Ресей Федерациясына жалпы сипаттама.

2. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы.

 

1. 1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.

Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.

НАТО елдерімен, оның ішінде АКШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.

Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.

Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 4 дербес округ, 1 дербес облыс, 9 өлке, 46 облыс, 2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.

Халқы. Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.

Демографиялық көрсеткіштер.Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.

Еңбек ресурстары. Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5 %-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

Халқының ұлттық құрамы. Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Орналасуы. Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км2-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен. Ресей аумағының 1/4 бөлігін ғана алып жатқан еуропалық бөлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км2 аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бөлігін (3/4) камтитын азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21 %-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км2-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.

Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.

Ірі қалалары. Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.

Ресейдегі миллионер қалалар, 2008 ж.

(Ресей статистикалық анықтамалығыныц деректері бойынша) Қала Халық саны, млн адам Қала Халық саны, млн адам

Мәскеу 10,4 Самара 1,13

Санкт-Петербург 4,6 Омбы 1,13

Новосибирск 1,4 Қазан 1,1

Төменгі Новгород 1,3 Үфа 1,1

Екатеринбург 1,3 Челябинск 1,1

Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.

Мәскеу халық саны жөнінен Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км2 аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық көрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді.

Мәскеу — әлемдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі. Мұнда сәулет өнерінің інжу-маржандары болып саналатын діни ғимараттар, Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң, патша иеліктерінің әсем сәулет ансамбльдері, Үлкен театр мен Мәскеу университетінің ескі ғимараты сақталып қалған. Қалада 60 кәсіби театр, 74 мұражай жұмыс істейді. 1980 жылы қалада XXII Олимпиадалық ойындар өткізілді.

Орал мен Поволжьеде басқа аудандармен салыстырғанда миллионер қалалар саны көп (оны немен түсіндіруге болады?). Ал солтүстіктегі ең ірі қала болып саналатын Мурманскіде халық саны 400 мың адамға да жетпейді. Ірі қалалардың көпшілігі әкімшілік бірліктердің орталығы болып табылады. Халқы

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.

Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.

1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану және монополиялану деңгейі жоғары. Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына сүйенеді. Шетел инвестициясы, негізінен, қаржы саласы мен сауданы дамытуға бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмыс жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады

Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендері әлі де даму, өркендеу жағдайында тұр, олардың түрлі буындары арасындағы байланыстар өз дәрежесінде емес. Әсіресе өнімді өңдеу мен қызмет көрсету салалары жетілдіруді қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші әрі негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының басқа салалардан басты айырмашылығы — оның өркен жаюы табиғат жағдайына, агроклиматтық ресурстар жиынтығына, сондай-ақ жер қорына тікелей тәуелді болуында. Ал Ресей жерінің табиғат жағдайы және оның мүмкіндігі сендерге жақсы таныс. Ресейдің ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның 126 млн га-сы егістік жерлер. Бұл көрсеткіштер бойынша Ресей дүниежүзіндегі дамыған елдер арасында өте жоғары орынды иеленеді. Алайда ауыл шаруашылығының даму дәрежесі мен өндірілген өнім көрсеткіштері жөнінен әлдеқайда төмен деңгейде.

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Мал шаруашылығы. Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Көлік географиясы. Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.

Байланыс. Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жуйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары — Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.[2]

Экономикалық аудандары. Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады:

Орталық экономикалық аудан;

Волга-Вятка экономикалық ауданы;

Орталық қара топырақты аудан;

Солтустік-Батыс экономикалық ауданды;

Солтүстік экономикалық аудан;

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы;

Волга бойы экономикалық ауданы;

Орал экономикалық ауданы;

Батыс Сібір экономикалық ауданы;

Шығыс Сібір экономикалық ауданы;

Қиыр Шығыс экономикалық ауданы;

Калининград облысы

Cыртқы экономикалық байланыстары

Сыртқы сауда

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24%-дан 60%-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

  1. 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.

