Электромагнетизм 1

1. Тогы бар рамканың (орамның немесе контурдың) магниттік моменті дегеніміз не?

2. Магниттік индукция векторына анықтама беріңіз?

3. Био - Савар – Лаплас заңын айтыңыз. Осы теңдеуге енетін шамалар нені мағыналайды?

4. Магнит өрісінің дербестік ұстанымы (суперпозиция принципі) мәні неде?

5. Түзу тогтың магнит өрісінің индукциясының формуласы. А нүктесіндегі магнит индукция векторының бағытын көрсет (суретті қара)?

6. Дөңгелек токтың магнит өрісінің индукциясының формуласы.

 

7. Дөңгелек орамның (тогы бар) центріндегі магнит индукия векторының бағытын көрсет. Тог бағыты сағат тіліне қарсы?

8. соленойдтың магнит өрісінің индукциясының формуласы? Соленойдтың магит өрісінің индукция сызығын сыз?

9. Магнит индукциясының сызығына анықтама беріңіз. Түзу токтың өрісінің магниттік индукция сызығын жүргіз?

10. Магнит өрісі біртекті деп аталады, егер .... (мысал келтір)

 

11. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әсет етушы күш шамасын неге тең? Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке әсет етуші күштің (Ампер күшінің) бағытын көрсет?

12. Параллаь токтардың өзара әсерлесу күштерін (Ампер заңын) жаз? Осы теңдеуге енетін шамалар нені білдіреді, қарама – қарсы бағытталған тогтар қалай әсерлеседі?

13. Бірдей бағыттағы ( 11 – сұрақтағы ) параллаль тогтар қалай өзара әсерлеседі?

14. Вакумдағы магнит өрісі үшін толық ток заңының тұжырымдамасы?

15. Магнит өрісінің құйынды сипаты нені білдіреді?

16. Қозғалған зарядқа магнит өрісінің тарапынан әсет етуші күш неге тең? Егер зарядталған бөлшактің жылдамдығы В векторына параллаль болса, бөлшек қалай қозғалады?

17. Қозғалған зарядқа магнит өрісі тарапынан әсет етуші күш формуласын жаз. Егер зарядталған бөлшектің жылдамдығының бағыты В векторына перпендикуляр болса, ол бөлшек қалай қозғалады?

18. Холл эффектісін түсіндір?

19. Тогы бар контурға магнит өрісінде әсер етуші оны айналдырушы маханикалық момент формуласы. Егер контур оң нормалі В векторымен бағыттас орналасса, қандай күйде болады?

20. Егер оң нормаль (18 - сұрақтағы) В векторына перпендикуляр болса, контур қай күйде болады?

21. dS жазықтықтық арқылы өтетін мангнит ағыны дегеніміз ...

22. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы?

23. магнит өрісінде тогы бар өткішгіш қозғалған кездегі істелетін жұмыс мынаған тең:

24. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не?

25. Электромагниттік индукция үшін Фарадий заңын тұжырымдаңыз?

26. Ленц ережесі?

27. 10 А ток өтіп тұрған радиусы 5 см шеңбердің центріндегі магнит индукциясын анықта?

28. 1 А ток өтіп тұрған, радиусы 1 см дөңгелек орамның ценгтріндегі магнит өрісінің кернеулігін анықта?

29. Радиусы 10 см дөңгелек токтың центрінднгі магнит өрісінің кернеулігі 40 А/м орамдағы ток күшін табыңыз?

30. Дөңгелек орамның центріндегі магнит өрісінің кернеулігі 20 А/м орамдағы ток күші 2 А болса, орамның радиусы қандай?

31. 5 А ток өтіп тұрған шексіз ұзын өткізгіштен 2 см қашықтағы нүктенің магнит өрісінің кернеулігін анықта?

32. Шексіз түзу өткізгіштен 5 см қашықтықтағы нүктенің магнит өрісін индукциясы 2*10-2 Тл . Өткізгіштегі ток күшін анықта?

33. Ұзындығы 40 см катушка 1000 орамнан тұрады. Катушкадан өтіп тұрған ток 2 А болса, катушканың ішіндегі магнит өрісінің кернеулігін анықта?

34. Ұзындығы 20 см катушканың ішіндегі мангит өрісінің кернеулігі 80 А/м, катушкадан 0,1 А ток өтіп тұрса, ондағы орам саны қанша?

