Темекілік ауыспалы егістері. 2 страница

Көпжылдық Көпжылдық шөптер-100 Көпжылдық шөптер-100 Жатаған бидайық-1, канада майда желегі-2
Тамыр Жүгері-100 Арпа-50, бидай-50 Талшық сүттіген-3, қара сұлы
Тары-100 Бидай-100 Сұлы-100 Бұйра түйетікен-2, кәдімгі жұмыршақ-1
Бидай-100 Бидай-100 Біржылдық шөптер-100 қызылша гүлтөжі-2, егістік шырмауық-1
Көпжылдық шөптер-100 Тары-100 Жүгері-100 Мысыққүйрық итқонақ-3, бидайық-1
Бидай-100 Астық бұршақ-100 Бидай-100 Кәдімгі қарасұлы-2
Жүгері-100 Арпа-100 Арпа-100 Көдімп қарасүлы-2, кедімгі сиякөк-3
Сүрітанап-100 Бидай-100 Майлы зығыр^ЮО Кәдімгі сиякөк-2, кәдімгі майдан шөп-2
Біржылдық шөптер түқымға-100 Күнбағыс сүрлемге-100 Сүлы-100 Егістік қалуен-2
Күздік қара бидай-50, Жаздық бидай+беде-50, Асбұршақ-50 Беде-50, күздік қара бидай-50 Жатаған бидайық-2, егістік шырмауық- 1
Жүгері сүрлемге-100 Күздік кара бидай-100 Қант қызылшасы -100 Ақ алабүта-2

Берілген танаптардың соңына сәйкес олардың тарихын кешіріп бастау үшін бір нөмері ғана беріледі. Мысалы, бес танаіггы ауыспалы егіске ауысу жоспарын жасау үшін тапсырманың нөмірі 8 басталып, кезегімен бес шартгы танаптары кіреді. 8,9,10,11, және 12. Мал азықтық ауыспалы епске ауысу үшін талсырма шифрлардың келесі нөмерінен басталады, біздің мысалымызда 13-тен. Егер берілген нөмер танаптар туралы мәліметтерді толық қамтамасыз етаесе, онда жетіспейтін шартты таналтардың саны 1- саннан бастап толықтырылады. Мысалы, тапсьфманың нөмері 48, онда бес танапты ауыспалы епске ауысу жоспарын жасау үшін 48, 49, 50, 1, және 2- танаптар туралы бастапқы мәліметтер алынады. Тағы бір ескертетін жағдай, бұл әр бір танаптың тарихы бойынша орналасатын дақыл туралы бастапқы аумақтың меліметтері пайызбек берілген. Бұл кестедегі берілген бастапқы мәліметтерді ауыспалы егістер танаптардың ер түрлі аумақтарын қолдану үшін берілген, тарихы кітаптарында егістердің аумақтары пайызымен берілгенін ескеріп, оларды гектарға аудару қажет болады. Мысалы, игеру ушін ауыспалы егістің танабының аумағы 250— гектарға тең. Егер танаптың тарихы бойынша ол бір дақылмен

39 -кесте- (Айналым кестесі)

Тан аптын Бірініші ротация Екінші ротация
Игеру жылы 2 жылы 3жылы 4 жылы 5 жылы
Жаздық бидай Жаздық бидай Арпа+сұлы Ықтырмалы сүрі жер Жаздық бидай
Көп жылдық шөптер Көп жылдық шөптер Көп жылдық шөптер Көп жылдық шөптер Жаздық бидай
Жаздық бидай Арпа +сұлы Ықтырмалы сүрі жер Жаздық бидай Көп жылдық
Арпа+сұлы Ықтырмалы сүрі жер Жаздық бидай Жаздық бидай Арпа сұлы
Ықтырмалы сүрі жер Жаздық бидай Жаздық бидай Арпа+сұлы Ықтырмалы сүрі жер

егілсе (100%), онда бұл танаптың аумағы 250 гектарға тең танапта бірнеше дақыл өсірілсе, 60% астық дақылдары және мал азықтық дақылдар, онда танап біріншілері 150 га (250 100) екіншілері 100 га (250*40:100) орын алады. '

Ауыспалы егісті игерген соң дақылдарды ұстаңы тәсіліне сәйкес кезектестіруін қамтамасыз ету керек Ол айналым кестесі жасалады

Ескертпе* - Әр түрлі алға дақылдардан кейін бірдей дақылдарды айыру үшін шартты белгісі (Біздің мысалымызда сүрі жерден кейін жаздық бидай).

