Пікірсайыс – табыс кілті

Берілген бағдарлама әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастыруға, оқушыларды қоғамдық өмірге саналы түрде және белсенді қатыса алуға, өз көзқарасын қалыптастыруға және дәлелдеуге жаттықтырады. Ол шыдамдылықты және әр түрлі идеялар мен көзқарастарға сыйластықты өрістетеді, қазіргі заманғы жеке тұлға үшін маңызды қасиет - шыдамдылықты қалыптастыруға жағдай жасайды, коммуникативтік қабілетті дамуда маңызды рөл атқарады. Пікірсайыс – бұл көңілді, ойын-сауық интеллектуалды ойын, келешек қоғам көшбасшылары – белсенді жастар үшін жарқын болашақ. Пікірсайыс өркениетті демократиялық қоғамда қажетті жауапты шешім қабылдауға,тәуелсіздікке және басқа да дағдыларға шыңдайды.

Пікірсайыс құндылықтары:

Дағды мен іскерлік:

сыни тұрғыдан ойлауды дамыту проблеманы жан-жақты қарастыру ойды логикалық құру
талқыланатын сұрақтың мәнін ұғыну өз ұстанымын дәлелдеу

Мүмкіндіктері:

әр түрлі деңгейдігі ( қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық) жарыстарға қатысу
басқа қалалардағы және елдердегі өз жасындағы жастармен қарым-қатынас орнату
саяси сауаттылықтың және білімдарлықтың деңгейін көтеру ой өрісін кеңейту

Қолдану:
сұхбаттасу (жұмысқа тұру, халқаралық қорлардың грантын және стипендиясын алуға конкурсқа қатысу және т.б.) семинарларда, симпозиумдарда, «дөңгелек үстелде», ғылыми конференцияларда, теледидарда сөз сөйлеу. рефераттарды және бітіру жұмыстарын, ғылыми және әлеуметтік-мәнді жобаларды қорғау жастар саясаты саласындағы жұмыс

29. Пікірсайысқа дайындық Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу-шешен адам үшін өте маңызды да жауапты кезең. Ол бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесс. Шешен сөзге дайындық тақырыпты анықтаудан басталады. Зерттеушілердің айтуы бойынша, тақырыпты таңдау кезінде келесі принциптерді ұстанған жөн: өзектілігі; шешеннің өзіне және аудиторияға қызықты болуы ; нақтылығы; қысқалығы; Баяндама тақырыбы алдыын-ала белгіленген жағдайда, оны қойылған мақсаттарына қарай және регламентке сәйкес реттеп алу қажет. Тыңдаушылар көңіліне әсер ету үшін шешен аудиториямен қарым –қатынас орнатуы қажет. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеушілер келесі әдістерді қолдануды ұсынады: алғашқы фразалар әсері. Бұл әдістің мәні-сөйлеушіге аудиторияның назарын бірден аудару; ақпаратты кванты түрде беру-аудиторияға бейтаныс, жаңа фактілерді айту тәсілі. дәлелдеу әсері. Тыңдаушылар түсінуіне жеңіл дәлелдерді қолдану тәсілі. релаксация әсері. Аудиторияда отырған адамдарды психологиялық тұрғыда біріктіру; салыстыру әсері. Бір-бірімен байланыспайтын құбылыстарды салыстыру; қиял әсері. Тыңдаушыларға өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі; дискуссия әсері. Аудитория алдына мәселені талқыға салып, дұрыс шешім қабылдау ұсынылады. Өз көзқарасын дәлелдеп және оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатымен пікірталаста бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады: Юмор, ирония- тыңдаушыларға деген эмоционалды әсерді күшейту және қолайсыз жағдайды әлсіретуге бағытталады. «абсурдқа шығару» -бұл тәсілдің мәні айтылған тезистің немесе дәлелдің жалғандығын олардың іс жүзінде болуы мүмкін еместігін түсіндіруінде; «бумеранг тәсілі»-қарсылас сөзін өзіне қарсы қолдануына құрылады; «сұрақ жаудыру» -пікір таластырушы өзінің әр сөзін қарсыласына сұрақ түрінде айтуы; «адамға дәлел»-айтылған тезистің ақиқаттығын немесе жалғандығын айқындаудың орнына қарсыласының жағымды қасиеттері мен кемшіліктерін бағалау.

30.Нақты тақырыпқа жұрт алдында сөздің жоспарын құру және сөйлеу БАЯНДАМА айту тапсырылғанда, көпшілігі қолына қаламсап алады да, алғы сөзінен бастап, қорытындысына дейін түгел жазып шығады. Баяндама дайын болғанша, көп уақыт кетіп, неше қағаз бүлінуі мүмкін.

Сен де баяндаманы осылай дайындайсың ба? Оны дайындаудың оңайырақ жолын үйренгің келе ме? Егер баяндама жоспарын жасауды үйреніп алсаң, саған әрбір сөзді жазып жатудың қажеті болмайды, сондай-ақ қайталап жаттығуға да көбірек уақыт қалады. Оның үстіне, баяндаманы айту жеңіл әрі қызықтырақ, тыңдаушыларыңды іс-әрекетке талпындырарлық болады.

Әдетте көпшілікке арналған баяндаманың жоспары болады. Әйтсе де, көп жағдайда жоспар беріле бермейді. Көбінесе жалпы немесе нақты бір тақырып берілуі мүмкін. Не болмаса қандай да бір басылымдағы материалға негіздеп дайындау керек болады. Ал кейде жай ғана не жөнінде және қалай айту керектігі жөнінде нұсқау берілуі мүмкін. Міне, осындай жағдайлардың бәрінде жоспарды өзің құруың керек болады.

