Гарднер Г.Т. Ядерное нераспространение / Пер. с англ.-М., 1998.-162 с.
4.Темирбаев Р. Группа ядерных поставщиков: история создания. – М., 2000. – 260 с.
5. Казыханов Е.Х. О создании банка ядерного топлива МАГАТЭ // Казахстан-Спектр. – 2009. - №3 (49).- С. 8-12.
6. Казыханов Е.Х. Деятельность Республики Казахстан в области разоружения и нераспространения оружия массового уничтожения // Вестник КазНУ. Серия Международные отношения и международное право.-2008.-№1.-С.3-7.
Қосымша әдебиет:
1. Пан Ги Мун. Ядролық қаруға ие барлық мемлекеттерді Қазақстанның жолымен жүруге шақырамын // Егемен Қазақстан.-2010.-7 сәуір.
2. Назарбаев Н. Реальный ответ ядерной гонке // Казахстанская правда.-2009.-19 июня.
3. Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Известия» газетіне жарияланған мақаласы. 2010 жылдың 2 сәуірі // Егемен Қазақстан.-2010.-3 сәуір.
4. Назарбаев Н. Бөлшектенген атом әлемді бөлшектеп жүрмесін // Егемен Қазақстан.-2010.-14 сәуір.
5. Пит де Клерк. Роль МАГАТЭ в Центральной Азии // Проблемы нераспространения. Спецвыпуск (август 2001 г.).-2001.-С.10-12.
6. Макхиджани А. Источники ядерной опасности после оканчания холодной войны // Экология и жизнь.-2005.-№3.-С.11-15.
7. Арбатов А. Ядерное сдерживание и распространение: диалектика «оружия судного дня» // Мировая экономика и международные отношения.-2005.-№1.-С.3-15.
8. У ядерного порога: уроки ядерных кризисов Северной Кореи и Ирана для режима нераспространения / под.ред. А. Арбатова. – М., 2007. – 183 с.
9. Сафрунчик И. Ядерные и ракетные программы Ирана и безопасность России: рамки российско-иранского сотрудничества.–М., 1998.–260 с.
10. Орлова В.А. Проблемы иранской ядерной программы.–М., 2007.–220 с.
11. Мирский Г. Иран и США: противостояние на фоне «ядерного кризиса» // Мировая экономика и международные отношения.-2006.-№7.-С.3-14.
12. Абусеитов А. Самодостаточность контроля над нераспространением ядерного оружия // Analytic=Аналитическое обозрение.-2007.-№1.-С.42-47.
13. Абусеитов А. Ядерная угроза в Азии // Мысль.-2007.-№2.-С.2-9.
14. Лаумулин М.Т. «Иранский вопрос» международной политики в 2003 году // Казахстан-Спектр. – 2003. – №4(26). – С. 8-19.
15. Әбішев М. Ядролық қару – ғаламдық проблема // Ақиқат.-2005.-№8.-Б.39.
8 Лекцияның тақырыбы: Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан
арасындағы ынтымақтастық
Лекцияның жоспары:1. Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып енуі.
2. БҰҰ мен Қазақстан арасындағы
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
Қазіргі заманғы саяси ғылым халықаралық ұйымдарды маңызды халықаралық қатынастардың мемлекет-қатысушылары және әлемдік саясат субъектілерімен қатар карастырады. Халықаралық ұйымдардың болуы халықаралық қатынастарға тұрақтылық, тәртіптілік пен институционалдық аяқталу нәтижесін береді. «Халықаралық институт» түсінігі (латын сөзІ Institum - құрылыс, мекеме деген мағынада) мәнінде сонымен қатар «халықаралық ұйымдар», «халықаралық конференциялар» үғымдары да енеді, көптеген мамандардың пікірі бойынша, «халықаралық тәртіптер» де енеді. Бүгінгі танда халықаралық ұйымдар көптеген халықаралық институттардың ішіндегі саны жағынан ең басымы болып табылады, себебі «халықаралық институт» ұғымының өзі «халықаралық ұйым» ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады. 1991 ж. 16 желтоқсанында қабылданаған «Қазакстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңда төмендегідей мәлімделген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіре алады және олардың қызметіне қатыса алады (13 бап)».