Ротациялық кесте — бұл дақылдар мен сүрі жердің жылдар және танаптар бойынша ауыгаалы егіс тәсіміне сәйкес орналасуы. Кестенің сол жағында вертикаль бойы танаптардын нөмірі жазылған, үстіңгі жағында көлденең бағытта ротациянын жылдары келтірілген. Бұл мысалда ауыспалы егістің толық және толық емес ротациясы. Көл жылдық шөптердің шыкпа танаптарык төрт жыл лайдаланған толық ротацияның ұзақтығы1 жиырма жыл. ал шықпа танабы жоқ толық емес ротацияньй» ұзақтығы төрт жыл болады. Мұны жасағанда ауыспалы егісті игеру бірінші жыл деп алынады. Одан әрі рет -ретімей ауыспалы егістің барлық дақылдарын, бірінші танабынан бастал, кезегімен жазады. Бір дақыл бірнеше танапта болғандай болсз, отация кезеңінде оларды шатастырмау үшін оларды шартгы елгілермен, санмен, әр түрлі ажырату белгілерімен белгілейді.

Мысалы, екінші жылы төртінші танапта арпамен сұлыдан кейін кезектесу тәсіліне сәйкес ықтырмалы сүрі жер, одан кейін бидай және т.б. Сол сияқты ауыспалы егістің басқа наптарын толтырады

5. Ауыспалы егістерді бағалау

Мамандануы әр түрлі ауыспалы егістерді бір көрсеткішпен салыстыру қате қорытыңцыларға келтіруі мүмкін. Астық •сене мал азықтық дақылдары өсірілетін ауыспалы егістерде тек мал азығы өлшемі бойынша бағаланса, кейбір дақылдардың егістері азайып, ал мал азығы өлшемінің жоғары шығымын камтамасыз ететін дақылдардың аумағының ұлғаюына әкелу мүмкін. Мұндай ауыспалы егістер астықтың натуралды және ақшалай шығымымен бірге, ауыспалы егістің 1 гектар аумағынан мал азығы өлшем шығымы арқылы да бағалануға тиіс. Сондықтан әр түрлі ауыспалы егістердің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштердің құрамына назар аударған жөн 'болады.

Ауыспалы егістерді салыстьфмалы түрде бағалайтын негізгі көрсеткіш бұл ауыспалы егіс өлшемінен алынатын өнімнің

Ішығымы. Астық ауыспалы егістерді көбінесе дақылдардың өнімділігі және егілген тұқымдарды есептемей, аумақтың ауыспалы егіс өлшемінен астық шығымы арқылы бағалайды.

Сонымен қатар, негізгі және жанама өнім арқылы баға беруге де болады. Бұл кезде әр бір дақылдың жанама өнімі анықталады

Мал азықтық және әр түрлі өнім беретін бірнеше дақылдары бар ауыспалы егістердің жалпы өнімнің шығымын салыстыру қиын болғандықтан, оларды мал азықтық өлшем немесе мал азықтық протеиннің шығымы арқылы бағалаған Дұрыс болады. Өнімді мал азықтық өлшемге аудару қиын болған жағдайда (мысалы техникалық дақылдарды өсіретін ауыспалы егіс), ауыспалы егіс өлшемінен жалпы өнімнің құны бойынша нақты түсінік алуға болады.

Ауыспалы егістерді салыстырмалы түрде бағалаганда ар түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығына әсерін, олардың топырақ қорғау маңызын ескерген жөн. Одан басқа бірнеше кономикалық көрсеткіштерді пайдаланады: қаражат және еңбек шығындарын, өнімнің өзіндік құнын, таза пайданы және Рентабельділікті. Ауыспалы егістерді салыстырмалы түрде

бағалауды төменде келтірілген кесте бойынша жүргізу ыңғайлы болады.

Әр түрлі ауыспалы егістердің өнімділігі.

 

Дақ ыл Алаң, га Ауыспалы егістік аланынан шығатын өнім7ц/га"
    Астық Қосымша өнім Барлығы Азықтық өлшем Қортылатын протеин Азықтық протеин өлшемі

Өзіндік дайындалу сұрақтары

1. Ауыспалы егістің ауыстырылмайтын егістіктерге қарағаңца айырмашылығы неде?

2 Ауыспалы егістің тәсімі дегеніміз не?