Сенің құрған жоспарың үлгідегіден өзгеше болуы мүмкін. Бірақ, ең бастысы, жоспарды құрудың негізгі принципін ұғып ал, сонда баяндамаңның материалын жақсылап реттеп, аз уақыттың ішінде дайындай аласың. Неден бастасаң болады?

Талдау, іріктеу және реттеу

Алдымен, саған тақырып қажет. Тақырып — бір сөзбен бере салуға болатын жалпы ой емес. Ол тыңдаушыларға жеткізу керек негізгі ой болып, сол талқыланғалы жатқан нәрсеге қай қырынан қарау керектігін көрсетеді. Егер тақырып берілсе, оның әрбір сөзіне мұқият талдау жаса. Тақырыпты қандай да бір мақалаға негіздеп ашу керек болса, тақырыпты ойыңда ұстай отырып, сол мақаланы жақсылап зертте. Ал егер не туралы айтылу керек екені ғана берілген болса, тақырыпты өзің ойлап табуың керек болады. Ол үшін алдымен біраз ізденгенің дұрыс. Байқампаз бол, сонда тақырыпты ашудың жаңа бір қырын табуың әбден мүмкін.

Осы қадамдарды жасай отырып, өзіңнен былай деп сұра: бұл мәлімет тыңдаушыларым үшін неге маңызды? Мақсатым қандай? Сенің мақсатың тек материалды айтып шығу, я болмаса қызықты, есте қаларлықтай баяндама дайындау ғана емес, тыңдаушыларың өздеріне пайдалы нәрсе алатындай болу керек. Мақсатыңды анықтап алған соң, оны жазып қой да, дайындық барысында есіңде ұста.

Мақсатыңды анықтап, соған сәйкес келетін тақырыпты таңдаған соң (немесе берілген тақырыптың мақсатыңмен байланысын анықтаған соң), қайсы бағытта ізденуің керектігі белгілі болады. Тыңдаушыларың үшін құнды болатын мәліметтерді ізде. Жалпылай айтылған ойларды қанағат тұтпай, нақты, мәнді және шын мәнісінде пайдалы болатын ойларды іздеп тап. Бірақ шектен тыс шығып кетпе. Көбінесе қажетінен артық мәліметтер жиналып, оларды іріктеуге тура келеді.

Тақырыпты ашу үшін және мақсатыңа қол жеткізу үшін қажет болатын негізгі ойларды анықтап ал. Бұл — баяндамаңның қаңқасы, ал жоспарыңның негізі болады. Негізгі ой нешеу болу керек? Қысқа талқылауға әдетте екеу, ал бір сағаттық баяндамаға әдетте бесеу жеткілікті. Негізгі ой көп болмаса, тыңдаушылардың есте сақтауларына да жеңіл болады.

Тақырыбың мен негізгі ойлар дайын болған соң, жинаған мәліметтеріңді ретте. Негізгі ойлармен қайсысы тікелей байланысты екенін анықта. Баяндамаңды жандандыра түсетін ойларды таңдап ал. Негізгі ойларды растайтын Жазба орындарын таңдағанда оларды нақты түсіндіретін ойларды белгілеп ал. Қосымша ойларды өзі қатысты болып тұрған негізгі ойлардың астына жаз. Егер қандай да бір мәлімет негізгі ойдың ешбірімен қиыспаса, мейлі ол қанша қызықты болса да, олардан бас тарт немесе кейін өзге жағдайда қолдана алуың үшін сақтап қой. Тек ең жақсы деген мәліметтерді қалдыр. Егер мәлімет тым көп болса, онда тез сөйлеуге тура келіп, ештеңені терең аша алмайсың. Сондықтан аз болса да, саз болатындай етіп сөйлеген жақсы. Берілген уақыттан асырма.

Осы қадамда, немесе бұған дейін, материалыңды қисынды ретпен орналастыр. Ізгі хабарлардың бірін жазған Лұқа осылай еткен. Ол өзінің жалпы тақырыбына байланысты деректерді жинап алған соң, оларды “рет-ретімен” жазған. Мақсатыңа жетуге қайсысы жарамды болатынына қарап, материалыңды хронологиялық не тақырыптық, “себеп — салдар” немесе “проблема — шешімі” принципі бойынша ретте. Бір ойдан екіншісіне аттап кетуден аулақ бол. Тыңдаушыларыңа ойдың желісі мен әрбір ойдың мағыналық байланысын көру қиын болмау керек. Келтірілген дәлелдер оларға қисынды қорытындылар жасауға көмектесу керек. Материалдарды реттегенде, тыңдаушыларың қалай қабылдайтынын ойлан. Оларға ой желісімен жүріп отыру жеңіл бола ма? Естігендеріне сай әрекет етуге талпына ма және де бұл қойған мақсатыңа сәйкес келе ме?

Енді жалпы тақырыпқа қызығушылық оятатын және тыңдаушыларың үшін талқылаудың шынында да құнды болатынын көрсететін алғы сөз дайында. Егер қаласаң, бастапқы сөйлемдерді жазып алсаң да болады. Ақырында, қойған мақсатыңа сай, тыңдаушыларыңды іс-әрекетке талпындыратындай қорытынды дайында.

Егер жоспарыңды ертерек құрып қойсаң, баяндама айтқанға дейін оны өңдей түсуге уақытың болады. Бәлкім, кей жеріне дәлел ретінде айғақтарды, көрнекі мысалдар немесе қандай да бір оқиғаны қосуға болатынын байқарсың. Болып жатқан оқиғаларды не жергілікті жердегі қандай да бір қызықты хабарларды қолдану арқылы тыңдаушыларыңа баяндамаңның өзекті екенін көруге көмектесесің. Баяндамаңды өңдей отырып, мәліметтеріңді тыңдаушыларыңа қалай көбірек бейімдей түсуге болатынын көруің мүмкін. Талдау жасау мен өңдеу сатысы жақсы материалдан іс жүзінде қолданарлықтай және жүрекке әсер ететіндей баяндама дайындау үшін өте қажет.

