Теміржол тасымалдауы

1.3. Автокөлік тасымалдауы

§ 2. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК

§ 3. ЖОЛАУШЫНЫ ЖӘНЕ ТЕҢДЕМЕ ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ

3.1. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік

 

Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жук жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.

Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.

Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.

Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.

Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпея жүктерді, жолаушыларды өткізу.

Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудын негізгі белгілері:

- жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;

- жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ Халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық Тасымалдау деп есептеуге болады;

- халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады;

- халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.

Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да езара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті Тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.

Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.

Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен тендеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерівде көзделген тәртіпте белгіленеді.

Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.

Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын үсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отыр-ғызу басталған сәтте және т.с.с.).

Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.

Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.

Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық Тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құкығы бойынша тек кана тасымалдау шартын жасасқан көлік кұралын меншіктенуші (5һіро^пег-англ; 5һір Нег-неміс; 1е Ьоигйеоіх сіе №үіге-француз). Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (аппаШге, Кеебег) қатар «фрахтователь» (Ггеіеиг, Үеіігасһег) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АКДІ-та олар Ггеі§ҺІ / соп Ігасіогз деп аталады.

1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізідді (ІгапхроПеиг- франц., саггіег-ағыл.; ІгапзроПо\Уіес-поляк-тық.).

«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы —бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұксат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар.

І.Теңіз тасымалдауы.

2. Әуе тасымалдауы.

3. Теміржол тасымалдауы.

4. Автокөлік тасымалдауы.

5. Аралас Тасымалдау.

1.1. Теңіз тасымалдауы

Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен жәнеқұқықтыққайнар кездердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.

Көптеген мемлекеттердің заңдылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай еддін заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жок. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз заңдылығына сәйкес) кеменің жалау заңы қолданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің заңдылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы қолданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.

Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді үсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас ко-носсаментпен рәсімделеді.

1924 жылы Брюссельде коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенция жасалды. Бұл конвенцияны қысқаша «Гаага ережесі» деп атайды. Казіргі заманда бұл конвенцияны қолдануға байланысты езгерістер енгізілген.

Тасымалдау шартының екінші тарабы болып жүк жөнелтуші, фрахтователь танылады.

Жүкті қабылдап алушы тұлға болып белгіленген жерде оған жүкті беруін немесе жолда келе жатқан жүкті беруді талап ете алатын танылады.

1924 жылы Гаага ережелері бойынша қарастырылған мәселелер:

1) коносаменттің мәртебесі;

2) тасымалдаушының жауапкершілігі;

3) Тасымалдаушының жауапкершіліктен босатылуы;

4) арыз беру жағдайы.

^Егер тараптар Гаага ережесін қолданатын болса - бұл ереже бойынша аса кауіпті жүктерді және жануарларды тасымалдамайды.

Гаага ережесі бойынша тасымалдаушының міндеттері:

1) тасымалдаушы кемені жүзуге дайындық жасау керек. Ол

үшін техникалық құралдарын қарап, қалай жүретінін қарастыру керек;

2) экипажды дайындау керек;

3) егер тез бұзылатын тағамдар болса, олар үшін арнайы бір бөлме бөлу керек.

Егер тасымалдаушы жүк берушіден жүкті қабылдаған кезде жүктің саны мен сапасы инвойс бойынша сәйкес келмесе, онда тасымалдаушы коносаменттін шетіне жүктің саны мен сапасы сәйкес емес деп жазады да бүны «Лас коносамент» деп атайды.

Егер құжат бойынша және фактілі түрде тексерілгенде саны мен сапасы сәйкес болатын болса, онда тасымалдаушы «Таза коносаментті» жүк жөнелтушіге үсынады.

Гаага ережесі бойынша тасымалдаушы 13 жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Жалпы бүны форс-мажорлық жағдай деп атайды және де новигациялық кателіктер бойынша да босатылады. Ал егер тасымалдаушы кінәсіздігіндәлелдей алмайтын болса, жауапкершілікке тартылады. Жүк қабылдаушы жүкті қабылдағаннан кейін жүкті қарап шығуы керек. Жүктің саны жетіспеуіне байланысты жүк тасымалдаушыға үш күн ішінде жазбаша түрінде хабарлауға міндетті. Талап мерзімі - 1 жыл. Гаага ережесіне 1968 жылы өзгертулер енгізіліп, ол 1978 жылы күшіне енді. Осы конвенцияны қысқаша «Правила Висби» деп атайды.

Висби ережелерінің ерекшеліктері - тек қана конвенцияға қосылған мемлекеттер арасында қолданылады және тасымалдаушы жауапты болатын болса, ол жүктің ақысын төлеу керек. Осы ереже бойынша әр жүктің орнына 10000 франк төлеу керек. Ал егер жүктің орнын анықтай алмаса, онда әрбір жүктің брутто кг. бойынша өлшенеді.

1 кг брутто — 30 франк пуанкаре

1 франк пуан каре - 65,5 мг. 900 алтын бұйым сынамасы.

Қазіргі заманда сауда жүгін жеткізу үшін теңіз тасымалдауында чартер шарттары қолданылады. Бұл көбінесе делдалдық арқылы жасалатын шарт және бірнеше міндеттейтін жағдайлары бар: стивидорлық жұмысқа ақы төлеу, диспачка, демереджге.

Мүнда фрахт жүктің салмағына карай төленеді. Фрахттың бірнеше түрі бар:

1. Егер кеменің ішінде жүк толығымен орын алып тұрса, ол нақты фрахт деп аталады.

2. Ал егер жүк жартылай толтырылса, оның жартысы бос болған жағдайда мұндай фрахтты «өлік» фрахт деп атайды.

3. Аванс берілген фрахт. Мүнда жүкті тиер аддында алдын ала фрахт төлейді.

4. Алдын ала фрахт. Алдын ала фрахттың аванс фрахтынан айырмашылығы - 100 % төлеу керек.

Әрбір жүктін орнына 835 СДР төленеді, ал әрбір брутта кг/ға - 25 СДР төленеді.

ІСДР- 1,37$.

францияда 100 кг/ды — квинталдейді, ал Германияда — двой-ной центнер. Мұнайды мұндай тасымалдауда баррельмен, ал бидайды бушельмен есептейді.

1 баррель — 42 галлон.

1 галлон — 4,546 л.

1.2. Халықаралық әуе тасымалдауы

Әуе тасымалдауы — жана Тасымалдаудың бір түрі. XX ғасыр-дың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланыс-ты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол - «Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалык. конвенция.

1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенция-сы қабыдданды. Осы конвенцияға Қазақстан Республикасы да қосылған.

Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі танда, әуе қатынасы бойынша Қазақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа қол койған.

Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмай-ды:

а) аралас тасымалдауында;

ә) пошталык корреспонденцияны тасымалдамайды.

Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүк құжаты қолданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүк құжатында жүк жөнелтушімен тасымалдаушының колы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.

Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады.

Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уақытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі.

Әуе тасымалдауында чартерлік тасымалдау қолданылады. Бұл шартта фрахтователь - Тасымалдаушы, фрахтовщик - жүк жіберуші.