Роль чтения в процессе обучения иностранному языку 15 страница

Электронды басылым контенті оқытудың үш деңгейі семантикалық бірлігіне бөлінуі тиіс:

1 – деңгей. Модуль

2 – деңгей. Блок

3 – деңгей. Сабақ

-Модуль оқытудың ірі синтаксистік, семантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және блоктан блокқа ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезеңктелуінен тұрады.

-Блок оқытудың орташа синтаксистік, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және сабақтан сабаққа өтетін ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады

-Сабақ оқытудың минималды синтаксистикалық, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және оқытудың бірнеше элементтерінен тұрады. Сабақ оқытуда теорияның материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ – жауаптар және тестілер міндетті элементтері болуы тиіс. Оқытуда міндетті емес болатын элементтер: анықтама, графика, аудио және видео. Электронды оқулықтарды безендіруде қойылатын талаптар.

Электронды оқулықты безендіруде мәліметтерді нақты, ұғынықты және қолдануға жеңіл қылып құру қажет. Мұнда сөздердің шегі болуы қажет.

- Мәтіннің қарібі мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы шарт. Негізгі қаріпті көрсету үшін, ең қолайлы қаріпті қолдану қажет. Көлемі кіші және ең қолайлы қаріптер керекті кезде қолданылуы қажет.

- Электронды оқулықты безендіруде ашық фондарды тек қана қалың қаріппен жазған кезде қолданылады. Мәтіні бар беттер ашық фонда болуы қажет. Қара түсті фон қолданылмайды. Қаріптің түсін стандартты қара немесе қою көк түсті қолдану керек. Қызыл қаріп тақырыптардың атын немесе қажет мәліметті алу үшін қолданылады.

- Фондық түс қолданушының назарын ең төменгі мөлшерде алуы қажет. Негізгі мазмұндағы абзацтар үлкен болмау керек. Олар оқыту материалдарының қабылдауын жеңілдетеді.

- Электронды оқытылу басылымында графикада көмекші мәндер болуы керек және ол оқытудан алшақ кетірмей оқыту материалын меңгерудің жеңілдеуіне көмектеседі. Саяси, діни және басқа материалдарды баспаға берген кезде суреттерге баса назар аудара отырып теріп алу керек. Аудио, видео материалдар негізгі мазмұнның контекстінде үйренушінің өз қалауымен қосылуы керек.

- Басқару элементтері түсінікті, бір мәнді және қарапайым, үйренушінің назарын негізгі оқыту материалынан ауытқуын болдырмауы керек.

- Электронды оқытылу басылымында ашық аумақта басылатын графикалық объектілерін және аудио – видео материалдардың саны мен көлемі минималды болуы керек, өйткені олар компьютердің жадысында көп орын алады және оларды алу кезінде компьютермен желі аралығындағы байланыс арнасы критикалық параметр болып табылады.

Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.

Электронды оқулықтың кемшілігіне экраннан ақпаратты қабылдауы (кітапты оқудан қарағанда экраннан мәтіндік ақпаратты қабылдау біршама кері әсері бар) және кітаппен салыстырғанда бағасы әлде қайда жоғары.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой – өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнетін болады деп ойлаймын.

 

Негізгі талап бойынша электрондық оқу басылымында ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелер және басқа да оқыту ақпараттары болуы керек. Ол тақырыпқа тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының мазмұнына жатпайтын ақпаратты қамтымауы керек. Электрондық оқулық жабық немесе ашық ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болуы керек. Онда қосымша бағдарламалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің нұсқасын ескере отырып, автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болуы керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес, электронды оқулықтың тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және бағдарламалар пакеттері болуы шарт.

 

Вопрос

Тәрбие – қоғамдық құбылыс тәрізді. Тәрбиенің тарихи сипаты. Тапсырма: Сіз мектеп директорысыз. Алғашқы қоңыраудығы сөйлейтін сөзіңіздің тезисін жасаңыз.

Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген.

Әдіснамалық шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылды. Әдіснаманың басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады.

Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әруақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.

Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.

Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.

Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.

Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.

Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.

Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.

Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медонский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде шыққан “Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.

Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.

Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі – бұл мәдениеттің бір бөлігі.

Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.

Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.

Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.

“Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.

Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.

Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.

Тәрбиені зерттеу – педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.

Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.

Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті құжаттары);

2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді педагогикалық басылым;

3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері (мақал-мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т.б. жатады.

Педагогика тарихы - ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Педагогика тарихы ең алдымен мәдениет тарихымен тығыз байланысты.

Педагогика тарихы тарих ғылымдарының өзімен, әдебиет және өнермен, психология және социологиямен де байланысады.

Адам тәрбие субъектісі ретінде мәдениетті тұтынушы және оның иесі болып табылады. Тәрбиенің білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу – қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи-педагогикалық үрдісте анықтау-педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.

Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Тарихи-педагогикалық мәселелелерді зердеулеуде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебииет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеінен пайдаланады.

Педагогика тарихы азамат тарихымен байланысты. Ең алдымен педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде азамат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді.

