жобалау нормалары.

 

Азаматтык корганыс шараларын кешенди жане саралай откизу максатында, халыкты коргау денгейин томендетпей, аумак пен уйым-нын манызды денгейин ескере отыра, калаларды, топтарга, сондай-ак Азаматтык корганыс категориясы бойынша аумак пен уйымдардын маныздылык денгейин ескере отырып жургизиледи.

Калаларды, топтарды, уйымдарды Азаматтык корганыс бойынша категорияларга жаткызу тартибин Казакстан Республикасынын Укимети аныктайды.

- Категорияланган объектилер - улкен экономикалык жане кор-

ганыстык манызы бар онеркасип орындары мен озге де уйымдар. Уш категорияга болинеди: аса манызды, биринши жане екинши категориялар.

“Категорияланбаган объектилер” – барлык калган уйымдар (ны-сандар).

Турактылык маселелерин реттейтин кужаттар Азаматтык корга-ныстын инженерлик-техникалык шараларын жобалау (ИТЖ) норма-лары болып табылады. Олар курылыс нормалары мен ережелер кешенин (КНжЕ), мемлекеттик стандартты (ГОСТ) Азаматтык корга-ныстын инженерлик-техникалык камсыздандырудын барлык тури бойынша нускаулык пен басшылыкты камтиды.

Осы кужаттар негизинде орталык аткарушы органдар салалык стандартты, АК ИТЖ нормаларын колдану бойынша басшылык нус-каулыкты азирлейди.

Шаруашылык нысандары мен салаларында АК ИТЖ жане орта-лык аткарушы органдар, республикалык мекемелер Казакстан Республикасы Тотенше жагдайлар жониндеги Агенттигинин келисими бойынша жоспарлау 2.01.51-90 КНжЕ талаптарына сайкес жургизеди.

1.2-4-98 КНжЕ сайкес 1998 жылдан бастап Казакстан Республикасында сейсмобелсенди аудандарда жобалау мен курылыс жумыстары жургизиледи.

АК ИТЖ жобалау нормалары оз максатымен мынаны жургизеди:

· халыкты коргау жане жаудын осы замангы закымдау жане

адеттеги куралдарды колдану жагдайында ыктимал залал мен кира- туды томендету;

· согыс уакытында шаруашылык объектилери жумысынын ту-

рактылыгын котеру;

· закымдану ошагында, зилзала аумагында жане ири ондиристик

авария мен апатты жою кезинде КНжЕ жургизу ушин кажетти жагдай.

ИТЖ нормалары мынаны ескереди:

· аудандык жоспарлаудын жобасы мен схемасын, жана кате-

горияланган калалар мен объектердеги бурыннан бар жане салынып жаткан тургын уй жане онеркасип аудандары. Аудандарында тургын уймен озге объектерди егжей-тегжейди жоспарлау кезиндеги артурли жайттарды;

· ыктимал кираулар аумагында орналаскан жумыс истеп жат-

кан онеркасип орындарын кенейту жане жобалау, энергетика, колик жане байланыс касипорындарын, сондай-ак согыс уакытында катего-рияланган калалардын тиршилик аумагында орналаскан тургын уй жане онеркасип аудандарды;

· бурыннан салынган касипорындарды калпына келтиру жане

кенейту кезинде.

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Қосалқы жұмыстарқұтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • аландарды тазалау;
  • техника орнату;
  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

 

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:

  • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
  • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
  • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;
  • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;
  • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;
  • қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
  • дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;
  • төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

 

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
  • оларды көшіріп, қоныстандырады;
  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

 

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

  • барлау;
  • инженерлік қамсыздандыру;
  • химиялық қамсыздандыру;
  • медициналық қамсыздандыру;
  • көлікпен қамсыздандыру;
  • материалдық-техникалық қамсыздандыру;
  • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

 

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде

2.10. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары

 

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.

Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:

§ қауіпті зона;

§ күшті ластанған зонасы;

§ аздау ластанған зонасы.