35. ұзындығы 15,7 см , 100 орамнан тұратын соленойдтан өтетін ток күші 0,1 А болса, соенойдтың осьі арқылы магнит индукциясын анықта.μ0 = 4π*10-7 Гн/м

36. Қабырғалары 0,1 м квадрат контурдан өтіп тұрған ток күші 5 А болса, оның магнит моментін анықта?

37. Ұзындығы 5 см өткізгішке магнит өрісі 50 мН күшпен әсер ететін болса, магнит өрісі индукциясыны есепте. өткішгіштегі ток күші 25 А . өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

38. егер өткізгіштің ұзындығының әрбір 10 см – не, ток күші 4 А болғанда, 3 Н күш әсер ететін болса және біртекті магнит өрісінің индукциясы 15 Тл болса, онда өткізгіш пен индукция бағыты арасындағы бұрыш қандай?

39. Индукция 10 мТл магнит өрісінің ұзындығы 10 см, 50А тогы бар өткізгішке қандай күшпен әсер етеді? Өріс индукциясының бағыты ток пен өзара перпендикуляр.

40. Ұзындағы 0,5 м түзу төкішгіш боймен 3 а ток өтеді. Оның индукиция сызығымен арасындағы бұрыш 300 болғанда оған 9 Н күшпен магнит өрісі әсер етеді. Магнит өрісіннің индукциясын анықтаңыз?

41. Ұзындағы 50 см, индукция векторына перпендикуляр оранласқан, бойынан 3 А ток өтіп тұрған өткізгішке 0,12 Н күш әсер етсе, магнит индукциясы қандай?

42. Ұзындағы 0,5 м өткізгіш индукциясы 0,4 Тл біртекті өрісте оған 2 Н күш әсер етеді. Егер өткізгіш индукция векторына перпендикуляр орнасысса, өткішгіштегі ток күші қандай?

43. Ұзындығы 20 см массасы 4г горизанталь орнасасқан өткішгіштің ток күші 10 А. Өткізгіш магнит өрісніде төмен құламай тепетеңдік күйле тұруы үшін қандай индукция В векторы керек?

44. Ұзындығы 8 см өткішгіштегі ток күші 50 А ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орнасасқан. Өткізгіш индукция векторына перпендикуляр 10см – ге орын ауыстырғанда атқарылатын жұмысты анықта?

45. Ұзындығы 0,15 м өткізгік индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне орналасқан. Өткізгіштін Ампер күшінің бағытымен 0,025 метр орын аустырғанда 12 мДж жұмыс атқарылды. өткізгіштегі ток күші қандай?

46. Берілген кеңістіктің электр өрісінің кернеулігі Е = 1 кВ /м және оның магнит өрісінің индукциясы В = 1 мТл. Осы өрістерге берілген электорын бірқалыпты түзу сызықты қозғалады оның жылдамдағы қандай?

47. Индукциясы В магнит өрісінде перпендикуляр, кинетикалық энергиясы К зарядталған бөлшек келіп кіреді. Бөлшектің заряды q , массасы m бөлшек сызып өтетін шеңбер радиусын анықта?

48. Индукциясы В магнит өрісіне перпендикуляр зарядталған бөлшек келіп енді.Бөлщектің заряды g, массасы m бөлшектің шеңбер бойымен айналу периодын анықта.

49. Протон магнит өрісінде индукциясы B радиусы R шеңбер сызады .Протонның заряды g ,массасы m протонның жылдамдығын анықта.

50. Протон мен бөлшек индукциясы В магнит өрісі сызығына перпендикуляр келіп енеді. Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса ,олардың сызып шығатын шеңберлерінің радиустарының қатынастарын анықта .

51.Индукциясы В магнит өрісіне перпендикуляр зарядталған бөлшек келіп енеді, бөлшектің заряды g,массасы m ,жылдамдығы ύ бөлшек сызып шығатын шеңбер радиусын анықта.

52.Протон магнит өрісінде жылдамдықпен радиусы R шеңбер сызады.Бөлшек заряды g ,массасы m болса магниттік индукциясы В қандай.

53.Индукциясы В магнит өрісінде радиусы R шеңбер доғасымен қозғалатын протонның кинетикалық энергиясын анықта. Протон заряды g, массасы m .

54.Жылдамдығы 10 м/с электрон индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция сызығы на параллель қозғалады.электрон заряды 1,6 Кл,массасы 9,1 кг.Лоренц күшін анықта.