Кейбір баяндамашылар қысқаша жазып алса, өзгелері көбірек жазып алуды дұрыс көреді. Алайда мәліметтеріңді бірнеше негізгі ойға топтастырып, оған қатысы жоқтарын алып тастап, сондай-ақ ойларды қисынды ретпен орналастыруды үйренген соң, айтатын сөзіңді түгелімен жазып жатудың қажеті жоқ екенін байқайсың. Нәтижесінде қаншама уақыт үнемделеді! Оның үстіне, баяндамаңның сапасы да арта түседі. Бұл Теократиялық қызмет мектебінен шынымен зор пайда алып жатқаныңды дәлелдейд

ЖОСПАР ҚҰРУ ҮШІН

• Баяндамаң тыңдаушыларың үшін неліктен маңызды екенін және мақсатыңды анықтап ал.

• Тақырыбыңды таңда; ал егер тақырып берілген болса, оған талдау жаса.

• Мазмұнды да пайдалы мәліметтерді жина.

• Негізгі ойларды анықтап ал.

• Материалыңды реттеп, тек ең жақсыларын қалдыр.

• Қызығушылық оятатындай алғы сөз дайында.

• Іс-әрекетке талпындыратын қорытынды жаса.

• Баяндамаңды қайталап, өңдей түс.

 

30.Нақты тақырыпқа жұрт алдында сөздің жоспарын құру және сөйлеу

Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой- сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң- сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту -рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі.

Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі.

Тіл табыса білу- өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті.

Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.

® Ауызекі сөйлеу мәдениеті

Сөз мәдениеті

® Жазба тіл мәдениеті

Ауызекі сөйлеу мәдениетінің де, жазба тілдің де бастау негізі- белгілі бір ұлттың ұлттық дағды- дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтық тіл.

Ауызекі сөйлеу тілі – бетпре- бет көріп отырған екі не одан да көп дамдардың өзара пікір алуысуы, түсінісуі.Сөйлесу кезінде жеке адам өзінің мінез- құлқын, бүкіл адамдық болмысын көрсетеді, сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттілік белгісі.

Пікір алысу, түсінісу сөз арқылы ғана жүзеге аспайды, бет- ауыз, қас- қабақ, қол қимылдары да қатысып отырады.Сөйлеуші айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіру үшін, тыңдаушының назарын аудару мақсатында дауыс ырғағын құбылта сөйлейді.сөздердің айтылу заңдылықтары сақталуы тиіс, бірақ адам жергілікті тіл ерекшелігіне сай халықтық нұсқаны қолдана сөйлейді.

Бұл айтқандардан ауызекі сөйлеу тілінің мынадай стильдік ерекшеліктері бар екендігі анықталды:

Қолдану аясы таныс кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

Сөйлеу мақсаты- қарым- қатынас жасау.

Өзіндік стильдік ерекшелігі:еркін, даярлықсыз өткізілуі, сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдануы, айтушының көзқарасы қолданған сөздерінен анық көрінуі.

Тідік құралдары: қарапайым сөздер, көңіл күйін білдіретін сөздар, сұраулы, лепті сөйлемдер, диалог, қыстырма, қаратпа сөздер.

Әңгімелескенде, сөйлескенде, пікір айтқанда сөздің де, мінездің де сыпайы болғаны дұрыс,сөйлеушінің сөзін бұзып, қарсылық білдіру ыңғайсыздыққа соқтырады.

Ең негізгі нәрсе- сөздің айтылу заңдылықтарын, сөзді орынды қолдануды сақтау, сөздік қордың мол болып, сөзді іріктей қолдана білу.

Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойын жүйелі жеткізе алады. Ауызекі сөйлесуде тыңдау, сөйлеу мәдениеті басты орын алады, бұларды қалыптастыру – мәдениеттілік белгісі.

31.

Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері — публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірақ осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады.

Сөз бақпаган момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады

(М. Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен базардың соңына ілшумен өткені ме? Өткен соц базар, Қайқан соң ажар… Сен едіц базарым (Абай). Балуан қолы Ленинніц, Ұстады заман тұтқасын (А. Сүлейменов). Бұзау тіс қамшы құйрығын шан-шып алып қайқайып барады (Ғ. Мүсірепов).

Осы үзіндідегі қараламады деген етістік метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұм-салған. Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейді. Поэтикалық метафора көркем әдебиет стилімен тығыз байланысты. Әрбір жазушы образ жасауда осы метафоралық сөз қолдану тәсіліне көбірек барады. Мысалы: Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмайды (М. Әуе-зов). Барлық жаңағы. жас эйелдердің шыншыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толкын, жеңіл қызғылт нұр жүгірді (сонда).Сол кеште үнсіз қоңыр тартып, жайлау-жайлауларына қайтысты (сонда). Бұл мысалдардағы метафоралык сөз қолданыстар мыналар: жарықшақ (үн),жеңіл (нүтз), қоңыр тартып. Көркем шығармада метафоралардын, стильдік қызметі неше алуан болып келеді. Тіпті жалпы халықтық сипат алып кеткен метафораның өзін де жазушылар әдетте неше алуан сақта түрліше құбылтып, құлпырта пайдаланады.

 

Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз өмірініц өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді (М. Әуезов). Сондай кездің қарсаңында өз елініц ішіменқағаздасып жату лайык, емес (сонда). Молдалар қызылды сезген қарақұстай жанталасып жүр (М. Әуе-зов). Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді (сонда).Қызылы у қырманымның мая, қырдай (Керімбеков).