 

Ластау мөлшеріне байланысты:

§ жарылыс түрінен (бомбаның);

§ оның күшінен (неше мегатонна);

§ жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

§ эпицентрден қашықтығынан;

§ жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

 

Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.

Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

· республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;

· облыстық, қалалық, аудандық штабтар;

· министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;

· АҚ штабтары немесе қызметкерлері;

· азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

§ азаматтық қорғаныс әскерлері;

§ ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;

§ арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

§ Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;

§ республикалық азаматтық қорғаныс штабы;

§ төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

§ облыс әкімі;

§ қала әкімі;

§ аудан әкімі;

§ әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).

Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.

Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.

е) Энергожабдыктау жуйесине

Осы замангы ондирис барысында энергия козисиз мумкин емес. Сондыктан энергия жабдыктау желилери мен турактарында АК ИТЖ мынаны карасытарды:

Электрмен жабдыктау объектер жуйесинин турактылыгын бир-биринен ыктимал кирау аумагынан еки радиустык кашыктыкта орна-ласкан бирнеше коздерге косу жолымен арттыру.

Категорияланган калаларда канализация жуйесинин объектеринде согыс жагдайынын озинде токтауга жол берилмейтин болса, энергиямен жабдыктау, озге энергия тутынушыларын куаттандыру кезинде ажы- ратылмайтын негизги желилери бойынша жургизилуи тиис.

220 квт жане одан да жогары электржуйеси жане бириктирилген энергияжуйесинин жуйе аралык байланыстар косалкы станциясында жане ЕЖБ жуйесинде кажетти жели ыктимал кирау аумагынан тыс косалкы станциялары откизилуге жане тургызылуы тиис.

Айдагыш насос станцияларын электрмен жабдыктау ыктимал кирау аумагынан тыс немесе жеке дербес коздеринен тыс шекте ор-наласкан косалкы станциялардан жургизилуи тиис.

 

г) Сумен жабдыктау бойынша

- категорияланган калалар мен объектилердин сумен жабдыктау

жуйесин кайта жобалауды оларда еки жане одан артык сукози орна- ластырылуы кажет, онын бири жабык улгиде (жерасты) болуы тиис;

- еки тауелсиз козден сумен камсыздандыру мумкин емес жагдай-

да бир су козинен жабдыктауга руксат етиледи, бул жагдайда оган еки басты гимарат орналастырылуга тиис, ал онын бири ыктимал кирау ай-магынан алысырак жерде болган жон;

- сумен жабдыктаудын орталык жуйесинде суберу су кысымы

мунараларына жетпей берилуге тиис;

- таза су коздери ауанын шаннан тазалайтын желдеткишпен,

кымтагыш люктермен жане жылжымалы ыдыска су беру ушин икем-делгиштермен жабдыкталуга тиис;

- орт гидранттары, су кубырынын жылжымалы нуктелерин

ажыратуга арналган козгалткыштар мумкиндигинше гимарат пен болме кираган кезде субаспаган аумакта орналастырылганы жон.

 

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

· әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

· халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

· халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

· төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

· зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

· апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

· зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

· төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

· өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;

· адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

· территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

2.18. Эвакуация

 

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.

Уақытша көшіру шаралары:

§ ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;

§ халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

§ көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

§ ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;

§ азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

 

2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

 

Соққы толқынауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады.

Жарықтық сәуле бөлуядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1 – ші дәрежелі – 4 кал/см;

2 – ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);

4 – ші дәрежелі – 12 –ден жоғары кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп түседі);

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация– гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады.

 

Химиялық қарудегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

§ зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);

§ улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;

§ соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;

§ әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;

§ қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

§ 7.17.Сел

§

§ Сел – тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

§ Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның салдарынан, мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.

§ Қазақстанда Іле, Жоңғар, Талас, Алатау жоталарында, сонымен қатар Қаратай,Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері сел қауіпі бар аудандар қатарына саналады.

§ Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, платина және су бөгеттерін салып, тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.

o Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.

Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.