Холеграфия

(өт қабы мен өт шығару жолдарын рентгенологиялық зерттеу).

Көк тамырға контрасты затты салғаннан кейін жүргізіледі (билигност, эндографин, билиграфин).

Мақсаты: өт қабы ауруын анықтау.

Қарсы көрсеткіш: бауырдың ауыр зақымдануы, дене қызуының көтерілуімен болатын бауырдың жедел қабыну аурулары.

 

І-Процедураға дайындық:

1.Науқасқа түсіндіру

2.1-2 күн бұрын контраст зат сезімталдығын анықтау үшін сынақ жүргізіледі. Теріс нәтиже болғанда-дайындықты жүргізеді.Ең қарапайым әдіс – калий йодін 1 ас қасық 3 рет ішу, бөртпе, қышыма т.б аллергиялық реакция пайда болады.

3.Кешке тазалау клизмасы.

ІІ-Процедураны орындау:

1.Таңертең аш қарынға рентген кабинетке көк тамырға контраст керекті мөлшерде және 37ºС-на дейін жылытып 5-8 минут ішінде жәймендеп жібереді.Пациент горизонтальді қалыпта болады. Контраст зат дозасы мен атауын дәрігер-рентгенолог анықтайды.

2.Рентген түсіру 15 мин.кейін жүргізіледі.

ІІІ-Процедураны аяқтау:

1.Науқасқа рентген қорытындысын (снимок) емдеуші дәрігерге апарып беру керек. Стационарда науқасты палатасына әкеліп бақылап, тыныштандыру керек.

 

Науқасты рентгенологиялық тәсілмен зерттеуге дайындау.

Өңешті, асқазанды және он екі елі ішекті (ұлтабарды) рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау.

Мақсаты: өңеш, асқазан және он екі елі (ұлтабар) ауруын анықтау

Қарсы көрсеткіш:жарадан қан кету.

1. Науқасқа зерттеу мақсатын түсіндіру.

2. Науқасқа 2-3 күн диетаны ерекше сақтауы қажет екенін түсіндір (әсіресе ішіне жел жиналған болса) қара нан, сүт, көкөніс тамақтарын қолдануға болмайтынын ескертіңіз.

3. Зерттеу ашқарынға жаасалатынын, зерттеуге барарда оған тамақ жеуге, су ішуге болмайтынын, ал зерттеу қарсаңында науқасты ең соңғы тамақ ішу уақыты кешке 19 сағаттан кеш болмауы керек екенін хабарла.

4. Науқастың іш қатпа ауруы болса, оған зерттеу қарсаңында кешкісін және таңертең зерттеуден екі сағат бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.

5. Науқасты таңертең аш қарында рентген кабинетіне ауру тарихымен апару (дәрі қабылдауға, темекі тартуға тиым салыңыз).

Холецистография- өт қабы мен өт жолының формасын, қалпын, қызметін, сондай-ақ ішке контрасты заттарды ендіру және одан кейін рентгенге түсіру жолымен өт қабында тастың барын зерттеп білу. Науқасты зерттеуге дайындау кезінде құрамында йоды бар контраст заттар (холевид, билитраст, билигност) қолданылады.

Мақсаты:өт қабы және жолдары ауруларын анықтау.

Қарсы көрсеткіш: бауырдың ауыр зақымдануы, жедел бауыр қабыну.

Науқасты дайындау:

1. Науқас зерттеуден 2-3 күн бұрын қалдықсыз диетаны №4 сақтау керек

2. Зерттеудің қарсаңында кешкі тамақ 18 сағаттан кеш болуы керек.

3. кешкісін және таңертең зерттеуге 1-2 сағат қалғанда тазалау клизмасын жасаңыз.

4. Науқас кешкісін сағат 22-де контрасты препаратты 1 сағаттың ішінде 1 таблеткадан тәтті шәймен әрбір 10 минут сайын бөліп ішіп қабылдайды.

5. Науқасқа зерттеудің таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескерт.

6. Науқасты таңертең аш қарында рентген кабинетіне ауру тарихымен апар (200гр қаймақ немесе 2 жұмыртқа).

 

Урография-бүйрек және зәр шығару жолдарын рентгенмен зерттеу. Зерттеу үшін контрасты құрамында йод бар заттар: сергозин, уротраст, триотраст, верогност т.б қолданылады.

Науқастың дайындау негізгі мақсаты-рентген зерттеудің сапалы шығуы үшін науқасқа толық, сапалы тазалау клизмасын жасау.

Мақсаты:бүйректің және зәр шығаратын жолдардың орнын, көлемін, ісігін, анықтау.

Науқасты дайындау:

1. Науқасты 2-3 күн диетаны ерекше сақтауы қажет екенін түсіндір (әсіресе, ішіне жел жинағыш болса) қара нан, сүт, көкөніс тамақтарын қолдануға болмайтынын ескертіңіз.

