Аристотель философиясы.

Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;

б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;

б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.

Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.

23. Эллиндік философияның бағыттары: эпикуреизм, стоицизм, неоплатонизм

элиндік тән белгілер:киниктердің антиқоғами фил-на тән қоғами белгілер, фил стоикалық бағытының п.б,Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастыруы, эпикур фил. Эллиндік фил ерекшелігі:антикалық мораль мен фил құндылықтардың дағдарысы, тән мен жан сүйенішін өзінен табу, шындықтан алшақтап қиялға берілу, дүниеге матералистік көзқарастың үстем болуы, Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп:неоплатонизм-платон ілімін дамытты идеализ тұрғысынан табиғатты ғарышты адамды тануға ұмтылды.негізгі ағымдары:адамның құдай табиғатын мойындай келе сонымен бірге онығ өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды,схоластикалық фил қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге акелді. Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім Эпикуршылдар мек.нег.сал. Эпикур. Эпикур фил 3 бөліктен құрылды:табиғат пен ғарыш туралы ілім-әлем мәңгі әрі шексіз,барлық заттар атом мен қуыстан тұрады, әлемде көптеген материалдық дүниелер өмір сүреді.таным туралы-қоршаған дүниені тануға болады, ,адам және оның мінез-құлқы туралы-адам осы өмірінде бақытқа ұмтылу керек, “Өмірдің мәні бақытты болуда” дейді Эпикур.Өмір сүрудегі ең негізгі мақ.жан тыныштығына жетту. Стоиктер мек.нег.сал. Зенон.даму кезеңдері: ерте стоя-(б.з.дIII-IIғ)-Зенон,Клеанф.орта стоя-(б.з.дII-Iғ)-Панеттий,Посидоний.соңғы стоя(б.з.дI-б.зIII)-Сенека ЭпиктетМарк Аврелий. Негізгі идеясы-дәстүрлі мәдениеттің озық жетістіктерін қабылдау ізденісте болу өзін жетілдіру болды. Стоиктер идеалы-дүние әурешілігі кірбіңнен арылған өзінің білімі ізеттілігі арқылы бейғам тыныш өмір сүретін адам.фил тән белгілері-бақытқа жету,жақсылыққа ұмтылу,үйлесімді тіршілік ету.

 

24. Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты.

Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуорын алды.жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталып, құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу идеясы дәріптелді адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды деген арылу идеясы болды. дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады деп сенді. Жаратылу догматы: Құдай дүниені жоқтан жаратты; дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;дүние Құдайдың құдіретімен тұр; табиғат өздігінен өзін жарата алмайды; Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай; Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші; нағыз болмыс тек Құдай болып табылады делінген. Ал Аян догматы:дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық(жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды; Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды: дүниедегі барлық шарапат Құдайдан; Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

 

25. Ортағасырлық теологиялық және философиялық мектепттер: сипаттама беру.

Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды.Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік Аврелий Августин, Фома Аквинский ,Ансельм Кснтерберийлік ,Уильям Оккам. Мектептері: Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы.

 

26. Схоластика: ортағасырлық теологиялық ілім, негізгі мәселелері, бағыттары.

Схоластика(лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

кемелденген схоластика (XIIIғ.);

соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

креационизм, провиденциализм;

пантеизм мен аввероизммен күрес;

сенімнің парасаттан үстемдігі;

жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді

27. Аврелий Августин: христиан католик шіркеуінің негізін салушылардың бірі.