 

 

Вопрос

Сөздердің дұрыс айтылуын үйрету: жұмыс барысы, жаттығулар жүйесі

1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін,
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда
Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдері
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан,
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
Шағын көріністер даярлату;
Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге
Мәтінді өзгертіп баяндату.
Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып
Оқылған әңгіменің мазмұнын оқушыларды түгел қатыстыра отырып баяндату.
Жұмыстың бұл түрін қолдану барысында әңгіменің мазмұн желісінің
Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата
Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау,
Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді
Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Осы тәсілмен кез келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады.
Мәтінмен, іріктеліп алынған сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік сыңарларын
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде өте көп.
Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалардың амал–тәсілдерін түрлендіріп, қолдану –
Ғылым мен техниканың жылдан–жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- блокпен оқыту технологиясы;
- модульдеп оқыту технологиясы;
- В.Ф. Шаталовтың технологиясы.
Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең
Мысалы: 8–сыныпта “Great Britain” тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді
Great Bretain
1. Country Great Britain
2. Population 57 million
3. Capital.
4. The area of UK
5. Parts
6. Islands
7. Climate
8. Rivers
9. Weather
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты
ГРАММАТИКАНЫ ЖӘНЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ.

 

2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі.
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1. тыңдауға арналған жаттығулар.
2. дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар.
Бұл екі топ бір–бірімен тығыз байланысты және фонетикалық
1. тыңдауға арналған жаттығулар. Тыңдауға арналған таза фонетикалық
Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар
- бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап [t] дыбысын естігенде
- дыбыстар жұбын тыңдап, сол жұптағы екі дыбыс
- сөйлемді тыңдап, ол сөйлемде [t] дыбысы неше
- мына сөйлемдерді тыңдаңдар да сұраулы (хабарлы, бұйрықты,
- мына сөйлемдерді тыңдаңдар да олардың әрқайсысында қанша
Графикалық сүйенішпен (яғни жазбаша мәтінге сүйене отрып) орындалатын
Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім /
Тыңдауға арналған жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар шетел тіліндегі
2. Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар дыбыстау дағдыларын
Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығуларды тыңдау арқылы да,
- Мұғалімге/дикторға/ ілесіп мына дыбыстарды / буындарды/сөздерді /
- көрсетілген белгіге көңіл бөліңдер, құрамында (…) дыбысы
Ал графикалық сүйеніш көмегімен мынадай жаттығулар жасауға болады:
Фонетикалық дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін бұлардан басқа мынадай
3. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ. ЖОБАЛАУ
3.1 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін
Ауызша сөзді түсіну – адамның естіген сөздердің мағынасына
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
a. тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және
ә. сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
б. дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту,
Ауызша сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет
Тыңдауға үйренуді сөйлеушімен бетпе – бет отырып тыңдаудан
Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіне тән қиыншылықтары бар,
Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілін оқытудың ең
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден–сурет арқылы, екіншіден–жазбаша
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау –
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа
Әртүрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы
Алғашқыда тыңдаушы аудиоматериалдарды тыңдағанда түсінбегенімен қатар ештеңе “естімегендей”
Дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығулар:
Сөздерді тыңдап, [ae] дыбысы бас сөздің нөмірін атаңыз:
Жұпты сөздерді тыңдаңыз. Қандай жұпты сөздер бірдей айтылатынын
Сөздерді тыңдап, ұзақ [i:] және қысқа [i] дыбыстары
Сөйлемді тыңдап, [v] және [w] дыбыстарын неше рет
Тыңдаған мысалдарыңызда қандай сөздер а) екпінді, б) екпінсіз
Бастапқыда сөйлемдердің грамматикалық құрылымын түсінгендігін тексеру үшін мынадай
Сөйлемдерді тыңдаңыз және қай сөйлемдер келер шақта
Сөйлемдерді тыңдап, нені білдіретіндігін айтыңыз: I’ll go, She’ll
Сөйлемдерді тыңдап қайсысы өткен шақта тұрғанын айтыңыз: (1)
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және
Listen to the sentence pronouced with different intonation.
Listen to the sentence “I can’t eat anything”
Тыңдап түсіну қабілетін арттыру үшін 2–3 жауап нұсқаулары
Listen to the phrase repeated twice, then listen
Listen to the sentence “I look after
Listen to the short story. “It was late.
Мұндай фоножаттығуларды оқушылардың түсінгенін ауызша және жазбаша түрде
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене
Listen to the story. Be ready to answer
My friend Bill is a geologist. He doesn’t
Neither his wife nor his mother – in
When he leaves, his children are sorry to
Questions:
What is Bill’s profession?
Where does he usually go to in spring
He cooks his own meals when he goes
Who does he try to teach the art
What are his favorite dishes?
Why doesn’t he let his wife spend much
What kind of food does a man need,
Why doesn’t his wife contradict him?
Are the children sorry when their father goes
Who cooks their meals after his departure?
Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін
Ауызша мәтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

БИЛЕТ