герменевтика

Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.[1]

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған

35. Орта ғасыр христиан философиясы: Ф.Аквинский А. Августин

Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. Ол 354ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.

Августиннің негізгі философиялық еңбектері “Құдай қаласы жөнінде², “Сыр шегу, “Академиктерге қарсы², “Жанның өлместігі² т.с.с.

Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.

Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын “ішкі сәуле² анағұрлым биік санала бастайды.

Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты² (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға симайды, қарсы келеді,- деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елігінен өткізілмеген сенім, сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну үшін², “түсінемін сену үшін² деген көзқарасқа жол ашылады.

Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі Фома Аквинский (1221-1274 жж.) Италия елінде бай ақсүйектердің жан-ұясында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап Европа университеттерінде лекциялар оқиды. “1323ж. әулие докторұ атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген.

Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан ол кітаптарын жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің “демалыңызшы² деген тілегіне “Жоқ, өйткені менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің көз алдыма келген аянмен салыстырғанда күл сияқты²,- деген аңыз қалған.

Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі “ Теология жинағы², “Табиғаттың бастамалары²,“Мән мен өмір сүру жайлы² т.с.с.

Орта ғасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар - бесеу.

1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу.2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. 3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу.4. Игіліктің баспалдақтығы арқылы дәлелдеу.5. Онтологиялық (болмыс) мәселелері.