Структурная схема модели Солоу
1.Схема сызуда Рисованияпанелі саймандарын пайдаланыңыз.
2.Графиктік объектілерге формулаларды Надпись батырмасының немесе объектінің контекстік мәзіріндегі Добавить тексткомандасының көмегімен қоюға болады.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
4-кестеден алынады)
1.Текстік құжат құрыңыз / көп нүктенің орынына қойылатын файлдың
аты 4-кестеден алынады, 1-тапсырма/.
2. Рисования панелі құралдарын пайдаланып … суретін салыңыз оның
элементтерін біртұтас сурет қылып біріктіріңіз, тақырып жазыңыз
/2-тапсырма/.
3. Құжатқа … орналастырыңыз /3- тапсырма/.
4. Суретті текстке қатысты орналастыру әдістерін пайдаланып сурет
фонында … жасаңыз /4-тапсырма/.
4 –кесте
Нұсқа № | 1-тапсырма | 2-тапсырма | 3-тапсырма | 4-тапсырма |
С:\Ваша папка\Лаб2_W1 | Телевизор | Байланысқан сурет | Шақыру билеті | |
С:\Ваша папка\Лаб2_W2 | Будильник | Кірістірілген диаграмма | Визиткалық карточка | |
С:\Ваша папка\Лаб2_W3 | Машина | Байланысқан текст | Туған күн открыткасы | |
С:\Ваша папка\Лаб2_W4 | Блок-схема | Кірістірілген сурет | Фирма логотипі | |
С:\Ваша папка\Лаб2_W5 | Компьютер | Байланысқан кесте | I орынға берілетін мақтау қағазы |
Бақылау сұрақтары:
1.Word процессорындағы, құралдары сурет салуда пайдаланылатын панель қалай аталады?
2. Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды қандай бағыттарға сәйкес қарастырады?
3. OLE – технология не үшін қолданылады?
4. Кірістірілген объекті мен байланысқан объект айырмашылығы қандай?
5. Объектілерді біріктіру не үшін қажет ?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №5
Тақырыбы: Кестелерді құру және форматтау. Кестелердегі есептеулер»
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
Мақсаты: Текстік құжаттарда кестелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі түсініктер:
Кестелерді құру және форматтау.Word программасында тексті кестелар түрінде жазудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Мұның ең қарапайым жолы табуляция позицияларын пайдалану болып есептеледі..
Word программасында кестелерді құру және форматтау жолдары:
§ Шағын кестелерді саймандар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып жасауға болады;
§ Текстік құжатқа бағандары мен жолдарының санын алдын-ала көрсетілген кестені жоғарғы мәзірдің Таблицы -> Вставитьтаблицу командалары арқылы қояды. Бағандар мен жолдар санын Вставка таблицы диалогтық терезесіндегі счетчик-есептеуіштер көмегімен береді;
§ Таблицы и границы батырмасы, сондай-ақ Кесте -> Нарисовать таблицу командалары құжатқа қойылатын кестені қолданушының өзі сызып шығуына мүмкіндік береді;
§ Кесте -> Объединить ячейки (Разбить ячейки)командалары алдын ала белгіленіп алынған бірнеше ұяшықтарды біріктіруді немесе жекелеген ұяшықтарды бөлуді жүзеге асырады;
§ Кестелердегі ұяшықтарды бөліп тұрған сызықтарды алып тастауға немесе көрсетіп қоюға болады. Ол үшін Таблицы и границы саймандар панелінің Нарисовать таблицу и Ластикбатырмалары пайдаланылады;
§ Кесте -> Автоформат командасы көмегімен кестелар құруға арналған стандарт форматтағы дайын шаблондарды пайдалануға болады;
Кестелердегі есептеулер . Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулыкомандасының көмегімен есептеп шығаруға болады.
Кестелердегі есептеулер . Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулыкомандасының көмегімен есептеп шығаруға болады.