3.Ауыспалы егісте қайталама егістердің маңызы қаyдай?

4.Ауыспалы егістің буыны дегеніміз не. Қандай буындар кең тараған.

5. Ауыспалы егістер қандай көрсеткіштер бойынша жіктеледі?

6. 6 Қандай биологиялық себептерге байланысты дақылдарды алмастыру қажет болады?

7. 7 Дақылдарды алмастырудың химиялық және физикалық себептері неде?

8. 8 Дақылдардың түрлеріне байланысты қандай ауыспалы егістер болады?

9. 9 Ауыспалы егіс тәсілімін құрастырғанда қандай қағидаларды қолданады?

10. Алғы дақылдар қандай белгілері бойынша топқа бөлінеді?

11.Жаздық бидайды, тарыны, қарақұмықты, арпаны, жүгер

12 бір жылдық шөптерді картопты қандай алғы дақылдан кейін орналастыру керек?

13.Қаңдай жағдайда ауыспалы егістер екпе сүрі екгізгек жөн болады?

14. Сүрі жерлерде егілетін дақылдарға қандай талаптар қойылады.

15 Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыспалы егістердің ерекшеліктері қандай?

16 Дала аймағында қандай ауыспалы егістер ұсынылады?

17 Топырақ қорғайтын ауыспалы егістердің ерекшеліктері қандай, топырақтарда оларды қалай пайдаланылады?

18 Суармалы жағдайда ауыспалы егістердің ерекшеліктері қандай?

19 Мал азықтық ауыспалы егістерде қандай дақылдар өсіріледі?

20 Күріш өсіретін ауыспалы егістердің ерекшеліктері қандай?

21 Қандай алғы дақылдардан кейін мақта мен темекі дақылдарын орналастырады? .

22 Ауыспалы егісте бұршақ дақылдарының және көпжылдық шөптердің маңызы қандай? .

23 Ауыспалы егістерді құру және игеру қандай кезеңдерден тұрады?

24 Ауыспалы жошарлар қалай құрылады және олар не үшін қажет?

25 Танаптарда ауыспалы егістерді игеру қалай орындалады?

26 Ротациялық кесте дегеніміз не және оның маңызы қандай?

27 Танаптар тарихының кітабы не үшін қажет?

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер

1. Тұрарбеков А.Т., А.В.Иванников Солтұстік Қазақстаңңь, егіншілігі. Алматы: Қайнар, 1990. 217 бет.

2. Ахметов К.А., Шрамко Н.В., Вольская Н.А. Егіншіліктер топырақ қорғау ауыспалы егісі. Алматы: Қайнар. 1988. 164 бет.

3. Можаев Н.И., Аринов К.К. және т.б. Өсімдік шаруашылығы Оқулық, 1993

4. Щепетков Н.Г. , Аринов К.К., Карипов Р.Х., Искаков М.А. жөне т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру, сақтау, қайта өңдеу және стандарттау технологиясы. Астана, 2000 ж. 456 бет.

5. Сейтов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Алматы.

6. Мұқажанов К.М. Арамшөптер және олармен Солтүегік Қазақстандағы күрес. Дәрістер. Ақмола. 1987, 52 бет.

7. Сейтов И. Пар және органикалық тыңайтқыштар. Алматы Қайнар, 1984, 74 бет.

8. Ахметов К.А., Вольская Н.А., Канафин Б.К. Продуктивность зерновых культур в севообороте. - В кн.: К вопросам агротехники полевых культур в Северном Казахстане.// Сборник научных трудов /ВНИИЗХ — Целиноград, 1987, с.3-9.

9. Бараев А.И. Предшественники яровой пшеницы и место ее в севообороте. В кн.: Яровая пшеница. — М.: Колос, 1978. с.

10.Бузмаков В.В., Нозолоцкий А.С. Севообороты в колхозах и совхозах. — М.ІКолос, 1978. - 335 с.

11.Воробьев С.А. Основы полевых севооборотов. М.: Колос,1968. - 200с.

12.Воробьев С.А. Севообороты интенсивного земледелия. М.:Колос, 1979, - 368 с.

13.Воробьев С.А. и др. // Земледелие, М.: Агропромиздат, 1991,с. 152-233.

14. Доспехов Б.А. и др. Практикум по земледелию. М» Агропромиздат, 1987, с.263-288,

15.Иванников А.В. Севообороты и обработка почв Северного Казахстана. Целиноград. 1985. с. 5-37.