2. Зерттеу қарсаңында кешкісін таңертеңгілік тазалу клизмасын жасау керек.

3. Егер науқаста іш кебу болса дәрігердің тағайындауымен күніне 4 рет 1 таблеткадан карболен беріледі.

4. Зерттеу қарсаңында күннің екінші жартысында сұйықтықты қабылдауды шектеу керек.

5. Зерттеу күні контрасты заттарға сезімталдығын көк тамырға 1-2 мл препаратты енгізіп тексеріңіз.

6. Зерттеу алдында қуықты босатыңыз яғни науқас кіші дәретке отыруы керек.

7. Егер қарсы көрсеткіш жоқ болса науқасқа рентген кабинетінде контрасты заттарды жіберіледі.

 

АСҚАЗАН ЖӘНЕ ОН ЕКІ ЕЛІІШЕКТІ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу - бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: днагностнкалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функңиональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, наукастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алда түрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ раңионынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.

Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

НАУҚАСТЫ ИРРИГОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу - бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің эртүрлі бөлімдерінің орналасуы, үзындыгы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бүзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабыгындагы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстагы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолгапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, 1:36-37°С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дэрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу эдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).

Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.

2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тагамдарды тамақ раңионынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалганда оган мол сүйықтықты қамтамасыз етіңіз.

5. Дәрігердін тагайындауы бойынша науқаска ферментативті препараттарды беріңіз.

6. Күндіз 12 сагатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

7. 18 сагаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

8. Кеште зерттеу қарсанында (20 жэне 22 сагатта) науқасқа 2 жогаргы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сагат «таза су» эсерлігіне дейін 2 сагат аралыгында.

9. Тәнертен зерттеуге дейін 2 сагат қалганда науқасқа 1 сагат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.

10.Зерттеуге дейін 3 сагат қалганда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.

11.Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.

 

7.1. Тақырыбы №29Эндоскопиялық зерттеу әдістері.

 

НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету,

өңеш, асказан жэне он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зертгеуге

жолдаманы.

ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызмегін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын жэне мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға откізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дэрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге жэне түкірігін жүтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жүту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сүраңыз. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту:

- т/а премедикаңия жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.

 

НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жогары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабыгын қарау.

Дайындаңыз: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылган суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолгаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.

Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауга келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нэтижесі дүрыс шықпайды).

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынга өткізілетінін хабарлаңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тагайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тагайындалады (фортранс схемага сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмагына, бүл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке карай немесе бірдей болікке боліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңгы препарат емшара алдында 3-4 сагат бүрын қабылданады.

7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сагат бүрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

9. Белгіленген сагатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шыгарып салыңыз.

 

Ескерту: жуан ішекті нэжістен, сүйықтықтан жэне сілемей сүйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дүрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.

 

РЕКТОРОМАНОСКОПИЯҒА НАУҚАСТЫ ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік жэне сигма тэрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық жэне цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жагынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолгапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы жэне зиянсыздыгы туралы эңгіме жүргізіңіз.

2. Таңертең ашқарынга зерттеу откізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сагат 6-да (тольщ- кружка) жэне зерттеуге дейін 2 сагат бүрын (толмаган кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

4. Түп-тура зерттеу алдында науқастың қуыгын босатуын сүраңыз.

5. Науқасты манипуляңиялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

6. Науқасты палатага апарып, бақылауды жэне тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 

Ескерту:

- ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;

- ішектегі жедел қабыну процесі басылган соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

- егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

- науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сагаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиги түрін біршама уақытқа өзгертеді.

 

НАУҚАСТЫ ЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету;

диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабыгын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз

ісік жэне түймешікті алып тастау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган: цистоскопты, жыныс мүшесін

жуындыруға және тазарту клизмасын қоюга арналган қүрал-жабдықтарды.

Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады

Іс-әрікет алгоритмі:

1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зерттеуді ашқарынга жасаңыз.

3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймагын мүқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сагат бүрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. Түп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуыгын босатуды үсыныңыз.

6. Белгіленген сагатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.

7. Зерттеуден кейін науқасты палатага дейін ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін 2 сагат бойы төсек тәртібін

 

7.1. Тақырыбы №30 Ультрадыбысты, радиоизотопты, ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері.

 

НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЬІҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) жэне бүйрек

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы жэне бүйрек мүшелерінің

аурулары.

Дайындаңыз: дэрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.

Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике

науқасты дайындайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рүқсатын алыңыз.

2. Дайындау ережесін бүзыуының.

3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

5. Науқас зерттеу қарсынында дэрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ак жайманы алады.

10.УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

11.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты

безі, жатыр қосалқылары):

- науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

- 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;

- зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз.