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы маңызды кезеңді паш етті. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде 1992 ж. 2 наурызда қабылданған Ұйымның қатарына жаңа мүшелердің кіруі туралы 46/224 қарары (Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға сондай-ақ бірқатар бұрынғы социалистік республикалар кабылданды) шын мәнінде тарихи құжатқа айналды, ол жас мемлекеттің өз тағдырын өз бетінше шешу құқығы мен жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге қатысу кұқығын таныды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев осы оқиғаға мынадай баға берді: «Қазақстан БҰҰ-ның толық кұқылы мүшесі болды. Осы фактінің маңызына баға жетпейді: біз халықаралық құқықтың негіз қалаушы принциптерін жақтайтынымызды растаумен қатар, планетадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі жұмысты өз міндетіне алған осы ықпалды халықаралық ұйымның өзіндік қорғауына алындық».
Қазақстанның БҰҰ-ға енуі өз деңгейінде тарихи маңызға ие оқиға болып табылады, бұл дегеніміз біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа енуін білдіреді. БҰҰ мүшесі бола отырып Қазақстан әлемдік іс-эрекеттер мен адамзатгың барлық проблемаларына араласа алады, өркениетті даму арнасында бола алады, саяси, экономикалық, гуманитарлық және өзге де маңызды қызметтер саласындағы әлемдік прогрестегі жетістіктерге қол жеткізе алады. Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген мезеттен бастап Қазақстан БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің жұмысына аса белсенділікпен қатысты. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Осыған байланысты Қазақстан делегациясының Басшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 ж. қыркүйектегі 47-ші сессиясының ашылуында сейлеген сезі есте қаларлық оқиға болды, ол біздің еліміз үшін ен бірінші сессия еді. Мемлекет Басшысы өзінің сөйлеген сөзінде тұңғыш рет мынадай бастама көтерді, сол бастама кейіннен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) диалогтық форматына ие болды. Осы идеяның өмірге икемділігі мен қажеттілігі туралы мына факт айғақтайды, 14 жылға жуық уақыт өткеннен кейін осы аймақтық ынтымақтастықтын қауіпсіздік саласындағы көп жақты институты Азия құрлығында сыртқы саясат калыптастырудың ең салмақты кұралдарының біріне айналды. Бүл жөнінде 2006 ж. маусымда Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммиті куәландырады, Саммитке Азиядағы жетекші мемлекеттердің мемлекет және Үкімет Басшылары қатысты. Саммит АӨСШК-нің бірегей сипатын растап берді, ол Азиядағы қауіпсіздік және сенім шаралары мәселелері бойынша диалог жүргізу және пікір алмасу үшін ыңғайлы «алаң» болып табылады. Форум қазіргі халықаралык қатынастардың ажырамас бөлігіне және әлемдік практиканың нақты факторына айналды.
Осы бастама Қазақстанның мемлекеттердің халықаралық қоғамдастыққа интеграция жасаумен ғана шектелмейтінін, сол қоғамдастықтан лайықты орнын алуға ниетті екенін айқындап берді. АӨСШК-ден басқа, Қазақстанның БҰҰ аясында әр жылдарда ұсынған негізгі халыкаралық бастамалары мыналар:
• БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азиялық бітімгершілік батальон (Ортазбат) құру;
• БҰҰ бітімгершілік күш-жігерлерінін «1+1» формуласы бойынша қорын құру: әр мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен 1 %береді, жыл сайын өзінің аударымдарын 1 %-ға ұлғайтып отырады;
• Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы бойынша Аймақтық орталық;
• Орталық Азияның экономикалары үшін БҰҰ Арнайы Бағдарламасын (СПЕКА) әзірлеу;
• ішкі континенталды мемлекеттердің проблемалары бойынша БҰҰ жаһандық бірінші конференциясын шақыру;
• БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контр-лаңкестік комитетінің көшпелі отырысын өткізу;
• Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру және өткізу;
• Арал және Семей экологиялық апат аймақтарын сауықтыру. Осы бастамалардың көпшілігі БҰҰ қабылдаған шешімдерден өзінің практикалық көрінісін тапты, бұл Қазақстан көтерген проблемалардың өзектілігін дәлелдейді. Осыған байланысты біздің мемлекетіміздің БҰҰ-ғы позициясы Ұйым қарайтын барлық мәселелердің кешені бойынша Қазақстан мүдделерін ескеру негізінде қалыптасатынын атап өту қажет. Бүл ретте БҰҰ-мен экономика, экология, әлеуметтік даму, халыкаралық құқықты прогрессивті жаңарту, адам құқыктарын қорғау, сондай-ак тұрақтылық пен қауіпсіздіктің лаңкестік, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс және есірткі бизнесі сияқты
қазіргі сес көрсетулері мен қауіп-қатерлерімен күресу салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге ерекше назар аударылады.
Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық жылдарына көз сала кетсек, БҰҰ Алматыдағы өкілділігі 1992 ж. бері қызмет атқарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық әріптестіктің түрлі бағыттарын қамтитын әртүрлі халықаралық бағдарламалардың, ұйымдардың, қорлар мен БҰҰ комитеттерінің қатысушысы болып табылады. 1994 ж. Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Галимен кездесіп, БҰҰ карамағындағы БҰҰ бала құкы туралы халықаралық келісім-шарт Концепциясына Қазақстан бірінші болып қосылды және кол қойды.
Қазакстанның халықаралық байланыстары үшін 1992 ж. мамыр айында республикамыз қол жеткізген БҰҰ ұйымдарымен бірлескен білім, ғылым мен мәдениет (ЮНЕСКО) салалары бойынша құрылған әріптестігі аса маңызды болып отыр. 1995 ж. Қазақстан мен осы ұйымдар арасында әріптестік жайында Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Алматыдағы ЮНЕСКО-ның ресми Өкіліділігінің ресми ашылу салтанаты аймақтық мәртебеге (Орталық Азия, Кавказ, Иран мен Монголия) қол жеткізуге өз септігін тигізді. 1995 ж. Қазакстанға ЮНЕСКО-ның бүрынғы Бас директоры Ф. Майор келді, ал 1993 ж. қараша айында ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтеріне ресми түрде Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев барды; 1999 ж. және 2001 ж. біздің елімізге ЮНЕСКО-ның Бас директоры К. Мацуура келді. Қазақстан 1997-2001 жж. ЮНЕСКО-ның Атқарушы Кеңесіне енді, ал 1999 ж. Азия елдері атынан Кеңес басшысының орынбасары болып сайланды. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның білім, мәдениет пен ғылымға қатысты 8 негізгі конвенцияның қатарына енді.
Қазақстан Республикасы БҰҰ мынадай құрылымдарымен белсенді әріптестік жұмыстарын атқарады, олар: 1992 ж. - ЮНИСЕФ; 1992 ж. -түрғындарды орналастыру; Қазақстан сондай-ақ БҰҰ Конференциясымен сауда мен (ЮНКТАД) дамыту және Халыкаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ) 1993ж. бері әріптестік қызмет жасайды, 1996 ж. бастап БҰҰ УВКБ, 1999ж. -ЮНИФЕМ (БҰҰ әйелдер коры); 1997 ж. Қазакстан БҰҰ өндірістік даму (ЮНИДО) құрамына енді, 1994 ж. бері Қазақстан атом энергетикасы (МАГАТЭ) бойынша халықаралық агенттіліктің мүшесі болды, ал 1995 ж. Қазақстан Республикасы шағын қалалардағы мемлекеттік кәсіпорындарды кайта құрылымдау мәселесі бойынша ЮНИДО мен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жобасын жасады, МАГАТЭ-ға әріптес болу аркылы Қазақстан екі негізгі Конвенцияға – қауіпсіздік бойынша (1996 ж.) және радиоактивті калдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы (1997 ж.) қол қойды, сонымен қатар физикалық қорғану, көмек пен жедел Хабарлама беру жөніндегі үш конвенцияға ену бойынша біркатар іс-шаралар жүргізді.
Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰ БА) барлық пленарлық мәжілістеріне белсенді қатысып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері және БҰҰ қызметінің әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық аспектілері бойынша сөз сөйледі. Қазақстан делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық мәжілісінде Қауіпсіздік Кеңесін құру мәселесі бойынша сөз сөйлеуі, Еуропалық Одақ елдерін қосқанда, екі категория бойынша және оның мүшелерінің тыйым салу құқығын қолдануы бойынша Қауіпсіздік Кеңес құрамын кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан үстанымының тиесілі үлесін беруші мүше мемлекеттер арасында оң бағаға ие болды. Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларының беделдігіне Н. Назарбаевтың аймақ елдері арасындағы ынтымақтастық пен экономикалық әлеуетті нығайту мақсатында Орталық Азия экономикасына арналған бағдарлама (СПЕКА) құру туралы идеяларының, сонымен қатар тиімді транзит жүйесін қалыптастыру бойынша бастамаларының БҰҰ тарапынан қолдау тапкандығы куә. БҰҰ қабырғаларында Қазакстанның БҰҰ-мен және оның мамандандырылған мекемелерімен өзара әрекет ету белсенділігі мен өскелең серпіні белгіленіп көрсетілген.
Қазақстан ұйымның жаһандық іс-шараларына белсенді катысады, солардың қатарында БҰҰ 2000 ж. Мыңжылдық Саммиті, форум барысында Мыңжылдық Декларациясы және Мынжылдықтың даму мақсаттары қабылданды, 2005 ж. Саммит, оның қорытындылары бойынша Үйым реформасының негізгі бағыттары бекітілді, сондай-ак БҰҰ тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург Саммиті, дамуды қаржыландыру саласындағы Монтеррей конференциясы және т.б. бар. Қазіргі дамудың өзекті мәселелерін шешудегі Қазақстанның сыңдарлы ролі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. тамызда Алматыда теңізге шығу жолы жоқ елдер үшін БҰҰ жаһандық бірінші Конференциясын өткізу жөніндегі бастамасында айқын көрсетілген. Конференцияның қорытындылары бойынша «Алматы іс-әрекеттер бағдарламасы» қабылданды, ол түбегейлі сипаттағы құжат, осы қүжаттың ережелері ішкі континенталды елдердің өздерінің транзиттік көршілерімен өзара қатынастарындағы проблемаларды шешу кезінде негізге алынады. Ядролық полигонды өз еркімен жапқан және ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет ретіндегі Қазақстанды жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау проблемасы бей-жай қалдырмайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясындағы жалпы пікірталастарда сөйлеген сөзінде сол кездегі Қазақстан Республикасы сыртқы Істер Министрі Қ.Ж. Тоқаев былай мәлімдеді: «қаруды таратпау мәселесінде екі жақты (қосарлы) стандарттарға орын берілмеуге тиіс, екіұштылық қырғынға ұшырататын қарудың таралуымен, жаңа жанжалдармен және осындай қаруды қолдану ыктималдығына қарсы тұрулармен қауіпті». Осыған байланысты осы жаһандық проблеманы түбегейлі шешуге қолданылатын батыл тәсілдің біздің еліміздің аумағында көрсетілгені кездейсоқ емес. Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі төрт әріптес-елмен – Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түркменстанмен және Өзбекстанмен бірге -2006 ж. 8 қыркүйекте Семей қаласында Орталық Азияда ядролық қарудан бос аймақ құру туралы Шартқа қол койды.
