АПГАР ШКАЛАСЫ
Көрсеткіштер | 0 баллдар | 1 баллдар | 2 баллдар |
Терінің түсі | Жалпы цианоз немесе терісі бозарған | Денесі ашық қызыл,аяқ-қолында цианоз | Ашық қызыл |
Тынысы | Білінбейді | Даусы әлсіз, сирек бірең-сараң тыныстық қимыл байқалады | Дауысы ашық, тынысы ырғақты |
Жүрек соғысы | Білінбейді | 100-ден төмен | 100-ден артық |
Рефлекстер (өкшесін басқанға қайтарған жауабы – Аршавский бейнелісі) | Жауапсыз | Ауырғанын байқатып, бет ауызын тыржитады | Жылайды, қозғалады |
Бұлшық ет тонусы | Анықталмайды | Аяқ-қолы аздап бүгілген | Қимылдары активті |
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 3 ОСКЭ станциясы
Балаға пикфлоуметрия жүргізу
Тапсырма. Балаға пикфлоуметрия жасаңыз және қорытынды жасаңыз.
№ | Кезеңдері | Іс әрекеттінің реттілігі |
Пикфлоуметрді жұмысқа дайындау | Аспапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеу, аспаптың бағдарын шкаланың басына дейін келтірдіп және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру. | |
Науқасқа манипуляция барысының кезеңі және манипуляция кезеңіндегі оның тәртібі жайлы түсіндіру. | Науқаспен алғаш кездескеннен бастап дәрігер өзінің аты-жөнін толық атау керек оның жасына қарамай. Пикфлоуметрия жүргізу барысын түсіндіру. Аспаптың бағдарын шкала басына дейін жеткізу. | |
Науқасқа максимальді дем алуын түсіндіру. | Қалыпты және жәй дем шығарудан кейін терең дем алуын ұсыну. | |
Науқасқа аспаптың бір ұшын аузына салып максимальді дем шығаруын ұсыну | Аспапты горизонтальді ұстай отырып, мунштукті ернімен алып дем шығару (шырақты үрлеп өшірген тәрізді). | |
Өлшеуді 3 мәрте (рет) қайталау. | Шкала көрсеткішін бағалау. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді 3 рет қайталау, максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Дем шығарғандағы ауа жылдамдығын анықтау. Өлшеудін 3 мәртесінен алынған максимальді көрсеткіштерін науқасты бақылау қағазына жазу. | Цилиндр бетіндегі шкаласының бағдары бойынша әр дем шығарудағы пиктік жылдамын анықтау. Максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес қалыпты көрсеткішін анықтау. | Арнайы кесте бойынша пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес келетін дем шығарудың қалыпты көрсеткішін анықтау. Анықталған қалыпты көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Салыстырмалы талдау жүргізу және қорытынды жасау. | Салыстырмалы талдау жасау және қорытынды шығару. Қалыпты – дем шығарудың мүмкін көлемінен 80% -ға жоғары. «Назар аудару» белгісі – асқыну мүмкіндігі дем шығарудың мүмкіндік көлемінен 60-80% шамасында. «Дабыл» белгісі - жағдайдың нашарлауы мүмкіндік дем шығару 60% төмен. |
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 5 ОСКЭ станциясы
Нәрестенің шартсыз (туа пайда болған) рефлекстеріне баға беру
Тапсырма:1,5 ай жас баладағы шартсыз рефлекстерін бағалаңыз
№ | Кезеңдері | Іс әрекеттердің реттілігі |
Іздеу рефлексін бағалау | Бала арқасынан жатқызған. Басы орта қалып жағдайында. Ауыздың жанын сипағанда, жауап ретінде - бала басын тітіркендіру жаққа бұрып, ауызын ашады, не ашпайды. 1 жастың соңында жоғалады. | |
Хоботковый рефлексін бағалау | Ерінді саусақпен жеңіл тез ұрса m.orbicularis oris, жиырылады еріннің алға созылуы болды. Рефлекс өмірінің 2-3 айында өшеді. | |
Жоғарғы ұстай алу рефлексін бағалау | Саусақты нәрестенің алақанына салғанда, жауап ретінде - бала зерттеушінің саусағын рефлекторлы қатты шап беріп ұстай алады. 2-4 айда жоғалады. | |
Төменгі ұстай алу рефлексін бағалау | Табанда 2-3-ші саусақтың негізін басқанда, жауап ретінде - саусақтар табанға қарай бүгіледі. 2-4 айда жоғалады. | |
Қорғаныс рефлексін бағалау | Баланы ішке жатқызған кезде бала басын бір жаққа қарай бұрады. | |
Бауэр рефлесін бағалау | Баланын ішіне жатқызамыз. Алақанымызды баланын табанына қойғанда, табаны алға қарай итеріледі. Бұл рефлекс 4 айға дейін сақталады. | |
Тірек рефлексін бағалау | Баланы қолтығынан ұстап, вертикальды қалыпқа қойғанда, жауап ретінде - саусақтар табанға қарай бүгіледі, аяқтары сәл бүгіліп, стол үстіне табанның бойымен тіреледі. 2 айда жоғалады. | |
Қадам рефлексін бағалау | Баланы аздап алдыға еңкейткенде, жауап ретінде – жазық бойында қадам жасайды, қолдары қозғалмайды. 2 айда жоғалады. | |
Шартсыз рефлекстердің қорытындыларын бағалау | Шартсыз рефлекстердің қорытындыларын бағаланда, олардың бар екендігін, симметриялығын, пайда болу және жоғалу, сөну мерзімін, жауап беру күшін және баланың жасына сәйкестігін ескере отырады. Жауап – Жоғалған. Бейнеленеді. Айқын бейнеленеді. Клонус. |