Алматы - 2011 г.

«Логистиканың концепциясы мен қағидалары» пәні бойынша силлабус «Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және дәрілік қалыптар технологиясы» кафедрасының доценті, фарм. ғ. д. Сакипова З.Б. құрастырылып, бағдарлама ФҰжЭ және дәрілік қалыптар технологиясы кафедра отырысында талқыланды және бекітілді, хаттама № «___»____________2011 ж.

Каф. меңгерушісі, профессор Т.Байзолданов

1. Жалпы ақпарат:

2. ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

3. Кафедра: фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және дәрілік қалыптар технологиясы

4. Пән: Логистиканың концепциясы мен қағидалары.

5. Мамандық: 6М110400 «Фармация»

6. Оқу сағатының (кредиттің) көлемі – 90 сағат, 2 кредит

7. Оқытушылар туралы ақпарат:

Аты- жөні Қызметі Оқытушының ғылыми бағыты, жетістігі
Нұрақов Дәндыбай Бердиевич фарм.ғ.к, доцент, тәжірибесі 50 жыл. Тәжірибелік фармация, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, педагогикалық қызмет. Фармацияны ұйымдастыру және эконмикасы, фармациядағы менеджмент және маркетинг, фармация саласындағы іскерлік психология және журналистика. Медициналық және фармацевтикалық тауартану.
Сакипова Зуриядда Бектемировна фарм.ғ.д., доцент, тәжірибесі 23 жыл. Тәжірибелік фармация, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, педагогикалық қызмет. Дәрілік заттар технологиясы, фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, фармациядағы менеджмент және маркетинг, медициналық және фармацевтикалық тауартану.
Кожанова Калданай Каржауовна фарм.ғ.к., аға оқытшы, стаж 7 жыл Тәжірибелік фармация, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, педагогикалық қызмет. Дәрілік заттар технологиясы, фармацияны ұйымдастыру және экономикасы.

Байланыс ақпараты: кафедранын орналасқан мекені

Мекен- жайы: Төле би көшесі 88, 1 қабат.

Телефон: 8 (7272) 92-64-87 (кафедра меңгерушісі), 92-17-96 (қосымша 248 немесе 243)

Саясат және тәртіптер: кафедраның жалпы талаптары, пәннің саясаты оқу үрдісінің дәйекті және мақсатты өтуін қамтамассыз ету. Оқытушылардың магистранттарға қоятын талабы мединициналық ЖОҒ-ғы оқытудың жалпы ұстанымына негізделген.

1. Дәрістер мен практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысу.

2. Оқу үрдісіне белсенді қатысу.

3. Үй жұмыстарын уақтылы орындау.

4. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендетіледі.

5. Сабаққа іскерлік киімде келу керек.

6. Сабаққа кеш қалмау керек.

7. Сабақ кезінде сөйлеспей, ұялы телефонды сөндіріп қою.

8. Сабақтарды өткізіп алмау (науқастанған жағдайда анықтама көрсету)

9. Өткізілген сабақтарды оөытушымен келісілген уақытта өтеу.

10. Тіл табысқыш және игілікті болу.

11. Міндетті және ұқыпты болу.

2. Бағдарлама:

Пәннің қысқаша сипаттамасы.Курстың жалпы мақсаты магистранттарға логистика сферасында базалық білімді, оның заманауи экономикадағы, ғылыми және әдістемелік негіздемелердегі ролін; логистикалық жүйелердің түрлері мен қалыптасу қағидалары, түсініктері, категорияларын; логистиканың құралдарына жататын әдістемелерін және құралдары; логистиканың функционалдық салаларының мақсаты мен міндетін; фирмалар мен мекемелердегі ұйымдастыру структураларының логистикадағы орны, сонымен қатар фармацевтикалық логистиканың дамуындағы перспективаларын қалыптастыру болып табылады.

Курс келесі бөлімдерден тұрады:

1. Логистика теориясы.

2. Логистикалық операциялар мен материалдық ағымдардың түрлері.

3. Фармациядағы логистиканың функционалдық сфералары.

4. Сатып алу логистикасы.

5. Өндірістік логистика.

6. Тарату логистикасы.

7. Транспорттық логистика.

8. Ақпараттық логистика.

9. Қоймалық логистика және қорлық логистика.

Оқу мақсаты: Магистранттарға фармацевтикалық практикадағы ғылыми негіз, концепция, әдістеме, логистикалық ұстанымдар әдістер, базалық мақсаттар, сонымен қатар практикалық дағдылар мен олардың шешімдерін жинақталған білім системасы ретінде логистикалық ұстанымды басқару және экономиканың заманауи даму сатысындағы қолданыс ролі мен маңыздылығын ұғындыруды қалыптастыру.

Міндеттері: Магистранттарды фармацевтикалық мекемелердегі логистиканың концепциясы мен қағидаларымен таныстыру.