Қазір лаңкестікпен күрес жүргізу жаңа сапалық деңгейге шықты, Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қарарларының және көпжақты конвенцияларының қабылдануы мен күшіне енулері соның негізі болды. Осы конвенциялардың бірі - Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы Халықаралық конвенцияға – 2005 ж. Нью-Йоркте сол кездегі Қазақстан сыртқы істер Министрі Қ. Тоқаев қол қойды. Осы бағыттағы тағы бір маңызды қадам Лаңкестікпен күресу туралы бәрін қамтитын Конвенцияны қабылдау болуы тиіс, қазір оған БҰҰ-да жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы құбылыспен күресуге біздің еліміздің қосқан үлесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы наурызда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контр-лаңкестік комитетінің көшпелі мәжілісін (отырысын) өткізу туралы бастамасы болды, ол осы жаманатпен күресу бойынша біркатар маңызды шешімдер қабылдады. Ауғандық есірткілерді Азиядан Еуропаға жеткізудің жасырын маршруттары жолына орналаскан Қазақстан бар күшімен осы кауіпке қарсы әрекет жасап, өзіне халықаралық есірткі трафигінің тегеурінді соққысын қабылдайды. Сонымен бірге, осы қауіп-қатермен әлемдегі бірде-бір мемлекеттің жеке-дара күресе алмайтыны айқын. БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің ресурстарын тарту арқылы тек бірлескен күш-жігерлермен ғана осы күрес ойдағыдай және нэтижелі болатын сияқты. Қазақстан Орталық Азиялық аймактық ақпараттьщ және үйлестіру Орталығын құру жөніндегі БҰҰ идеясын қолдаумен ғана шектелген жоқ, сонымен бірге Орталықты өз аумағында орналастыру үшін бүкіл жағдайларды жасады. Егемен Қазақстанның дамуы әр адамның құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеуге негізделген ашық, демократиялық қоғам орнатумен тығыз байланысты. Осы міндетті қолайлы халықаралық орта болған, жалпыға бірдей танылған демократиялық принциптерді сақтаған жағдайларда шешуге болады. Осыған сүйене отырып, Қазақстан БҰҰ демократиялық институттары мен құқық қорғау механизмдерін нығайту, соның ішінде адам құқықтары жөнінде Кеңес құру арқылы күшейту идеясын толық қолдады.
Мыңжылдықтың даму Мақсаттарына (МДМ) тиімді және уақтылы қол жеткізу міндеті Мьңжылдық Саммиттінде қабылданған міндеттемелерге неізделген қазіргі халықаралық ынтымактастықтың негізгі аспектілерінің бірі күйінде қалып отыр. Біздің еліміз осы мәселе бойынша ұлттық деңгейде елеулі прогреске қол жеткізе білді. Осы прогресс Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясаттың тікелей нәтижесі болды, ол саясат Қазақстан халқының, ең алдымен оның ең аз қорғалған бөлігінің тұрмысын жақсартуға нысаналанған. Сонымен бірге әлі де көп нәрселер жасауға тура келеді, ең алдымен балалар өлімін азайту, ананы қорғау, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде.
Бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жою жөнінде шаралар қабылдауга Қазақстанның халыкаралық қоғамдастықты шақыруы (үндеулері) донорлық институттар мен жеке елдердің өз күш-жігерлерін жұмылдыруларына себеп болды, олар Семей өңіріндегі зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі бағдарламалар әзірлеуге жэне қабылдауға бағытталды. Бірқатар жылдар бойы Қазақстанның бастама көтеруімен БҰҰ Бас Ассамблеясы «Қазақстандағы Семей өңірінің халқы мен экономикасын және экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсаттарындағы халықаралық ынтымақтастық және іс-әрекетті үйлестіру» аталатын қарар қабылдады, соған сәйкес Семей өңіріне халықаралық көмек көрсету бағдарламасы жүзеге асырылады.
Қазақстан БҰҰ-мен ынтымактастығында БҰҰ Бас хатшысы К.Аннанның 2002 ж. қарашада Астанаға жасаған сапары мен оның Президент Н. Назарбаевпен кездесуі маңызды белес болды. БҰҰ әкімшілік Басшысы Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген прогресіне сүйсінгенін айтты және біздің еліміздің қауіпсіздік пен даму саласындағы аймақтық проблемаларды шешуде атқарып отырған елеулі рөлін атап өтті. БҰҰ жұмысына қатысатын Қазақстан осы Ұйымды нығайтуды қолдайды, Ол құрамы бойынша да, күн тәртібінің қанықтығы бойынша да жалғыз әмбебап форум. Өз кезегінде БҰҰ Қазақстанның қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау режимін күшейту, өркениетаралык диалогты ілгерілету саласындағы рөлін біржола таныды, біз осы салада жасалған барлық халықаралык келісімдерді табанды түрде жақтаймыз. Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның теңгерімді және реалистік көзқарасы, оның БҰҰ Бас Ассамблеясынын күн тәртібіндегі өткір және нәзік мәселелер бойынша дауыс беру кезіндегі позициясы жалпы осы халықаралық ұйымнан оң баға алады. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымактастығы оның Секретариатының және Ұйым жүйесінің Нью-Йорктегі, Женевадағы және басқа қалалардағы жетекші ұйымдарының штаб-пәтерлері арқылы ғана дамумен шектелмейді.
