Кіріспе

ЖОСПАР

Кіріспе.....................................................................................................................

 

І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету............................................................................................................................

1.1 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы зейнетақы инфрақұрылымы, оның қатысушылары..............................................................................................

1.2 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері...........................

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары.....................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі реформаларға

салыстырмалы талдау............................................................................................

2.2 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері .................................................

2.3 ЖЗҚ қызметіне экономикалық талдау.....................................................

 

ІІІ-бөлім. 3.1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жинақтаушы зейнетақы қорларын дамыту және жетілдіру жолдары...............................................................................................................

 

Қорытынды...........................................................................................................

 

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................

 

Кіріспе

 

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.

1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.

Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль атқаратынын байқауға болады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.

Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.

 

 

І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен

қамтамасыз ету

1.1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы зейнетақы инфрақұрылымы, оның қатысушылары

 

Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамуы.

1997 жылғы 20 маусымда Қазақстанда еліміздегі алғашқы жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болған «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ескіден қалған азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жинақтаушы жүйемен қайта қалыптастырды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалаудың қаншалықты артықшылықтары мен оңтайлы жақтары болғанымен әлі күнге дейін көптеген мәселелері шешімін тапқан жоқ.

Жалпы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай–ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып зейнетақы төлемін алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерінің (салымшылары мен зейнетақы жарналары, зейнетақы активтері мен жинақтары), зейнетақы жүйесі бойынша көрсеткіштердің жалпы көлеміндегі үлесінің тұрақты өсуі, тұтастай алғанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына халықтың сенімінің өсуін куәландырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша комитет нормативтік құқықтық актілер жасап және де өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.

1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 7 жыл асып отыр. 2004 жылдың 1 тоқсанына Қазақсанның зейнетақы қызмет көрсету жүйесі зейнетақы активтерінің өсуімен де, сонымен қатар нарықтық қатысушыларының сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінің тұрақты дамуымен сипатталады.

Бұл күнде ҚР зейнетақы қызметін көрсету жүйесі мына төменде көрсетілген суреттегідей болып отыр. 16 зейнетақы қоры, оның ішінде 13 ашық типтегі, 2- корпоративтік типтегі және 1- мемлекеттік зейнетақы қоры болып отыр.

 

 

1.2. Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері

 

Қазақстан зейнетақы реформасының басталғаннан бері 7 жыл асып барады. Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ реформаның нәтижелерімен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін емес. Елдегі болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнет ақы жүйесін қайта құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып өтейін. Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне негізделеді, яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен емес, жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткер санының жұмысшылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өсті. Бұдан бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны тек зейнетақы берушілердің негізі болып табылатын прициптерді түбегейлі өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зенетақы қамсыздандыру деңгейі тікелей зейнетақы аударымдардың тарифімен, зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгеімен қатынасы байланысты.

Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақымен қамтамасыз етуіне кетеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын шоғырландырылған, ал оларға біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды объектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрлысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегініміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұнай «жиналымдар» болса ерте де кеш қирайды.

Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне тоқталсақ, олар:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;

2. жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;

3. зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет беруге;

4. зейнетақы қорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;

5. зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;

6. зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға аударуға;

7. зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы қорынан басқа);

8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т.б. міндетті. /2,б.28/

 

 

II - бөлім. Қазақстан Респуликасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі инфрақұрылымға