Фармацевтикалық мекемені басқарудағы логистикалық ұстаным ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Пәннің қысқаша жоспары

Тақырып атауы Тақырып мазмұны
Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы мен қағидалары. Логистикаға ғылыми пән ретінде анықтама беру керек. Логистиканың негізгі объектілері мен түсініктері. Логистиканың концепциясы мен қағидалары. Логистиканың фнкционалдық салалары мен қызметі.
Логистикалық жүйе, орталықтар. Мекемелердегі логистиканы ұйымдастыру. Логистикалық жүйенің түсінігі, оның қасиеттері. Логистикалық тізбек және логистикалық шығын түсінігі. Мекемедегі логистиканы ұйымдастыру. Саудалық аймақтары.
Сатып алу логистикасы. Сатып алу логистикасының мәні және міндеттері. Логистиканы қолдану шарттарымен фармацевтикалық мекемелердегі қамтаммасыздандыру қызметі.
Өндірістік логистика. Өндірістік логистика концепциясы мен түсінігі. Ішкі өндіріс жүйесі негізінде материалдық ағымды басқару варианттары. Өндірістік жүйенің сапалық және сандық мағынасы. Өндірістік мекемелердегі материалдық ағымды басқарудағы логистикалық шараларын ұтымды қолдану.
Тарату логистикасы. Тарату логистикасының мәні және міндеттері. Тарату және сатып алу логистикасының, тарату логистикасы мен маркетингтің байланысы. Логистикалық канал жәңе логистикалық тізбек.
Транспорттық логистика. Транспорттық логистика міндеттері мен мәні. Транспорттық құрал түрлерін таңдау. Транспорттық құралдардың түрлерін таңдау. Транспорттық тарифтер мен оларды қолданудағы заңдар.
Логистикадағы ақпараттық ағымдар. Логистикадағы ақпараттық жүйелер. Логистикадағы ақпараттық жүйені құрастыру қағидалары. Логистикадағы ақпараттық технологиялар.
Логистикадағы қорлар. Материалдық қорлар түсінігі. Қорды жасау себептер. Материалдық қорлардың түрлері. Фармацевтикалық ұйымдардағы алынатын партияның ұтымды көлемін анықтау.
Қоймалау логистикасы. Қоймалар, олардың анықтамасы мен түрлері. Қоймалардың қызметі. Қоймалық операциялардың қысқаша түсінігі.
Логистикалық сервис. Логистикалық сервис жүйесі мен түсінігі. Логистикалық сервистің деңгейі. Логистикалық сервис деңгейінің ұтымды көлемін анықтау.

Оқу әдістемесі:дәріс, тәжірибелік сабақ, ОМӨЖ, МӨЖ өткізу формасы.

1. Шолу және мәселелі дәрістерді оқу.

2. Тәжірибелік сабақтарды өткізу: тақырып бойынша негізгі сұрақтарға ауызша сұрастыру, ситуациялық есептерді шешу, тест жұмыстарын орындау, шағын топта жұмыс, ситуацияны үлгілеу, рольдік ойындар (фармацевтикалық ұйыдарды басқару), пікірталас, кестелерді, сызбаларды, суреттерді саралау, қорытынды шығару.

3. ОМӨЖ ұйымдастыру формасы: Пайда болған сауалдарға кеңес беру, жоспарда көрсетілген тақырыптарды өзіндік меңгеру, ситуациялық есептерді шешу, кестемен, оқулықпен жұмыс, тест жұмыстарын орындау, кейбір тақырыптар бойынша тәжірибелік жұмыстар орындау, кейбір тақырыптар бойынша интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, электронды тасмалдаушылардағы материалдармен жұмыс, шағын топта жұмыс жасау, аралық бақылау.

4. МӨЖ ұйымдастыру формасы: өзіндік меңгеруге арналған оқу және қосымша әдебиеттермен, сұрақтар бойынша электронды ақпарат тасмалдаушымен жұмыс; тақырып бойынша ғылыми рефераттар, баяндама, эссе дайындау, шолулар дайындау, кесте- сызбалар, стенд, көрнекі ақпараттар дайындау.

Сабақтың оқу- тақырыптық жоспары:тақырып, өзкізу формасы және әрбір сабақтың ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОМӨЖ).

Сабақтың тақырыбы Оқу сағаттарының саны Барлығы
дәрістер Тәжірибелік сабақ ОМӨЖ МӨЖ
Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы мен принциптері.      
Логистиканың жалпы сипаттамасы және оның даму факторлары.      
Логистиканың пайда болу этаптары. Макро- және микрологистика.      
Логистикалық жүйе, орталықтар. Мекемеде логистиканы ұйымдастыру.      
Материалдық ағым, логистикалық операциялар мен жүйелер.      
Материалдық қорлар. Қорды басқару жүйесі. Белгіленген тапсырыс көлемі мен тапсырыстар арасындағы уақыт арасындағы жүйе. Қорды нормалау және структуралау.      
Сатып алу логистикасы.    
Қорлаудың Қазақстандағы негізгі заңнамалық процесстер. Қазақстандағы «DAMU» индустриалды- логистикалық орталығын мысалға алғандағы қорлау логистикасының дамуы.      
Өндірістік логистика.    
Қоймадағы логистикалық процесс. Қоймалардың түрлері, қызметі және классификациясы.      
Тарату логистикасы.    
Мекемедегі логистикалық жүйені басқару.      
Қоймалардың қызмет көрсетуін ұйымдастыру.      
Транспорттық логистика.    
Транспортқа логистикалық шығындарды анықтау, транспорттық тарифтер      
Сақтау қоймаларда үшін құрал-жабдықтар көлемін есептеу.      
Логистикадағы ақпараттық ағымдар.      
Логистикалық каналдар мен тарату каналдары.      
Фармацевтикалық тауарларды тарату жүйесі. Дәрілік заттарды көтерме саудада сатудағы ерекшеліктері.      
Фармациядағы "Логистика".      
Логистикадағы қорлар.      
Аралық бақылау.      
Қоймалық логистика.      
Ақпараттық логистика. Логистикадағы ақпараттық жүйенің қалыптасуы. Кері байланыс үшін ақпараттық жүйені басқару.      
Логистикалық сервис.      
Қызмет көрсету моделін қалыптастырудағы логистикалық концепция.      
Логистикалық орталықтар, сауда зоналары.      
Сервистік қызмет көрсету логистикасы.      
Логистикалық шығындарды басқару. Шығындардың классификациясы. Логистикалық шығындар. Тапсырыстарға кететін шығындар.      
Қорлар үшін кететін шығындар. Қоймалық қызметке кететін шығындар.      
Қамтамассыз етуге кететін шығындар. Транспорттық шығындар.      
Аралық бақылау.      
Фармацевтикалық мекемедегі өндірістік логистика.      
  Қорытынды