16.Каршшь Р.Х. и др. Продуктивность зернового севооборота в зависимости от технологаи подготовки пара. //Т
Целиноградского сельхозинститута. Т. 51. Целиноград, 1982,

17. Иванченко Г.Ф. Почвозащитные севообороты. Алма-Ата-Кайнар, 1976-12 с.

18. Карипов Р.Х. Повышение продуктивности парового звена севооборота. // Труды Целиноградского сельхозинститута. Т. Целиноград, 1978.

19.Можаев Н.И., Падерин А.В. Сравниетлъная оценка звеньев специализированных кормовых севооборотов при орошении и
без орошения. // Труды Целиноградского сельскохозяйственного цнститута. Т.72. Целиноград, 1986, с. 44-51.

20.Можаев Н.И., Падерин А.В. Сравнительная оценка кормовых севооборотов, насыщенных многолетними травами. // Вестник сельско-хозяйственной науки Казахстана. Алма-Ата, 1998, № 12, с. 36-38.

21. Неклюдов А.Ф. Севооборот— основа урожая. Омск, 1990. 127 с.

22.Почвозащитная система земледелия. Под редакцией академика Бараева А.И. и доктора сельскохозяйственных наук
16. Сулейменова М.К. Алма-Ата: Кайнар, 1985, с.5-40.

23.Рекомендации по системе ведения сельского хозяйства. Целиноградская область. Алма-Ата: Кайнар, 1982,с. 51-56.

24.Сулейменов М.К. Какому быть полю. Алма-Ата: Кайнар, 1991. с.5-40.

25. Шрамко Н.В. Севообороты на севере Казахстана, Алма-Ата: Кайнар, 1983. 184 с.

IV. Топырақты өңдеу

Тапсырма:

1.Топырақты өндеудің теоретикалық ережелерімен танысу.

2.Әр түрлі дақылдар үшін күзгі және себер алдыңдағы топырақты өндеуді талдау және дәлелдеу.

3.Берілген сүрі танаптың өндеу технологиясын жасау.

4.Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін жасау.

1. Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.

Топырақты өңдеу егіншілікте қуат көп кететін және қымбат шара больш саналады. Қазіргі уақытта дақылдарды өндеудің жалпы жұмыстар көлемінен оған 40% энергетикалық және 75% еңбек шығыны кетеді (Рассадин А.Я. 1985). Егер топырақты-климатты жағдайлармен дақылдар талабына байланысты қолданған топырақты өндеу шаралары дәлелденген болса ғана, энергетикалық ресурстардың көп шығындары тиімді болады,

Топырақты өндеу деген өсімдіктердің тамыр жүйесінің қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін топыраққа машина мен құралдардын жұмыс органдарымен механикалы әсер етуі. Топырақты өңдегенде келесі мақсаттар шешіледі:

• топырақтың жыртылатын қабатында қолайлы құрылыс пен ұсақ түйіршікті құрылым жасау, Ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда капиллярлы қуыстылық капиллярсыз қуыстылықтан 2-3 есе асу керек;

• арамшөптерді, ауру қоздырғыштарды және зиянкестерді құрту;

• көпжылдық өсімдіктердің шымын құрту;

• органикалық және минералды тыңайтқыштарды, гербицтерді, арамшөптердің тарайтын вегетациялык,
мүшелері мен тұқымдарын, өсімдік қалдықтарын (керекті жерде) енгізу;

• топырақтың жыртылатын қабатында қоректік заттардың қайта таралуы арқылы және микробиологиялық процесстерді белсеңдіру арқылы топырақтың қоректік режимін жақсарту;

• мәдени дақылдардың тұқымын өткізу үшік қолайлы туғызу;

• топырақтың жыртылатын қабатын арттыру және оны мәдениелендіру;

• келесі далалы жұмыстарды (себу, егінді күту, енімді ору өткізу үшін қолайлы технологиялық жяғдай туғызу;

өсерді алдын ала қайтару (шамадан тыс шандануы, тығыздалуы ж.б.).

Эрозия болудың қауіптілігі бар ылғалы жеткіліксіз I аймақтарда топырақ өндеудің негізгі талаптарының бірі -топырақты минималды шаңдату мен топырақ бетіндегі өсімдік I қалдықтырын максималды сақтау.