55.Индукциясы 0,1Тл магнит өрісінде бір валентті ион 1,92 м/с жылдамдықпен қозғалады.Егер шеңбер радиусы 10 см болса, онда ионның массасы қандай .

56.орам саны 400, ұзындығы 5 см және ені 2 см тік бұрышты каркасқа сыммен катушка тәрізді етіп орап,индукциясы 0,1тл магнит өрісіне ілінген .Катушка жазықтығы магниттік индукция векторы бағытымен бұрыш жасайды..Катушкаға әсер етуші айналдырушы моментін табыңдар.

Тербелістер мен толқындар

1. Еркін гармониялық механикалық тербелістің диффиренциалдық теңдеуі (мысалы серіппелі маятниктің теңдеуі)

2. Тербеліс периоды дегеніміз не? Математикалық маятниктің тербелісінің периодының формуласын жаз.

3. Тербеліс периоды дегеніміз не? Серіппелі маятниктің тербелісінің периодының формуласын жаз.

4. Еркін гармониялық элкетромагниттік тербелісінің дифференциалдық теңдеуін жаз.

5. Тербеліс периоды дегеніміз не? Контурдағы еркін электромагниттік тербеліс периодының Томпсон формуласы.

6. Тербелістің амплитудасы, тербелісі, фазасы дегеніміз не?

7. Өшетін электромагниттік тербелістің дифференциал теңдеуі.

8. Өшудің логарифмдік декременті дегеніміз не? Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістің өшуінің логарифмдік декременті үшін өрнекті жаз.

9. Өшудің логарифмдік декременті дегеніміз не? Механикалық тербелістің логарифмдік декременті үшін өрнекті жаз.

10. Тербеліс жүйесінің сапалылығы дегеніміз не? Тербелмелі контурдың сапалылығының өрнегін жаз.

11. Тербелмелі контурдың сапалылығы мен логарифмдік декремент λ арасындағы байланысты жаз.

12. Механикалық еріксіз тербеліс теңдеуі.

13. Еріксіз электромагниттік тербеліс теңдеуі.

14. Индуктивтік кедергінің формуласы.

15. Сиымдылық кедергісінің формуласы.

16. Тізбектей жалғанған сиымдылық С, индуктивтілік L, активті кедергі R, жиілігі W бойындағы тізбектің толық кедергісі.

17. Контурдағы өшетін электромагниттік тербелістің циклдік жиілігінің формуласы.

18. Қандай тербеліс еріксіз тербеліс деп аталады.

19. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістің циклдік жиілігі қандай шамаға тәуелді?

20. Егер мәжбүрлеуші күштің тербелісінің амплитудасы тұрақты болса, еріксіз тербелістің амплитудасының жиілікке тәуелділігі қандай?

21. Релаксация уақыты дегеніміз не?

22. Еркін электромагниттік тербеліс пайда болуы үшін тербелмелі контур қандай элементтерден құралуы керек?

23. Келтірілген теңдеу контурдағы қандай тербелісті сипаттайды? q=q0*e-R/2L*sin(wt+φ)

24. Резонанс дегеніміз не?

25. Айнымалы ток тізбегіне тікелей жалғанған сиымдылық С, индуктивтілік L және кедергі R үшін Ом заңын жаз.

26. Сфералық толқынның теңдеуін жаз.

27. Берілген ортадағы электромагниттік толқын

28. Толқын күйінің теңдеуі.

29. Кеністік кейбір облысында тұрғын толқын теңдеуі мына түрде жазылады: S(y,z)=2Acos2πy/λ*sin2π/T*z. Тесрбеліс амплитудасы ең аз болатын ортаның нүктелері үшін шартты жазындар.

30. Тұрғын толқынның шоғыры, түйіні дегеніміз не?

31. Толқындық теңдеу.

32. Нүкте х осі бойымен х=0.1cos(2 πz- π/4) заңдылығы бойынша тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табындар.

33. Нүкте х осі бойымен х=0.1cos(2 πz-π/4) заңдылығы бойынша тербеліс жасайды. Тербеліс амплитудасын анықтандар.

34. Нүкте тербелісінің теңдеуі х=1+2sin(4 πz+ φ0). Нүктенің ең шеткі екі орнының ара қашықтағын анықтаныз.

35. Нүктенің массасы m=5кг. Ол S=Asinwt заңы бойынша қозғалады. Мұндағы А=5см, w=πрад/сек. Қозғалыс басталғаннан 1/6 с уақыттағы деңгейге әсер етуші күшті анықта.