Дәрістің тақырыптық жоспары

Дәріс тақырыптарының атауы Қысқаша мазмұны Кредит көлемі
Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы мен қағидалары. Логистикаға ғылыми пән ретінде анықтама беру керек. Логистиканың негізгі объектілері мен түсініктері. Логистиканың концепциясы мен қағидалары. Логистиканың функционалдық салалары мен қызметі.
Логистикалық жүйе, орталықтары. Мекемедегі логистиканы ұйымдастыру. Логистикалық жүйенің түсінігі, оның қасиеттері. Логистикалық тізбек және логистикалық ұстап қалу түсінігі. Мекемедегі логистиканы ұйымдастыру. Саудалық аймақтары.
Сатып алу логистикасы. Сатып алу логистикасының мәні және міндеттері. Логистиканы қолдану шарттарымен фармацевтикалық мекемелердегі қамтаммасыздандыру қызметі.
Өндірістік логистика. Өндірістік логистика концепциясы мен түсінігі. Ішкі өндіріс жүйесі негізінде материалдық ағымды басқару варианттары. Өндірістік жүйенің сапалық және сандық мағынасы. Өндірістік мекемелердегі материалдық ағымды басқарудағы логистикалық шаралар ұтымды қолдану.
Тарату логистикасы. Тарату логистикасының мәні және міндеттері. Тарату және сатып алу логистикасының, тарату логистикасы мен маркетингтерінің байланысы. Логистикалық канал және логистикалық тізбек.
Транспорттық логистика. Транспорттық логистика міндеттері мен мәні. Транспорттық құрал түрлерін таңдау. Транспорттық құралдардың түрлерін таңдау. Транспорттық тарифтер мен оларды қолданудағы заңдар.
Логистикадағы ақпараттық ағымдар. Логистикадағы ақпараттық жүйелер. Логистикадағы ақпараттық жүйені құрастыру қағидалары. Логистикадағы ақпараттық технологиялар.
Логистикадағы қорлар. Материалдық қорлар түсінігі. Қорды жасау себептер. Материалдық қорлардың түрлері. Фармацевтикалық ұйымдардағы алынатын партияның ұтымды көлемін анықтау.
Қоймалық логистика. Қоймалар, олардың анықтамасы мен түрлері. Қоймалардың қызметі. Қоймалық операциялардың қысқаша түсінігі.
Логистикалық сервис. Логистикалық сервис жүйесі мен түсінігі. Логистикалық сервистің деңгейі. Логистикалық сервис деңгейінің ұтымды көлемін анықтау.
  Қорытынды  

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Күн Тәжірибелік сабақтар тақырыбының атауы. Қысқаша мазмұны Кредит көлемі.
Логистиканың жалпы сипаттамасы және оның даму факторлары. Логитиканың жалпы түсінігі, объект, пән. Логистиканың концепциясы мен қағидалары. Логистиканың функционалдық салалары мен қызметі. Логистиканы қолданудағы экономикалық эффект. Маркетинг пен логистиканың байланысы.
Материалдық ағым, логистикалық операциялар мен жүйелер. Материалдық ағым түсінігі. Логистикалық операциялар. Логистикалық жүйе түсінігі. Логистикалық жүйе түрлері және операциялар.
Сатып алу логистикасы. Сатып алу логистиканың маңызы, мақсаттары және өызметі.Сатып алуды жоспарлау мәселелері. Мекемедегі қамтамассыз ету қызметінің логистика шарттарын қолдануы. Жабдықтаушыны таңдау. Ұтымды жабдықтаушыны таңдау критериилері.
Өндірістік логистика. Өндірістік логистиканың түсінігі мен концепциясы. Өндірістік жүйенің сапасы мен сандық үйлесімділік. Өндірісте материалдық ағымдарды басқаруда логистикалық шараларды ұтымды қолдану. Өндірістік логистикадағы материалдық ағымдарды басқару кезіндегі итермелеуші және тартушы жүйе.
Тарату логистикасы. Тарату логистикасының түсінігі. Таратудағы дистрибутивті делдалдар.
Мекемедегі логистикалық жүйені басқару. Шығындар классификациясы. Логистикалық шыгындар. Тапсырыс, тауар қоры, транспорттау, тарату, қоймалау қызметтері үшін кететін шығындар.
Транспорттық логистика. Транспорттық логистиканың мәні мен міндеттері. Транспорттық құралдар түрін таңдаудағы мәселелер.
Транспорт үшін логистикалық шығындарды анықтау, транспорттық тарифтер. Транспорттық тарифтер: автомобильді, т/ж, теңіздік, озендік. Тарифтік ставка. Тасымалдау ақысын есептегендегі транспорттық операциялар.
Логистикалық каналдар және тарату тізбектері. Логистикалық каналдар мен тарату тізбектері. Тарату жүйесінің қалыптасуы.
Қызмет көрсету моделін қалыптастырудағы логистикалық концепция. Транспорттық қызмет көрсетудегі моделді қалыптастыру. Тасмалдаулар мен графиктерінің ұтымды жолдары. Процесстің маршрутизациясы. Логистикалық жұмыстардың кезектілік технологиясы.
  Қорытынды

