріледі. Стипендия берудің нақтыланған алгоритмі болады.

1. Барлық экзамендарды сессия уақытында тапсырылғандарға беріледі.

2. Стипендияның көлемі белгілі.

3. Кімде қаңағат деген бағалар болмаса, стипендия 25% жоғары болады.

4. Кімде тек қана өте жақсы деген бағалар болса стипендия 50 % артады.

Семестр бойы стипендияның көлемі өзгермейтінің қарастырайық. Осы жағдайда стипендияның көлемі саналатын көрсеткішке жатады, сондықтан деректер базасында сақталмайды, себебі кез – келген уақытта саналатын жолмен аңықталады. Бірақ та қарастыратын жағдайда оны ДБ сақтауға жақсы болған еді, себебі: а) Алынатын мөлшері ірі қарай көп қолданады. б) Стипендия көлемін аңықтаудың алгоритмі күрделі логика құрайды, санауға керекті бірнеше файлдарды қарастыруды етеді. в) Стипендияның көлемі семестр бойы өзгермеуі керек. “Стипендияның берілуі” нақты файлды иемдегенде оның толықтылығын және дәлдігін қадағалау жеңіл болады. Жасанды идентификаторларды енгізу. Деректер базасының файлында обьекті суреттегенде обьектің идентификаторы осы көптеген жағдайда кілттік жолы болады.Бірақ кейбір жағдайларда жасанды идентификаторларды енгізуге қажеттілік туады, немесе басқаша айтқанда кодтарды. Осы жағдайлар келесі болып табылады.

1. Пәндік облыста бақылағанда синонимия немесе мүмкін болу, обьектінің табиғилық идентификаторы уникальды қасиетін ие болмауы мүмкін. Мыс: Өндірістің қызметкерлері арасында бірдей фамилия болуы мүмкін. Осы жағдайда обьектілерінде біртипті идентификациясы болуы үшін информациялық жүйеде жасанды кодтарды қолдану керек болады.

2. Егерде обьект көптеген байланыстарда қатысса, онда оларды сипттау үшін бірнеше файлдар құралады, және солардың әрбіреуінде обьектінің идентификаторы қолданады. Барлық файлдарда обьектінің ұзын табиғилық идентификаторды қолданбау үшін қысқа кодты енгізіп қолдануға болады. Ол тек қана есті экономдап қоймай сонымен қатар информацияны енгізуді жеңілдетеді.

3. Егерде табиғилық идентификатор уақыт сайын өзгеруі мүмкін, онда көптеген проблемалар пайда болуы мүмкін, егер осындай “динамикалық идентификатормен” қатар “статистикалық жасанды идентификаторларды ” қолданбаса. Қайсыбір обьектілерге идентификаторлар иеленіп отырса, онда осы идентификаторлар тұрақты болуы қаламау керек. Мыс: Оқу орындарында қайсыбір жағдайларда оқу группалар аңықталады. Оларды сипаттау үшін курстық номерін қолдануға болады. Бірақ осы жағдайда группаның идентификаторы жыл сайын өзгеріп отырады. Даталогиялық модельді жобалаған барлық қадамдары итеративті істеледі. Сонымен қатар даталогиялық жобалау деңгейдің ішінде де, басқа ДБ жобалау деңгейлерінде де итерация болуы мүмкін.