36. Тербелмелі контур индуктивтілігі 1МГн және сиымдылығы 2НФ конденсатордан тұрады. Контурдағы электромагниттік тербеліс перодын анықта.

37. Тербелмелі контурдағы зарядтың тербелісінің теңдеуі q=2cos(w0*t) (мкКл). Катушканың индуктивтілігі 0,5 Гн болса, конденсатор сиымдылығы қандай?

38. Серіппелі маятниктің потенциалдық энергиясы өрнегің жаз.

39. Тербеліс жиілігі дегеніміз не?

40. Тербелмелі контурдық гармониялық электрлік тербелісінің электр өрісінің ең үлкен энергиясы 50Дж, ал магнит өрісінің ең үлкен энергиясы да 50Дж болса, контурдың толық энергиясы уақыт бойынша қалай өзгереді?

41. Нүктенің х осі бойынша тербеліс теңдеуі x=0.1cos(2πt- π/4) . Бір периодтағы нүктенің жүрген жолын табындар.

42. Гармониялық тербелістің амплитудасы А=5 см, периоды Т=4с. Тербелуші нүктенің ең үлкен жылдамдығын анықта.

43. Нүктенің тербелісің теңдеуі берілген x=0.1cos(2πt- π/4) м тербелген нүктенің ең үлкен жылдамдығын анықта.

44. Нүктенің тербеліс теңдеуі x=1+2sin(4 πt + φ0) тербелген нүктенің ең үлкен үдеуін тап.

45. Гармониялық тербелісті амплитудасының шамасы А=5 см, периоды Т=4с. Тербелген нүктенің ең үлкен үдеуін анықта.

46. Қатаңдық коэффициенті К=2000Н/м серіппеге ілінген массасы m жүктің еркін тербелісінің периодын анықта.

47. Массасы m шар қатаңдығы К=49Н/м серіппеге ілінген. Шарды серіппе әбден қысылғанша жоғары көтеріп, шұғыл төмен түсіреді. Пайда болған шар тербелісінің периодын тап. (Серіппені массасы мен үйкелісін есепке алмандар)

48. Ұзындығы 1м математикалық маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периодын анықта. Айдағы еркін түсі үдеуі 1,62м/с2.

49. Математикалық маятникті тербеліс периоды Т0. Егер оның ұзындығы n есе өсетін болса, оның тербеліс периодын тап.

50. Тербеліс теңдеуінің түрі x=5cos(16 πt+8). Тербеліс периоды қандай?

51. Массасы 5гр материалдың нүкте 0,5 Гц жиілікпен гармониялық тербеліс жасайды. Тербеліс амплитудасы 3 см. Нүктеге әсер етуші ең үлкен күш қандай

52. Егер тербелмелі контурдың катушкасының индуктивтілігін 4 есе өсіріп, конденсаторының сиымдылығын 2 есе азайтсақ оның еркін тербелісінің периоды қалай өзгереді?

53. Егер тербелмелі контурдың катушкасының индуктивтілігінің және конденсаторының сиымдылығын 2 есе өсірсек оның еркін тербелісінің периоды қалай өзгереді?

54. Еркін тербеліс дегеніміз не?

55. ОХ координата ось бойындағы дененің гармониялық тербелісі мына заңдылық бойынша өзгереді: x=0.4sin2*t(м) . Үдеудің амплитудасын анықта.

56. Дене x=20sin πt бойыншаа гармониялық тербеліс жасайды. Дененің 4 секунд кейінгі жылдамдығын тап.

57. Амплитудалары мен жиіліктері бірдей, ал бастапқы фазалары φ1 =0 және φ2=π/2. Екі гармониялық тербелістерді қысқаннан кейін пайда болған тербеліс периоды қандай? Векторлық диаграммасын сыз.

58. Амплитудалары мен жиіліктері бірдей, ал бастапқы фазалары φ1 = π/4 және φ2=π/2. Векторлық диаграммасын сыз.

59. Тербелмелі контурдағы электрлік тербеліс теңдеуі q=10-2*cos20t. Заряд тербелісінің амплитудасы қандай?

60. Қандай тізбекті тербелмелі контур деп атаймыз?

61. Тербелмелі контурдағы электрлік тербеліс теңдеуі q=10-2*cos20t(мКл). Контурдағы ең үлкен ток қандай?

