Тербеліс

Vibrations

Уақыт бойынша қайталанатын қозғалыстар немесе күйлер.

— ионды-дыбыстық тербеліс / ion-sound vibrations, ion acoustic oscillation плазмада жиілікке тәуелсіз жылдамдықпен таралатын төмен жиілікті акустикалық қума толқындар.

— кристалдық тордың тербелісі / lattice oscillationsқатты дененің ішкі қозғалысының негізгі түрлерінің бірі. Қатты денені құрайтын бөлшектердің (атомдар немесе иондар) тепе-теңдік күйінің, кристалдық тор түйіндерінің, маңайындағы тербелісі.

Коэффициент

Coefficient, factor

Бір физикалық шаманың басқа физикалық шамаға тәуелділігін белгілеуге қолданылатын пропорционалдық критерий, белгі.

деформация коэффициенті / strain coefficient — деформациялау кезінде өңделуші материалда пайда болатын негізгі геометриялық өлшемдерінің (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстырмалы өзгерісін көрсететін шама.

жұту коэффициенті/ absorptance , absorption ratio, coefficient of absorption — берілген дененің жұтқан сәуле ағынының осы денеге түскен сәуле ағынына қатынасы; егер де түсетін жарық жиілігінің диапозоны енсіз болса, онда жұтудың монохроматты коэффициенті немесе дененің жұту қабілеті жайында айтылады.

— Пуассон коэффициенті/ Poisson`s ratio — материалдың пропорционалдық шегінен төмен осьтік кернеудің біркелкі таралуы шартындағы көлденең деформацияның оған сәйкес келетін бойлық деформацияға қатынасының абсолют шамасы.

температураөткізгіштік коэффициенті / thermal diffusivityжылуөткізгіштік коэффициентінің зат тығыздығының оның меншікті изобаралық жылусыйымдылығына көбейтіндісінің қатынасына тең, тұрақтысыз жылулық процесс кезіндегі заттардағы температура өзгерісі жылдамдығының сипаттамасы.

— жылуөткізгіштік коэффициенті / coefficient of heat conductivity , coefficient of thermal conductivity —жылулық ағын тығыздығы мен оны тудырған заттағы температура градиенті аралығындағы пропорционалдық коэффициент.