 

Магниттік-резонанстықтомография (magneticresonanceimaging, MRI), магниттік-резонанстыңкөмегіменбейнелердікомпьютерлікжолменжасау.

Зияндыболуқаупібартентгендікжәнегамма-сәулелердіпайдаланбай-ақмагниттік-резонанстыңкөмегіменалынғанқұрылымдықжәнебиохимиялықақпаратмедициналықпатологияларғадиагнозқоюдақұндылығыөтежоғары. Бұлтехнологияісіктердіанықтаужәнетаратпауүшін, жұмсақұлпалардантұратынмидың, жүректіңжәнебасқаағзалардыңсуретінтүсіруүшінбағажетпесқұрал. Дегенменбұлтүсірілімдітүсірубарысындапациенткеыңғайсыздықтудыратынжіңішкетрубадақозғалыссызжатуыкерек.

Атыаталғанбұләдістіңтағыбіркемшілігімедицинадасуреттердітүсіретінбасқааппараттүрлеріменсалыстырғандабұлқұралдасканерлеугеұзақуақыткетеді, бұлөзкезегіндеұлпалыққысқаруғасезімталболғандықтан, көкірекқуысыннемесеасқазандысканерлеугежарамсызетеді. БірақMRIтехнологиясыныңартықшылығыбасқатехнологияларғақарағандасауменауруұлпалардыңайырмашылығыменқарама-қарсылығынжоғарыдәрежедеалаалғандықтанмедициналықдиагнозқоюдатаптырмайтынқұралболыпсаналады.

Компьютерлік жәнеМагниттік-резонанстықтомографияорталығыҚазақстанРеспубликасындағыеңжетілдірілгенКТжәнеМРТаппаратурасынаие. КТжәнеМРТорталығыныңбасымбағыттарыәрқашандааурулардыертеанықтаужәнедәлдепанықтайтынмаманданғандиагноздауболдыжәне болыпқалабермек. Бөлімшеде өзмамандығынжетікмеңгерген, тәжірибесімол мамандар, алысжәнежақыншетелдердеәлденешеретбілімінжетілдіруденөткенмедицинағылымдарыныңкандидаттары, жоғарғыкатегориялыдәрігерлержұмысістейді.

· Магниттік- резонанстық томография

· Компьютерлік томография (КТ)

· Жүректің тамырларын тексеретін мультиспиральды компьютерлік томография.(МСКТ – коронарография).

Бұл аппарат әртүрлі паталогиялық жағдайлардағы, ауру дамуының алғашқы кезеңдеріндегі болмашы анатомиялық-құрылымдық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін жоғары шешімдік әлеуетке ие. МРТ-ны қолдану аймақтары іс жүзінде адам ағзасының барлық жерлерін қамтиды. МРТ- қазіргі таңда барлық диагностика жасаулардың ішіндегі клиникалық іс-тәжірибеге мықтап енген заманауи әдістердің бірі. МРТ диагноз жасаудың инвазинді емес (ағзаға араласпайтын) және тиімді, жоғары шешімге ие әдісі.

· Компьютерлік томография (КТ)64 бұрандалыSomatom Definition AS (Siemens) компьютерлік томографиясында – қарапайым талдаудан бастап, күрделі ангиографиялық зерттеулерді де, соның ішінде коронарографияны да жүргізетін, қаладағы осындай бірден-бір аппарат арқылы орындалады. КТ – нысанды рентген сәулесінің жіңішке шоғы арқылы айналдыра сканерлеу жолымен алынған суретті компьютерлік қайта құрылымдауға негізделген көп қатпарлы рентгенологиялық зерттеу. Бастапқы суреттер алынған соң, олар жұмысшы станцияда өңделеді, бұл кез-келген қажетті кеңістіктегі бейнелерді алуға және неғұрлым дәл және сенімді ақпарат үшін күрделі компьютерлік қайта құрылымдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

· Бас миының мултиспиралды компьютерлік томографиясы (МСКТ);

· Кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас жасушаларының МСКТ;

· Сүйектік-буындық жүйенің МСКТ;

· МСКТ-ангиография, МСКТ, соның ішінде коронарлық тамырлардың үлгілеуге және үш өлшемде қайта құрылымдауға мүмкіндік беретін зерттелуі;

· Автоматикалық инжекторды пайдалану арқылы ішкі мүшелерді болюстық зерттеудің толық ауқымы;

· МСКТ-ның бақылауы арқылы пункциялар және биопсиялар жасау;

· Бас миының диффузиялық-сараптамалық зерттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар МРТ томографиясы;

· Омыртқаның және жұлынның МРТ (кешенді зерттеу мен миемографияны қоса алғанда); сүйектік-буындық (иықтық, тізелік, құйыршықтық-жамбастық буындардың, қолдың саусақтарының, табандардың және т.с.с.) жүйенің МРТ;

· Жұмсақ талшықтардың МРТ;

· Ішкі қабырғалардың МРТ;

· Құрсақ қуысы мен құрсақ арты органдарының МРТ;

· Кіші құйыршық ауданы органдарының МРТ;

· Сүт бездерінің МРТ;

· МР-ангиография (контрастысыз және венаның ішіне контрастылық препараттарын енгізу арқылы);

· Құрсақ қуысы мен құрсақ арты кеңістігі органдарының МРТ;

· МР – холангиография;

· МР – урография;

· Қан тамырлық және болюстық зерттеулер жүргізу үшін инжекторды пайдалану арқылы МРТ зерттеу.