Бұл және басқа да мақсаттарды шешу үшін қопсыту, I аудару, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөптерді кесу, профильдеу (сала, жүйектер және басқа жасау) сияқты технологиялық операциялардың көмегімен жасалынады.

Қопсыту — топырақты өндеудің негізгі технологиялық, ол арқылы қабаттың құылысы өзгереді. Өсімдіктердің дүрыс өсіп-дамуы үшін топырақтьщ оңтайлы тығыздығы керек. Дақылдардың көбі үшін ол 1,1-1,3 /см3 аралықта болады. Терең қопсытқаңда өсімдіктердің |тамырлары аналық жынысқа жетеді.

Қопсытқанда біржола топырақтың агрегаттарға уатылуы да жасалынады, жел эрозиясы бар аймақтарда топырақтың беткі қабатында диаметрі 1 мм ден ұақ агрегаттардың көп болғаны ;. дұрыс емес, өйткені олардың эрозияға шалдығуы мүмкін.

Қопсыту үшін соқаларды, сыдыра жыртқыштарды, культиваторларды, ротациалы тырма ), культиваторлар, фрезалар, жазықкескіш терең қопсытқыштар, •Мальцев соқасы қолданылады.

Аудару — топырақ қабаттарын тігінен өзара аудару. Бұл операцияда топырақтың жоғарғы өнделетін бөлігі астына аударылып, астыңғы жағы үстіне шығарылады. Аудару тыңайтқыштарды, гербицидтерді, арамшөптердің түқымдары мен вегетативті мүшелерін, өсімдік қалдықтарын топыраққа енгізу үшін, топырақтың төменгі бөлігінің микробиологиялық әсерін арттыру үшін керек. Аударғанда арамшөптер, зиянкестер мен өсімдікгер ауруларының патогендері. Жыртылатын Қабаты терең емес топырақтарда жыртылатын қабат аудару арқылы мәдениеттеледі. Аудару теріс те өсер етеді. Далалық аймақтарда ол топырақты ашық қалдырады, соның әсерінен ылғал мен құнарлы қабат жойылады:

Аудару үшін соқаларды, жеке дискілі сыдыра жыртқыштарды, дискілі тырмаларды қолданады.

Араластыру — жыртылатын қабатқа біркелкілік келтіру мақсатымен жасалатын опырақ орналасуын өзгерту. Бұл жағдайда жыртылатын қабатта қоректік элементтердің, топырақ микроорганизмдерінің

тыңайтқыштардың, құрылымды бөліктердің, өсімдік қалдықтарының ыдырау өнімінің біркелкі таралуы болады Аудару құнарлы қабатқа жыртылатын қабатының астыңдағы құнарлылығы төмендеу қабат қосылғанда өте қажетті болады.

Тыңайтқыштарды, гербицидтерді жергілікті енгізгенде топырақтан булы - ылғалды конвекциялы-диффузды буланудағы ергі болатын тығыз қабатша болғанда араластыруды өткізуге болмайды.

Араластыру үшін шым аударғышы жоқ соқаларды, роторлы құралдарды (фреза) және қопсытатын машиналарды қолданады.

Тығыздау- қопсытуға қарсы технологиялық операция. Шамадан тыс қопсыған топырақ қарашіріктің қарқынды минерализациясына әсер етеді. Егер тұқымды борпылдақ топыраққа сепсе ол біркелкі өнбейді, далалық өнгіштігі төмендейді және өскіңдер сирек болады, егер топырақ отырса өсімдіктердің тамырларына зақым келуі мүмкін.

Тығыздалғанда топырақ агрегаттары жақын орналасып, капилярсыз қуыстар азаяды.

Тығыздаған соң себілген дәндер мен топырақтың жақсы байланыс қамтамасыз етіледі, астыңғы қабаттардан тамыр жүйесі орналасатын аймаққа ылғал көтеріледі, қатты жел режимінде топырақ бөлшектерінің ұшып кетуі азаяды. Топырақ тығыздалғанда топырақтан ылғалдың диффузды булануының қарқындығы азаяды. Ең жоғарғы болуы мүмкін тығыздықты келесі тендеумен анықтауға болады:

Мұнда, Р — топырақтың жоғарғы болуы мүмкін тығыздығы, г/см3.

d - топырақтың өзіндік салмағы;

w — ең теменгі су сыймдылығының көлемі, %.