ОМӨЖ бойынша тақырыптық жоспар

ОМӨЖ тақырыбы Қысқаша мазмұны Сағат көлемі
Логистиканың пайда болу кезеңдері. Макро- және микрологистика.  
Материалдық қор. Қорды басқару жүйесі. Белгіленген тапсырыс көлемі мен тапсырыстар арасындағы уақыт арасындағы жүйе. Қорларды нормалау және структуралау.  
Қорлаудың Қазақстандағы негізгі заңнамалық процесстер. Қазақстандағы «DAMU» индустриалды- логистикалық орталығын мысалға алғандағы қорлау логистикасының дамуы.  
Қоймадағы логистикалық процесс. Қоймалардың классификациясы, түрі және қызметі.  
Қоймалардағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру.  
Сақтау қоймалары үшін құрал-жабдықтар көлемін есептеу.  
Фармацевтикалық тауарларды тарату жүйесі. Дәрілік заттарды көтерме саудада сатудағы ерекшеліктері.  
Аралық бақылау  
Ақпараттық логистика. Логистикадағы ақпараттық жүйенің қалыптасуы. Кері байланыс үшін ақпараттық жүйені басқару.  
Логистикалық орталықтар, сауда зоналары.  
Қызмет көрсету логистикасы.  
Логистикалық шығындарды басқару. Шығындардың классификациясы. Логистикалық шығындар. Тапсырыстарға кететін шығындар.  
Қорлар үшін кететін шығындар. Қоймалық қызметке кететін шығындар.  
Қамтамассыз етуге кететін шығындар. Транспорттық шығындар.  
Аралық бақылау  
  Қорытынды  

Магистранттың оқытушымен бірге өзіндік жұмысы (ОМӨЖ)- оқу үрдісінің кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиісті, аудиториядан тыс магистранттың жетекшісімен бірге жұмысы. ОМӨЖ сағатына уй жұмыстарын, курстық жұмыс, семестрірлік және бақылау жұмысының, есеп берулердің және басқа да МӨЖ орындау үшін консультацияға уақыт бөлінген. ОМӨЖ-ны тренинг түрінде, шағын топтағы жұмыс түрінде, пікірталас түрінде, іскер және дидактикалық ойындармен, презентациялармен, жинақталған кейс түрінде жүргізуге болады .

МӨЖ бойынша тақырыптық жоспар

МӨЖ тақырыбы Қысқаша мазмұны Сағат көлемі
Кредит № 1
Фармацевтикалық мекемедегі өндірістік логистика.  
Кредит №2
Фармациядағы "Логистика".  
  Барлығы  

Магистранттың оқытушымен бірге өзіндік жұмысы (ОМӨЖ)- оқу үрдісінің кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиісті, аудиториядан тыс магистранттың жетекшісімен бірге жұмысы. ОМӨЖ сағатына үй жұмыстарын, курстық жұмыс, семестрірлік және бақылау жұмысының, есеп берулердің және басқа да МӨЖ орындау үшін консультацияға уақыт бөлінген. ОМӨЖ-ын тренинг түрінде, шағын топтағы жұмыс түрінде, пікірталас түрінде, іскер және дидактикалық ойындармен, презентациялармен, жинақталған кейс түрінде жүргізуге болады .

Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ)- алдын ала белгіленген тақырытар бойынша өзіндік меңгеруге бағытталған оқу- әдістік құралмен және әдібиеттермен жабдықталған магистранттың аудиториядан тыс өзіндік жұмысы; тест түрінде, коллоквиум, реферат, есеп және басқа да бақылау түрлерімен тексеріледі.

Магистранттардың өзіндік жұмысына арналған тапсырма:Лекцияға, тәжірибелік сабаққа, МОБЖӨЖ, МӨЖ (тақырыптық жоспарға сәйкес) дайындық.

Консультация уақыты –кесте бойынша ОМӨЖ кезінде.

Аралық бақылау уақыты– кесте бойынша әрбір кредит соңында.

Қорытынды бақылау уақыты– ОҮжПЖБ бойынша көктемгі семестр соңында

МӨЖ – қалауы бойынша 2

Әдебиеттер.

Негізгі:

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов-
на-Дону: Феникс, 2001.

2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фирмы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и
статистика, 1999.

6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

9. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

Білім алушылардың білімін және дағдыларын бағалау әдістері.Әрбір деңгейдегі білімін бағалау деңгейлері мен шкалалары. (ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау).