· Контрастылы заттарды венаға енгізу арқылы зерттеулер жүргізген кезде әлемдегі жетекші өндірушілердің гипоаллергендік дәрі-дәрмектері қолданылады. Толық көлемде зерттеуден өту және қызықтыратын сала бойынша қорытынды алу үшін өзерттеудің осы түрін алдын ала болжам түріндегі диагнозбен ұсынған дәрігердің жолдамасын алуы керек. КТ және МРТ тексерілуге жолданған пациенттермен қысқаша әңгіме өткізіледі, соның барысында зерттеу жүргізудің барлық ерекшеліктері түсіндіріледі.

· Венаішілік контрастылық күшейту арқылы компьютерлік томография өткізуге ерікті ақпараттық келісу парағы.

· Венаішілік контрастылық күшейту арқылы магниттік-резонанстық томография жүргізуге ерікті ақпаратттық келісу парағы

Жүрек тамырларының мультиспиралды компьютерлік томографиясы«МСКТ – коронография) коронарлық артерияның жағдайын бағалаудың инвазивті емес әдістемесі болып табылады, ол ИБС-тің профилактикасы мен емінің әдістемесін таңдауға қажетті көрсеткіштерді анықтауға және коронарлық артериялардың патологиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеменің артықшылықтары зерттеудің жылдамдығы (10-15 минут), амбулаторлық жағдайларда, седативтік дәрі-дәрмектерді қолданбай-ақ орындаудың мүмкіндігі, 3 өлшемдік қайта құрылымдау және виртуалдық жобалар түзу мүмкіндіктері бар жоғары ақпараттылық болып табылады.

КТ- коронография жүргізуді қажет ететін негізгі жағдайлар:

· ИБС-тің төменгі және орташа қаупі бар пациенттердің коронарлық артерияларының (КА) стенозасын жоққа шығару;

· Атипикалық аурулық синдромдары немесе ИБС-тің бар екенін анықтау үшін алдын ала өткізілген тестілердің даулы мәліметтері бар пациенттердің коронарлық артерияларының (КА) стенозасын жоққа шығару;

· Стандартты коронография барысында визуализацияға мүмкіндік бермейтін айналма тамырлардың шунттарын бағалау;

· коронарлық артериялардың аномалияларын бағалау;

· Жүрекжетімсіздігін манифестациялау барысында коронарлық артериялардың аномалияларын бағалау;

· Коронарлық артерияциялардың картасын жасау және коронарлық шунттау операциясы алдында ішкі кеуделік артерияларды бағалау.

КТ – коронарография ережеге сәйкес :

· Алдын-ала жүргізілген стандарттық зерттеулер (анық диагноз) негізінде пациенттердің ИБС болуы мүмкіндігінің ықтималдының жоғарылығы барысында диагнозды растау үшін;

· Тұрақсыз немесе асқынған коронаралық синдром барысында пациенттердің жағдайларын бағалау үшін;

· Коронарлық стенттердің өткізімділігін бағалау үшін;

· Перфузия мен миокардттың өміршеңдігін бағалау үшін;

· Ассимтомды сау пациенттердің скрингі үшін, ИБС-ті жоққа шығару мақсатында.

Калцийді есепке алу:

· КТ барысында коронарлық артериярда кальцийдің болуы атеросклероздың бар екендігін растайды (дегенмен, тамырдың тарылуы деңгейін де жоққа шығармайды);

· Бастапқы кезеңінде атеросклеротикалық доғаны (гемадинамикалық мәні бар стенозға дейін) анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді;

· Коронарлық кальцийді есепке алу – коронарлық артериялардың атеросклерозын алғашқы кезеңінде, тамырдың стенозы дамығанға дейін, стресс-тестілер әлі теріс нәтиже көрсетіп тұрған уақытта анықтауға мүмкіндік беретін коронарлық атеросклероз тарауының сандық шарасы «бірақ, тамырлардың тарылуының дәрежесі емес!) ,

· ИБСті консервативті емдеуге дейін және кейін үдеріс өрістеуінің динамикасын бағалауға мүмкіндік береді.