Фарадей эффектісі

Кейбір изотропты заттарды күшті магнит өрісінде орналастырғанда, олар жарықтың тербеліс жазықтығын бұрады. Бұл құбылыс Фарадей эффектісі деп аталады. Бұрылу бұрышы жарық сәулесінің затта жүрген жолына және сыртқы магнит өрісінің кернеулігіне пропорционал болады:

мұндағы: - Верде тұрақтысы немесе меншікті магниттік айналу деп атайды.

 

Жарықтың дисперсиясы

Сыну көрсеткішінің жарықтың толқын ұзындығына (тербеліс жиілігіне, фазалық жылдамдығына) тәуелділігін жарықтың дисперсиясы деп атайды.

Көрінетін жарық келесі түстерден тұрады:

1. Қызыл – 760 нм

2. Қызғылт

3. Сары

4. Жасыл

5. Көгілдір

6. Көк

7. Күлгін-380 нм

Дисперсияның екі түрі белгілі:

1) Қалыпты дисперсия (нормаль);

2) Қалыпсыз дисперсия (аномаль).

1) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы кемігенде сыну көрсеткіші артатын болса, онда дисперсияны қалыпты деп атайды.

2) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы кемігенде сыну көрсеткіші кемісе, онда дисперсияны аномаль деп аталады.

Төмендегі суреттерде нормаль және аномаль дисперсиялардың графиктері көрсетілген.

Нормаль дисперсия Аномаль дисперсия