2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол бойынша Тараптар түрікмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аумақтары арқылы тасымалдау үшін қолданыстағы «Окарем-Бейнеу» және «Орталық Азия - Орталық» газ желісін қайта құруды есепке ала отырып, «Белек» (Түркіменстан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетіне дейін Каспий маңы газ желісі құрылысын іске асыруды қаматамасыз етеді.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық белсенді дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында басқа елдердің қатысуы үшін уран байытуды қоса алғанда, ядролық отын циклі қызметін көрсету жөніндегі Халықаралық орталық құрылып, ашылды.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды. Қазіргі заманға лайық «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша өзара бірлескен жұмыс туралы және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Күткендегідей, бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге өздерінің ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда. Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғайтын жоба бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. «Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» жол жүру бағыты салынуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді.

Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі өзегі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Су көлігі саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз бассейндерін жалғайтын су көлігі құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды. Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуын өз қаражаттары есебінен төлейді.

Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 17 пайыздан астамын құрайды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 12,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ресейге қазақстан өнімін экспорттау 3,5 млрд. АҚШ долларын, ал ресей өнімін импорттау – 8,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

2010 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 32,6 пайызға өскен). Қазақстаннан экспорт 72,7% өсіп, 1686,6 млн. АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанға ресей импорты – 17,1% және 2951,8 млн. АҚШ долларын құрады.

2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылғы желтоқсанда Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі барысында біздің мемлекеттеріміздің Басшылары қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады.

Қазақстан мен Ресей Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуда, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда. 2009 жылы Атырау-Самара құбыр желісі жүйесімен мұнай тасымалдаудың көлемі 17,5 млн. тонна мұнайды құрады. 2009 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы бойынша экспортқа 34,6 млн. тонна мұнай тасымалданды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,9% көп.

Қазақстан-ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын жылына 33 тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың принциптері туралы меморандумға қол қою болды.

Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы мәселені шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынское» кен орндарының құрылымдарын жасау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру белгіленді. Біздің елдер, сонымен қатар, Каспий құбыр желісі консорциумының негізгі акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші орында (Ресей мен Норвегиядан кейін).

Қазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты Ресейде газ өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2009 жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 25,1 млрд. текше метрді құрады.)

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықта біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім жобасына қол қою үшін, сонымен қатар 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізіп тұруда Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан-ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады. Әр жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекет басшылары қатысуымен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің Форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалануда бірыңғай стандарттарды қолдану, өзендерді, су қоймаларын және басқа да табиғат ресурстарын бірлесе пайдалану туралы талқыланды. 2008 жылғы 22 қыркүйектегі өткен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары оны Өңіраралық ынтымақтастық Форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешім қабылдады, ол мәжіліс Орынбор қаласында 2009 жылғы 11 қыркүйегінде өтті. Қазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс қазіргі кезде одан әрі

дамуда. 2007 жылы қазанда білім, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), туризм және спорт, денсаулық сақтау, жастар ұйымдарының қызметтері және тағы басқа салаларға арналған нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде 2007-2010 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша Мемлекетаралық бағдарламаға қол қойылды.

Екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.

Сонымен қатар, 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесуі барысында 2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің Бірлескен іс-қимылы туралы жоспар қабылданды.

2008 жылғы 4-5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Ресей Федерациясына ресми сапары болды.2008 жылғы 22-23 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекетік сапары болды.2008 жылғы 5-6 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведев астананың мерейтойын тойлауға орай Мемлекет басшыларының бейресми басқосуына қатысты.2008 жылғы 16-17 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 29-30 қазанда Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің Ресейге жұмыс сапары болды.

2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті.

2009 жылғы 4 ақпанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік ұжымы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысы барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А.Медведевтің екі жақты кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келіссөздер өтті.

2009 жылғы 21 мамырда Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды.

2009 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің шақыруымен Орталық Мәскеу Ипподромының 175-жылдығын тойлауына орай Ресейге сапары болды.

2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VI Форумы болды. 2009 жылғы 11 қыркүйекте Ақтау қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан басшыларының бейресми басқосуы өтті. 2009 жылғы 15-16 қазанда Астана қаласында ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 13-отырысы болып өтті.