Ағымдағы бақылау: тәжірибелік сабақ және МОБЖӨЖ кезінде жүзеге асады.

Мақсаты – теориялық материалды меңгергендігін жүйелік бақылау, теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолданып білу.

Магистрант тақырыптар бойынша рецептерді жазса, тесттік тапсырмаларды дұрыс орындаса, оқу үрдісіне белсенді қатысып, МӨЖ-ді қорғаған кезде балл жинайды.

1. Ағымдағы бақылау (тәжірибелік сабақ және ОМӨЖ) және аралық бақылау:

Тәжірибелік сабақ:

Орындау критерилері

- тәжірибелік сабаққа міндетті түрде қатысу

- тақырып бойынша негізгі сұрақтарды білу

- ауызша сұрастыру (магистрант сабаққа методикалық нұсқаулық бойынша сұратарға дайын болып келуге міндетті)

- өзіндік жұмыстарды орындау, тесттік тапсырмаларды шешу.

ОМӨЖ

Орындау критерилері

- МОБЖӨЖ бойынша сабаққа міндетті түрде қатысу

- көрсетілген жұмыстың барлық түрін толық орындау

МӨЖ

Әртүрлі МӨЖ-ді орындау критерилері МӨЖ бойынша әдістемелік нұсқайлықта толық баяндалған.

Реферат, назарлы презентация, кесте- схемаларды көрсету, эссе тапсыру және қорғау, сол тақырып оқылып жатқан фармакология бөліміне сәйкес аптадан кеш болмауы керек.

Баға критерилері:

Ең жоғарғы 100 балл

а) ауызша сұрастыру – максимальді 50 балл

- тақырыпты ауызша сұрастыруда, дұрыс және толық жауап бергенде– 40-50 балл

- тақырыпты талқылау мен сұрастыруда дұрыс, бірақ толық жауап болса – 30-40 балл

- толық емес жауап кейбір жетіспеушіліктермен– 20-30 балл

- тақырыптың негізгі кезендерін көрсететін толық емес жауап– 10-20 балл

- жауап жоқ – 0 балл

б) тесттік үлгідегі тапсырманы орындау – максимальді 50 балл

- 86-100 % - 20 балл

- 75-85% - 15 балл

- 50-74% - 10 балл

- меньше 50 % - 0 балл

2. МӨЖ (ең жоғарғы 100 балл)

Дәстүрлі баға Белгілері Балл
«5» МӨЖ-дің формасына сәйкес барлық талаптарды толық орындау 90-100 б.
«4» Болмашы қателер жіберіліп, тапсырмалар дұрыс орындалмаса 75-89 б.
«3» Болмашы қателер жіберіліп, тапсырмалар толық орындалмаса 50-74 б.
«2» Негізгі қателер жіберіліп, тапсырма орындалмаса, МӨЖ талаптарына сәйкес келмесе 0 – 49 б.

I=R x 0,6 + E x 0,4, мұнда

I – қорытынды баға

R – аралық өту бағасы (60%)

Е – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан ) – 40%

R= (t+r)/2, мұнда

t – ағымдағы бақылау

r – аралық бақылау

t – ТӘЖорт + СРМПорт + МӨЖорт

ТӘЖорт – тәжірибелік сабақтың орташа бағасы

СРМПорт – СРМП-нын орташа бағасы

МӨЖорт – МӨЖ-дің орташа бағасы

Магистрант емтиханға жіберіледі, егер R 50 немесе оданда көп болса.

Пән бойынша баллдық- рейтингті баға жүйесі

Әріптік жүйемен бағалау Баллдың цифрлі эквиваленті Пайыздық үлесі сәйкестігі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚСЫЗ

Емтихан –90 сұрақ 2 баллдан.

Ескерту:магистрант қорытынды бақылауға (емтиханға) егер семестр бойы жинаған балл көлемі 50% кем болмаған жағдайда ғана жіберіледі.

26.08.2006 жылғы ГОСО РК 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы білімін бақылау» негізінде білімге баға беру критерилері

1. Барлық бақылаудың түрлері бойынша оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысы және міндеттері өлшемдік ара –қатынасы бар, баллды- рейтингті әріпті жүйемен баға беру бойынша анықталады.

2. «Үздік» бағасы А бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мағынасы 95-100%; А-, сандық эквиваленті 3,67 және проценттік мағынасы 90-94% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты меңгергенін көрсетсе, қателіктер мен жетіспеушіліктер болмаса, бақылау және лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, сол бойынша есеп берсе, сонымен қатар ерекше ойлау қабілетілігін көрсетсе, уақтылы және қателіктерсіз коллоквиумдар мен үй жұмыстарын орындаса, ғылыми- зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді меңгеру кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен қолданса, әдістемеліқ ақпаратты өздігінен жүйелеген жағдайда қойылады.

3. «Жақсы» бағасы В+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мағынасы 85-89%; В, сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық мағынасы 80-84% және В-, сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мағынасы 75-79% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты 75%-дан кем емес меңгерсе, сонымен қатар жауап бергенде өрескел қателіктер жібермесе, бақылау және лабораториялық жұмыстарды уақтылы және оларды маңызды қателіктерсіз тапсырса, коллоквиумдар мен үй жұмысытарын маңызды қателіктерсіз, уақтылы және дұрыс орындаса, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданса, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысса, маңызды емес дәлсіздіктер немесе маңызды қателіктер жіберіліп, бірақ студенттің өзі жөндеген жағдайда, әдістемелік ақпаратты оқытушы көмегімен жүйелеген жағдайда қойылады.