Мәліметтер базасында модельдердің құрылымымен бөлуді қадағалау керек (іштей жазуды және сыртқы жазуды ). Іштей жазу құрылымы сызықтық немесе иерархиялық болуы мүмкін . Сызықтық құрылымда жазу қарапайым элементтерден тұрады (көбінде жолдар аталады) оларды жазғанда бір – бірінің артынан жазуды қадағалау керек немесе басқаша айтқанда жазу құрылымы нормаланған болады. Иерархиялық іштей жазу құрылымы жағдайда, жазу құрылымына тек қана қарапайым емес сонымен қатар құрамдас компоненттер де кіреді. Олар векторлар болуы мүмкін (біртипті элементер қайталанып келсе), қайталанып келетін группалар (жазудың ішінде бірнеше құрамдас информациялық бірліктерінің даналары, бірнеше әртипті элементерді кірістіретін ), сондай – ақ, іштей жазуында қайталанбайтын информациялық құрамдас бірліктері. Мыс: Егер де біздің жазуында тұлға болса, онда соның ішінде қарапайым элементер кіруі мүмкін, табельдік номер, фамилия т.б. ағылшын тілі векторы (тұлға бірнеше ағылшын тілдерін меңгергендігін топшыланады) қайталанатын группа жұмыс, тізім, тағайындау күні, шығу күні, жұмыс орны, лауазымы, сонымен қатар қайталанбайтын группа адресі, қала, көше, үйі, квартира элементтерден құрайтын. Иерархиялық жазу құрылымы көп деңгейлік болуы мүмкін:Ұстаным ережелері бойынша өте күрделі құрылымдар болуы мүмкін. Мыс: Қайталанатын группа құрамына сапалық құрамдас компонент ретінде басқа қайталанатын группа кіреді. Дегенмен әртүрлі себептермен (жүзеге асыру қиындығына байланысты) нақты МББЖ – да айырмашылық шектеулер болады, Мыс:Қайталанатын группа бірінші иерархиялық деңгейде болуы мүмкін. Өзіндік жазу құрылымда тәуелді және тәуелсіз құрылымымен болуы мүмкін. Соңғысы көбінде білдіреді, егер де нақты обьектке жазуда кез – келген компоненттің мағынасы болмаса, сол компоненттің берілген жазуда болмауын білдіреді. Мыс: бір қызметкер жоғарғы оқу орнын бітірсе, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, сол ЖОО бітірген жылы ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы берілген күні сол қызметкердің жазуында сақталады. Егер басқа қызмекерде осы белгілер болмаса, сол жазуында да осы жолдар болмайды. Жазудың басқа ерекшеліктері оның ұзындығы болып табылады. Осы белгі бойынша жазу тәуелді мен тәулсіз және белгісіз ұзындығымен бөлінеді. Жазу тәуелді ұзындығымен сипатталады, сол арқылы оның тәуелді ұзындығын сол жолдар иемденеді немесе кез – келген жолдардың мүлдем болмауы, немесе қайталанатын компоненттерге бірнеше экземплярдің болуы қалайды. Жолдардың негізгі тән белгілер олардың ұзындығының түрі болып табылады. Болып отырған МББЖ жолдар түрлері ұстанатын терімдер бойынша бөлінеді, бірақ осы терімді көбейту туралы беталыс болып тұр. Қазіргі уақытта көптеген МББЖ, кәдімгі қарапайым жолдар, символдық және сандық түрлерімен қатар мерзім түрлер, логикалық жолдар және ақша түр жолдар енгізуге болады. Кейбір жүйелер қолданушының жолдардың түрлерін енгізуге мүмкіндік береді. Сыртқы жазу құрылымы МББЖ дәстүрлі бөлінеді типтер бойынша мәлімет модельдер реляциялық иерархиялық және желілік. Олардың жазу байланыстылығына сипаттауға негізделеді. Олардың терминологиялық айырмашылыққа қарамастан кез – келген моделдің негізгі компоненттері жазу құрайтын файлдардан тұрады. Классикалық иерархиялық моделдерде бір файл болады, сол файл құрылымға кірер есік болады. Қалған файлдар өз арасында байланыста болады. Солардың әрбіреуі түбір шыңнан басқасы және бір нәтижелік шын бар болады(ата – ана ) және кез – келген бағынышты шыңңан (балалар) негізделеді. Файл “ата – ана” және тудырған файл жазу арасында қатынас 1:М болады (кейбір жағдайларда 1:1). Желілік модельдерде егер оған ешқандай шектеу қоймаса ұстанымда жүйеге кез – келген файл нүктелік кірер есік болады, файлдың әрбіреуі сандық бассыздық басқа файлдармен қатынаста болуы мүмкін және жазулар арасында байланысқан файлдар арасында кез – келген қатынастар болуымүмкін (1: 1, 1: М, М : М). Бірақ шыңдығында МББЖ – да модельге әртүрлі шектеулер қойлады. Желілік МББЖ әртүрлі файлдармен болуы мүмкін. Олардың ішінде файлдар екі типті болады: негізгі және тәуельді. Қандай МББЖ – де жүйелік деректерге кірер есік тек қана негізгі файлдар болады, өз арасында байланыстылық тек әртипті файлдар болады. Көптеген МББЖ – де М: М деген қатынас қолданбайды. Сондай модельдерде әрбір байланыс жұп файлдар арасында бөлінген түрде ауысқанда және әрбіреуінің ішінен бір файл осы жұпта “иеленуші” болып жарияланады, ал басқасы “мүше”. Жазулардың ішінде қатынас “иеленуші” және “мүше” — 1: М болады. Иерархиялық және желілік модель файлдар арасындағы қатынас жүйелік деректер құрылымы сипатталғанда аңықталады және физикалық беріледі әртүрлі көрсеткіштер арқылы. Реляциялық модельдерде өзіндік аталымы қолданады, бірақ ол модельдің елеулігін өзгертпейді. Көп жағдайда жалғыз модеьдік шектеуге әртүрлі МББЖ – де әртүрлі аталымдар қолданады. Логикалық деңгейде элемент көп жағдайда атрибут; сонымен қатар ол үшін бағана термині қолданады, жол т.