2010 жылғы 16-18 қаңтарда Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кириллдің Қазақстанға сапары болды. 2010 жылғы 14-15 ақпанда РФ-да (Завидово, Тверь облысы) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің бейресми кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келісөздер өтті.

2010 жылғы 21-22 ақпанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2010 жылғы 3-4 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің Ресейге жұмыс сапары болды.

2010 жылғы 25 наурызда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның СІМ Кеңесіне ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Н.Әбіқаев қатысты.

2010 жылғы 26 наурызда Мәскеуде ТМД СІМ Кеңесіне ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев қатысты. 2010 жылғы 2 сәуірде РФ Өнеркәсіп және сауда министрі – Қазақстан мен Ресей арасындағы Үкіметаралық комиссияның ресей бөлігінің тең төрағасы В.Христенконың Қазақстанға сапары болды.

2010 жылғы 12 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік бойынша ғаламдық саммиттің шеңберінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің бейресми кездесуі болды. 2010 жылғы 8-9 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің басшыларының бейресми кездесуіне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығын тойлауға қатысты іс-шараларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы.

2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі отырыстарына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің қатысуы. 2010 жылғы 21 мамырда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мелекеттердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың екі жақты кездесуі болды.

2010 жылғы 28 мамырда Санкт-Петербургте ҚР және РФ Премьер-Министрлері К.К.Мәсімов пен В.В.Путиннің қатысуымен Кеден одағының жоғарғы органының отырысы болды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын құру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Әдебиеттер:

1.Согрин В. Политическая история современной России. 1985-2001. От Горбачева до Путина. – М.,2001

2.Баранов Н.А. Политические отношения и политический процесс в современной России. – СПб, 2004

3.Мансуров Т.А. Казахстано-российские отношения в эпоху перемен. 1991-2001. – М.,2001.

4. Хан Г., Суворов Л. Внешняя политика РК. А.2001

5. Политика и интересы мировых держав в Казахстане. Алматы. 2002.

6. Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы. 2001.

 

Дәріс№3

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

  1. Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыс.
  2. Қазақстан және Кавказ елдері қарым-қатынасы. Каспий теңізі мәртебесі мен делимитация мәселесі

1. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап Елбасы Түркиямен және басқа да түркітілдес мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуда маңызды қадамдар жасады. Түркия Республикасы өз ретінен ең алғашқы мемлекет болып Қазақстанның тәуелсіздігін таныған болатын. 1992 жылы 2 наурызда екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Осыдан кейін Түрік Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шақыртуымен көрсетілген жылдың сәуір-мамыр айларында елімізге ресми сапармен келген-тін. Осы сапар кезінде Елбасымыз бен С.Демирел арасында қазақ-түрік ынтымақтастығына байланысты мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.

Екі жақ мәдениет, білім беру, ғылым мен техника саласында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, екі мемлекет азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін, сондай-ақ, ізгілік саласындағы байланыстарды дамыту үшін қажетті жағдай жасауға жәрдемдесу ниеттерін білдірді. Білім беру, ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

1992 жылы 17-мамырда Елбасының Түрік Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы Қаулысы шықты [6]. Ал 1993 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасында Консулдық конвенция қабылданғаны мәлім. Сондай-ақ, 1999 жылдан Стамбулда Қазақстан Республикасының Консулдығы, ал 2002 жылдан Бас Консулдығы қызмет жасайды.

Қазақстан мен Түркия арасында әскери-стратегиялық ынтымақтастық қарым-қатынастарының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi арасындағы Түркияның Қазақстанға өтеусiз әскери көмек көрсетуi туралы Шарт 1998 жылғы 29 шiлдеде жасалған еді. Сондай-ақ, 2000 жылы 19 қазанда Астана қаласында Қазақстан мен Түркия арасындағы терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бiрлескен Декларация қабылданды.

Қазақ-түрік қарам-қатынасын айтқанда, ерекше мән беретін мәселе, Түркітілді мемлекет басшылары саммитін жеке атап көрсету қажет.