Қағаз, қызыл метафоралары тура мағынада да, метафоралық мағынада да қолданылған. Жалпы халықтық сипат алып кеткен мұндай метафоралар тілімізде өте көп, бұлардың қолданылу аясы; стильдік бояуы әр алуан болып келеді.

 

Аласы аз қара көзі нүр жайнайды…

Бұл іске кім виноват

Я Семейдіц қаласы?

Я қазақтың аласы?… (Абай).

32. Аристотельдің шешен сөздегі тілдің біріншілігі туралы пайымдауы.

Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.

Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: “Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты осында” — деп, анықтайды.

Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.

Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.

Шешендік өнердің жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.

Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын қарастыра отырып, Аристотель өзінің “Риторика” еңбегін үш бөлімінен түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады

33. . Сот шешендігіне тән белгілер. Солон заңы

Солон реформалары - б.з.д. VI ғ. Афинада өмір сүрген. Б.з.д. 594 ж. архонт болып сайланып, өз реформаларын жүзеге асыруға ұмтылды. Солон жеке билікті орнатуға ұмтылған топ пен кең халықтық билікті орнатуға ұмтылушылар ортасындағы "алтын аралық" саясатын ұстанды. Ол бірінші кезекте борышкерлердің қарызын жойып, болашақта жеке құлдыққа, борышкерлерді құлдыққа сатуға тыйым салды. Енді құлдық сырттан келген құлдар көмегімен дамыды. Келесі өзгеріс - жер иеленушілердің иелік ауқымы шектелді. Саяси реформалары: ценздік-мүліктік жіктеу. Афин азаматтары мүліктік жағдайына байланысты төрт топқа бөлінді. I разрядқа - еңбайлар, II разрядқа - жай байлар. Бұл екі разряд өкілдері мемлекеттік аппараттағы барлық маңызды қызметтерді алуға құқылары болды, бірақ архонт және қазынасы (казначей) болуға тек I разряд өкілдерінің құқысы болды. Енді аристократиялық қағидат (шығу тегіне байланысты) мүліктік, байлық принципімен ауыстырылды. III разрядқа - орта топтағы азаматтар, IV разрядты қоғамның қалған топтары феттер құрады. Солон конституциясы бойынша биліктің жоғарғы органы - афин халық жиналысы жарияланды. Афин қоғамының 4 тайпаға бөлінуінің сақталуына байланысты 400 кеңесі құрылды - Мемлекеттік орган. Бұл кеңес жыл сайын алғашқы үш разряд азаматтарынан сайланды, әр тайпадан 100 өкілден тұратын 400 кеңесі халық жиналысында талқыланатын мәселелерді алдын ала дайындап, күнделікті істермен айналысқан. Халық жиналысы маңызды мемлекеттік істерді талқылаумен айналысты, заңдар қабылдады. Оның жұмысына ересек афин азаматтары қатыса алды. Алқа би соты - гелизя құрылды. Соттың құрамына барлық разряд азаматтары кіре алды. Солон реформалары демос пен ақсүйектер арасындағы саяси компромисснәтижесінде жасалды. Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен

34. Ежелгі шешендіктің Отаны саналған Румда да римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: "Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ» деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: "Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайдың («Халық даналығы», А. "Рауан», 1996, 148-6)-, деген болатын. Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдық жағдайлармен және халықтың бас қосу жиналыстарымен байланысты болғандығын қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Әсіресе халық жиналатын астың мәні үлкен болған. Ә.Бөкейханұлының сөзімен айтсақ, қазақтың үлкендеріне ас бергенінің бір пайдалы жері асқа жиналған халықтар іс тексеріп, дау бітіреді екен, бұрынғы жиналыстарда бітпей қалған дауларды шешеді екен. Халық жиналатын жерлердің бірі- ақындар айтысы. Ақындар айтысы да, ас пен той сияқты, шынайы шешендер сөз сайысына түсетін және шындалатын орындар болған. Ердің, елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын бұрынғы хан кеңестері, қазіргі парламент сарайлары, сот залдары - саңлақ шешендер мен саяси қайраткерлерді қалыптастыратын орындар. Дүние жүзіне есімдері әйгілі шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны да осыдан. Мысалы, ежелгі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон парламент басшылары болса, орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, А.Ф.Кони заң қызметкерлері еді. Қазақ елі тарихындағы шешендердің кімдер болғандығын бірінші тарауда егжей-тегжейлі айтып өттік.Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.

Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды.

Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды.

Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді.

Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді.

Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.

 

35. Цицеронның шешенге берген анықтамасы

 

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын ????адамы”, “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы — теориялықскептицизмді практикалық стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы — “молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.

Ц-ды шіркеу қайраткерлері Лактанция, Амвросий Медиоланский, Августин, қайта өркендеу дәуірінің жазушылары Петрарка мен Боккаччо, француз ағартушылары Дидро,