Аврелий Августин Солтүстік Африкадағы Тагаста қаласында туған —Солтүстік Африкадағы Гиппонда қайтыс болған — көне рим философы, христиан теологы, батыс патристикасының өкілі. Басында манихей дінін қабылдаған. 387 жылы шоқыну рәсімінен өтті. 395 жылдан бастап Гиппон епископы. «Край қаласы туралы» еңбегінде белгілі «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын негіздейді. Оның дүниеге көзқарасы «Сенімсіз білім жоқ, акиқат жоқ принципіне» бағынады.Аврелий Августин «әулие» (354-430жж) – патристика кезеңінің философы, Гиппон (Солтүстік Африка, Рим империясы) қаласының епископы, «Батыс ұстазы». Ол христиандық дүниеге көзқарасты бір жүйеге келтірді. Августиннің негізгі шығармалары: «Тәубе», «Құдай патшалығы туралы», «Тәртіп туралы», «Академиктерге қарсы», «Әдемілік пен тиімділік туралы». Августин философиясының негізгі қағидалары: «Түсіну үшін сенім керек», Құдайды ақылмен танып, оның жіберген аянын оқып, соған сүйену керек; «Барлық нәрсені біліп, бірақ Сені білмеген адам бақытсыз; Ештеңені білмесе де, бірақ сені білмеген адам бақытты»; адам еркін болуы мүмкін, бірақ оның барлық іс-қимылы Құдайдың бұйрығымен болады; бүкіл дүниені жарату бір уақытта болған, Құдай барлығының мөлшерін, салмағын және тәртібін өлшеп қойған; қоғам өмірі, тарих барысы – екі қарама-қарсы – Жер бетіндегі патшалық пен Құдаи патшалықтардың күресі; Жер бетіндегі патшалық – мемлекеттік ұжымдарда, билікте, армияда, бюрократияда, заңдарда, императорда шоғырланған; Құдаи патшалық – діндарларда, христиандық Шіркеуде біріккен, Құдайға жақын тұратын, әрі нұр жауған ерекше адамдарға дарыған; Жер бетіндегі патшалық күнәға батып, пұттарға табынып кетті, сондықтан ерте ме, кеш пе олар Құдаи патшалықтан жеңіліс табады; Шіркеу – дүниені біріктіре алатын жалғыз күш; корольдар мен императорлар тікелей Рим Папасына және христиандық Шіркеу тағзымына бағынуы керек; ең жоғары марапат – адам бақыты,ол дегеніміз өзін тану, ғалымдық, ақиқатты ұғыну; өлімнен кейінгі үлкен сый – Құдай берген о дүниелік өмір. Августиннің Құдай туралы ойлары және философиясының маңызы: Құдай бар, онда ешқандай күмән жоқ; материя, жан, кеңістік пен уақыт – барлығын Құдай жаратты; Құдай дүниені жаратып қоймай, оны өткен шақ, осы шақ және келер шақта да жарата береді; Августин тарих мәселесіне көп көңіл бөлді; әлеуметтік конформизм идеясын (кедейшілік пен өзгенің билігіне көну) қолдады, бұл Шіркеуге де, мемлекетке де тиімді; Шіркеу билігінің мемлекеттен, Рим Папасының монархтардан үстемдігін дәріптеп, католиктік Шіркеудің беделін көтерді; адамның сұлулығын, жігерін, кемелденуін, құдаилығын атап көрсетті (бұл идея ол кезде жаңалық еді).

 

28. Фома Аквинский: ортағасырлық схоластиканы бір жүйеге салушы.

итальяндық доминикан монахы ортағасырлық схоластиканы бір жүйеге салушы.томизмнің негізін салушы. Томизм-ортодоксалды схоластика бағыты. Негізгі шығармалары: «теология суммасы», «философия суммасы». Заттардың 4 болмысқы сатысын көрсетті: бейорганикалық табиғат,өсімдіктер,жануарлар,рух. Құдайдың бар екендігін 5 дәлелін көрсетті: қозғалыс-қозғалатынның барін біреу қозғау керек,қозғаушы Құдай. Себеп-тіршіліктің бәрінің себебі бар,себебшісі-Құдай, кездейсоқтық пен қажеттілік-кездейсоқтық қажеттілікке тәуелді,қажеттілік-Құдай. Сапа дәрежесі-тіршіліктің бәрі әрқилы сапалық дәрежеге ие,кемелденген сапа-Құдай. Мақсат-қоршаған дүниенің бәрі мақсатталғанғяғни мағынағы мақсатқа ие, мақсатқа жетелйтін бәріне мағына беретін парасатты бастама-Құдай.Ф.А таным теориясы-аян мен парасыт бір нәрсе емес. Таным процесіне сенім мен парасат бірдей қатысады,сенім мен таным ақиқи білім береді, ақылмен Құдайдың бар екенін оның бірлігін адам жанының өлмейтінін тануға болады. Аян арқылы философия мен теология әртүрлі мақсаииы ілімдер, философия тек ақылмен ғана танылатынды түсіндіре алады, өзгенің барін теология ұғындыра алады.Ф.А ілімі рим папасының шешімімен католицизмнің ресми идеологиясы ретінде қабылданды.

 

29. Ортағасырлық арабтілдік философиясы:қалыптасуы, сипаты.

