Керр эффектісі

Кейбір сұйықтар мен аморфты қатты денелерді күшті электр өрісіне орналастырғанда, олар жарықты қосарландырып сындырады. Бұл құбылыс Керр эффектісі деп аталады. Алынатын және сыну көрсеткіштерінің айырмасы электр өрісінің кернеулігінің квадратына тура пропорционал болады.

мұндағы: - электр өрісінің кернеулігі, - заттың қасиеттеріне тәуелді пропорционалдық коэффициент.

Екі сәуленің жүрген жолдарының оптикалық айырмасы .

Екі сәуленің фазаларының айырмасы ,

мұндағы: Керр тұрақтысы деп аталады.

Жарықтың поляризация жазықтығының бұрылуы

Кейбір сұйықтарға, қатты денелерге жазық поляризацияланған жарық түскенде өткінші жарықтың поляризация жазықтығы белгілі бір бұрышқа бұрылады. Бұндай заттарды оптикалық актив заттар деп атайды.

Жарық кристалл заттардың оптикалық осі бойымен таралғанда поляризация жазықтығы үлкен бұрыштарға бұрылады. Бұрылу бұрышы жарық сәулесінің кристалда жүрген жолына пропорционал болады:

мұндағы: - бұрылу тұрақтысы.

Сұйық қоспаларда бұрылу бұрышы жарық сәулесінің сұйықта жүрген жолына және қоспадағы актив заттың концентрациясына пропорционал болады:

мұндағы: - қоспадағы актив заттың концентрациясы, - меншікті бұрылу тұрақтысы.