Вольтер, Монтескье, Ж.Ж. Руссо, т.б. үлгі тұтқан. Б.з.б. 51-50 жылдары Киликия мен Кіші Азияда проконсул қызметін атқарған кезде, бірнеше таулық тайпаларды жеңгеннен кейін Цицеронның беделі әскердің арасында айтарлықтай өсті. Солдаттар оны император деп жариялады. Ол б.з.б. 50 жылдың аяғында Римге келген соң Цезарь мен Помпейдің арасындағы текетіресте Помпей жағына шықты. Бірақ б.з.б. 48 жылы Фарсель түбіндегі соғыста Помпей жеңіліс тауып, Египетке қашқаннан кейін Цицерон күрестен бас тартып, Цезарь билігіне мойынсұнуға мәжбүр болады. Ол енді бірыңғай шешендік өнермен айналысып, «Шешен» және «Брут» атты трактаттарын жазды. Ел билігі қолына тиген соң Цезарь абсолютизмге бой ұрды. Сенімі ақталмаған Цицерон шешендік өнерді тастап, философиямен айналысуды ұйғарды. Цицеронның осы кезеңдегі сүреңсіз өмірін отбасындағы сәтсіздіктер – отыз жыл отасқан әйелі Теренциядан ажырасуы, жас әйелге үйленуінің сәтсіздігі және сүйікті қызы Тулияның кенеттен қайтыс болуы ауырлата түсті.[1] Ол енді жабырқаған жанына философиядан жұбаныш іздейді. Екі жылда өзінің ең үздік философиялық және риторикалық трактаттарын жазады. Оның әдеби еңбектермен түбегейлі және жемісті айналысуы сенаторлардың құпия қастандығынан Цезарьдың қаза табуына байланысты тоқтап қалады. Консул Марк Антоний сол кездегі жағдайды пайдаланып ел билігін өз қолына алғысы келді. Бірақ оған қарсылас ретінде Цезарьдың асырап алған ұлы 19 жасар Октавиан саясат аренасына шығады. Цезарьдың өлімінен кейін сенат партиясының басына келген Цицерон өзінің ақылы мен саясаттағы бай тәжірибесін қажет етеді деген үмітпен Октавиан жағына шығады. Б.з.б. 44 жылдың күзінде ол Антонийге қарсы ашық күреске шығып, оның қаталдығын, қанішерлігін, билік үшін ештеңеден тайынбайтындығын суреттеп 14 сөз жазып, халықты Антонийге қарсы күресуге үгіттейді. Осы сөздері Рим мемлекетінің көрнекті құжаттары ретінде тарихқа енді. Оқиға кенеттен басқаша бағыт алып, Октавиан Антониймен келісімге келді де, өзара одақ құрды. Антонийдің үзілді-кесілді талап етуімен Цицерон бірінші жасалған проскрипциялық тізімге енеді. Б.з.б. 43 жылдың 7 желтоқсан күні Антонийдің жалдамалы агенттері Цицеронды ұстап алып, өлтірді. Антоний Цицеронның кесілген басын Рим форумының шешендік трибунасына іліп қоюды бұйырды. Цицерон артында шешендік өнердің теориясы мен тарихы жайлы көптеген шығармалар, философиялық трактаттар, 800-ге жуық хат, сот процесі мен саясат аренасында айтылған 58 сөз қалдырды. Арасында грек тілінде жазылған 1000-ға жуық хаты сақталмаған. Цезарь, Помпей, Антоний және басқа да мемлекет қайраткерлерінің оған жазған 90 хаты сақталған.[2] Б.з.б. 68 жыл мен 43 жылдың шілдесіне дейінгі уақыттар қамтылған хаттары мен еңбектері 37 кітап болып басылған. Өкінішке орай, Цицеронның консулдық қызмет атқарған кездегі хаттары кейінгі ұрпаққа жеткен жоқ. Шешеннің хаттарын өзі еркіндік алып берген хатшысы Тирон мен досы Тит Помпоний Аттик автор өлгеннен кейін жарыққа шығарды. Цицеронның эпистолярлық мұрасы көлемі бойынша да, мағынасы бойынша да әртүрлі болып келеді. Мысалы, бір хаттарында достарына сапардан аман-сау оралғандығын немесе белгілі бір мәселе бойынша қысқаша ақыл-кеңес берген болса, екінші бір хаттарында провинцияларда қандай маңызды істерді атқарғандығын немесе тарихты қалай жазу керектігін үйрететін трактатқа айналып кетеді. Цицеронның эпистолярлық мұрасының тарихи құндылығы автордың сол дәуірде тікелей қатысуымен өткен жағдайлар мен тарихи оқиғаларды нақты суреттеуінде болып табылады. Философиялық, саяси және риторикалық болып бөлінетін Цицеронның ғылыми еңбектері де тарихи оқиғалармен байланыстылығымен құнды. Шешен ғылыми еңбектерінде бұл үш жанрдың шекарасын бөліп жазбаған. Себебі философия, саясат және риторика бір-бірімен тығыз байланысты деп есептеген. Сондықтан да Рим азаматы философиялық біліммен сусындау арқылы шешендік өнерді меңгергенде тек қана мемлекет мүддесі үшін қызмет ету керек екендігін атап көрсетті. Цицерон өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болғанымен, өзіндік жол салған ойшыл емес еді. Оны өзі де аңғарып, өзінің трактаттарын менің стиліммен өрнектелген компиляциялар деп есептеді. Цицеронның философиялық және риторикалық шығармалары көбіне диалог түрінде жазылды. Шешендік өнер туралы теориялық еңбектерінде Цицерон өзінің мемлекеттік және қоғамдық қызмет атқарғандағы принциптері мен әдістерін негізге алды. «Шешендік туралы» деген үш кітаптық еңбегін сенат партиясының өкілдері, білікті шешендер Лициний Красс пен Марк Антоний арасындағы диалог түрінде жазды. Өзінің көзқарасын Красстың сөздері арқылы баяндады. Красс шешендік өнердің шебері өмірдің барлық саласынан хабардар білімді адам болуы керек деп есептесе, Цицерон да шешенді аласапыран заманда мемлекетті құтқарып қалатын, сұңғыла саясаткер, жан-жақты, білімді адам болуы тиіс деген. Өзінің досы Брутқа арнап жазған «Брут» атты трактатта алдымен грек, кейін Римнің атақты шешендерімен бірге әлі танылып үлгермеген, барлығы 200-ден аса шешендердің аттарын атап, еңбектерін талдаған

 

50. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мұраларын зерттеу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, ұрпақ санасына сіңіру елдің ертеңін ойлаған әрбір зиялы қауымның басты мұраты екендігі аян. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, тілін, ділін, дінін, мәдениеті мен тарихын, әдебиеті мен өнерін осы жолда еңбек еткен ұлт тұлғаларының мұраларын бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістету, бүгінгі бәсекеге бейім елу елдің қатарына қосылу талабына сай жаңарта дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

“Ұлттың дамып өркендеуі – оның әрбір өкілінің қаншалықты және қалай тәрбиелегеніне тікелей байланысты. Ұлттың әрбір өкілі өзіне сын көзбен қарамаса, ішкі жан дүниесі нұрланбаса, ол ұлттың дамуын күту бекершілік”, – деп ислам ойшылы әрі ағартушысы Ф.Гүленнің айтқанындай отбасы, бала тәрбиесінен бастау алатын ұлттық идеяның ұдайы жетілуі, рухани толысуы адамзат үшін аса маңызды өлшемдер болып табылады десек, осындай іргелі іс-әрекеттің бір жүйесі ұлыларды ұлықтау болып табылмақ..

Өйткені, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қалыптасып, дамуына көп еңбек сіңірген ұлт зиялыларының, тарихи тұлғаларымыздың әр кезеңдегі, әр саладағы ұлттық мүддені аңсаған арман-тілектері, ғылыми-танымдық, тәрбиелік, зерттеушілік еңбектері бүгіндері тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта қаралып, тарих таразысына қайта салынып, жаңаша көзқараспен жүйелі түрде жазыла, зерттеле бастады.

Ұлт әдебиетінде өзіндік орны бар ұлы тұлғаларымыздың қатарына әдебиеттанушы ғалым Зәки Ахметовті да жатқызамыз. Зәки Ахметов - көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол - өте білімді, әдебиетті терең меңгерген, қоғамдық ғылымдардың әр саласын жан-жақты білетін ғалым.

Сексенінші жылдары мен ұлы ғалымнан дәріс алдым. Әлі күнге есімде...Тап-тұйнақтай болмысы, жарқылдаған көзілдірігі, жазық маңдайы, артына қайрыла таралған шашы, орта бойы әлі күнге көз алдымда. Осынау бір адамың бойында білімділігімен қоса адамдығы мен адалдығы да бірден байқалып тұратын. Ғалымның ізгі адамгершілігі, адалдығы, адамдарға деген сый-құрметі өн бойынан көрініп тұратын. Оның осы болмысы мен биік тұлғасы, мәдениетті түр-тұлғасы бізге үлгі болатын. Аудиторияға кіргенде ойлы көздерімен бәрімізді бір шолып алатын да, ақырын ғана жайлы, жұмсақ даусын сәл созыңқырап дәрісін бастап кететін. Арлы-берлі жүре отырып, дәрісін өзімен -өзі сөйлесіп отырғандай, бірақ бәрімізді тапжылтпай бір деммен аяқтайтын. Біз ұстазға телміре қарап, айтқанын жазып үлгеруге тырысатынбыз. Оның әдебиет теориясы мен тарихы және сынына арналған зерделі зерттеулері мен өлең теориясы және аударма мәселелеріне байланысты жазған ғылыми еңбектерін біздер өз аузынан тыңдау бақытына ие болдық. Қазіргі таңда да сол сүбелі еңбектері әдебиетші қауымның ыстық ықыласына, зор құрметіне ие.

Зәки Ахметов өзінің «Өлең сөздің теориясы» (1973) еңбегінде өлең сөздің теориясын, қазақ өлеңдерінің тілін, өлең құрылымының ерекшеліктерін, әдеби-тарихи құбылысын, сөз өнерінің өсу, даму кезеңдерін жан-жақты қарастырады. Ғалым ұлттық сөз өнерінің негізгі даму заңдылықтарын ашып, ұлттық сипаттың басты белгілерін анықтап, поэзия тілінің негізгі бейнелеу құралдарын жіктеп береді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысын айқындап, ырғақ құрайтын бөлшектерін, түрлі ұйқас, тармақ, шумақ, кезеңдерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Ғалым бұл еңбегінде қазақ, орыс, еуропа ғалымдарының бұрын айтылған пікірлерін жаңаша қорытып, түрлі бейнелеу, көріктеу, суреттеу құралдарына қазақша анықтама беріп, өлеңдер арқылы негіздеп түсіндіреді. Қазақ өлеңдеріне тән түрлі суреттілік, бейнелілік, сипат-қасиеттерін айқындап, ұғындырады. Зәки Ахметов - қазақ өлеңдерінің көп ғасырлық байлығын ерекше жітілікпен зерттеп, әр дәуірде туған жаңа формаларды дөп басып, ақындықтың көркемдік құндылығын, сұлулық мәнін өз тұрғысынан ашып көрсеткен ғалым.

51. Ұлттық сөз өнерінің теориялық танымы ның негізін қалаған ұлы Ахмет Байтұрсынұлы болса, ал оның қазақ әдебиеттану ғылымы ның бір саласы ретінде қалыптасуы мен дамуына академик Зейнолла Қабдолов сіңірген еңбек айрықша бағалы. Жалпы түркі дүниясындағы әдебиет теориясына арналып жазылған тұңғыш еңбек А. Байтұр сынұлының қаламынан шыққаны біздер үшін зор мақтаныш. Бірақ сол бір аса құнды кітап, ұзақ уақыт бойы ғылыми айналымға енбей, оқыту үдерісінде қолданыс таппай келді. Сондықтан да әдеби-теориялық ілімнің өркен жаюына Зейнолла Қабдоловтай тұлға қажет болды. Зекең мұны ғалымдық, ұстаздық, азаматтық, адамдық болмысымен түйсініп, ұрпақ үшін атқарылатын осы бір абыройлы іске бүкіл ынта-жігерін сала кі рісті. Сөйтіп, ол қазақ әдебиеттану ілі мі нің осы тың саласын жаңа биіктерге көтерді.