Ұяшықтар блогына сілтеме жасайтын қызметші сөздер:
§LEFT-формула жазылған ұяшықтың сол жағындағы ұяшықтар ;
§RIGHT- формула жазылған ұяшықтың оң жағындағы ұяшықтар;
§ABOVE- формула жазылған ұяшықтың жоғарысында орналасқан ұяшықтар;
§BELOW- формула жазылған ұяшықтың төменінде орналасқан ұяшықтар.
Word программасындағы қолданушының функциялары:
§AVERAGE() – ұяшықтар диапазонының орташа мәнін есептеу;
§COUNT() – ұяшықтар диапазонындағы мәндердің санын есептеу;
§MAX() – максималь мәнді табу;
§MIN() – минималь мәнді табу;
§SUM() – мәндердің немесе сандардың қосындысын табу.
Жаттығу жұмыстары.
1-жаттығу. Төменде көрсетілгендей кесте жасап есептеулер жүргізіңіз:
Апта күндері | Шығындар | |||||
Азық-түлік | Транспорт | Қыдыру | Басқа | Барлығы: | ||
тамақ | уақ-түйек | |||||
Жұмыс күні | ||||||
Демалыс | ||||||
Бәрі: |
1. Жоғарыда аталған тәсілдердің бірін пайдаланып кесте құрыңыз;
2. Белгіленген ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте -> Объединить ячейки командасын пайдаланасыз;
3. Ұяшықты бөлу үшін Кесте->Разбить ячейки командасын пайдаланасыз;
4. Кестені көркемдеу Формат ->Границы и Заливкаарқылы жасалады;
5. Бәріжолында қосындыны есептеу формуласын жазыңыз: курсорды Тамакбағанына қойыңыз да, Кесте->Формулакомандасын орындаңыз;
6. Терезеде пайда болған формула: =SUM(ABOVE), формула орналасқан ұяшықтың жоғарысындағы ұяшықтардағы сандардың қосындысын табады;
7. Қалған бағандарда солай есептеледі;
8. Барлығы бағанына формуланы өзіңіз жазыңыз.
2-жаттығу. Төмендегі кестені жасаныз
№ | Аты-жөні | Жасы | Айлық табысы |
1. | Абишева Р. | ||
2. | Акапова С. | ||
3. | Амирова А. | ||
4. | Абилданова Д. | ||
5. | Алимбекова Н. | ||
6. | Әміртаева Қ. | ||
7. | Биекеева А. | ||
8. | Билялова Ә. | ||
9. | Қамбарова А. | ||
10. | Муркина А. | ||
11. | Раимова Ж. | ||
Максимум | |||
Минимум | |||
Барлығы |
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
5-кестеден алынады)
1. ... тақырыбындағы кесте құрып, кестеге мәліметтер енгізіңіз және формулаларды қолданып есептеулер жүргізіңіз
5-кесте
Нұсқа № | Тапсырма |
«Студенттер үлгірімінің ведомосі» | |
«Студенттер қатысымының ведомосі» | |
«Товарды есепке алу» | |
«Төлемақы» | |
«Түскі ас есебі» |
Бақылау сұрақтары:
- Кесте құру тәсілдерін атаңыз?
- Кестелерде есептеулер қалай жүргізіледі?
- Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі?
- Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6
Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Макростар құру»
Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.
Негізгі түсініктер:
Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.
Жаттығу жұмыстары.
1- жаттығу.Word программасында қарапайым макрос құру.
1.Удалить_До_Конца_Строкидепаталатын макросты құру.
1.1.Жаңа құжат құрыңыз. Құжатта келесі 1234567890 сандарын теріңіз де курсорды жолдың басына апарыңыз.
1.2. Қалып-күй қатарындағы ЗАПиндикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады..
1.3. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Удалить_До_Конца_Строкидеп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описаниетұсына макрос туралы текст, мысалы: Удаляет текст до конца строкидеп жазуға болады.Барлығы орындалғаннан кейін ОКбатырмасына шертіледі. Мұның нәтижесі программа терезесінде Остановка записипанелінің пайда болуымен аяқталады.Бұл панель енді макросты жазу басталғанын білдіреді, яғни сіздің орындаған әрбір командаңыз құрып жатырған макросыңызға тіркеліп жазылып жатады.
