Вискерлер

Whiskers (ағыл. whisker шаш, жүн, «мұрт», бейорганикалық талшық).

Қатты дененің бетінде түзілетін жіп тәрізді кристалдар. Кристалдың шыңындағы жартылай сфералық сұйық тамшыда конденсирленетін бу фазасынан өседі. Бұл зат сұйықты қанықтырып жіп тәрізді кристалдың өсуін қамтамасыз ете отырып түбіне тұнады. Мұндай түзілулер кейде беткі қабатты иондық шоқтармен немесе плазмамен өңдегенде байқалады.

Қозу (атомның немесе молекуланың)

Excitation (of atom or molecule)

Атомның немесе молекуланың фотондарды жұтқанда немесе электрондармен және де басқа бөлшектермен соқтығысқанда энергияның төменгі деңгейінен энергияның жоғарғы деңгейіне кванттық ауысуы.

Толқын (толқындар)

Wave

Ортада таралатын және өзімен бірге энергия тасымалдайтын орта күйінің өзгерісі (қозуы). Толқынның табиғатына тәуелсіз энергияның тасымалдануы заттың тасымалынсыз орындалады. Энергияның белгілі бір қашықтыққа тасымалдануы – толқынның энергияның тек «локальдық» түрленуі ғана жүзеге асатын тербелістен басты айырмашылығы болып табылады.

Белгілі бір ескертпелерді ескере отырып температуралық толқындар, электрондар және басқа да бөлшектердің ықтималдық толқыны, жану толқыны, химиялық реакцияның толқыны, реагент тығыздығының толқыны, транспорттық ағындар тығыздығыың толқыны және т.б. туралы айтады.

Толқын тәрізді бірақ өздігінен тарала алмайтын құбылыстар толқын бола алмайтындығын (мысалы, құм дюнь толқын болып табылмайды) айта кету керек.

серпімді толқын / elastic wave — серпімді күштің әсерінен сұйықта, қатты және газ тәрізді ортада таралатын толқын

Гетерогендік

Heterogeneity

Қандай да бір ансамбльдің элементтерін бір-бірінен ерекшелік дәрежесі.

Гетероөту

Heterojunction, heterogeneous junction

Химиялық құрамы әр түрлі екі жартылай өткізгіштің түйіскен жері.

Гомогендік

Homogeneity

Қандай да бір ансамбль элементтерінің өзара ұқсастық дәрежелері.

Броундық қозғалыс

Brownian movement

Сұйықтықта немесе газда орналасқан кіші бөлшектердің үздіксіз хаосты қозғалысы.

Қос сыңар

Twin

Кристалдық құрылымы кристалдың негізгі бөлігі торының айналық көшірмесі болып табылатын, қалыңдығы шекті болатын қабат түріндегі металдың немесе қорытпаның кристалдық торының көлемдік ақауы.