Силлабус

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің деканы Шәріп А.Ж.

_________________

(қолы)

_______________2014ж.

МО

 

ALE 1107 Әлеуметтану пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

 

Әлеуметтанулық емес мамандықтардың

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

білім алушыларына арналған

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

 

 

Астана

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) рәсімдеуге қойылатын талаптардың тізімі

1.Титулды парақ

2.Міндетті компонент пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы

3.Syllabus (оқу жұмыс бағдарламасы)

4.Пән бойынша глоссарий

5.Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

6.Тәжірибелік/семинарлық және зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары

7.Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

8.Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар жәнеолардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

9.Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (егер олар оқу жоспарында қарастырылған болса)

10.Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)

 

Силлабус

1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы: Тағаева Сәуле Базарбекқызы, ә.ғ.к., доцент м.а.

70 95 00 (35 108)– әлеуметтану кафедрасы, s_tagaeva@ mail.ru

Ғылыми зерттеу бағыты: Жалпы әлеуметтану, менеджмент әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы, демография

2.Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы және коды ALE 1107

Кредиттер саны ___________2__________________________

 

3. Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс - -
Тәжірибелік сабақ - - - - -
Семинарлық сабақ - -
Зертханалық сабақ - - - - -
Студиялық сабақ - - - - -
БӨЖ - -

 

 

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

 

Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

 

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

Пәнді оқытудың міндеттері.Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

· әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

· қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

· әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

 

5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі

· Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

· Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары

№ апталар Тақырып атауы Оқытуды ұйымдастырудың формалары мен сағаттар саны БӨЖ арналған тапсырма және білімді бақылаудың формасы
Дәріс Тәжірибе (семинар) Зертханалық Студиялық БӨЖ
Әлеуметтанудың объектісі және пәні -- -- Әлеуметтану қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың қазіргі қоғамдағы маңызы.
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы -- -- Түркітілдес халықтардың әлеуметтік-философиялық идеялары. 9-13 ғ. Қазақ даласының ойшылдарының еңбектерінің идеялық мазмұны. 19-20 ғасырдағы Қазақстанда әлеуметтік-рухани ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері.  
Қоғамның әлеуметтік құрылымы -- -- Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғамдардың жіктелуі
Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік -- -- Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік процесі.
Әлеуметтік институттар -- -- Институттану процесі және институттардың дамуы Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.
Тұлға әлеуметтануы -- -- З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары.
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы -- -- Э.Дюркгеймнің аномия теориясын талдау. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы. З.Фрейд теориясындағы социо-психогенетикалық конфликт.
Отбасы әлеуметтануы -- -- Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі. Некенің формалары. Отбасының функциялары.
Экономикалық әлеуметтану -- -- «Экономикалық сана» «Экономикалық ойлау» «Экономикалық ғадет»
Әлеуметтік шиеленістер -- -- Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.
Мәдениет әлеуметтануы -- -- Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет. Жастар субмәдениеті. Субмәдениеттілік факторлары.
Дін әлеуметтануы -- -- Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы. Діншілдік типологиясы.
Этникалық әлеуметтану -- -- Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар. Ұлттық сана және оның қалыптасуы
Басқару әлеуметтануы -- -- Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы. Басқарудағы билік пен ықпал ету. Басқарудағы көшбасшылық. Ұйымдастырушылық мәдениеті.
Эмпирикалық әлеуметтану -- -- Сұрау. Интервью. Контент-талдау. Эксперттік сұрау. Эксперимент. Бақылау.
  Барлығы 60 сағат      

6. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Автор, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
  М.М.Тажиннің ред. Социология. Т 1-2, Астана, 2009   Оқу құралы - Электрондық нұсқа
  Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009   Оқу құралы -
  А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011   Оқу құралы -
Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010   Оқу құралы -
Қосымша әдебиет
  А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009   Оқу құралы - Электрондық нұсқа
А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008   Оқу құралы -
М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2009   Оқу құралы -
  К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2010   Оқу құралы -
    Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2011   Оқу құралы -
    Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2011   Оқу құралы -
    Большой социологический словарь. М: 2010   Оқу құралы -

7.Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

 

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, аралық) Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

7.2 Бақылау формасы

Ағымдық бақылау - 20%

БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум - 10%

Бланкілік тестілеу - 10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

 

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты

Әлеуметтану пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, БОӨЖ – 30 сағат, БӨЖ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: сабаққа кешікпей келу, сабақ барысында ұялы телефонды қолданбау, дыбыссыз режимге қою, аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

 

 

Әзірлеуші: ә.ғ.к., доцент м.а. Тағаева С.Б. ___________________

(қолы)

Кафедра отырысында қаралды ______________________________ хаттама № ______ «______» __________2014 ж.

4. ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША