Интерферометрлер

Жұмыс істеу принциптері жарық интерференциясына негізделген оптикалық құралдарды интерферометрлер деп атайды. Интерферометрлердің көмегімен түскен жарықтың толқын ұзындығын, кейбір беттердің тегістігін, заттардың сыну көрсеткішін, жарық спектрінің құрамын және т.б. шамаларды өлшеуге болады.

 

Жарықтың дифракциясы

Жарықтың толқындық қасиеті көрінетін құбылыстардың біріне жарықтың дифракциясы жатады. Жарық толқындары оптикалық біртексіз ортада таралғанда байқалатын және геометриялық оптиканың заңдылықтарынан ауытқумен жүретін құбылыстардың жиынтығын дифракция деп атайды. Жеке жағдайда жарықтың дифракциясы деп жарық толқындарының жолында кездесетін бөгеттерді айналып өтуін айтады. Жарықтың дифракциясы байқалуы үшін жарық жолындағы бөгеттердің өлшемдері жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болуы ( ) керек.

Дифракцияның екі түрі кездеседі:

1. Тоғысатын немесе шашырайтын сәулелер дифракциясы, яғни Френель дифракциясы;

2. Параллель сәулелер дифракциясы, яғни Фраунгофер дифракциясы.