Конкурстар

Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі.Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

 

 

Жоғары мектепте ағылшын тілін оқыту мәселелері

Мухтарханова А.М., Үйсінбаева А.Қ.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан)

В статье рассматриваются некоторые виды работ в обучении устной речи по английскому

языку в неязыковом вузе согласно анализам ученых. Также в статье рассматриваются новые подходы в

преподавании устной английской речи и предлагаются пути увеличения мотивации на уроках английского

языка.

In this article some problems of teaching the English spoken language in non-linguistic higher school are

reviewed according to analysis of scholars. Also this article reviews some current approches to the spoken language

teaching and then suggests some ways of improving motivation in English classes.

Ағылшын тілін жоғары мектепте тілдік емес мамандық студенттеріне оқытудың әдістемесі

бойынша кӛптеген зерттеулерде оны тиімді ұйымдастыру және іске асырудың түрлі аспектілері

қарастырылып, оның ішінде оқу пәні ретінде ағылшын тілінің мәні, осы пәнді оқытудың мақсаты,

принциптері, мазмұны мен әдістемесі, ағылшын тілін мамандандырып оқыту әдістемесінің

проблемаларын педагогикалық мамандық, тілдік әрекет түрінде оқыту ашылып кӛрсетіледі.

Ӛзінің методикалық зерттеулерінде С.В.Перкас ағылшын тіліндегі мәтінді аудитория үшін

арнайы дайындауға аса кӛңіл бӛлген[3, 15]. Автор мәтін дайындаудың келесі кезеңдерін бӛліп

кӛрсеткен: 1. Материалды таңдау- оқытушы танымдық бағасы бар мәліметтерді мәтінге енгізуді

ойластыруы керек; мәтінде студенттердің тілді игеруіне кӛмек кӛрсететін бұрыннан таныс

мәліметтерді енгізілуін қамтамасыз етуі қажет; мәтін оқушылардың білім деңгейіне сәйкес тіл

игерудегі қиындықтарын ескере отырылып құрастырылуы керек; 2. Мәтіннің мағынасына анализ

жасау- оқытушы дайындалған мәтіннің қай бӛлігі студенттердің түсінуі үшін маңызды екендігіне

қарап таңдау жасауы керек; 3. Мәтінге студенттерге бұрыннан таныс мәліметтерді енгізу- бұл

студенттердің мәтінді игеруіне, мәтін мазмұнын тез есте сақтауына ықпал етеді. 4. Мәтін тілімен

жұмыс істеу- оқытушы мәтіндегі студенттерге бұрыннан таныс емес лексикалық және

грамматикалық материалдарды анықтап, қандай жаңа сӛздерді және тіркестерді мәтінге кіргізу

керек, ал қандайларын ауыстыру немесе алып тастау керектігін шешеді. 5. Кӛретін кӛрнекілік

құралдарын сұрыптау, таңдау - оқытушы мәтінді тыңдатуда кӛрнекілік құралдарын, атап айтқанда

географиялық карталарды, жоспарларды, фотографияларды және т.б жан-жақты қолдануы қажет.

6. Тыңдалған мәтінді студенттердің дұрыс түсінгенін студенттерге сұрақ - жауап алу арқылы

тексеру. Автордың пікірінше бұл сұрақтар алдын-ала дайындалып мәтін тыңдағанға дейін және

одан кейін қойылуы керек.

Автордың айтуы бойынша мәтінмен жұмыс кезінде кӛптеген оқытушылардың құрастырған

мәтіндерінің мазмұны жағынан қызықсыз, мәліметтері жоқ болып келуі жиі кездеседі. Бұл

кӛбінесе студенттің тілді тез игеруі мақсатында мәтін мазмұнын ӛте қарапайым, оқуға және

аударуға жеңіл болуы үшін жасалады. Бірақ, эксперименталды материалдар кӛрсеткендей,

студенттер жеңіл мәтіндерге қарағанда қиын да болса мазмұны терең мәтіндерді түсініп есте тез

сақтайды. Сӛйтіп, автордың ойынша, студенттерге ұсынылатын мәтінге қойылатын ең негізгі

талап оның мазмұнының тереңдігі, қызықтылығы.