4. «Қанағаттандырарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес, сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық мағынасы 70-74%; С, сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық мағынасы 65-69%; С-, сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық мағынасы 60-64%; Д+, сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мағынасы 55-59%; Д, сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық мағынасы 50-54% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты 50%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бақылау және үй жұмысын орындау кезінде оқытушы көмегіне мұқтаж болса, коллоквиум тапсыруда дәлсіздіктер мен маңызсыз қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы нұсқаған оқу әдебиеттерімен шектелсе, әдістемелік ақпаратты үлкен қиындықтармен жүйелеген жағдайда қойылады.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы Ғ бағасына сәйкес, сандық эквиваленті 0 және пайыздық мағынасы 0-49% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламамен қарастырылған негізгі ақпаратты меңгеруде олқылықтар байқаса, пән бағдарламасының жартысынан артығын меңгермесе, жауап беруде маңызды қателіктер жіберсе, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауда алдын-ала қаррастырылған формадағы жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламада алдын- ала қарастырлған негізгі әдебиеттердің барлығымен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Дәріс № 1

1. Тақырыбы: Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы мен ұстанымдары

2. Мақсаты:Магистранттар білуі керек: логистиканы ғылым ретінде, оның концепциялары мен негізгі конструктивті ұстанымдарын; қызметін, сонымен қатар логистиканың функционалды салаларын және олардың сипаттамасын.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Объект, пән, логистиканын негізгі түсініктері.

2. Логистиканың концепциясы мен ұстанымдары

3. Логистиканың қызметі және функционалдық салалары.

Логистиканың кең және тар мағыналы анықтамасы бар. Логистика кең мағынада- бұл алдына қойылған мақсатқа жету үшін белгілі бір микро-, мезо- немесе макроэкономикалық жүйеде материалдық ағымдарды, қызметтер ағымын және солармен байланысты ақпараттық және қаражаттық ағымдарды ұйымдастыру мен жетілдіру туралы ғылым.

Логистика(бизнес позициясынан )тар мағынада –бұл материалдық және сервистік ағымдармен, сонымен қатар оларға қосымша ақпараттық және қаржы қаражаттарын ұтымды (жалпы шығынды азайту мақсатында және соңғы тұтынушының тауар сапасы мен қызметіне сұраныстарын қанағаттандыру үшін көзделген) басқару арқылы бизнесті ұйымдастырудағы стратегиялық, тактикалық және оперативті мақсаттарға жетуге ынталандыратын менеджменттің интегралды құралы.

Логистиканы меңгеру объектісі - материалдық және сонымен ілеспелі қаржылық, ақпараттық ағымдар. Логистиканы меңгеру пәні - ғылым ретінде құбылыстар ағымын жетілдіру. Логистикалық подход жаңа ұғынулар объектін (ағым) ендіруді талап ететіндіктен, оның анықтамасын ұсынамын. Ағым – обьекттер мен көптеген элементтердің бір жылжымалы жүйеге келуін айтады. Олар сипатталады: жылдамдық, уақыт, траектория, жолдың ұзақтығы, интенсивтілігі. Логистика көп түрлі ағымдармен жұмыс істейді – материалдық (сонын ішінде ДЗ, ММҚ, МТ), транспорттық, қаржылық, энергетикалық, ақпараттық, адамдық. Сізге келесі ұғымдардың анықтамасын білу керек: материалдық ағым, логистикалық тізбек, логистикалық жол, логистикалық жүйе, макрологистика, мезологистика, микрологистика.

Материалдық ағым - бұл жүктер, тауарлар, оларға қосымша процесс ретінде логистикалық қатар (транспорттау, сақтау) және технологиялық операциялар қарастырылады.

Логистикалық жүйе– бұл әртүрлі логистика қызметін атқаратын, кері байланысқа бейімделген жүйе.

Логистикалық канал – бөлу каналы - бұл материалдық ағымды нақты өндірушіден, соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамассыз етететін, көптеген әртүрлі жекеленген делдалдар жиынтығы.

Логистикалық тізбек - бір логистикалық жүйеден екіншісіне сыртқы материалдық ағымды жеткізуші логистикалық операцияларды іске асыратын, логистикалық процесстін көптеген қатысушыларының сызықты тізбектелген қатары.

Макрологистика мемлекеттердің немесе аймақтардың түпкір-түпкірлерінде орналасқан өндірістік, тауарлық, транспорттық кәсіпорындардың материалдық ағымдарын басқару сұрақтарын шешеді. Микрологистика бір кәсіпорын шеңберіндегі локальды сұрақтарды шешеді. Бұл сұрақтарды келесі дәрістерде толық қарастырамыз.