Тығыздалғанда топырақ температурасы 2-3°С көтеріледі, бұл жағдай құрғақ және ыстық жазда өсімдіктер дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Ол тығыздалуға бейімделген, кебірленген, құрылымсыз топырақтарда судың ағуын және топырақтар мен оның ауалы режиміне қолайсыздануына өсер

Топырақ тығыздалуы әр түрлі жұмыс істейтін беті бар салмағы бар катоктармен жасалынады.

Тегістеу— топырақтың бетін тегістеу. Ол азайтады, топырақтақ судың өндіріссіз есіресе ұақ тұқымды дақылдарды дәннің бір болып түсуін қамтамасыз етеді. Тегістелген танаптарда егін өсу үшін жасалатын далалы жұмыстардың сапасын көтереді.

Тегістеу — суарылатын жагдайда дақылдар өсіргенде керек бірі. Ол тырмалармен, катоктармен, ролокушалармен, грейдерлармен, малалармен (суарудың алдында) иейфтармен жүргізіледі.

Арамшөптерді астынан кесу- өсіп жатқан арамшөптерді игеру үшін және көпжылдық арамшөптердің тамыр жүйесін удету үшін бағытталған технологиялық операция. Ол көбінесе асқа технологиялық операциялармен бірге - қопсытумен, аударумен, араласумен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда осы технологиялық операция жеке жасалынады: кескіш табандары бар қопытқыштармен қатар арасын өндегенде, тамырсабақтарды қопсытқыштармен тырнағанда т. б.

Профильдеу— топырақтың бетіне әр түрлі тегіс еместіктерді, жүйектер, жоталар, салалар, шұңқырлар ж.б. сияқты анықталған пішіндерді жасау. Ылғалдылығы аз жағдайда бұл элементтері күзгі жаңбырлар мен кектемгі еріген судың жақсы және соның арқасында топырақтың шайылуын алдын ала болдырмауына, топырақтағы су қорын артгыруға әсер етеді. Ылғал артық болғанда және жылу аз жағдайда топырақтың жылу :.және ауа режимдерін жақсарту үшін дақылдарды жоталарда (қолданады.

Профильдеу үшін арнайы бейімделген соқаларды, шұңқыр жасағыштарды, шеңберлі және эрозияға қарсы катоктарды және т. б. қолданады.

2. Топырақты өңцеудің құүралдары мен шаралары.

Топырақты өндеудің негізгі, беткі, таяз шараларын айырады.

Негізгі өндеу— бұл барлық жыртылатын қабатқа оңтайлы құрылыс пен ұсақ түйіршікті құрылым жасау үшін, 20 см және одан терең жасалатын топырақ өндеу. Топырақты өңдеудің Негізгі шараларына жырту мен терең қопсыту жатады.

Топыракты жырту әр түрлі түрлендіргіш соқалармен ды. Ең кеп тарағакы - аударатык жәнс түрді соқалар. негізгі жұмыс органдары — тіреу, түрен, лақтырғыш егіс тақтайшасы. Топырақтың аударылу және уатылу лақтырғыш пішінен байлапысты болады. Лақтырғыш болса, олар топырақты жақсы уатады, бірақ толық аудармайды, ал бұрандалы толық аударады, бірақ жақсы уатпайды. Мәдени лақтырғыш өзіңде цилиңдп және бұранда пішінді лақтырғыштарды үйлестіреді. Мәдени лақтырғыш бар соқамен жерді жыртқанда топырақ уатылып, аударылады. Мәдени және жартылай бұрандалы,1 лақтырғыштың арасындағы орынды алып жатқан қиыстырған лақтырғыштар да бар.

Топырақ жақсы уатылып аударылуы үшін соқалар түрі шағын корпусты шымкескішпен қамсызданады. Бұл өңдеу мәдени жырту деп аталады. Қыртыс 180° аударылса шьщдң аударудеп, егер 135°аударылса қыртысты аудару деп аталады.

Жыртқанда төрт технологиялық операция жасалынады: аудару, қопсыту, уату және арамшөптерді кесу. Жырту негізгі өндеу шарасы ретінде көбінесе жел эрозиясының пайда болу қаупі жоқ жерлерде және суармалы егіншілік жағдайында қолданады. Қазақстанның далалы аймақтарында ол ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін: тыңайтқыштарды топыраққа енгізу қажет жағдайда, тың және тыңайған жерлерді өндегенде, арамшөптердің вегетациялы таралу органдарын жер бетіне шығару үшін. Жырту үшін ПН-8-35М, ПН-4-35 және басқа соқаларды қодданады.