62. Массасы 16 кг дене қатаңдығы К=100Н/м серіппеге ілінген. Өзіндік тербелісінің жиілігі қандай?

63. Тербелмелі контур сиымдылығы 5*10-10Ф конденсатордан және индуктивтілігі 2*10-3Гн катьушкадан тұрады. Контурдың тербеліс периодын анықта.

64. Тербелістің диффиренциалдық теңдеуі d2q/dt2+0.3dq/dt+4π2*q=0 (q+0.3q+4 πq=0) болса, электрлік тербелістің өшу коэффициенті н.еге тең?

65. Өшетін тербелістің диффиренциал теңдеуі q+5q+16q=0 тербелістің меншікті циклдік жиілігі қандай?

66. Айнымалы токтың әсерлік мәні 220В, ал жиілігігі 50Гц. Кернеудің амплитудалық мәні неге тең?

67. Конденсатордың астарларындағы зарядтың шамаларының өзгеру заңдылығы q=q0coswt болса, сиымдылығы конденсатордағы ток күшінің өзгеру заңдылығы қандай?

68. Индуктивтілігі 2 МГн, ток жиілігі V=5Гц катушканың индуктивтілік кедергісін ХL анықта.

69. Ток тербелісінің жиілігі V=5Гц , конденсатор сиымдылығы 9мкФ болса, сиымдылық кедергісі xc қандай?

70. Ток тербелісінің жиілігін 4 есе арттырғанда сиымдылық кедергісі xc қалай өзгереді?

71. Ток тербелісінің жиілігін 4 есе арттырғанда индуктивтік кедергі ХL қалай өзгереді?

72. Кернеудің амплитудалық мәні 140 В болса, онда кернеудің әсерлік мәні қандай?

73. Тізбектегі конденсатор сиымдылығы 2 мкФ, катушканың индуктивтіліг 0,5 Гн болса, қандай ток жиілігінде резонанс болады.

74. Тербелмелі контур L индуктивтіліктен және С сиымдылықтан тұрады, ал ең үлкен тоқ I . Конденсатордағы ең үлкен заряд qmax қандай?

75. Тербелмелі контур L индуктивтіліктен, С сиымдылықтан тұрады, ал конденсатордағы ең үлкен заряд qmax . Конденсатордағы ең үлкен кернеу қандай?

76. Тербелмелі контурдағы L индуктивтілік, С сиымдылық конденсатордағы ең үлкен кернеу Umax конденсатордағы ең үлкен

I max тоқ қандай?

77.Толқын теңдеуі Толқын ұзындығы қандай?

78.Ортаның бөлшегі тербеліс көзінен x= қашықтықта тербеледі. Тербеліс амплитудасы А=0,5 м.t= уақыттағы бөлшектің ығысуын табыңыз.

79. Тербелмелі контурдың конденсаторының сиымдылығы 50нФ,ал катушканың индуктивтілігі мкГн. Контурдың шығарған толқын ұзындығын анықта.

80. Толқын өзінің тербеліс теңдеуі .Тербелістің берілген ортадағы таралу жылдамдығы 400 м/с.Толқын ұзындығын тап.

81. Жиілігі Гц дыбыс толқыны серпімді ортада таралады.

Толқын ұзындығы см. Толқынның таралу жылдамдығы қандай?

82. Толқын көзінің тербелісінің теңдеуі м.Тербелістің таралу жылдамдығы 3 м/с. t=0.5c уақыт сәтіндегі толқын көзінен 0,75м қашықтықтағы нүктенің ығысуын тап.

83. Жиілігі 200 Гц көлденең тлқын берілген ортадағы х бағытында 400м/с жылдамдықпен тарайды.Тербелген 2 нүктенің ара қашықтығы болса, оладың фазаларының айырымы қандай?

84. Тоқынның ортадағы таралу жылдамдығы 2,7 * 103 м/с болса, онда тербеліс периоды 10-3 с. Тербеліс көзінен 12 м және 14 м қашықтықтағы нүктелердің тербелісінің фазалар айырымы қандай?

85. Диэлектрлік және магниттік өтімділіктері және біртекті изотропты ортада жазық электромагниттік толқын тарайды. Оның фазалық жылдамдығыв қандай?

86. Ортанң бөлшегінің тербеліс жиілігі 10 Гц , толқын ұзындығы 2 м . Толқынның таралу жылдамдығын анықта.