Сонымен логистиканын негізгі мақсаты тұтынушыға тауарды қажет көлемде қажет уақытта материалды, қаржылық және еңбектің минимальды шығындармен жеткізу. Логистикалық қызметтің мақсаты 6 шартты орындауда:

1) қажетті тауар;

2) қажетті сападағы

3) қажетті көлемде

4) қажетті уақытта

5) қажетті жерге

6) минимальды шығындармен

Логистика концепциясы - материалдық және оған қосымша ақпараттық және қаржылық ағымдар қозғалысын тиімді рационализациялау және оптимизациялау арқылы экономикалық қызметті жетілдіруге бағытталған көзқарастар жүйесі. Логистика концепциясы кәсіпорынның барлық бөлімдерінің бірігіп, келісілген жүйелі түрде жұмыс жасаса ғана іске асады. Материалды ағымның негізгі конструктивті принципі жүйелілікке негізделген.

Логистиканың негізгі принциптері:

1. Бірлескен стратегиямен логистиканы байланстыру;

2. Материалды ағымдар қозғалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру;

3. Оны өңдеуде қазіргі заманғы технология мен керекті мағлұматтың түсіп тұруын қамтамассыз ету;

4. Адамдар ресурстарына тиімді басқаруға талпыну;

5. Қаржы көрсеткіші жүйесіндегі логистика кірістерін есептеу;

6. Табысты жоғарылату мақсатында логистиклық қызметтің оңтайлы деңгейін анықтау;

7. Логистикалық операцияларды рационалды өңдеу;

8. Логистикалық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау.

Логистиканың негізгі функциялары ретінде мамандар келесілерді ерекшелейді:

1. тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандарттарға бағыну;

2. сатып алуларды басқару;

3. транспорттау;

4. қорларды басқару;

5. тапсырыс беруді басқару;

6. өндірістік процедураларды басқару;

7. баға түзу;

8. физикалық бөлу және т.б.

Логистиканың жақтаушы(қосымша) функциясына әдетте жатады:

1. қоймаларда сақтау;

2. жүк тасмалдау;

3. қорғаныш бума;

4. тауардың қайтарылуын қамтамассыз ету;

5. сервистік қызмет және артық бөліктермен қамтамассыз ету;

6. қайтарылған қалдықтардың жиынтығы;

7. ақпараттық- компьютерлік қамсыздандыру.

Логистиканың функционалды салалары:

1. сатып алу

2. өндірістік

3. бөлу

4. транспорттық

5. ақпараттық

6. логистикадағы қор өндіріс, айналыс және қолданыс арасындағы буфер сияқты

7. сервистік

4. Көрсетпе құрал:мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқасы(магистрант кафедрадан алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

2. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

3. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и
статистика, 1999.

4. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

5. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

6. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

7. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Логистикаға анықтама беріңіз.

2. Логистиканың объекті, пәні және мақсаты не болып табылады?

3. Материалдық ағым деген не?

4. Логистиканың қызметі мен функцияналды салалары қандай?

5. Логистиканың концепциясын атаңыз.

6. Логистиканың негізгі принциптерін атаңыз.

Дәріс №2

1. Тақырыбы:Логистикалық жүйе, орталықтары. Мекемедегі логистиканы ұйымдастыру.

2. Мақсаты:Ұйымдарда логистиканы ұйымдастыру мен элементтердің ұйымдасқан жиыны ретінде студенттерді логистикалық жүйемен таныстыру.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Логистикалық жүйе, оның қасиеттері.

2. Логистикалық тізбек және логистикалық шығындар.

3. Ұйымдарда логистиканы ұйымдастыру.

Бұл жүйе оның элементтерін құрайтын және бөліктеріне тән емес қасиеті бар бір бірімен ұйымдасқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Жүйенің қасиеті:

1. тұтастық және бөлінгіштік;

2. элементтер арасында байланыстың болуы;

3. ұйымдасушылық;

4. интегративтілік.

Объектіні жүйе ретінде қарастыру үшін жүйелік түрде қарастыруды қолданады. Бұл ретте жүйенің ішкі және сыртқы орташа ажыратады. Сондай-ақ кіру және шығу деп бөлінеді. Логистикалық жүйенің элементтеріне: көлік ұйымдары, қоймалар, көтерме және бөлшек сауда ұйымдары, қайта тиеу және тасмалдау техникасы және т.б. Жалпы логистикалық жүйенің элементтерін макро- және микро деңгейде қарастыруға болады. Білікті қызметкер жеке элементтер арасында байланысты қамтамассыз етеді. Сондықтан макро деңгейде байланыстың негізін келісім шарт құрайды, ал микро деңгейде элементтер ұйым ішіндегі қарым- қатынас байланыстырады.Элеметтер арасында байланыс азды көпті реттелген.

Логистикалық жүйе-сол немесе басқа қызметті орындайтын кері байланысы бар адаптивті жүйе. Логистикалық жүйенің мақсаты – тапсырылған орынға, қажетті мөлшерде және қажетті ассортиментте белгіленген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке қолдануға максимальды мүмкіндік деңгейінде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды жеткізіп беру. Логистикалық жүйелерді макро- және микрологистикалық деп бөлінеді.

Макрологистикалық жүйе — аймақтың әртүрлі өңірлерінде немесе әртүрлі мемлекеттерде орналасқан әртүрлі ведомствалық сауда және транспорттық, делдалдық ұйымдарды, өнеркәсіптік ұйымдар мен мекемелерді қамтитын материалды ағымды басқаратын ірі жүйе.

