Дендрит

Dendrite

Ағаш тәрізді құрылымға ие балқымадан өсірілген кристаллит.

Кристалдық тордың ақауы (ақаулары)

Crystalline defect, lattice defect, structural defect

Потенциалдық энергияның минимумына сәйкес келетін қатты дененің кристалдық торындағы бөлшектердің (атомдардың, иондардың, молекулалардың) периодты орналасуының бұзылуы. Кристалдардың физикалық қасиетін өзгерте алады.

— биографиялық ақау (меншікті)/ biographical defect — материалдың өсу процесінде оның құрамының стехиометрліктен ауытқуы, температуралық шарттардың өзгеруі және т.б. нәтижесінде пайда болатын кристалдағы ақау.

— ішкі ақау/ internal defect — беткі қабаттан белгілі бір тереңдікте жиналатын ақау.

— критикалық ақау/ critical defect, fatal defect — денеге түсірілген кернеуде өлшемі одан асып кетсе оның өздігінен қирауына алып келетін макроскопиялық ақау.

— бір өлшемді ақау / one-dimesional defect — сызық түріндегі ақау.

— беттік ақау/ surface defect — фазаның бөліну шекарасы бетіндегі кристалдық тордың жинағыш ақауы.

— — нүктелік (нөл өлшемді) ақау/ point (spot) defect бір немесе бірнеше түйіндермен шектелген идеал кристалл торының бұзылуы. Түйінаралық атомдар, вакансиялар, дивакансиялар нүктелік дефектілер болып табылады.

— жинаушы ақау/ stacking fault, dislocation — кристалдық тордағы тығыз жинақталған атомдық қабаттар реттілігінің бұзылуы.

— пішін ақауы/ shape defect — бұйымның технологиялық шарттармен белгіленген пішінінің ауытқуы (мысалы, қисықтық, жазық еместік, орақ тәріздік және т.б.).

— — орын басу ақауы / substitutional defect — негізгі заттың кристалдық торының түйіндеріндегі матрица бөлшектерін (атомдарды, иондарды) қоспамен ауыстыру нәтижесінде пайда болатын кристалдағы ақау. Қоспалық элементтің матрицалық элементті алмастыруы олардың атомдық (иондық) радиустары неғұрлым жақын болған сайын оңай жүзеге асады және негізгі екі топқа бөлінеді.

Электрондық құрылымы негізгі заттың құрылымына енетін атомдардың электрондық құрылымдарына ұқсас қоспалық атомдар бірінші топқа жатады. Бұл жағдайда кристалдың идеал құрылымының немесе әйнек тәрізді материалдың торынының ретін бұзбайды, бірақ атомдық өлшемдерінің әртүрлілігінің әсерінен серпімді бұзылулардың аз уақыт әрекет ететін өрісін тудыруы мүмкін. Егер атомдық өлшемдері неғұрлым жақын болса, серпімді бұзылулардың алыстан әрекет ететін өрісін тудырады.

Орын ауыстыру ақауларының екінші тобына негізгі зат атомымен салыстырғанда басқа зарядтық күйде бола тұра (әдетте бірлік зарядқа ерекшеленеді), олармен изоэлектрондық құрылымға ие болатын ақаулар жатады. Мұндай атомдар матрица торына орналақан кезде артық заряд тасымалдаушыларды оның энергетикалық зоналарына немесе заряд коспенсаторларына жақын орналасқан торлардың энергетикалық зоналарына беруі тиіс.

— қоспалық ақаулар / dash defects — кристалдық торда жетілмеген кемшіліктерінің жинақтық атауы; торда матрицаға қатысты өзге атомадардың болуы нәтижесінде түзіледі. — радиациялық ақаулар / radiation(-induced) defects, radiation damages— кристалдық құрылымның жылдам бөлшектердің ағыны немесе электромагниттік сәуленің жоғары энергетикалық кванттарымен сәулелендіру нәтижесінде бұзылуы.

Механикалық деформация

Deformation, distortion, strain (лат. deformatio – қисаю)

Механикалық күштің түсірілуі, жылулық ұлғаю, электрлік және магниттік өрістің және т.б. әсері нәтижесінде туындайтын, дене өлшемінің және формасының қисаюына әкелетін және бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесу күшін өзгеріске түсіретін, яғни кернеу тудыратын материалдық ортаның көптеген бөлшектерінің өзара орналасуының өзгеруі.

— тұтқыр-серпімді деформация / ductile elastic deformation — оғанжүктеу процесінің уақытқа айқын тәуелділігі тән. Жүктемені алып тастаған соң деформация өздігінен нөлге ұмтылады. Жүктеменің жылдамдығына тәуелді.

— пластикалық деформация / plastic deformation — кернеуді алып тастағаннан кейін де сақталады және энергияның шашырауымен қабаттаса жүреді; оның шамасы тек түсірілген күштің мәніне ғана емес, сонымен қатар олардың алдыңғы өзгерісіне тәуелді болады.

— серпімді деформация / elastic [Hooke(an)] deformation, reversible deformation, elastic strain, deflection, compliance жүктелумен бір мезетте пайда болады және жоғалады, сондай-ақ энергияның шашырауы болмайды. Жүктеу жылдамдығына тәуелді емес.

— суық деформация / cold strain — пластикалық деформация, оның нәтижесінде беріктік пайда болады және беріктіктен ажырау болмайды.