Сонымен қатар мәтінді игерудегі қиындықты жеңу қызықты мәтіннен мағыналы,

мәліметтері мол мәтінге кӛшуді дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Автор қызықты мәтіндерге

мәтін ұсынылған студенттердің жас мӛлшеріне орай қызығушылық туғызатын мәліметтері бар

мәтіндерді жатқызады. Бұл мәтіндер оқуға жеңіл болып келеді және оған басқа ел туралы,

мәдениеттану түріндегі мәтіндер жатады.

Жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандықтарға студенттердің ағылшын тілінде

берілген ақпаратты оқу шеберлігін қалыптастыру мәселелерін С.К.Фоломкина, Е.И.Пассов,

М.В.Ляховицкий, С.Е.Рахман ӛздерінің ғылыми еңбектерінде қарастырған. Оқу күрделі

әрекеттердің бірі екені белгілі. Сондықтан оқу қарапайым дағдыларға негізделген.

С.И.Пассов осындай үш дағдыны кӛрсеткен [2, 27]:

1. Анықтау және сӛздер мен сӛз тіркестерін түсіну дағдылары ( оқудың лексикалық

дағдылары );

2. Тілдің грамматикалық түрлерін анықтау дағдылары мен синтаксистік жүйелерді анықтау

дағдылары және оларды белгілі мағыналық категориялармен сәйкестендіру (оқудың

грамматикалық дағдылары );

3. Қабылдау дағдылары мен тілдің графикалық формаларын айыру ( оқу механизмі );Оқи білу дегеніміз осы құрамдардың ара-қатынасы. Сӛздер мен сӛз тіркестері арқылы түсіну

дағдылары кӛптеген механизмдер комплексін құрайды. Бұл механизмдерге қабылдау, пысықтау,

тану жатады. Біріншіден, сӛздің белгілі бір элементтері ( әріп, буын, ) одан кейін, алдын ала

жатталған кӛріністерден жаңа күрделі белгілер пайда болады. Оқу дегеніміз – жаңа мәтіндерді

оқу. Бұл дегеніміз, оқушы мәтіндегі сӛздерді бірден қабылдап, жаңа сӛз тіркестерін тануы керек.

Әр адамның барлық мүмкін сӛз тіркестерін ойында сақтауы мүмкін емес, әйтсе де, жаңа сӛз тіркесі

танылып, түсініледі. Ол есте қалған сӛз тіркесі ойға түседі деген сӛз емес, қабылдаудың

тұрақтылығы болып табылады. Жалғыз сӛзді танып, түсінгенмен, ол бүкіл сӛйлемді ұғынуға

мүмкіндік бермейді, сондай-ақ, жеке сӛйлем бүкіл мәтіннің мағынасын бермейді. Ал сӛзді мәтін

құрамында, синтагманы және толық сӛйлемді белгілі бір сӛзді білмей-ақ түсінуге болады.

К.С.Фоломкинаның айтуынша: «Материалды қабылдау мен қорыту процестері бір уақытта ма,

әлде бірінен соң бірі іске аса ма және әр процеске кететін уақыт мӛлшерін де білмейміз[4, 33-35].

Екі процестің біреуінің жылдам жүруіне байланысты оқу жылдамдығы қалыптасатыны белгілі.

Сондықтан оқу жылдамдығы техникалық дағдыларды автоматизациялау деңгейінің жанама

кӛрсеткіші болып табылады. Бұл айтылғандардан белгілі сӛздер тобын бірден тану, әрекет

түрлерінің бірі ретінде оқуды дамытудың негізгі факторларының бірі деп қорытындылауға

тұжырымға келуге.

Тілдік емес жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту барысында оқуға үйрету

мәселесін М.В. Ляховицкий ӛзекті болып табылады дейді[1, 18], себебі оқу барысында мектеп

бағдарламасынан талап етілетін міндеттерден мазмұны бӛлек жалпыбілімдік және тәрбиелік

міндеттерге қол жеткізіледі.

