Тапсырма.
1. Топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (6 кесте);
2. Жыныстар коллекциясымен және анықтағышпен танысу, кесте қолданып қасиеттерін сипаттау.
3. Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.
Қажетті құралдар мен материалдар:Топырақ түзуші минералдар коллекциясы .
Тапсырмаға түсініктеме.Топырақ түзуші жыныстар классификациясы құралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:
· біртекті (шығу тегі және механикалық құрамы бір);
· қостекті (2 қабаттан құралған);
· көптекті (шығу тегі және механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық қабаттан құралған);
Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі өнбойымен ылғалдың жылжуына және қабаттарға бөлінуіне көп әсер етеді. Біртекті жыныстарда ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.
Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:
· карбонатты (HCl-нан қайнайды);
· лезде еритін тұздармен қаныққан;
· гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);
· глейленген (өте ылғалды, байланысты, көк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);
· карбонатсыз (HCl-нан қайнамайды).
Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тастық) шығу тегіне қарай сипатталуын алтыншы кестеден қараңыз.
6-Кесте -Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш
Пайда болу жолы | Жынысқа тән ерекшіліктері | Таралуы және топырақ қасиеттеріне әсері |
Аллювий | ||
Өзен шөгінділері (жиындылары) | Минерал түйіршіктер жақсы жұмырланған, қабаттары айқын байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі өзен ағысының жылдамдығына байланысты. Өзен арнасының төменгі жағында жоғарыға қарағанда бөлшектер ұсақ келеді. Жайылым аллювиі ұсақтау-балшықты, құмбалшықты; арна жағасы аллювиі-құмды; арна аллювиі қиыршықтасты-құмды және құмды. | Жағалау топырақтары құмды аллювий қоректік элементтер аз, тұщы, эрозияға ұшыраған. Аллювиалды сазды шөгінділер органикалық заттарға, қоректік элементтерге бай. Топырағы ащыланбаған жағдайда құнарлылығы жақсы. |
Делювий | ||
Бұзылу заттары уақытша пайда болған ағыстармен орын ауыстырған | Сәл ғана байқалатын қабаттылық беткейге параллель, материалдың жіктелуі байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі көбінесе құмбалшық делювий құрамы күрделі және әртүрлі. Ол бастапқы жыныстардың сипатымен тығыз байланысты | Су айыру беткейінің төменгі жағын жауып тұрады. Делювий топырағы тұзды болмаса құнарлылығы біршама жақсы. |
Эллювий | ||
Бұзылу заттары ешқайда жылжымай сол орнында қалған | Құрамы бастапқы жыныс құрамына байланысты. Негізгі жыныстар эллювиі әрқашан қиыршық тасты жіктелуі нашар. Бос жыныстардың эллювиінің механикалық құрамы біртектес болып келеді. | Су айрықтарында кездеседі. Негізгі жыныстар эллювиі беріктілігі нашар, қиыршық тасты, тұзды емес, эрозияға ұшыраған. |
6- кестенің жалғасы
Морендік | ||
Сынық материалдар, мұз көшкінімен орын ауыстырған | Балшықтан, құмнан, қиыршықтастан, қойтастан құралған материал механикалық құрамы әртүрлі-әртекті. Жиі қойтасты құмды құмбалшықтармен балшықтар кездеседі. Қойтастар саны, олардың көлемі және құрамы арқылы карбонатты және карбонатсыз морендер деп ажыратады. | Бір кезде мұз астында болған жерлерде кең таралған. Ауыр қойтасты балшықты және құмбалшықты морен шөгінділерінде қойтастылығы және батпақтылығы жоғары топырақтар түзіледі. Жыныстарда карбонаттардың болмауы топырақ қасиеттеріне жағымсыз әсер етеді, топырақ күлгінденеді. Жеңіл құмды карбонатсыз морендерде жетілген топырақтың қоректік элементтері өте аз. Карбонатты морендерде түзілген топырақ құнарлы болады. |
Флювиогляциальдік | ||