Бұл туралы алғаш 1976 жылы жарық көрген өзінің атақты «Сөз өнері» кітабының 1992 жылғы басылымында академик Зейнолла Қабдолов: «Жетпісінші жылдарға шекті студент-филологтардың қолында жүрген бірден-бір құрал – Қажым Жұма лиев тің орта мектепке арналған «Әдебиет теориясы» ғана; ал Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926), Есмағамбет Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) атты кітаптары белгілі себептермен пайдалануда болмағаны мәлім» [ Қабдолов З. Сөз өнepi. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 352-б. – 4-бет], – деп жазған-ды.

Сөйтіп осынау «жоқтың» орнын толтыру бақыты Зекеңе бұйырды. Құдай берген таланты мен дары нының және ерінбес еңбектің арқасында ол қазақ әдебиеттануындағы әдебиет теориясы мектебін қалыптастырып, қазақ әде биеттану ғылымының алыбына айналды.

Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» 1926 жылы басылып шықса, Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» 1976 жылы жарық көрді. Әрине, алғаш «Әдебиет теориясының негіздері» деген атпен 1970 жылы жарық көргенін біз жақсы білеміз. Бірақ Зекеңнің әдебиет теориясы жайлы еңбегінің даңқы қазаққа «Сөз өнері» деген атпен жайылды. Бұл кітаптың өзіндік ерекшелігін 1976 жылғы алғашқы басылымында Зекең өзі тасқа басқан маржандай етіп жазып кеткен: «Кітаптың атын да затына лайық «Сөз өнері» деп, үйреншікті үлгіден гөрі біраз өзгертіп алуды жөн көр дік. Дәл осылай атау осы кітаптың мазмұнына сай келеді. Өйткені, бұл кітапта әдеттегідей теориялық қағидалар қалыптастырудан гөрі сөз өнерінің әрі қиын, әрі қызық құпиялары хақында жалпы жұртпен кеңесу, еркін сырласу жағы басым».

Әдебиетші болам деген қазақ баласы осы «Сөз өнерін» жаттап өсті. «Сөз өнері» шыққан жылы біз «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқып жүр едік, кітапты іздеп жүріп сатып алып, Зекеңнен қолтаңба алдық. Бір күні Зекеңнің дәріс сабағында ұстаз оқып жатқан тақырыппен үнемі тастамай алып жүретін әдебиет теориясы жайлы кітаптағы тақырыпты салыстыра қалмасым бар ма, Зекең өз кітабын үтір-нүктесіне дейін жаттап алған екен. Мұндай таңқалмаспын! Сонда ғана барып Зейнолла Қабдоловтай дана ұстаздың «Сөз өнерін» үлкен жауапкер шілікпен, «жүз ойланып, мың толғанып», әдебиет теориясының өзекті мәселелерін жан жүрегінің сығындысы етіп жазып шық қанына көз жетті. Сондықтан да ол ұстаз жадынан өшпестей орын алып, кез келген сәтте көз алдына келе қалар сананың сәу лелі суреті болып сақталып қалған. Ендеше, «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиеттану ілімінің бас кітабы болса, ұстаздық, ғалымдық, жазушылық үш құдіреттің таразы басын теңгеріп ұстаған академик-жазушы (Зекеңе осы атақ қатты ұнаушы еді) Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» – «ар ісінің» қағидаттарын «ар ісінің» ғылымына айналдыра білген ғұламаның ғалымдық көрсеткіші іспетті бас кітабы.

Шарпып өткен жалындай ХХ ғасырдың бас кезіндегі репрессиядан бірен-саран аман қалған, арынан жаны садаға Мұхтар Әуезов, Бисембай Кенжебаев, Есмағамбет Ысмайылов сияқты қазақ зиялыларының көзін көрген, тәлім-тәрбиесін алған жаңа бір лек соғыстан кейінгі жылдары әдебиетке келіп қосылса, сол әдебиет майданының алғы шебінде тыңнан түрен салған белгілі қазақ әдебиетінің зерттеушісі, оның теориялық негіздерін ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсыновтан кейін біраз жылдарға ілгерілетуші, қазақ сөз зергерлерінің бірі – әрі ойшыл, әрі шешен академик Зейнолла Қабдолов тұрады.

Ғалым «суреткер іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап, тануы, таңдап, іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы» десе, мінезді «адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы» деп бағалайды. Шын мәнінде, күнде лікті құмырсқаның илеуіндей жү ріп жатқан қыз-қыз тұрмыс-тір ші лік шынайы көркем бейне жасаса, ал жеке адам бойындағы бас бермес мінез даралығы – еш уақытта қайталанбайтын құбылыс. Ол тек қоғамдағы көркем бейнемен байланыс арқылы ғана ашылып, танылады. Мәселен, оқушы бойындағы танымның әртүрлі болуы да, міне, осыдан. Ата-анасының құрсағында-ақ сәби мінезі қалыптасатынын ескерсек, шәкірт мінез-құлқындағы ерекшелік, қайталанбас қасиеттері сөз мәнін жеткізуде ұстаздың негізгі теориялық ұстанымы болуы қажет. Өйткені жас буынның таным дық әсері жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Соған сәйкес, оның мінез-құлқында да өзгеріс болуы мүмкін. Ал образдық бейнені қабылдау жас ерекше лі гі не сай жүретіні сөзсіз. Міне, осы тұстан келіп, академик-жазушы айтқан образды ғылыми жағынан әлдеқайда негізді, логикалық жағынан әлдеқайда қисынды етіп жеткізсек, адам бойындағы танымның да күн шуағындай жадырап, құлпыра түсері, оның бойға сіңуінің әлдеқайда көбірек болатындығы келіп шығады.