Автордың айтуынша, тілдік емес мамандықтарға ағылшын тілін үйретудің тәжірибелік

құндылығы болашақ маманның кәсіби қызығушылықтарына негіздей отырып, кітап, материал

және сӛздіктің кӛмегімен іске асады. Оған қоса, студенттер оқудың кӛмегімен шет тілінен

ӛздерінің танымын жетілдіреді: таныс материалды бекітеді, жиі кездесетін синтаксистік жүйелер,

тілдік орамдар, шартты белгілер еріксізден меңгеріледі де, әрі қарай мәтіндегі, студент үшін

ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал етеді. Автор, сонымен қатар

оқудың тәжірибелік құндылығына студенттің арнайы әдебиетпен жұмысын жатқызыды, ӛйткені

ол ауызша сӛйлеу шеберліктерін қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді. Жылдам және

дұрыс оқи білу, автордың пайымдауынша, бір қарағанда еш қиындықсыз жүзеге асады. Алайда,

оқуға үйрету процесі ӛте үлкен ынта мен күшті қажет етеді. Мысалы, ана тілінде оқып-үйренуге

бірнеше жыл кетеді, сондықтан ағылшын тілінде оқып-үйренуге, біріншіден, тіпті ана тілінде оқу

шеберліктеріне сүйене отырып; екіншіден, орта мектепте алынған оқу негіздеріне сүйене отып

үйренгеннің ӛзінде қаншалықты қиын болатынын елестетуге болады. Жасыратыны жоқ, орта

мектептен кӛптеген оқушылар ағылшын тілінен орташа, тіпті одан да тӛмен біліммен келіп

жатады. Оқудың шеберліктері мен дағдылары қалыптаспаған, сондықтан жоғары оқу орнында

мұндай студенттермен мәтінді түсініп, оқи білу үшін ӛте кӛп жұмыс жасау қажет болады.

Сонымен, М.В. Ляховицкий мәтінмен жұмыс жасау әдісіне бастайтын, оқуға үйретудің

бірнеше алғышарттарын ұсынған[1, 18-19]:

1. Жазбаша сӛйлеудің ерекшеліктерінің бірі: қарым-қатынас барысында тікелей партнердің

болмауы, хабарламаның қарым - қатынас міндеттерін толықтыратын және күшейтетін ой

білдірудің экстралингвистикалық тәсілдерінің болмайтындығын айтатын болсақ, онда мәтіндегі

ақпараттың негізгісі - тек қана тіл тәсілдерімен берілетіндігі туралы қорытынды жасау қиын емес.

Тіл тәсілдеріне, біріншіден, лексикалық және грамматикалық бірліктер, пунктуациялық рәміздер;

екіншіден, полиграфиялық анықтауыштар (азат жол, шрифттің үлкендігі мен қарамен

жазылғандығын, астын сызу, курсивті белгілеу және т.б.) жатады. Яғни, мәтінді оқу үшін тілдік

материалмен қатар белгілеудің полиграфиялық тәсілдері туралы да білу қажет. Лексика мен

грамматиканы игеруде студенттердің күнделікті жұмыс жасауы қажет.

П. Хегбольд 1963 жылы орыс тіліне аударылған «Шет тілдерін оқыту» атты кітабында оқу

сапасының кӛбінесе лексика мен грамматиканы білуіне байланысты екендігін кӛрсеткен[5, 25].

Оның зерттеулерінің қорытындысы бойынша алынған мәліметтеріне қарағанда, оқи білу мен

лексиканы игерудің арасындағы корреляция коэфициенті 0,82, ал оқи білу мен грамматиканы

игергендігі арасы - 0,77 болған. Бұл қорытындылар сапалы оқуға қол жеткізу үшін соған сәйкес

лексикалық және грамматикалық материалды игерудің үлкен міні бар екендігін кӛрсетеді. Орта

мектепте игерілген материалдарға тілдік емес жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытуда,

лексикалық материалды игеру, әр-түрлі қиындықтармен байланысты, атап айтқанда, оқу

процесінде және белгілі бір мағынамен тез арада анықталатын, студенттердің меңгеруі үшін үлкен жұмысты қажет ететін тағы үш лексикалық бірлік- қоғамдық- саяси, жалпығылыми және арнаулы

терминологиялық лексика қосылады. Бұған қол жеткізу үшін оқылатын лексиканы

семантизациялаудан бастап, кӛптеген сӛйлеу жаттығуларына дейінгі тұтас жаттығулар жүйесін