Түркітілді мемлекет басшыларының ең алғаш­қы бас­қосуы 1992 жылы Анкара қала­сын­да өтті. Содан бері бауырлас мемлекеттердің Президенттері 1994 жылы Стамбулда, 1995 жылы Біш­кекте, 1996 жылы Ташкентте, 1998 жылы Астанада, 2000 жылы Бакуде, 2001 жылы Стамбулда, 2006 жылы Антальяда бас қосып, түркі әле­міне қатысты келелі мәселелерді қарас­ты­рып келді. Мәселен, 2001 жылы 26 сәуірде – Стамбулда өткен Түркітілді мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Елбасы Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық хартиясын әзірлеуді ұсынған болатын.

2009 жылдың 2-3 қазанында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшылары Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында кездесіп, Түркітілді мемлекет басшыларының ІХ саммитін өткізгені белгілі. Бұл саммитте түркітілдес мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы көпжақты және екіжақты қарым-қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері қарастырылды. Әсіресе, өзара мүдделілік негізінде түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи ортақтастық, тілі және мәдениетінің жақындығынан туындайтын қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше ден қойылды. Сондай-ақ, саммитте түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа олардың әлеуеттеріне сәйкес жаңа серпін беру мақсатында қосымша шаралар қабылдау маңыздылығы аталып өтті.

Саммитте жеке қаралған мәселенің бірі- Баку-Тбилиси-Жейһан мұнай құбыры жұмысы туралы болды. Осы орайда Баку-Тбилиси-Жейһан және Баку-Тбилиси-Эрзурум стратегиялық мұнай және газ құбырлары жаһандық энергетикалық қауіпсіздігіне және өңір елдерінің тұрақты экономикалық дамуына қызмет көрсететіні айтылып, бұл мұнай құбырының Ақтау портымен байланысына ерекше мән берілді. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы мәселесіне де саммитте аса назар қойылды.

Ғылым, білім, мәдениет, көркемдік, туристік, спорт және басқа да салалардағы қатынастарды нығайту маңыздылығы аталып өтіп, түркітілдес халықтар арасындағы рухани және гуманитарлық байланыстарды қолдау және кеңейту қажеттігі мәселелері көтерілді.

Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстар мен ортақ іс-әрекеттерді дамыту мәселесі, соның ішінде Ауғанстанның бейбіт түрде қалыптасуы, Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтап қалуы және жалпы Ирак халқының ажырамас бөлігі болып табылатын түркі тектес қауымның құқықтары мен бостандығының кепілдігі қажет екендігі аталып өтті.

Саммитке қатысушы мемлекеттердің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) мен Еуропалық Одақ (ЕО), БҰҰ, Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) сияқты бірнеше халықаралық ұйымдар аясында бірлесіп қызмет ету мәселелеріне қатысты жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар жеке көрсетілді. Сонымен қатар, саммитте терроризм, адам саудасы, есірткі заттары және психотроптық заттардың заңсыз айналымы, қылмыскерлік, соның ішінде, заңсыз қару-жарақ сату, сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күрестегі ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекеттердің маңыздылығы баса айтылды.

Бұл саммитте қабылданған аса маңызды шешім, бұл- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру болды. ТҮРКСОЙ-дың Түркі әлеміндегі ортақ құндылықтарды бірдейлендіруде, дамытуда, тарату мен халықаралық деңгейде танымал етуде маңызды рөл атқаратыны атап көрсетіліп, Әзірбайжан Республикасы Президентінің әлем өркениетінің дамуына бағалы үлес қосқан бай түркі мәдени мұрасын сақтап қалу және қолдау жөніндегі ТҮРКСОЙ қорын құру туралы бастамасы саммитке қатысушы мемлекеттер арасында бірауыздан қолдау тапты.

Ал өткен жылы қыркүйектің 17-сінде Стамбулда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түрікменстан мемлекет басшылары қатысуымен Түркітілді мемлекет басшыларының Х саммиті өтті. Саммитте Түркі Кеңесі Хатшылығының, Ақсақалдар алқасының және Түркі әлемі академиясының болашақ қызметі турасында айтылды. Сонымен қатар Саммитте өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру сияқты халықаралық маңызды мәселелер қарастырылды.