Микрологистикалық жүйе – макрологистикалық жүйе құрылымын құрайтын қосалқы жүйе болып табылады. Оларға әртүрлі өндірістік және сауда ұйымдары, аймақтық- өндірістік кешендер жатады. Бұл жүйелер құрамына біртұтас инфрақұрылыммен біріккен технологиялық байланысты өндірістер кіретін өндіріс-ішілік логистикалық жүйелер классы болып табылады.

Логистикалық жүйелерді басқару- материалды, финанстық және ресурстарды тиімсіз жоғалтудың алдын-алу мақсатында жеке байланысқан элементтерін бизнестің интегрирленген процесіне енгізілуіне негізделген. Логистикалық жүйенің төрт негізгі қасиетін ажыратады.

1. Тұтастық пен жекешелік қасиет.

2. Байланыстық қасиет.

1. Ұйымдасушылық қасиет..

2. Интегративтілік қасиет.

Макрологистикалық жүйелер мемлекет, мемлекет аралық, аймақ аралық, мемлекет аралық байланыстар деңгейінде құралады. Микрологистикалық жүйелер мекемелер, ұйымдар деңгейінде құрылып, макрологистикалық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде қызмет етеді. Логистикалық тізбек және логистикалық шығындар. Логистикалық жүйе деп материалдық ағымдық шикізат көздерінен бастап дайын өнімді тұтынғанда дейінгі өту этаптарының бірізділігі. Логистикалық тізбектің негзгі звеносына кіреді: жартылай дайындалған өнімді; материалдарды; шикізатты жеткізу; шикізатты және өнімді сақтау, тауарларды шығару; дайын өнім қоймасынан тұтынушыларға тауарларды жөнелту т.б.

Материалды ағымның алға жылжуы бойынша әр операцияға белгілі бір шығындар сәйкес келеді, ол логистикалық тізбектің нақтылы бір звеносын– мекеме алып жүреді. Бұл шығындар логистика саласына жататындықтан, оларды логистикалық шығындар деп айтайды. Олар мына салаларға шығынын қосады:

1. Жүктеп-жүкті түсіретін аперациялар;

2. Жүктерді тасымалдайтын және жүкті экспедициялау;

3. Жүкті сақтау;

4. Жүк туралы ақпараттар беру, сақтау және жинақтау;

5. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы есеп;

6. Жүкті сақтандыру;

7. Жүкті кедендік өңдеу және т.б.

Логистикалық шығындар көлемі қызмет көрсету саласына байланысты: өндірісте – тауарды өндіру мен өндірістегі суммалық шығындардың10 - 15 %; саудада - 25 % жоғара.

Логистиканың негізгі мақсаты материалды ағымды шикізаттың бірінші көзінен бастап, соңғы тұтынушыға жеткізгенге дейінгі кететін шығынды төмендету болып табалады. Өндіріс шығынын есептеу жүйесі мен жолдауы логистика қызметін қолдану үрдісінде пайда болатыншығындарды бөлу керек, ең мағызды шығындар туралы және олардың бір-бірімен байланысының сипаты туралы мәліметті құру.

Мекемеде логистиканы ұйымдастыру.Логистикалық жүйені пайдалану барлық операцияларды біртұтас қызмет ретінде басқаруды қарастырады. Ол үшін, тапсырыстардың келісім- шарттарын қалыптастырудан бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгенге дейін материалдық ағымды басқаратын, арнайы логистикалық қызметті ұйымдастыру керек: Жоспарлау және бақылау— дайын өнімді шығаруды жоспарлау, транспорттық процесстерді жоспарлау, қойма жүйесін жоспарлау, қаржыны бақылау, ақпараттық жүйе;

1. Операцияларды басқару — қоймаларда, транспортта, өндірістік процессте қызмет көрсету шараларында;

2. Қорларды басқару — сұранысты болжау, шикізат қорын, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдер басқару мен бақылау; ыдыстар мен қаптау құралдарын таңдау және т.б.

Логистикалық қызмет бөлім ретінде немесе бір адам ретінде келесі қызметтерді орындау керек:

1. Дайын өнімді шығаруда жіктелген кестемен бірге оперативті- күнтізбелік жоспарлау;

2. Өндірістегі технологиялық процесстерді оперативті басқару;

3. Сапаны жалпы бақылау, сәйкес қызмет пен тауарлардың сапа стандарттарын ұстану;

4. Материалдық ресурстардың жеткізілуін стратегиялық және оперативті жоспарлау;

5. Өндіріс ішілік қор қызметін ұйымдастыру;

6. Өндірістегі шығындарды болжау, жоспарлау және нормалау;

7. Өндіріс ішілік технологиялық транспорт жұмысын ұйымдастыру;

8. Барлық өндіріс ішілік қор жүйесіндегі және өндірістегі технологиялық процесстердегі қорларды басқару және бақылау;

9. Өндіріс ішілік материалдық ресурстарды және дайын өнімдерді физикалық тарату;

10. Өндіріс ішілік материалдық ағымдардағы процесстерді ақпараттық және технологиялық қамтамассыздандыру;

11. Өндірістегі материалдық ағымдарды басқарудағы автоматтандыру мен компьютерлендіру.

4. Көрсетпе құрал:мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқасы(магистрант кафедрадан алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

2. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

3. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фирмы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

4. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

5. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

6. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

7. Джонсон Дж.С.