орындау қажет. Осы жаттығуларды орындауда сәйкес автоматизмдер қалыптасады және

бекітіледі. Нақты сӛйлеу әрекеттеріне қатысты студенттің потенциалды сӛздігін дамытуға

бағытталған студенттің лексикалық қорын толықтыратын арнаулы жаттығуларға ерекше назар

аудару керек. Басқаша айтқанда, конверсия, сӛзжасам ережелерін білуге негізделген лексикалық

жаттығуларды орындай отырып, студент сӛздің негізгі мағынасын қайта түсіну; сонымен қатар,

мәтіндегі бұрын кездеспеген лексикалық бірліктерді сәйкестендіру шеберлігін дамыту

мүмкіндігіне қол жеткізеді.

М.В. Ляховицкийдің айтуынша грамматикадан жақсы білім ағылшын тілінде оқу үшін

міндетті нәрсе[1]. Тілдік емес мамандықтар үшін жалпығылыми және арнайы әдебиетке тән

грамматикалық ережелер алынуы керек: күрделі етістік түрлері, күрделі синтаксистік жүйелер.

Алайда, бүгінгі күнге дейін орта мектеп үшін де, жалпығылыми әдебиет үшін де сұрыпталған

грамматикалық минимум жоқ. Автордың айтуынша, грамматикалық минимум жиілілік принципі,

үйлесімділік және репрезентативтік принципіне негізделіп құрастырылуы керек.

2. Алайда, жеке сӛздердің мағынасын білу, сӛйлемдегі синтаксистік және морфологиялық

сигналдарды түсіну, егер, студент оқу техникасын меңгермесе, мәтіннің мағынасына терең бойлай

алмайды. Әрине, оқу техникасының негізі орта мектепте қаланады, бірақ оны үзіліссіз

жаттықтырып отыру қажет. Батыс Еуропа шет тілдерінің графикалық жұйесінің ӛздеріне тән

ерекшеліктері бар, бірақ барлығы олардың латын әліпбиіне негізделеді. Латын әліпбиінің 26 әрпі

ағылшын тілінде 146 орфограмма береді екен, бұл ағылшын тілінің бес ғасыр бойы ӛзгермей келе

жатқан консерватизмін дәлелдейді. Жазылу мен айтылу арасындағы ӛзгешіліктер қиындықтар

туғызады, мысалы, кӛріп оқу дыбыссыз болады да, оған оқу техникасы қажет емес деген ой

туындайды, алайда, ол ішкі оқумен қатар жүреді. Ал ішкі оқуды студент ауызша сӛйлеу

барысында қолданады.

3. Оқу техникасын меңгерген соң, лексикалық бірліктердің және грамматикалық жүйелердің

мағынасын біле отырып, енді студент еркін оқып кетер деп ойлаймыз. Алайда М.В. Ляховицкий

бұл әлі жеткіліксіз дейді. Енді тұтас мәтінді түсіну техникасын меңгеру керек. Түрлі типтегі

мәтіннің күрделілігін анықтап, сол күрделілік деңгейіне сәйкес жаттығулар құрастырылады. Ал

мәтіннің күрделілігі композициялық сӛйлеу түрлерінің ұсынылу тәсілдеріне қарай анықталады.

Сондықтан, студент әрбір сӛз бен сӛз тіркесін, қолданылған грамматикалық құбылыстарды терең

түсініп қоймай, оның композициялық және мазмұндық негізіне мән бере білуі қажет.

4. Мәтіннің мазмұнын түсіне білу студенттің сол мәтін туралы пәнді меңгеру деңгейіне де

байланысты. Студенттің мамандығына сәйкес пәнді ӛте жақсы білуі, тілдік мазмұндағы кейбір

білімнің орнын толтыруға кӛп ықпал етеді. Сондықтан, автор студент ӛз мамандығы бойынша ана

тілінде алынбаған кәсіби мәтіндерден аулақ болған жӛн деп санайды.

Автор, мәтінмен жұмыстың түрлері үзіліссіз курс кӛлемінде баспалдақ бойынша жоғары

кӛтеріле береді дейді. Тӛменде, автор мәтіннен ақпарат алудың негізгі түрлерін ұсынған: 1.

