Кіріспе

Әскери гигиена – кез келген әскери жағдайларда қауіпсіздікті сақтаудың, нығайтудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін жалпы гигиенаның дербес саласы. Әскери гигиенада коммунальды гигиена, тағам гигиенасы, еңбек және мектеп гигиенасы деп бөліп жармай біртұтас қарастырылады.

Бірнеше себептерге байланысты әскери гигиена жалпы гигиенаның ерекше саласына айналды:

1. Контингент ерекшеліктері - әскерге шақырылғандар даму сатысында және организмнің өсуі аяқталмаған. (сондықтан, әскерде ағзаның дұрыс дамуына және денсаулығын сақтауға арналған жаттығуларға, шараларға ерекше көңіл бөлінеді).

Жеке құрам әскери жағдайда қоршаған ортаның тез өзгеретін және өте ауыр жағдайларында оқу-соғысу жаттығуларын өткізуі мәжбүр болады. (окоп, залалданған аймақтарда және т.б.). Қиындықтарды ойдағыдай шешу үшін жауынгерлерді арнайы дайындау, ұтымды жаттықтыру қажет, ал оның ұйымдастырылуы мен басшылығында міндетті түрде гигиенистер қатысуы тиіс.

Соғыс уақытындағы әскери гигиенаның мәселелері:

1.Бейбітшілік уақытындағы гигиеналық қамтамасыз ету, күресу қабілеттілікті қалыптастыруға бағытталған, ал соғыс уақытында соғысқа қабілеттіліктің сақталуына бағытталған.

2.Бейбітшілік уақытта зорығу мәселесі болмайды, ал соғыс уақытында – бұл бірінші кезектегі мәселе.

3.Нервтік-психикалық жүктеме бейбітшілік уақытта кейбір әскер түрлерінде (зымыранға қарсы қорғаныс кешендерінде) кездескенімен, аса жоғары көңіл аудартпайды, ал соғыс кезінде – ол ең бірінші орынға шығады.

4.Гигиеналық нормалар бейбітшілік уақытта оптимальды, ал соғыс уақытында шектелген.

5.Ағымды санитарлық тексеру бейбітшілік уақытта - тамақтан уланудың алдын алу, әдеттегі факторлар әсерінің алдын алу, ал соғыс уақытында – тамақтан улану жаппай зақымдау қаруымен тікелей байланысты (жарықпен зақымдану, ыстық өту) болады.

6.Ескертпелі санитарлық қадағалау бейбітшілік уақытта толық жүргізілсе, ал соғыс уақытында өзінің мағынасын жояды.

 

Қазіргі кездегі әскери гигиенаның дамуы ерекшеліктері:

1.Қару-жарақтар көлемі үнемі даму үстінде (зымырандар, РЛС, лазерлер).

2.Қару-жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуы соғыс жүргізуді өзгерістерге ұшыратты (жер, су, ауа, ғарыш), қоршаған ортамен ағзаның қарым-қатынасын сипатын өзгертті;

3.Абсолютті факторлардың жергілікті әсер етуі (тыныштық, абсолютті шум, салмақсыздық);

4.Жаңа әскер түрлерінің құрылуымен байланысты әскери гигиенаның жаңа салалары пайда болды (авиациялық, бронетанкты, теңіздік, радиациялық, зымыранды әскер, РЛС, ОКБ (лазерлер)) т.б.

5.Стратегия мен тактикадағы төңкерістер (жоғарғы жылдамдықтағы әскери іс-қимылдар, олардың жоғары кернеулілігі);

6.Әскери қызметкерлерді оқыту сипатының түбегейлі өзгеруі (қиындығы);

- қару-жарақты ұжымды түрде басқару (экипажбен)

- жоғары техникалық дайындық дәрежесі.

 

Техникалық революция әскерлердің соғысқа қабілеттілігінде және күн тәртібіндегі әскери бөлім мен бөлімшелердің «психологиялық климатты» оқуы кезінде жүйкелік – психикалық фактордың рөлінің артуына алып келді.

Техникалық революция қарулану кезінде әскери гигиенисттердің алдына бірнеше мәселе қояды: тез берілген жаңа техниканы қолданудың тиімділігі мен сенімділігі, сонымен бірге қарулы күштердің соғысқа қабілеттілігінің артуы.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта әскери гигиенисттердің алдында бірнеше міндеттер тұр:

1. Жауынгерлер мен қарудың (адам мен машинаның) – жедел уақыт жеткіліксіздігі және жоғарғы жүйке – психикалық ауыртпашылық жағдайында күрделі техниканы басқаруы;

2. Жаңа техниканы қолданумен байланысты, қоршаған ортаның жағымсыз факторлары әсерлерінің артуы (қарқынды шу мен діріл және ауырлық, аса жоғарғы жиіліктегі токтар, иондаушы сәулелер, зымыран жанармайларының компоненттері және т.б.);

3. Қаруды ұжымдық басқару кезіндегі экипаждық есептеу сенімділігінің артуы.

4. Тіршілік ету мәселесі (аз кеңістіктің гигиенасы).

 

Соғысқа қабілеттілік мыналардан құралады:

а) жоғарғы арнайы оқытулардан (техникалық дайындық);

б) денені шынықтырудан;

в) жүйкелік және психикалық шыдамдылықтан;

г) психикалық дайындықтан (психологиялық тосқауылды жеңу);

 

Күрделі әскери техникаларды (зымырандар, авиация, радиолокационды қондырғылар және т.б.) басқаруға дайындық барысында арнайы басқару кешендерінде реакцияны жылдамдататын, қабылдауды тездететін, ауысу жылдамдығын өндіретін - жылдамдық, ауыртпашылық, салмақсыздық сияқты экстремалды физикалық факторлардың зиянды әсерін жеңілдететін әдістер қарастырылуы тиіс.