б. Жиынтық атрибуттардың жиынтығы жолды құрайды (синонимдік терминдер – “қатар” “жазу”, “кортеж”).Жолдардың жиынтығы қатынасты құрайды (“таблица”, “деректер базасының файлы”). Деректер базасы ұғымы барлық реляциялық МББЖ қатынастардың көптігін қолдануы болмайды (сол сияқты ДБ жасағанда, бөлінген қатынастар (файлдар) сипатталады, ол бүкіл деректер базасына дербес информациялық бірлікке ешқандай сипаттау қарастырмаған ). Реляциялық модельде файлдар арасында байланыс нақты түрде қарастырылмайды. Олар орнатылады динамикалық түрде деректердің өңдеу кезіндегі сәйкес жолдардың тендік мағыналарда. Желілік және иерархиялық модельдерде жазу құрылымы кез – келген болуы мүмкін. Реляциялық модельдерде жазу құрылымы сызықтық болуы қажет. Аңықталуы бойынша әрбір қатынастың өзіндік кілті болады атрибут (қарапайым кілт) немесе атрибуттардың жиынтығын (құрама кілті) сәйкестіретін кортеж. Кейбір жағдайларда қатынастарда бірнеше мүмкін болатын кілттер болады. Өкінішке орай реляциялық МББЖ – дің ішінен барлығы кілттік концепциясын қолданбайды, себебі осы жағдайда көптеген проблемалар (көбінесе, кілттің уникалды болуын тексеру және кейбір шектеулерін қадағалауды ескеру) қолдануға жүктеледі. Тәуілдігіне қарамастан МББЖ жазуда кілттердің сипатталуын талаптардың бар немесе жоқ болуына қарамастан, деректер базасының жобалаушы түсіну керек, қандай кілт әрбір қатынастың болады. Бірнеше мүмкін болатын кілттердің ішінен біреуі таңдалады да бірінші кілт болып сипатталады. Атрибут немесе атрибуттар группасы қарастыратын қатынастарда кілт болатыны сипаттайтын, ал басқа қатынастарда керісінше кілті саналатын сыртқы кілті болып аталады. Егерде кез – келген таблица өзінің құрамында сыртқы кілтті ұстайтын болса, онда ол а) құрамына бірінші кілті ұстайтын таблицамен логикалық түрде байланысқан. б) сол қатынастың өзіндік белгісі “біреудің – көбілергге ”(құрамында сыртқы кілті ұстайтын таблица осы қатынастың “көбілер ”жағында орналасады ) . Өзінше түсініктері бойынша “ата — ана” – “бала ” иерархиялық модельде файл “иеленуші ” – файл “мүше” желілік модельдерде және байланыс “кілт ” – “сыртқы кілт ” реляциялық модельдерде біртүрлі қатынасты береді – жазудың ішінде сәйкес файлдарда 1 : М қатынастың болуы. Реляциялық МББЖ – де көбінде “көзқарас” (viev) мағынасы қолданылады. Ол виртуалдық таблицаны сипаттайды. Бірнеше жолдармен бағаналардың жалпы мағыналар логикалық қосылу нәтижесінде және мүмкін жолдардың біріккендігін көптүрлігін кірістіреді. Берілген немесе таңдалған шартпен болады. Осы мағына деректер банкінің дәстүрлі “сызбанұсқа” мағынасы кеңейтеді. Айыру және жалпы модельдердің әртүрлі класстардың түсінігі деректер базасының құрылымын жобалауда жалпы қатынасты қолдануға мүмкіндік береді, модельдердің бір түрден екінші түрге өзгертілуі мүмкіндігінің, құралдарын қолдануға көбінесе тілдік бір модельдің классымен басқаларымен жүмыс істеуге арналған. Желілік МББЖ тендес файлдармен даталогиялық жобалау. Тендес желілік файлдармен МББЖ – ді даталогиялық жобалау, реляциялық МББЖ жобалаумен көбінесе ұқсас болып келеді. Айырмасы тізімдерін құрастыру керектігіне болады. Егер желілік МББЖ қолдануға тек қана сызықтық құрылымдық жазуды мүмкіндігігн берсе, онда пәндердің бөліктері артындағы қатынас сыртай жазулардың байланыстар арқылы да сонымен қатар келістірілген іштей жазумен де берілуі мүмкін. Егер де сізде деректер базасының реляциялық жобаланған құралымымен болса, және сіз барлық жерде тізімін, байланыстың “кілт – сыртқы кілт” кілттен сыртқы кілтке көрсеткіш ретінде жариялайтын болсаңыз, онда сіз желілік модельге түзетілген құрылымын алатын боласыз. Мүмкін ол басқа құрылымдарға қарағанда рациональсыз болуы мүмкін.

