ДАЙЫНДАУ

Бүйректі жэне зәр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу - контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген,

Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлыгын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шыгару жолдарының барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жогары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.

Дайындаңыз: дәрігердің тагайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекңия жасауға арналган лоток қүрал-жабдықтарымен, анафилактикалык шокта жедел көмек көрсетуге арналган жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарга арналган арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу эдісінің аты, науқастың аты - жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алдагы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде наукасқа жасырын жагдайда беріңіз.

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тагамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалган тамақтар, қара нан, жемістен жасалган соктар) қолданбайды.

4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тагайындаган препораттарды қабылдайды.

5. Бір күн бүрын кеште (22 сагатта) жэне гаңертең 1,5-2 сагат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болганша қүйыңыз.

6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қэжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңгы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сагат бүрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.

7. Зерттеуге 1-2 сагат қалганда контрасты заттарга сезімталдық байқауын жасаңыз I- 37°С дейін жылытылган, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.

8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуыгын босатуын сұраңыз.

9. Тағайындалган сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.

2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа і-37°С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

12.Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

13.Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (1-36-37°С) енгізіңіз.

14.Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шыгады.

15.3ерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Ескерту:

- ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тэтті тағамдарды;

- тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жүмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.

-

БРОНХОГРАФИЯҒА НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

Бронхография - тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.

Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.

Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз жэне қатерлі ісіктері және т.б.

Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.

Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакңиялар. Бронхографняны дәрігер жүргізеді.

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағьшасын наукасқа түсіндіріңіз жэне оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шеғуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты орындыққа отырғызыңыз.

2. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мүрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.

3. Анестетикті ауыз жүтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).

4. Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.

5. Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.

6. Науқасты палатаға апарыңыз.

7. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.