деп орта ғасырларда Таяу Шығыс,Солт Африка және испанияда араб тілі үстем болған философияны айтады. Ислам дінінің пайда болуы бүкіл адамзаттың дүниеге көзқарасын өзгертті. Ислам деген сөздің мағынасы-бір Алланың бар екенін, бірлігін танып,ғибадат ету. Исламның негізгі қағидасы-«Алладан басқа тәңір жоқ,Мұхаммед оның елшісі». Алла тағала төрт пайғамбарға төрт кітәп жіберді. Мұса пайғамбарға –Тәурәт.Дәуіт пайғамбарға-Зәбүр. Ғайса пайғамбарға-Інжіл. Мұхаммед пайғамбарымызға с.ғ.с-Құран. Қасиетті құран кәрім арабтың оқу деген сөзін білдіреді. Құран 114 сүреден, сұре аяттардан тұрады. Аятта алла тағаланың 77934 сөзі жазылған. Ислам фил. Қағидалары: Қайырымды мейірімді Алла атымен,Алла жалғыз,мәңгілік,Тең келер оған ешкім жоқ.Араб фил.даму кезендері: VII-Ixғғ-араб фил.қалыптасуы, IX-Xғғ-мұсылман Ренессансы, XI-XVғғ-шығыстық перипатетизм арабтың грек фил.толық игеріп өздік дамуы. Исламдағы негізгі ағымдар: суннизм-(жол,үлгі).шиизм-(топ,партия).суфизм-(жүн,шаш-даналық). Араб фил. Негізгі бағыттары:шығыстық перипатетизм,тазалық ағайындары, қалам,суфизм. Шариғат-мұсылмандық өмір сүру қағидасы,нақты көрінісі фикх-мұсылмандық құқық, мұсылмандық юриспруденция. Тариқат-(жол,бағыт)-адамның моральдық психологиялық өзіндік жетілуі. Бұның жолдары тоқталу түйінднрі:шүкіршілік,варасақтық,тартыну,қайыршылық,сабыр,тәуекел, құлшылық. Өкілдері: Әл-Кинди,Әбу Әли Ибн-Сина,Әбіл Уалид ибн Ахмет ибн мұхаммед ибн-Рушд

 

30. Ортағасырлық арабтілдік философиясының негізгі ағымдары мен бағыттары.

Исламдағы негізгі ағымдар: суннизм-(араб.жол,үлгі)Хғп.бМұхаммедҒ.С ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар.шиизм-(араб.топ,партия)VII п.б Мұхаммед Ғ.С бірге Әлиді де пайғамбар қатарына қосатындар.суфизм-(жүн,шаш-даналық)VII-IX п.б исламдағы мистикалық-аскеттік бағыт. Араб фил. Негізгі бағыттары:шығыстық перипатетизм-аристотель мұрасын терең зерттеген. Бұл кез Мұсылман немесе Ислам ренессансы кезеңімен тұтас келеді. Арабтар математика логика астрономия ғылымдар негңзңн салды. Өкілдері:Әл-Кинди,Ә-Фараби,Ибн-Сина,Ибн-Рашд. тазалық ағайындары-Хғ п.б құпия ғылыми қоғам.олардың ілімінің негізгі синкретизм болды,яғни Аристотель ілімінің,медицинада Галеннің ілімі, діни мәселелерде неоплатонизм, непифагоризмнің синтезі қалыптасты. Діни мүдделерге қарағанда ғылыми фил ілім басым болды. Қалам-мұсылмандық теологиялық философия,мұсылмандық схоластика. Бұл фил құрамына:мұтакәлімдер-Құранды жақсы игергендер, мұтазилиттер-бөлінгендер бостандық еркіндігін адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым. ,ашариттер,исмаилшылдар,хариджидтер,кадариттер,жәбіритер т.б ,суфизм-жекелік мистикалық діни аскеттік адмды жан-жақты жетілдіру. Өкілдері:Әл Мұхасиби,Әл-Мисри,Әл-Бистами,Әль-Араби. Шариғат-мұсылмандық өмір сүру қағидасы,нақты көрінісі фикх-мұсылмандық құқық, мұсылмандық юриспруденция. Тариқат-(жол,бағыт)-адамның моральдық психологиялық өзіндік жетілуі. Бұның жолдары тоқталу,түйінднрі:шүкіршілік,варасақтық,тартыну,қайыршылық,сабыр,тәуекел, құлшылық.

 

31. Арабтілдік философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм, перипатетизм: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд.