Академик З.Қабдолов жазған «Сөз өнерінің» жан-жақтылығы оның танымдық қасиетімен ғана өлшенбейді, қалыпқа құйған қорғасындай сөз құдіретінің тұтас бітімі, атқаратын қызметі тек қана жеке адамдармен шектелмейді, ол қоғамға, тұтас бір дәуірге әсер етеді. Міне, бұл тұрғыдан алғанда академик З.Қабдолов әдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыру, сондай-ақ теориялық талғамдарды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем шығарманың психологиясымен байланыстыра жүйелеу мақсатын қойған. Ғалым одан әрі әдебиет теориясын үңги отырып, дәуір мен әдебиет арасындағы қондырмалық байланысқа тоқталады. Әдебиеттің қондырмалық сипатын дәлелдейді. Ұлттық сипатты осы жерден келіп іздейді.

Ұлттық сипаттың төмендеуі тұтас бір қоғамға мәңгүрттікті алып келеді. Бүгінгі таңда сөз қадіріне жетпей, сөздің күш-қуатының кемуі үлкеннің кішіге құрметінің, кішінің үлкеннің алдындағы ізеттілік пен сөз қадірінің мәнін түсінбеуге әкеліп ұрындыруда. Бұл болашақта қоғамның басқа бір формада дамуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан да жоғарыда ұлы ұстаз, ұлы ғалым айтқан қағидаларға жай атүсті нәрсе деп қарауға болмайды.

Біз өмір сүріп жатқан ғасыр –тастан тамақ, судан сүт жасайтын нанотехнологиялық, атомдық ғасыр. Мұндай ғаламдық аласапыран кезінде ұлт мәдениетінің жо йылып, жойылмаса да бұрынғыға қарағанда тым арзандап кетуі – осы әдебиет құралы тіл мәдениетімен тікелей байланысты. Сондықтан да академик З.Қабдолов айтқан сөз өнерінің тасқын күшін ұрпақ бойына дарытып, жаһандануға қарсы қояр ең бірінші қаруымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұл орайда елінің ертеңіне алаңдап, құлқыны мен қара басы емес, «қараша қазағым – болашағым» дейтін қолына қалам алған қауымның «Әдебиет – ардың ісі» деген ғұлама ғалымның қағидалы сөздерін үнемі еске алып отырғаны абзал. Сондай-ақ жас ұрпақ бойына білім нәрін себуші ұстаздардың Қабдоловша әдебиет құбылыстарын тарих тұрғысынан елеп-екшегендері, оларға даму тұрғысынан баға бергендері жөн.

З.Қабдолов шығармашылығын одан әрі терең зерттеп, қабдоловтану ілімін дамыту арқылы оның танымдық, тағылымдық тұстарын шәкірт бойына ұялата білу.

Қайран, Ұлы ұстаз! Ізгілік пен білімнен жаралған бойыңыздағы күн нұрындай жылуға қасыңыздан жанай өткен жанның өзі жадырап сала беруші еді. Кей-кейде өзіңіз айтқан қоғам мен адамзат арасындағы тартыс, сөз қадірін түсінбес пендешілікті көргенде заңғар бейнеңіз еске түсіп, сағыныш сезімі кеудемізді кернейді. Сізден тыңдаған лекциялар сана қатпарынан оянады. Сондағы шәкірттеріңіздің жүрегіне сіз еккен білім нәрі шығар өмірде адастырмай келе жатқан бізді де.

52. Шешендік сөздердің жанрын анықтау, оған жан-жақты талдау жасау -

көптен сөз болып келе жатқан мәселе. Солай бола тұрса да фольклорлық

шығарманың жанрлық ерекшелігін ашу, оның даму, туу процестерін саралау

- әлі жете зерттелмей келе жатқан проблема. Бұл ретте ғалым

З.Қабдоловтың «Әдеби жанр термин ретінде шартты екі мағанада

қолданылады: 1) әдебиеттердің тектері - эпос, лирика, драма , 2) әдеби

шығарманың түрлері - әңгіме, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б»[1.18] ,-

деген пікірі А. Байтұрсыновтың ғылыми тұрғыда алғаш әдебиет пен

фольклордың көптеген мәселелерін жаңа теориялық тұрғыда байыптай

бастаған кезеңі тұрмақ, бүгінгі күннің өзінде әлі шешілмей келе

жатқандығының айғағы .

Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік өнер.

Шешендік өнер - ақындық,жыраулық,жыршылық, айтыс секілді қазақ

әдебиеттінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Сондықтан да А. Байтұрсыновтың осы бір жанрға ерекше көңіл аударғанына

таң қалуға болмайды. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөп тиюі үшін

шешендік сөзді жаттап жаттығу,оның қыр-сырын білу керектігін ғалым өз

еңбегінде үнемі айтып,жазып отырған.

Шешендік сөздерді А. Байтұрсынов көркем әдебиеттің негізгі

жанрлары: ертегі, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар,

қара өлең, термелермен қатар қойып зерттеп ол адам ойын өрістетіп,

тапқырлыққа баулитын, адамның таным дүниесін кеңейтетін, биік

адамгершілік қасиеттерге үндейтін, қазақ даласында әлеуметтік қызмет

атқарған жанр деп біледі. Сондықтан да қазақ халқы шешендікті терең

меңгерген адамды ерекше бағалап, жүйелі сөзге тоқтаған, тапқыр оймен

түйіндей білген адамды қасиет тұтқан.

Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға