ГЛОССАРИЙ
Адге́зия Adhesion (лат. Adhaesio – жабысу, іліну, тартылу). Өзара жанастырылған әр текті қатты немесе сұйық дене (фаза) беттерінің ілінісу қабілеті. Адгезия молекулааралық және химиялық өзара әсерлесу күштерінің нәтижесінде туындайды. Адгезияның шекті жағдайы – бөліну бетіндегі химиялық өзара әсерлесуі болып табылады (хемосорбция). Ол жанасу бетінің бірлік ауданына мөлшерленген беттердің үзілу күшімен өлшенеді.
Аморфиза́ция
Amorphisation
Қатты денелердің кристалдық (поликристалл) құрылымдарына тән анизатроптық қасиетінен айырылуы. Оларға изотроптық және балқу нүктесінің болмауы тән. Қатты дененің радиациялық физикасында «рентгенді-аморфтық құрылым» деген термин, яғни рентгенограммасы белгілі бір бұрышта анық байқалатын шыңы жоқ және бұрыштың кең диапазонында галлоны қамтитын құрылым қолданылады.
Потенциалдық барьер
Potential barrier.
Екі жағынан да потенциалдық энергиясы бірден төмендейтін, күштік өрісте бөлшектің жоғары потенциалдық энергиясының кеңістіктік шектелген облысы. Классикалық механикада бөлшектің потенциалдық барьер арқылы өтуі тек егер оның толық энергиясы (кинет+потенц) потенциалдық кедергінің биіктігінен асып түсетін болса ғана мүмкін болады.
Вака́нсия
Vacancy (латын тілінен ауд. Vacans – бос, еркін).
Кристалдық тор түйіндерінде атом немесе ионның болмауынан туындайтын кристалдың ақауы.
— анионды вакансия/ anionic vacancy— электр өрісінде анодқа қарай қозғалатын теріс зарядталған вакансия.
— екі өлшемді вакансия / dimer-vacancy defects, dimer-vacancy lines —қатты дене бетінде орналасқан вакансияның ерекше түрі.
— катионды вакансия / cationic vacancy—электр өрісінде катодқа қарай қозғалатын оң зарядталған вакансия.
— қос вакансия / divacancy — қатар орналасқан екі вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
— үш вакансия / trivacancy — қатар орналасқан үш вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
— тетравакансия / tetravacancy — қатар орналасқан төрт вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
Атомаралық өзара әрекеттесу
Atomic interaction
Бірдей не әр түрлі энергетикалық және зарядтық күйлерде орналасқан атомдардың өзара әркеттесуі. Ковалентті, иондық, металдық, сутегі тәрізді және ван-дер-ваальстік байланыстарда болуы мүмкін.
Атомаралық өзара әрекеттесу
Atomic interaction
Бірдей не әр түрлі энергетикалық және зарядтық күйлерде орналасқан атомдардың өзара әркеттесуі. Ковалентті, иондық, металдық, сутегі тәрізді және ван-дер-ваальстік байланыстарда болуы мүмкін.