Мәтінді түсініп оқу, мұнда синтетикалық және аналитикалық ой операциялары сәйкестеледі.

2. Мәтінге аннотация жасау. Бұл жұмыс түрі екінші деңгейде, арнайы әдебиетке кӛшкен

кезде қолданылы алады.

3. Мәтінді рецензиялау, соңғы деңгейде алынады.

4. Мәтінді аудару (жазбаша, ауызша). Мұндай жұмыс түрі бірінші, екінші деңгейлерде

материалды меңгеру жолы ретінде орындалады, ал үшінші деңгейде оқуға үйрету мақсаты ретінде

алынады.

Ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат – практикалық тіл дайындығы. Ӛйткені

студенттердің ағылшын тілін меңгерудегі практикалық қабілеттерін арттыруда кәсіби біліктілігі

осымен тығыз байланысты. Тілдік емес жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілі бойынша

бағдарламаның түпкі талаптары студенттердің ағылшын тілі бойынша білімі толық тілді тасушы

деңгейіне жақындастырылған болуы керек деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соған

байланысты ағылшын тілін толыққанды меңгерудің негізгі критерийлері анықталады: ағылшын

тілінің барлық тілдік және стилистикалық нормаларын сақтаған қарапайым коммуникация құралы

ретіндегі сӛйлеу әрекетінің барлық түрлерін еркін пайдалану (айтылым, тыңдалым, оқылым,

жазылым); ағылшын тілін кәсіби меңгеру. Оған әр түрлі топтардағы студенттердің тілді білу

деңгейіне қарай ӛзінің сӛйлеу тәжірибесін бейімдендіру қабілеті де кіреді, тілдік материалды

дұрыс әрі қонымды түсіндіру, тілдік қателерді анықтау мен түзету қабілеті. Аталған барлық қасиеттер оқу процесінде тиімді әдісті қолдана отырып, әдістемені мақсатты ұйымдастыру

арқылы қалыптастырылады.

 

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары

Категориясы: Рефлексивті есептер / Мақала

Жарияланды: 27-03-2015, 15:41

Қарау саны: 165

· 80

· 1

· 2

· 3

· 4

· 5

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Талап негізгі мектебінің
бірінші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Билялова Бақытжан Балтабаевна