Мұздың еріген суларымен орын ауыстырып қайта шөккен | Жіктелуі жақсы және қабатты. Негізінен карбонатсыз құмды және құмды малтатасты түрлер басым. Мұз шетінде малтатастар және ірі түйіршікті құмдар, құмдақтар жиналған одан ары шаң балшық бөлшектер қалған. | Түзілген топырақтар құнары төмен, гумус және қоректік элементтер аз, ылғал сиымдылығы нашар. Флювиогляциальдік үйінділердің беткі қалыңында құмбалшықтар мен балшықтар болуы жыныс түптерінде судың жылжымай тұрып қалуын тудырады. |
Мұзды – көлдер шөгіндісі | ||
Көл – мұздар шөгінділерінде қабаттылық лента тәріздес балшық түрінде орналасқан. Қысты күні шөккен қара қошқыл жіңішке балшықты тұздар жазда шөккен ақшыл құм қабаттарымен алмасып отырады. | Көбінесе ылғалдылығы жоғары батпақты топырақ түзіледі |
6- кестенің жалғасы
Лесстар | ||
Генезисі әрқылы | Қуаңсары немесе қоңыр-қуаңсары, карбонаттық ірі шаң құм балшық, механикалық құрамы біртекті, 50% және жоғары ірі шаң бөлшектердең құралған (0,05-0,01мм) бірігуі кеуекті жақсы микроқұрылысты, су өткізгіштігі жақсы. Жыныс өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы. | Шығыс Европада және Солтүстік Қазақстанда кең таралған |
Лесстектес | ||
Жабын құмбалшықтар | Лесстарға ұқсас жыныс, қоңыр- сары біртекті, айырмашылығы механикалық құрамы әрқилы: ауыр-, орташа- және жеңіл құмбалшықты; карбонаттығы аздау, микроагрегаттар мен кеуектілігі сәл ғана дамыған. | Белоруссияда, Россияның орталық қара топырақты зонасында, жазық далалы жерлерде, батыс сибирде кең таралған, құнарлы топырақ түзілуге қолайлы |
Көлдер шөгіндісі | ||
Көлдер қоймасының шөгіндісі | Материал жақсы жіктелген, глейленуі бар. Механикалық құрамы әртекті: балшықты, құмбалшықты, құмдақ, құмды, малтатасты. Көл лайы түрінде болуы мүмкін және мергел сапропель түрінде органикалық қабаттар жиі байқалады. | Тұщы көлдер шөгінділерінде қоректік элементтерге біршама бай топырақ түзіледі, бірақ жер асты суларының жақын жатуына байланысты тез лайланады ащыланған көл шөгінділеріне сортаң топырақ түзіледі. |
Теңіздік шөгінділер | ||
Теңіз шөгінділері | Шөгінділердің жіктелуі өте жақсы, тым ащы, анық глейленген, қабаттылық және теңіз жануарларының қалдықтары байқалады. Жағалауда құмдар басым, малтатас шөгінділерінің кездесуі де сирек емес, жағалаудан ұзаған аймақта балшықты. | Кездесуі: солтүстік теңіз жағалауларында алдыңғы Каспий ойпатының территориясында үштік дәуір балшығы түрінде таралған, физика механикалық қасиеттері нашар. Теңіз шөгінділерінде сортаңдау топырақ түзіледі. |
6-кестенің жалғасы
Эолдық шөгінділер | ||
Желмен жиналған | Жақсы жіктелуі, нашар жұмырлануымен сипатталады. Бұларға төбе, сусыма құм, шағыл түріндегі құм үйінділері немесе шаң және балшық жиындылар жатады. | Эолдық құмдар Дон, Днепр қоймасында, алдыңғы Каспий ойпатында және Орта Азияда кездеседі. Эолды жиындылардың қоректік элементтері өте аз, эрозияға қатты ұшыраған, бұларды ағаш отырғызуға, бақша дақылдарын отырғызуға, жайылымға, шөп шабуға қолданады |
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай жыныстар топырақ түзуші деп аталады? Олардың классификациясына не негіз болады?
2. Олар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді, олардың химиялық құрамы құралуы?
3. Аллювиальды, эолды, элювиальды жыныстардың негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Топырақ дамуына қандай жыныстар қолайлы, неліктен?
5. Қазақстанда кездесетін негізгі топырақ түзуші жыныстарды атап беріңіздер.
II ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНЕ ӘСЕРІ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың морфологиялық белгілерімен танысу.