Уақыт жеткіліксіздігі жағдайында сеніп тапсырылған қаруларды тиімді пайдалану, қазіргі кездегі қарулардың ауқымды жоюшы қасиеттері, оларды дұрыс басқару жоғары психикалық жүктеме түсіреді және сақтық пен дайындықты көп қажет етеді. Мысалы: танк жүргізу автокөлік жүргізуден қиынырақ. Қазіргі кездегі ұшақтарда ұшқыш екі жүзден аса құралдар мен сілтеуіштердің, өлшеуіштердің және басқа да негізгі басқару элементтерінің көрсеткіштерін қадағалап отрыуға тура келеді.

Қасқағым сәтке құралдармен жұмыс істеу тәртібі бұзылса немесе керекті нәрсені ұмытып кетсе, ұшақты басқару мүмкіндігінен айырылады. Сонымен қатар, ұшқыш ұшақтың борт қаруларын басқарады. Аса жоғарғы дыбысты ұшақтың ұшқыштары ұшар алдында өздерін физикалық жағынан ғана емес, психикалық жағынан да дайындайтыны кездейсоқ емес.

Психикалық тосқауылды жеңу үшін жеке құрамның еңбек режимдеріне сай келетіндей, арнайы дайындық әдістері жасалады. Бейбіт уақытта соғыстың психологиялық жүктемесін, технологиялық ауыртпашылықпен салыстырғанда үлгісін келтіру өте қиын. Оқыту мен соғысқа дайындау үрдісінде жеңілу сезімі мен соғыстың шын мәніндегі қауіптіліктерінен басқа, соғыстың барлық жағдайын үлгілеуге болады.

Осы кезде көмекке жоғарғы моральді - әскери сапа мен патриотизмге тәрбиеленген жеке құрам келеді.

Бұл жұмысты әскердің тәрбиелеу аппаратымен бірігіп әскери гигиенистер мен психофизиологтар жүргізеді.

Гигиеналық шаралар жүргізуге арналған медициналық күштер мен құралдарға қысқаша сипаттама

 

Ротада – гигиеналық жабдықсыз санинструктор. Мұнда дозиметрлік прибормен жабдықталған инструктор-дозиметрші болады.

Батальонда – Фельдшер басқаратын медициналық пункт болады. Штатта одан басқа санинструктор, екі санитар, төрт санитар-жүргізуші болу керек және үш санитарлы транспорт пен автокөлік бар. Гигиеналық жабдықтар жоқ. Бірақ, фельдшер сынаманы лабораторияға көлікпен жеткізеді. Тағамға санитарлық қадағалау жүргізуді фельдшер атқарады.

Полкте – полктің медқызметінің бастығы, медпунктің бастығы, 2 дәрігер және тісдәрігері болады. Одан басқа штатта 4 фельдшер, 3 санинструктор, 2 медбике, санитарлар, аспаз, жүргізуші, автотасымалдаушылар, т.б. бар. Жарақаттанғандарды жинау толығымен механикаландырылған. Полктағы медиктерде ДП-5А және ПХД-МВ-сы болады.

Дивизияда– дивизия медициналық қызметінің бастығы, ол және медициналық батальонды басқарады. Жеке медицина батальонының (ЖМБ) құрамына СЭЛ – санитарлы-эпидемиологиялық лаборатория кіреді. СЭЛ бастығы, дәрігер-эпидемиолог. Одан басқа бактериолог, радиолог-токсиколог, гигиенист, лаборант, санинструктор-дозиметрші, санинструктор-дезинфекционист, жүргізуші, санитарлар болады. жабдықтар ДДЛ, ӘМЛ - әскери-медициналық лаборатория.

ӘМЛ жабдықталған: ЛГ-1, МПХЛ, ЛБ, ДП-5А және т.б.

Армияда – СЭО (санитарлы-эпидемиологиялық отряд (жасақ), оның командирі дәрігер-эпидемиолог. Оның құрамына барлық мамандар кіреді. Жабдықтардан далалық санэпид лаборатория: литера «А» ПСЭЛ-А-2 қозғалмалы немесе литера «Б» ПСЭЛ-В-базалық, т.б.

Штатқа мамандар, иммунологиялық, вирусологиялық, виварийі бар токсикологиялық лабораториялар, дезинфекциялық-жуынатын взвод, дезинфекционды-дератизационды бөлімше, оқшаулау - карантинді бөлімше, қоректік орта пісіру бөлімшелері кіреді.

Алғы шеп (фронт) – фронттың СЭО. Жасақ бастығы – эпидемиолог. Онда эпидемиология бөлімшесі, микробиологиялық, гигиеналық, лабораториялық бөлімше, дезинфекционды-жуынатын және т.б. бөлімшелер болады.

 

 

Қорытынды:

Әскери гигиена деп кез келген әскери жағдайларда қауіпсіздікті сақтаудың, нығайтудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін жалпы гигиенаның дербес саласы. Оның міндеттері: әскери қызметшілердің денсаулығына және еңбеккеқабілеттілігіне қоршақан ортаның, түрлі факторлардың әсер -ықпалын зерттеу; әскердің ұрысқа қабілеттілігінеосы факторлардың жағымсыз әсеріне қарсы күрес шараларын табу; медициналық қамтамасыз ету бөлігіболып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық-гигиеналық шараларды талдапбелгілеу.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Ильин Л.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: учебник «ГЭОТАР-Медиа». – М., 2012 – 381 с.

2. Архангельский В.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: практикум: учебное пособие. – М., 2009. – 432 с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. - Алматы, 2002. - 304 с.