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары
"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" дегендей мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталады
«Тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген, асқан шеберлік стандарттарына қол жеткізуге талпына отырып, жекелеген жағдайларда игіліктің тиісті қалпын бере алатын дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана ие бола алады» деп атап өтті. (Carr, 2006). Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылатыны белгілі. Ендеше, мұғалімінің сабақта өз тәжірибелерін жетілдіруге арналған жұмыстары оқушының мақсат, мүдделерін айқындайды. Жаңаша оқытуда жеті модульды ықпалдастыра отырып оқыту, оқушының қызығушылығын арттыру болып табылады.Қандай жұмыс болсын жоспарлауды қажет етеді. Ал білім берудегі жоспарлау мұғалім үшін маңызды. Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек. Сонымен жұмысты жоспарлауды алдымен оқытудың негізгі мақсатын анықтап алудан бастаймыз.Оқу мақсаты нақты, айқын түрде келтірілген оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Оқыту нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұғалімнің алдында тұратын сұрақ: 1.Оқыту үшін қандай тақырыптар мен іс -әрекеттер реті қажет және оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін оны қалай ұйымдастырдыңыз?
2. Мұғалім қолданатын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері
Әр сабағыңыз үшін белсенді оқуды ынталандыратын оқыту әдістерін дайындадыңыз ба?
3. Тақырыпта үйренудегі кедергілерді жеңу
Өзіңіздің сабағыңызда оқушылардың тақырыпты оқып-үйренуі үшін қандай қолдау жұмыстарын жоспарладыңыз?
4. Оқу нәтижесі
Оқушылардың (кейбіреуі немесе барлығы) сабақтар соңында нені біліп шығады, ұғынады немесе істей біледі деп үміттенесіз? Сіздің оқудан күтетін нәтижелеріңіз сыныптағы оқушылардың жасы мен деңгейіне сәйкес келе ме?
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
Оқушылар тақырып бойынша не біледі? Оқушы қазіргі кезде оқып жатқан тақырыпты одан әрі қалай оқытуды жоспарлап отырсыз? Сабақ соңында Сіз жоспарлағанды оқушы қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз? Оқушыларға қалай оқып-үйренуді білу үшін қандай бағалау тәсілін қолданасыз?
6. Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту
Барлық оқушылардың сабаққа қатысқанын қалай білесіз (дарынды балалар, басқаларға қарағанда шапшаң оқушылар, ерекше немесе арнайы білімді қажет ететін оқушылар)?
7. Негізгі дереккөздер
Сізге сабақ барысында қандай дереккөздер мен құралдар қажет болуы мүмкін?
Сонымен өзім сабақ беретін 5-сыныптың қазақ тілінен тізбектелген сабақтар топтамасындағы "Синонимдер" тақырыбын жоспарлауда сабақтың жалпы мақсатын мынандай түрде алдым: Оқушыларға синоним сөздің емлесін мысалдар келтіру арқылы ережесін өздеріне анықтату, сөздердің лексикалық мағыналарын ажырата алуға үйрету, ойлау. пайымдау қабілеттерін дамыту.
Міндеттер: 1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;
3. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау;
4. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.
5.Грамматикалық сауаттылыққа баулу.
Мұғалім үшін бұл жұмыстан күтілетін оқу нәтижелері мынандай: оқушылар сабақ аяқталғанда синонимдерді мысал ішінде ажырата алады. Синонимдік қатарлар құра алады. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша кластер, тапсырмалар орындайды Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді. Сабақты сыныпта психологиялық ахуал туғызудан бастадым. Келесі бөлімді " Адасып қалған сөздер " деп атадым. (Тақтада шашырай берілген сөздерді оқушы өз ойымен мағынасының жақындықтарына қарай бөліп жазады.)
Әсем,бала,келбетті,жазық, көркем,сәби,тегіс,перзент,ажарлы
Әсем,келбетті, көркем, ажарлы
Бала,сәби,перзент
Жазық,тегіс.
Берілген мысалдарға қарай отырып,оқушылар синоним сөздердің ережесін анықтайды. ББҮ кестесінің бірінші бөлімін толтырады. Топтарға мысалдар жазылған парақшалар таратылады.
Ι-топ : Абырой да. бақ та. атақ та, даңқ та- бәрі осы егісте.
ΙΙ-топ: "Қырық өтірік "ертегісіндегі Тазша бала- өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып мысалдардан синонимдік қатарларды табады, олардың бір ғана сөз табынан болатынын дәлелдейді. (Оқушылардың аздығына байланысты сыныпты екі топқа бөлдім)
Сабақта АКТ пайдаланылады. Тақтада қой бағып жүрген адамның суреті көрсетіледі. оның кім екендігі сұралады. Оқушылар: қойшы, шопан, бақташы деп жауап беледі.
- Қойлар қайда жайылып жүр? Оқушылар: өрісте, жайылымда деп жауап беледі.
Омоним мен синоним сөздерді салыстыруда Венн диаграммасын толтырады.
Тақырып бойынша қателерін түзетеді, жинақтайды, толықтырады.
Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды. Бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі.
Әр топ бір бірін түстер арқылы бағалау парағына критериилер бойынша баға берді.
Қорыта келгенде , сабақтың тиімді жоспарлануы, біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, әр оқушының қарапайымнан күрделі тапсырмаларға көтерілуіне толық жағдай жасалады.