 

 

2.3.1 Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру

 

Delphi - дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей катынаса алады, тек BDE - ге ғана катынасады.

Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен (Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI - мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.

BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады.

 

Сурет 2.1. Delphi қосымшалары

 

Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен калай жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE - нің СУБД — ға сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер базасындағы керек таблицамен байланысады және қолданушының тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.

BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың стандартталған тілі,

SQL - серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.

- Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында кең қолданылады. Delphi 5 те мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез — келген мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты қамтамасыз етеді.


3 Бағдарламалық қамтаманы жүзеге асыру

3.1 Бағдарламаның алгоритімі

 

Менің дипломдық тақырыбыма байланысты бағдарламалық қамтама 20 модульден және 1 базадан тұрады.

Бағдарламалық қамтамаға қолданылған компоненттер тізімі:

Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.

Label- формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.

MainMenu- бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.

Edit- бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.

Panel- бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.

DB Grid- мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.

DataSource- бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.

Combobox- ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады және т.б.

Кез-келген пайдаланушы үшін қолдануға ыңғайлы болуы үшін бағдарламаны барынша қарапайым жасауға тырысамыз. Программа үшін деректер қорының файлы әрі кіріс, әрі шығыс файлы болып табылады. Бағдарлама дұрыс жұмыс істеуі үшін локальды деректер қорын пайдаланамыз. Жалпылама блок-схемасы төменде 3.1-суретте көрсетілген.

Алгоритм екі баған бойынша берілген, яғни программа сызықтық алгоритм бойынша іске қосылады. Программаның инициализациясынан кейін локальды деректер қорына сілтеме жасалынады. Егер барлық амалдар сәтті орындалатын болса, онда программа жұмысқа қабілетті деп саналады.

Ал енді осы алгоритм және жоба бойынша бағдарламаның модульдерін жазамыз.

 

 

Сурет 3.1. Бағдарламалық қамтаманың алгоритмінің блок схемасы

3.2 Деректер құрылымы мен модульдер жұмысының сипаты,

блоктар мен модульдер арасындағы байланыс

 

ЕНПФ қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін бұл бағдарламалық қамтамасы деректер қоры иерархиялық түрде құрылған.