1.4. Әрі қарай <Shift>+<End>пернелер комбинациясы басылады. Сол кезде курсор тұрған орыннан бастап жолдың соңына дейінгі текст белгіленеді. <Del>пернесі басылады да белгіленген текст жойылады.
1.5. Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл бірінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.
Ескерту: Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.
2-жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..
2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросыкомандасын орындаңыз.
2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.
3- жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.
3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic(Вид->Панели инструментов-> Visual Basic командасы арқылы)панелін шығарып аласыз.
3.2. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Командыжапсырмасын таңдайсыз. КатегориитізіміненМакросы категориясын таңдайсыз.Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы Visual Basicпанеліне апарасыз.Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.
3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Основной стильтүрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.
3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопки таңдалынады. Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.
3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.
4- жаттығу.ҚұрылғанУдалить_До_Конца_Строкимакросын пернелер комбинациясына бекіту.
4.1. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Клавиатура батырмасына шертіңіз. КатегориитізіміненМакросы категориясын таңдайсыз.Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп аласыз.Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады. Новое сочетание клавиш тұсына көшіп, <Ctrl>+<Shift>+<E>пернелерін басыңыз даНазначитьбатырмасына шертіңіз.Диалогтық терезені жабыңыз.
4.2. Әрі қарай алдыңғы жаттығудағы сияқты, жолды өшіруді <Ctrl>+<Shift>+<E> пернелер комбинацисы көмегімен орындап көріңіз .
5- жаттығу.ЖаңаданТемно_Красный_Цветдеп аталатын макрос құру.
Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:
- Формат->Шрифткомандасы орындалады;
- Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады;
- ОКбатырмасы шертіледі.
5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАПиндикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады.
5.2. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описаниетұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цвет деп жазуға болады.Барлығы орындалғаннан кейін ОКбатырмасына шертіледі.
5.3. Әрі қарай Формат->Шрифткомандасы орындаладыда Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады, ОКбатырмасы шертіледі.
Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл екінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.
5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
6-кестеден алынады)
1. Жол түрінде берілген тексті курсор тұрған жерден бастап жолдың басына дейін өшіріп тастайтын макрос құрыңыз (Мұнда 1-жаттығудағы сияқты орындалады, өшіру үшін <Shift>+<Home>пернелері қолданылады).
А) Құрған макросыңызды Удаление_До_Начала_Строкидеп атаңыз.
Б) Құрылған макросқа қоңырау (Колокольчика)түріндегібатырма тағайындаңыз.
2. « ... » деп аталатын макрос құрыңыз /2-тапсырма/.
3. Құрған макросыңызды саймандар панеліне батырма түрінде орналастырыңыз (Белгінің түрін өзіңіз таңдаңыз).
4.Құрған макросыңызды ... пернелер комбинациясына /4-тапсырма/.
6-кесте
№ вар. | 2- тапсырма | 4-тапсырма |
Кесте_сызу ( өлшемі 4х5) | <Ctrl>+<Shift>+<A> | |
Сурет_салу(жыл мезгілі) | <Ctrl>+<Shift>+<B> | |
Кесте_сызу (өлшемі 8х2) | <Ctrl>+<Shift>+<C> | |
Сурет_салу(ғылым) | <Ctrl>+<Shift>+<D> | |
Кесте_сызу (өлшемі 6х4) | <Ctrl>+<Shift>+<E> | |
Сурет_салу(құрылыс) | <Ctrl>+<Shift>+<F> | |
Кесте_сызу (өлшемі 5х5) | <Ctrl>+<Shift>+<G> | |
Сурет_салу(өсімдік) | <Ctrl>+<Shift>+<K> |
5. Жасаған жұмысыңызды оқытушыға көрсетіп болғаннан кейін өзіңіз құрған макростарды жойыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Макрос деген не?
2. Макросты не үшін қолданады?
3. Макрос атауында қандай белгіні қолданбайды?
4. Макросты жазу қалай жүргізіледі?
5. Макросты программа деп қарастыруға болады ма?
зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»
Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.
HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.
HTML-дің тегтерінқолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.
HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:
§ Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;
§ Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.
HTML-құжаттар қалай жасалынады?
HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.