 

§12 Сабақтың түрлері, құрылысы
Мақсаты Оқушылар өсу бағытына қарай түрлерін және сабақтың ішкі құрлысын таниды. Сабақтың бойлап және жуандап өсуінде камбийдің рөлі бар екенін түсінеді. Жылдық сақиналарды сабақ арқылы көрсетіп ажырата алады.
Жұмыс нәтижесі Сабақтың өсу бағытына қарай түрлерін атай алады. Жылдық шеңбердің сақиналарын санап көрсете біледі.
Сілтеме Оқулық: 6 сынып, Биология 39-42 беттер Атамұра 2011ж.
Негізгі мақсаты: Сабақтың өсу бағытының түрлерін білу, сабақтың ішкі құрлысын анықтау
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Блум таксономиясы, Сыни тұрғыдан ойлау, Өз бетінше ізденіп әрекеттенуге үйрету. Зерттеушілік әңгіме құрастыру ЖАДА құрастыру жеке және топтағы бірлескен жұмыс. АКТ пайдалану Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту
Ресурстар Кітап, дәптер, сабақтың құрлысы, компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою – 3 мин 2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша (сергіту сәті – 2мин) – 35 мин 3. Рефлексия. БББК – 4 мин 4. Үйге тапсырма – 3мин
Үйге тапсырма Еркін жұмыс: сабақтың бойлап және жуандап өсуіне тәжірибе жасап талдау Жеке жұмыс: сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуына тәжірибе жасап талдау §12 сабақтың түрлері, құрылысы
Ойлауды Блум бойынша жіктеу Мақсат Тапсырма түрі. Түрткілер Нәтиже Бағалау
критерийлер Дескриптор ұпай жиын-тық баға
Білу Негізгі түсініктер мен орналасуын білу. Оларды түсіндіре және табиғатты қолдана алады. Қызығушылығын ояту. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сұрақтармен жұмыс: тақырып бойынша 5 сұрақты құрастыру және оны қолдану. Сурет бойынша үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Жеке тапсырманың орындалуын қадағалау Сұрақтар бойынша білімін нақтылайды.Сурет қолдану арқылы қызығушылығы оянады. білім көлемін зерделеу   сурет толық анықталған сұрақтарға толық жауап берді  
сурет толымсыз анықталған, сұрақтарға жауап толық емес
сурет анықталмаған, сұрақ толымсыз, жауап толымсыз
Түсіну Оқулық мәтінін игерту. Оқулық бойынша жеке жұмыс /мәтінмен жұмыс/, оқу, топпен ой бөлісу, сабақтың түрлерін түртіп алу. Тақырыптың басты идеясын табу: сабақтың өсу бағытының түрлерін білу, сабақтың ішкі құрлысын анықтау мағынасын түсіну. тақырыптың басты идеясын табу тапсырманы толық орындады  
қателіктері болды
мүлдем орындай алмады
Қолдану Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, дағдысын қалыптастыру. Тақырыптағы кестені толтыру І топ: тік және жатаған сабақтарды толтырады ІІ топ:жатаған және өрмелегіш сабақтарды толтырады ІІІ топ:өрмелегіш және шырмалғыш сабақтарды толтырады ІV топ: шырмалғыш және қысқарған сабақтарды толтырады АКТ пайдаланады Алған білімін тәжірибеде қолдана алады. Кесте толтыруда анықталады Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру Толық қалыптасқан  
толық емес
қиын
Талдау Алған білімін нақтылау. Сабақтың ішкі құрлысы бойынша топтық жұмыстар орындайды. І топ: қабық ІІ топ: камий ІІІ топ: сүрек, өзек Сабақтың ішкі құрылысының дұрыс айтылуына және пікір алмасуға түседі. Пікірталасқа түсу. Бірін – бірі бағалау диалог құрып, қорытынды жасайды  
тек диалог құрайды
жұмысқа қатыспайды
Жинақтау Тақырыптың меңгерілгендігін байқаймыз. Сабақтар бойынша рефлексия жазады. БББК Қажеттілігін салыстыра нақтылайды Жағдаяттан шыға білу құзыреті толық шықты  
қиналды
шыға алмады
Бағалау Атқарылған жұмыстың тиімділігі мен нақтылығын. Атқарылған жұмысқа сипаттама беру арқылы Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Логикалық ойы креативті  
ойы жүйелі, тың ойы емес
жалпыға ортақ ой
                 

Өзін-өзі бағалау парағы

Аты Мәтінді түсінуі Сұрақтарға жауап беруі Кестенің толтырылуы Пікірін айта алуы Сабақтардың ішкі құрылысын бағалауы Дәптерін то

 

Сабақтың типтері, құрылымы

Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
— дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
— дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
— оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
— сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).