БҰҰ-ның жетекші агенттігі ретіндегі БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Өкілдігі бастаған Қазақстанда жұмыс істейтін БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен өзара ықпалдастығы осы ынтымақтастыктың құрамдас бөлігі болып табылады. Осы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ арасында тиісті Келісімге кол қойылганнан кейін 1992 ж. ақпанда басталды. Сол уақыттан бері Қазақстанда БҰҰ жүйесіндегі көпшілік мамандандырылған мекемелердің, қорлардың және бағдарламалардың өкілдіктері ашылды және олар белсенді жұмыс істеуде. Олардын қызметі бастапқыда Қазақстанға кең ауқымда техникалык, консультативті және қаржылай көмек көрсетуге бағытталды.
Мәселен, БҰҰ Даму Бағдарламасы жұмысының негізгі бағыттарына ұлттық кадрларды даярлауға жәрдемдесу және экономиканың түрлі секторларында нарықтық реформалар мен өзгерістер жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне консультативтік көмек көрсету жатады. 1993 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ Даму Бағдарламасымен әріптес болуда. БҰҰ Даму Бағдарламасының қызметінің негізгі бағыттары «нарықтық реформалар» сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы үкіметіне ұлттык кадрларды дайындауға ат салысу мен кеңес беру көмегін ұсыну болып табылды. 1994 ж. қазан айында Қазакстан Үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы келісімге қол қойылды. 1994-1996 жж. аралығында «Қысқа мерзімді әріптестік» жүзеге асырылып, Қазақстан бұл бағыт бойынша 2,5 млн доллар қайтарымсыз көмек алды. 1996 ж. маусым айында БҰҰ Даму Бағдарлмасының Атқарушы Кеңесі Казақстанға техникалык бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарлама бойынша жыл сайын 1,258 млн.доллар көлемінде қаражат бөлді. 1997 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан БҰҰ Қорымен әріптес болып, тұрғындарды орналастыру (ЮНФПА) мәселесі бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының Атқарушы Кеңесі және ЮНФПА «Әріптестіктің негізгі бағыттары» құжатқа кол қойды. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы әріптестіктің маңызды бағыты 1990 жж. екінші жартысында жүзеге асырылып, бұрынғы ядролық полигон мен Семейді қалпына келтіру болды. 1997 ж. караша айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 52 отырысында Қазақстанның ұсынысы бойынша «Қазақстандағы Семей өңіріндегі түрғындардың экологиялық және экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатында халықаралык әріптестік пен реттеу қызметі» деп аталатын резолюция қабылданды. 1998-1999 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазакстан Семей өңіріне катысты бірқатар халықаралық деңгейдегІ іс-шараларды өткізді. 2000 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші отырысында Семей өңіріне арналған резолюция қайта кабылданды, оның мазмұнында хальқаралык ұйымдарға, үкіметтік емес кұрылымдар мен халықаралық қаржы институттарына көмек көрсетіп қол ұшын беруге шақырған үндеулер жазылды. Резолюцияда БҰҰ Бас Хатшысына арналған үндеуде Семей проблемасын шешуге ат салысу мақсатында кеңес беру процесіне қолдау жасауға шақырылды.
Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламсы арасындағы әріптестік өзге де салалар бойынша дамыды. 2001 ж. қыркүйек айында Қамқорлық Бағдарламасы мен «Жібек жолы» жобасы бойынша іс-шараларды күшейту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының сол кездегі сырткы істер Министрі Е. Идрисов пен БҰҰ Даму бағдарлмасы Әкімшілігі М. Браун арасындағы келісімге қол жеткізілді. БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда жұмыс істеген уақыт аралығында, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында әсіресе өткір туындаған түрлі әлеуметтік, экологиялық және т.б. проблемаларды шешуде Қазақстан Үкіметіне айтарлықтай көмек көрсетті. БҰҰ Даму Бағдарламасы және БҰҰ жүйесіндегі басқа мамандандырылған мекемелер Семей және Арал өңіріндегі зардап шеккен аймақтарға элеуметгік-экономикалық қалпына келтіру жөнінде үкіметтік және донорлық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға, шалғай елді мекендерді сумен жабдықтауға, Қазақстанның қолайсыз аудандарында тұратын халықтың өсімпаздық денсаулығына, вирустық инфекциялардың таралуына байланысты проблемаларды шешуге атсалысты. БҰҰ Даму Бағдарламасы даму саласындағы БҰҰ-ның жетекші мекемесі ретінде Ұйымның біздің еліміздегі «командасын» басқарады, оған бүгінде 15 ұйым кіреді: БҰҰ ДБ (БҰҰ Даму Бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар коры), ЮНФПА (БҰҰ халықтың қоныстануы жөніндегі Қоры), ЕҚБ (БҰҰ есірткілер және қылмыстылық жөніндегі Басқармасы), БҰҰ БЖКБ (БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары Басқармасы), БҰҰЕ (БҰҰ еріктілері), ЮНИФЕМ (БҰҰ әйелдер даму Қоры), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы), ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ЮНИДО (БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымы), ДБ (Дүниежүзілік банк), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) және ҚАД (Қоғамдық ақпарат Департаментінің Өкілдігі).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2005 ж. бекітілген, даму мақсаттарында көмек көрсету жөніндегі 2005-2009 жж. арналған БҰҰ Негіздемелік бағдарламасы (ЮНДАФ) аясында жүзеге асырылады. Осы бағдарламаның шеңберінде ынтымақтастықтың үш басым бағыты белгіленді, атап айтқанда:
- кедей тұрмыстыларды қорғауға бағытталған саясат әзірлеу;
- баршаға бірдей тұрмыс сапасын жақсарту;
- демократиялық басқару және үлттық дамуға азаматтарды кеңінен тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және колдау.
ЮНДАФ аясында 2005-2009 жж. кезеңге қаржыландырудын жалпы келемі 33 млн. АҚШ доллары мөлшерінде күтілуде, соның 17 млн. АҚШ доллары кепілденген қаржы көздерінен түседі. «Қазақстан әлемде халықаралық қауымдастықта күшті экономикаға және берік ұстанымдарға ие аймақтық держава ретінде қабылданатындығын есте ұстау маңызды. Осы беделін бағалаған жөн және біздің еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін косымша күш-жігер жүмсау қажет».
Осылайша, 1992 ж. Қазақстан Республикасы БҰҰ және осы ұйымның үлкен құрылымына мүше бола отырьш, халықаралык құқықтың толық күқылы субъектісі болды. Қазакстан барлық негізгі халықаральқ құжаттарға қосылып, халықаралық қатынастардағы барлық саладағы құкықтық қатынастарын реттеуге мүмкіндік алды. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығын қорытындылай келгенде, мынаны атап көрсету қажет, Қазакстан Республикасы осы аса ірі әмбебап халықаралык ұйымның қызметіне орасан үлкен мән береді. Қазақстан БҰҰ қазіргі заманның өзекті проблемалары бойынша аса маңызды шешімдер жасау үшін теңдесі жоқ және әмбебап форум деп бағалайды, сондай-ақ БҰҰ-ның және оның мүше-мемлекеттерінің Қазакстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу және нығаю жолындағы атқарған рөлін де жоғары бағалайды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Выступление Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева на 47-Й сессии ГА ООН //http.//www.acorda.kz
2. Токаев К.К. ООН - 60 лет на службе мира и безопасности // Дипломатический курьер. – 2005. - №2(4). - С. 170-172.
3. Арыстанбекова А. X. Объединенные Нации и Казахстан. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. - 310 с.
4. Арыстанбекова А.Х. Казахстан в ООН: история и перспективы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. - 433 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. 10 Назарбаев Н.А. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. - 240 б
2. Идрисов Е.А. 10 лет внешней политики Казахстана: основные итоги и новые задачи // Дипломатический курьер. – 2001.- №3. -С. 115-117.
3. Акчура Ф. Деятельность ООН в Казахстане // Дипломатический курьер. - 2002.- № 2.- С. 1-10.