Әл-Кинди-араб философиясын еуропашыландыруға алғашқы қадам жасады. Шығыс перипатетигі. Өзінің түпнегіз туралы ілімінде мына категорияларды,қарастырды:форма,материя,қозғалыс,кеңістік,уақыт.ол дүниені ақылмен тануға болатынын ақиқи білімге жетудің ғылыми танымдық 3 сатысын көрсетті: логикалық-математикалық,жаратылыстану-ғылымилық,метофизикалық. Әл-Фараби-екінші ұстаз. Энциклопедист ғалым. 74 тіл меңгерген.100 артық тракт жазған негіздері: «ақыл мен түсінік» «ғылымдарды топтастыру» «жан туралы» т.б фил идеялары:дүниенің мәңгілік екенін мойындау, парасат туралы ілім осы ілімінде жасампаз ақыл болмысының бір сатысы ретінде ең жоғарғы сатыда-Алла тағала,адам жаны, ғаламдағы аспан денелері,формажәне материя қарастырды. Қоғамды мем барабарлықта қарастырды ондағы билік ақиқи білімді фил-ға берілуі тиісдеген. Ибн-Сина-энциклопедист ғалым дәрігер, философ. Айығу кітабын жазды. Оның фил-сы:себеп болса салдар болады, субстанция дег-материя, эманция теориясы-Алла дүниені тікелей емес бірнеше саты арқылы ақылмен жаратты,Құдай да дүние де мәңгі, жан ерекше қасиетке ие. Ибн-Рушд-араб перипатетизмінің шыңы. Атақты кітабы-«Терістеуді-терістеу». Негізгі қағидалары: философия мен дін бір-біріне қарсы, дін адмға қалай іс-әрекет ету керектігін, фил абсолюттік ақиқатты таниды,Құдай бар бірақ ол материалдық дүниемен бірге, Құдай материяға форма қалыптастырды,жанның өлмеу мүмкіндігін теріске шығарды.

 

32. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелік сипаты, идеялары мен белгілері.

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.

Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

еңбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталистік қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

ұлы жағрапиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

ғылыми-техникалық жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

Шіркеу мен схоластикалық философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтай бастау;

антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

аристотелизм, платонизм, стоикалық және Эпикурлық философиясы ойларының модификациясы;

дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру;

Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

философиялық ойлаудың антифеодалдық, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.

33. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі бағыттарына сипаттама.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:

гуманистік;

неоплатондық;

натурфилософиялық;

реформациялық;

саяси;

социалистік- утопиялық.

Соңғы үш ағымды "әлеуметтік - саяси бағыттар" деп атауға болады.

Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.

Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте: христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;адамды мадақтады;адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну; адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка(1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".

ü адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

ü адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

ü адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

ü адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

ü о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

ü адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.

ü Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

ü адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

ü адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

ü әйел мен еркек теңдігін жақтады;

ü белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;

ü аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.

Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.

Неоплатонизмдік ағым негіздері:мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.

Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;"Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;идея мен материя бір:актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі; абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);Құдаиадамилық, христиология идеялары.

Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне белгілі барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп эклектикалық "900 тезистер" деген кітап жазды. "Гептапл" (жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды.

Мирандола идеялары: үш дүниенің иерархиясы: періштелік-аспандық-жердегі; адамды қоршаған дүниеден бөле қарастырды (адам ғарыштың "төртінші дүниесі"); адамның еркіндікті таңдау мүмкіндігін мойындау;

34. Философия және әлеуметтік утопия (Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла)

Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған. «Билеуші» атты трактатында күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б..Макиавелли идеялары күшті мемлекет құру үшін мемлекеттік билікті күшейту және өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті антигуманды құралдарды қолдануы арқасында макиавеллизм деген атауға ие болды. Билеуші күшті мемлекеті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет. Сатқандық, өлтіру, улау, сенімін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады. Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-философиялық іліміндегі күшті орталықтандырылған мемлекетті орнатудың қажеттілігін негіздеген, ірі өкілдері Францияда Жан Боден (1530-1596) – «Республика туралы алты кітап», Польшада – Анджей Моджевский (1503-1572) – «Мемлекетті түзету туралы» трактат. Бұл дәуірдің әлеуметтік-философиялық ойы Томаса Мюнцера (1490-1525) –неміс революционерінің атымен байланысты, ол Германиядағы Реформация және 1524-1526 жылдардағы шаруалар көтерілістеріндегі крестьян бұқарасының көсемі; Томмазо Кампанелла (1568-1639) итальян философы – «Күн қаласы», ағылшын гуманисті, утопистік социализм теориясының негіздеушілердің бірі, «утопия – ешқай жоқ орын» терминінің авторы (1478-1535) – «Утопия». Т. Мор бойынша:- жеке меншік жоқ;- барлық азаматтар өндірушілер болып табылады.

 

35. Реформация философиясындағы негізгі идеялары, оның батыс адамының рухани өміріндегі рөлі (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин).

Реформациялық бағыт.(XVI- XVII) шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру , өзгертуді мақсат етті. Реформациялық бағыттың пайда болуының алғышарттары: феодализм дағдарысы ,сауда-өндіріс, буржуазия табының пайда болып, нығаюы; феодалдық ыдыраудың әлсіреуі, еуропалық мемлекеттердің қалыптасуы; Еуропалық мемлекеттер басшыларының Рим папасы мен католиктік Шіркеу билігін шектеуге ынталығы; еУРОПАДА гуманизм идеясының кең тарай бастауы; индивидуализм, тұлғаның өзіндік санасының өсуі: Реформацияда негізгі екі ағымды бөліп қарастырады: 1. Бюргерлік-евангелдік( М.Лютер,У.Цвигли,Ж. Кальвин) 2. Халықтық(Т.Мюнцер, анабаптистер,диггерлер және т.б) Реформацияның негізін теология докторы Мартин Лютер(1483-1546) салды. Ол 1517 жылы 31 қазанда Германиядағы Виттенбергтік замоктың шіркеу есігіне индульгенцияға қарсы бағытталған 95 тезисті қағып койды. Бұл католизмге қарсы идеологиялық (кейбір елдерде қарулы) күрестің басталуы еді. Мартин Лютердің негізгі идеялары: Құдай мен сенушілердің қауышуы тікелей өтуі керек; Құдай мен сенушілердің арасында католиктік шіркеу сияқты дәнекер болмау керек; діни ырымды азайту керек; шіркеу демократиялы, ал ырымдар - адамға түсінікті болуы керек; Рим папасы мен католиктік діндарлардың мемлекет саясатына ықпалын азайту керек. мемлекеттік институттар мен зайырлы биліктің беделін көтеру керек. индульгенцияға қатаң тыйым салу керек. Жан Кальвин(1503-1564) Лютердің ісін жалғастырып, оның идеяларын бір жүйеге келтірді: протестантизм идеясының негізі - алдын ала білу идеясы; Құдай адамдарды құтқаратынын немесе құтқармайтынын алдын ала анықтап қойған ; адамдар өздерінің құтқарылатынынан үмітін үзбеу керек; Жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол; жұмысындағы жетіктік - Құдайдың мейірімінің белгісі. Реформацияның халықтың бағытына Томас Мюнцер(1490-1525) жетекшілік етті. Томас Мюнцердің өзіндік Рефорация идеялары: тек Шіркеуді ғана емес, бүкіл қоғамды реформалау керек; Қоғамды өзгертудің мақсаты-әмбебаптың әділеттікке, жер бетінде " Құдай патшалыққа" жету; барлық зұлымдылықтың басты себебі-теңсіздік, таптық бөліну, оның негізінде жеке меншіктік пен мүдде жатыр; Жеке мүддені шектеп,барлығын жалпы ету керек; адам өмірі мен қызметі қоғам мүддесіне бағышталуы керек, бұл Құдай қалауы; билік пен меншік қарапайым халыққа -"кәсіпкерлер мен егіншілерге" тиесілі болу керек.

 

36. Жаңа заман философиясы: сипаты, ерекшелігі. XVI-XVII ғғ.философиядағы негізгі гносеологиялық бағыттар (эмпиризм, сенсуализм, рационализм).

XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.

Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:

ü метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;

ü философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;

ü индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;

ü дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;

ü материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.

37. Р.Декарттың рационалдық философиясы. «Картезиандық күмән» - «Cogito, ergo sum».

Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.

Картезийдің философиялық идеялары:

ü философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;

ü ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;

ü күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;

ü танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;

ü дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;

ü ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.

Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" -"Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".

Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.

38. Б.Спиноза философиясындағы субстанция мәселесі.

Барух Спиноза (1632-1677 жж.)Амстердам қаласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оның әкесі саудаға тартып, ол оқу орнын бітіре алмай қалады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат»,«Этика», «Саяси трактат» т.с.с.Онтологиялық мәселелер. Қүдай-Субстанция-ТабиғатСпиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді «Құдай... барлық заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оны бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсіну болады.Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде каралады. Егер Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондықтан оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы - ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат,өйткені оның бәрі -бірегей.Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Ал Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді.

 

39. Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру. (Ф. Бэкон және Р. Декарт)