Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын
Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.
23. Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы[1] (1847, Батыс Қазақстан облысы Орда қаласы — 1920, Батыс Қазақстан облысы Ақбақай елді мекені) — ақын. Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.[2] Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді. Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады. 1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Бөкеев — Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді. Бөкеев поэзиясында парасатты, ойлы дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары шебер өрнектелген. Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Бөкеев — қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген.
24. Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.
Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары:
· «Еңлік-Кебек»,
· «Абылай»,
· «Медғат-Қасым».
Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.
· «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді.
Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.[1]
25. Абайұлы Ақылбай
Ақын.
1861 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Шыңғыстау қонысында туған.
Абайдың үлкен ұлы. Атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған тұңғыш баласы, кішкене кезінен Нұрғанымның бауырында болған. 9-10 жас шамасында Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханнан 4-5 жыл ғана білім алған. Домбыра, сырнай, скрипкада шебер ойнайтын ол сауық-сайран қуып ел ішінде "Құнанбайдың мырзасы" атанады. Абайдың "Ата-анаға көз қуаныш" деген өлеңі жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен әсер етіп, толғантады. Ол енді өзін Абай алдында ақын, сазгер, өнерлі інісі сезініп, Ақыл аға болады.
Сазгерлік талантымен де халыққа танылған. «Бір ән тауып Әлекең бер деген соң» деп басталатын әні халық арасына кең тараған. Орыс, Еуропа әдебиетімен өз бетінше оқып танысқан. Жат елге бара жатып әнші Әлмағамбет: "Ақыл аға, бір жаңа ән тауып беріңізші", - дегенде қолма-қол шығарған әні:
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матайды алыс бірталай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң.
Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздік бермей баға.
"Ақылжан" деп жүруші ед талай қыздар,
Сұмдық шықты дейтұғын "Ақыл аға", - деп келетін шығармасы жас талант Жәнібек Кәрменовтың "Ақылбайдың әні" атты әңгімесінде тамаша суреттелген.
Ақылбайдың жастық, махаббат тақырыбына жазған бірқыдыру өлеңдері болған. Сондай-ақ Әбдірахманға, Мағауияға (1904) шығарған жоқтаулары бар.
Ақылбай қазақ әдебиетінде Кавказды тұңғыш жырлаған ақын. Әкесі Абайдың кеңесі бойынша үш поэма жазған. «Зұлыс» поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Г.Хаггарттың (1856-1925) «Сүлеймен патшаның кеніші» атты әйгілі романынан алынған. Бұл поэма толық сақталмаған. «Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. Толық сақталған «Дағыстан» поэмасының тақырыбы - әділет пен зұлымдық күресі. Дастанға Дағыстан елінде, Кавказда болған оқиға өзек етіп алынғанымен, қазақ өмірі үшін зор мәні бар әлеуметтік мәселелер көтерілген. Өкінішке қарай, бүгінгі ұрпаққа Ақылбайдың 4-5 лирикалық өлеңі ғана жетті.
Ол әкесі Абаймен бірге 1893-94 жылдары Семей қаласындағы бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын қоғамның толық мүшесі болған, сөйтіп елінің мәдени-ағарту ісіне атсалысқан адам.
Ақылбай бейіті Абай ауданында, өз қыстағы Тышқан бұлағының қасында. Оны 1993 жылы қайта көтеріп, ұлу тастан ескерткіш-мазар тұрғызылды.
Абайұлы Ақылбай 1904 жылы Семейде қайтыс болд